Динамика Динамика туралы. Негізгі түсініктер мен анықтамалар



бет1/5
Дата18.12.2023
өлшемі72,71 Kb.
#140369
  1   2   3   4   5

Динамика



  1. Динамика туралы. Негізгі түсініктер мен анықтамалар

Материалдық нүктелердің күштер әсерінен пайда болатын қозғалыстарын зерттейтін теориялық механикалық бөлімі – динамика деп аталады.


Бір күштің өзі, бір уақыт аралығында, массалары әр түрлі еркін денелерге әсер еткен кезде, олардың жылдамдықтарын да әр түрлі өзгертетінін байқап та, тәжірибеден де көруге болады. Материалдық нүктелердің сыртқы күштердің әсерінен өздерінің жылдамдықтарын тез неменсн жайырақ өзгертуі – инерттелік деп аталады. Дененің инерттелігі оның көлеміндегі заттардың мөлшеріне, ал ілгермелі емес қозғалыста заттардың дене бойымен таралуына да тәуелді. Инерттіліктің өлшемі ретінде: а) ілгермелі қозғалыс кезінде масса деп аталатын, скаляр тұрақты шама қабылданған; б) айналу қозғалысында – инерция моменті деп аталатын шама қабылданған. Қозғалысын зерттеген кезде өлшемдерін ескермеуге болатын дене материалдық нүкте деп аталады. Динамикада қозғалыс қарастырылатын ең қарапайым объект – материалдық нүкте. Белгілі бір нышандары бойынша ойша бөлініп алынған, өзара әсердегі материалдық нүктелер немесе денелер жиынтығы – механикалық жүйе деп аталады. Механикалық жүйелер өзгермейтін және өзгермелі болып бөлінеді. Нүктелерінің аралары өзгермейтін болса, онда олар – өзгермейтін жүйелер (мысалы, абсолют қатты денелер) деп, ал нүктелерінің аралары өзгеретін болса, онда – өзгермелі жүйелер (серпімді, газ тәріздес денелер, механизмдер және т.б.) деп аталады.


1.2 Галилей-Ньютон механикасының заңдары
Бірінші заң – инерция заңы. Күш әсер етпеген материалдық нүкте – не тыныштық күйде немесе ілгермелі және бірқалыпты қозғалыста болады.
Екінші заң – күш пен үдеу арасындағы тәуелділік заңы. Материалдық нүктеге әсер етуші күш, оған күшпен бағыттас және модулі күш модуліне пропорционал үдеу береді. Демек, , бұл формуладағы: – нүктенің массасы; – үдеу; - нүктеге әсер етуші күш. Келтірілген формуланы төмендегінше өрнектеуге болады:







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет