Диплом жұмысы телжан шонанұлының лингвистикалық МҰрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Білім кеңесінің программасы және І-басқышта ана тілі



бет6/19
Дата21.07.2022
өлшемі161,89 Kb.
#37839
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1. Білім кеңесінің программасы және І-басқышта ана тілі
(ГУС-тың әдіс хатына сүйенген)
1. Сауаттанудың маңызы
Білім негізі – хат тану. Бұрынғы ескі мектепте, бұл күнгі жаңа мектепте хат тану жағына аса назар салады. Бірақ айырмашылығы сол ескі мектеп сылдыр хат танытуды жеке ұстаса, бүгінгі мектеп сауаттандыру жұмысын мектептің басқа мақсаттарымен қосақтап жүргізеді. І-басқышты бітірген бала тұрмысқа керек жерінде іркілмей оқи-жаза білуі керек. Үкіметтің бұйрық жарлықтарын оқып түсінерлік және біреуге түсіндірерлік болсын. Таратылған үгіт қағаздарды, келген хаттарды, газеттерді, шаруашылық жағдайдағы жеңіл кітаптарды оқып түсінерлік болсын. Уақ хат, куәліктер, әдістер жаза алсын. Жарнамаларды, салық оқырлық болсын.
Мұндай күнделікті тұрмысқа керек мақсаттан басқа тәрбие мақсаттары да көзделу керек. Соңғы мақсаттарда баланың білімін сабынның көбігіндей тұрақсыз болмай, шегенді болу үшін, берілетін білім тұрмысқа күнде жүзеге асатындай болу керек. Бала білімін пайдаға жаратып отырса, артында ұмытпайды, оқу және жазуға ынталанып, біліміне білім үстеуге құмарланады.
Оның үстіне ана тілі баланың көзқарасын кеңітіп, түсініп жұмыс істеуге көмекші болады. Мұның үшін де алдымен хат тану керек.
Оқылатын материал баланың сезімін күшейтіп, білімге ынталандыру үшін сырлы әдебиет кесінділері үлкен әсер етеді.

2. Ана тілі мен комплекс программасы


Оқып-жазуға ысылуға көрнекті шарт-көп жаттығу. Баланы көбірек жазып-оқуға дағдалану керек. Мұның үшін дұрыс әдіс ұстау тиіс. Жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жақыннан алысқа көшіледі.
Оқу мен жазуға жаттықтыру екі жолмен жүреді
Комплекс темаларын өткенде керек жерінде байланыстырып жазып-оқу: мектеп жұмысында, жиылысына араласқанда, мектеп сыртында да іске қатысқанда жазып-оқу;
Басқа сабақтар кезінде оқып-жазу. Кей комплексте жазу, кей комплексте оқу көбірек болуы мүмкін. Жазудың кей ережелерін дұрыс білу үшін, көбірек, кейбірінде азырақ тоқтауға болады. Кей жерде қалай етуге, қашан тоқтауға сырттан тон пішу қиын. Оны әрі оқытушының сырттан әр метептің тәжірибесі көрсетеді. Білім кеңесінің программасында бұларға көрсетілген сағат тек тәжірибемен қойылған. Бірақ баланаң шыныққан сайын жоғары бөлімдерде жаттығуды шымшымдай азайта беруге болады.

3. Сауат аштыру жайы


Көптеген хат танытудың, екі әдісі майданға түсіп жарысып келеді. Бұл екі әдісті жақтаушылар да жеткілікті. Әйтсе де, бұл екі әдіст қай майданда бірін-бірі әлі еніп кете алмай келеді. Бұл екі әдіс дегеніміз: Дыбыс әдісі мен тұтас сөз әдісі.
Бұл күнде бұл екі әдістің бірін ұста, бірін ұстама деп ашық кеңес беру қиын. Екеуінің артықшылығы мен кемшіліктері бар. Бұл қисын жағынан қарағанда, бірақ, тілге, әр емлеге, әр елдің әліппесіне үйлесімдірек әдіс болады. Бір тілге бір емлеге сөлекет келуге мүмкін.
Сөзінің дыбыстары өзгермейтін, емлесі дыбыс негізінде құрылған түрік тілдерінде дыбыс әдісімен оқытқанда тез хат тануға келу анық. Сөзінің дыбыстары құбылып өзгере беретін. Емлесі сөз жүйесіне құрылған орыс тіліне, ия соған ағайын тілге сөз әдісі оңтайлы болуы мүмкін. Тарық негізді емлесі әнгілшан, Америка сықылды жерлерде сөз әдісі дыбыс әдісімен анағұрлым артық. Сондықтан да, сөз әдісі төркіне де, өте таралған жері де Англия мен Америка.
Біздің Қазақстанда ауыз бен қағаз бетінде әдісті қолданушылар көп таласады. Бірақ іс жүзінде дыбыс әдісі дәурен сүріп келеді.
Әрине, әріпке әріп қосып оқытудың дыбыс әдісі болмайды. Бір дыбыс әдісінің дұрыс ұсталатын жерлерін айтамыз, шынында бізде дыбыс әдісін дұрыс ұстарлық оқытушылар да аз.
Дыбыс әдісінің бір жақтылығы, оқытушардың көп таныстығы, әліппелердің осы әдіспен жазылуы, баласы көп мектепте қолайлылығы. Мұның басты кемшіліктері – арасында байламы жоқ сөздермен, байламсыз істес болатыны, комплекске шматастыруға болмайды. Мәселен, ара, аз, аза, зар деген сөздердің арасында түк байлам жоқ. Өйтседе мұнда өз басына жетерлік кемшіліктер бар. Ол кемшіліктері мыналар – хат танытуға көп уақыт кетуі, бұл әдіспен жазылған әліппе жоқтығы, бұл әдіспен оқытушылардың таныс еместігі, жеңілден ауырға көшудің тоңмойындылығы.
Бұл екі әдіс әлі көп уақыт қатар жарысатын түрі бар. Әлі бірін-бірін жыға алар емес. Мемлекет білім Кеңесі (ГУС) әдіс хатына былай дейді: “Жергілікті шараны, қолындағы әліппесі мен әдіс кітаптарына қарай қай әдісті ұстаса да әзір оқытушының еркіне салу керек. Бірақ қай әдісті ұстаса да жарты балалар хат танитын болсын” [6; 112].
Сөз әдісінің түрі көп. Бұл күнде әрі комплекске жарасады әрі оңайырақ деп ұсынып Т.Шонанұлы деген педагогтың әліппесіз әдіс, Плотников деген педагогтың плакатты әдісі, Морозова мен Тахеева деген педагогтердің зат әдіс деген жолдары. Бұлардың ішінде әзір орын тебіңкірегендері Шапошкинов әдісі. Бұл әдісті түсіндіріп, “Жаңа мектеп” бетінде Жүсіпбек көп жазды. Бұл әдіспен 1928-29 жылы Қызылордадағы қазақ институтының соңғы курсының балалары мектебіне сабақ берді. Шонанұлының “Жаңалыққа жетекші” деген әдіс кітапшасы да осы ізге таяу жазылған.
Бүтін сөз әдісі жайында “Жаңа мектепте” Жүспіпбек көп жазған. Сол мақалаларды оқу керек. Онан соң Шонанұлының “Жаңалыққа жетекші” деген кітапшасын оқу керек.
Іс басталу соқпағы: балалар еркінше жаздыгүні көрген, істеген нәрселерінің суретін салады. Ол қағаздар жиылғанда шатаспас үшін соңыра қағазы екенін айырарлық болуы керек. Сондықтан балалар аттарын жаза білуі керек. Оқытушы тұжырнамалардың тізімін керегелерге іледі. Енді мұны оқи білу керек. Келер жұмада мұны жаза білу керек. Балалар жапырақ шөп жинайды. Бұларды қағазға жапсырады. Енді бұлардың атын жаза білуі керек еді. Сөйтіп істеп жүре балалар сөзбен, сөйлеммен таныса барады.
Жазу – оқу қатар жүру керек пе, бөлек жүру керек пе деген мәселе әлдеқашан бірге жүру керек деп шешілген. Бала жазғанының бәрін оқып отыруы керек, оқығанына тесіле қарап, артынан жазып отыруы керек. Іс қылған бала хат жазуды керексінеді. Кейде жазбай кеспе әліппеде сөз құралады. Бұл да жазудың атасының бір ұлы. Бірақ мұнда қолдың сом еттері әріп жазу үшін қимылдамайды. Бала тым ерте жаза бастаса, соғұрлым жақсы.

4. Тіл ширату


Мектепке шейін баланың тіліне үй-іші, айналасы әсер етеді, жасы бірдей балаларды да тұрмысына қарай сөзге байлығы, сөйлем құрастыруы әртүрлі болады. Бұл күнде жұмыстың бәрі де қалың бұқараға сүйеніп істеледі, қалың бұқараға сүйену үшін адам онымен толық түсінерлік тілге бай болуы керек, сөзді дұрыс құрастыруы керек. Тілдің мектептегі қоғам жұмыстарын атқару үшін де көп керегі бар. Тіл байыту үшін ауыз екі бөлек сабақ жасаудың керегі де жоқ. Тілді жұмыс кезінде, комплекспен байланыстыра бірте-бірте байыту керек. Бірақ қалай боса солай жүйесіз тіл байытуға тағы болмайды. Оқытушы балалр тілін мынадай ретпен байытады: әуелі кірген балалардың тілге қанша байлығын, тілдің кемістігін, қалай сөйлесетіні байқайды. Сонан соң сабақ үстінде кем-кемдеп кемістікті жоя береді. Әуелі балаларға аз-аздап жаңа сөз қосарлық жұмыстар тапсырады. Сөйтіп, бірте-бірте баланың тілін байытады. Әсіресе баланың қалай сөйлеу жағына сақ болу керек. Тіл ширатудың түрлі әдістері бар. Сабақ кезінде бала амалсыз сөйлерлік шарт әзірлеп отыруы керек. Енді соны қарайық.

5. Бала әңгімесі


Бала әңгімесінің дені көрген, білген нәрсесін сөз қылу. Жоғарғы бөлімдерде кітаптан алған білімін айтып беру де қосылады. Баланы айналадағы нәрсені байқау – зерттеу жолымен тәрбиелеген соң, бала әңгімесінде тақырыбы мол болады. Оқытушы баланың не жайында сөйлеуіне мұрындық болып, итермелеп отыруы керек.
Бала өзі көрген, араласқан нәрсесі әңгімеге ең қолайлы тақырып. Мұндай нәрсені бала кұмарланып, делебесі қозып сөз қылады. Сондықтан баланың тілі байып, ширауына мұндай әңгіменің көп пайдасы бар.
Алғашқы айдың ішінде оқытушы кішкене де болса да, ер баланың әңгімесін естуі керек. Ол әңгіме баланың басынан өткен нәрсе жайында болғаны тіпті жақсы. “Бала, мектеп, үй-іші” деген сияқты комплекс баламен әңгімелесуге көп дерек береді.
Бала сөйлегенде оқытушы жетекші сұрау беріп көтермелеп отырады. “Осы арасын толығырақ айтшы”, “мұнан соң не болды”, “бұл саған қалай көрінеді?” деген сұраулармен баланы ойлап сөйлеуге үйрету керек.
Бала тек әңгімені тек оқытушыға айтқан сияқтанбай, барлық класқа тіреп айтсын. Оның үшін бала ортаға шығып, класқа қарап тұрып айтқаны дұрыс. Баланың көңілін көтеру үшін азырақ қостап қоюға да болады. Сөйлеп тұрған баланың сөзін ретсіз бұзуға болмайды. Бала өз тілімен сөйлесін. Оқытушы оны үлкендерше сөйлетем деп әуреленуінен пайда жоқ.
Бала жайда сөйлеп жүрген “ай”, “тіпті өзі”, “иа”, “мә саған”, “ой-бой” барын қосып сөйлегеннен қайта бала сөзі әдемі шығады. Тек сөздің мағынасын қайта жұмсағанда ептеп түзеп жіберуі керек. Бала “кешенің”, орнына “бүрсігүні” десе, оқытушы ендеше ол кеше болған екен деген сияқты түзеп жібереді. Баланың көрген-білгенін айтуға дағдыландыра береді. Алғашқы жылы оқытушы жетекші сұрауларымен баланы ізге салып, айын ретпен айтуға бағдарлап отырады. Жетекші сұрау арқасында балалар бірте-бірте ойын реттеп сөйлеуге жаттыға береді. Екінші жылы сұраулар тақтаға жазылады. Осы сұрауларға дереу балалар ауызекі әңгіме сөйлеп береді. Үшінші жылы балалардың өзі бірте-бірте план жасап, сол бойынша әңгіме айтады. Төртінші жылы бала ойын реттеп айтып, кітаптан оқиғаның дұрыс түсіндіре алады.
Балалар бір нәрсені бақылағанда, серуенге шыққанда жәй кездегіден гөрі бір нәрсені байқауға тырысады, ұстап қалуға талпынады. Көрген нәрсесін суреттегенде басқа балалар, басқа қалған жерлерін толықтырады. Бала дұрыс жүргізіп оқитын шамаға жеткенде кітаптан оқығанын ауызекі айта бастайды. Бұл жылдары бала үйде оқып келіп түйінгенін класта айтса тіпті жақсы, басқа балалар да оқымаған нәрсесін көңілді тыңдайды. Түсінбеген, дүдамал жерлерін сұрап отырады.

6. Оқытушының әңгімесі


Басқаларды тыңдағаннан кейін ауызекі сөйлеуді. Сондықтан оқытушының сөзін тыңдағаннан кейін бала білім алады. Оқытушының сөзін тыңдағаннан балалар үлкендер сөзін түсінуге дағдыланады. Бала жаңа сөздер біледі. Бірақ ол жаңа сөздерді оқытушы бірден жөндей көпіртпей, бірте-бірте кіргізуі керек. Оқытушы тілі балаға үлгі болуы керек. Бірақ бала түсінерлік болсын: біліміне, жасына сәйкес келсін, әр бөлім баласына сөйлейтіні әрине әртүрлі болады.
Оқытушының әңгімесі де қысқа болады. Баланы шашыратпай әңгіме мөлшерін оқытушы тәжірибемен біледі. Бала жалығып ойыншыққа айналып кеткеннен “тағы айт” деп отыратын қысқа әңгіме артық. Әрине, төртінші жылдары оқытушы бұрынғыдан ұзағырақ сөйлесе де балалар жалықпайды.
Оқытушы әңгімесі тақырыбынан шығарылады. Мәселен, балалар үй хайуанаттарын сөз қылғанда, оқытушы мал жайын қызғылықты қысқаша әңгіме айтуға болады. Бала ықыласпен тыңдау үшін әңгіменің маңызы оған қызғылықты болсын.

7. Әңгімелесу


Комплекс тақырыбын оқығанда оның көп жерлерін әңгімемен түсіндіруге тура келеді, бірақ күнде әңгімелесу көп ұсталады. Мұндай көп сөзден қашу керек.
Оқытушының жетекші сұрауына бақыланған нәрсесі жайында балалар жазып, ауызекі жауап береді. Ол жауабы талданып қорытылады. Болашақ жұмыс жайында да әңгіме болуы мүмкін. Бақыланған нәрселерінен бала өзінше сурет салады. Білмегенін білгендерден сұрайды. Бақылау нәтижесін қорытқанда көп сөйлеуден жазып, сызып есептеп жұмыс қылған артық.
Әңгіме жалпы бала араласатындай болу керек. Балалар өзара да әңгіме жасайды. Алғаш кезде бала оқытушының сұрауына жауап береді. Бара-бара өздері сұрақ қоюға, сұрауға жауап алуға, тиісті жерлерінде сөз сұрап алуға дағдылануы керек.
Бақыланған нәрсесі жайында балалар пікір алысады, қорыту шығады, жазып-сызып із қалдырады. Әңгімелескенде ғана пікір алысуға болады.
Алғашқы жылдары оқытушы өзі үшін әңгіменің жоспарын жазуға болады. Үшінші, төртінші әңгіменің жоспарын жасауға балалардың өздері де қатысады.

8. Класс пен мектеп жиналысына араласу


Жиналыста анық және жұрттың делебесін қоздырып сөйлеу қоғам жұмысының бір терегі. Өзгі сөйлеп алудан басқа біреудің сөзін дұрыс тыңдай білмеу де керек, көпшілік жиналған жерде тәртіп те ақтай білу керек. Мұның бәрін мектепте жүріп үйренеді. Әуелгі кезде жас бала ұяң болады, ойын топта айта алмайды. Сөз белсенділігі іс қыла бастаған сайын артады. Бала әуелі өз класының, соңынан мектептің жиылысына араласады. Класында жас бала белсендірек болады, мектеп жиылысында сөйлеуге бара-бара ашылады.
Мектеп жиналысына барлық баланы араластыру – мектептің мақсаты, жиналыста ылғи жаржақ, балалар ғана сөйлемей ұяң балалар көп сөйлеуін қарастыру керек. Сөйлеу білу, басқаны тыңдай білу, тәртіп сақтау, басқаның сөзін бұзбау – жиналыстың шарт. Мұны үлкен балалардың сөзін тыңдай-тыңдай, жиналысқа қалыптаса бара үйренеді.

9. Өлең мен тақпақ.


Бала қара сөз рең өлеңді айыра алу үшін сауат ашып жүрген кезден-ақ қысқа, қызғылықты өлең жаттау керек. Әуелгі кезде балалар өлеңді оқытушы айтқанына жатқа үйренеді. Кітаптағы басқа өлеңдерді ырғағына дұрыс келтіріп айтуы керек. Оның үшін оқытушы құр ақыл айтпай, өлеңді қалай оқитынын көрсетіп беруі керек. Дұрыс оқығанда ғана өлеңнің мәнісін түсіндіруге болады.
Өлең балаларға жеңіл, қызғылықты болсын, өлең баланың көңілін көтерсін, оның үшін мағынасы да сырт жағы да сұлу болуы керек.
Бала өлеңдерін әуелі класта, соңынан үйірмесінде айтып үйренеді. Әр балаға тақпақ - өлең айтқызып көру керек. Баланы көп араластыру керек. Соңынан сауық кештерінде, мейрамдарда тақпақ айтып дағдыланады. Мұндай үлкен жиындарға шығар алдында құнттап әзірлену керек. Оған бас-көз болатын оқытушы. Бірақ тақпақты балалар өзіне артис сияқты қарап менменсіп кетпесін.

10. Сақина ойыны


Әрине, балалар сақина ойына үлкендердікінен бір басқа, қала берді балалардың жасына қарай да әр жаста әр түрлі болады: кішкене өлеңді кластан айтқаннан бастап сақынаға шығып сауық кешін қоюға шейін сақына ойыны бола береді.
Сақина ойынының тілге керегі сол – балалар басқаларға еліктеп, тілін түзетеді: басқаларға еліктеу үшін олардың тіліндегі айырмашылыққа дейін салады: басқалар тіліне салып айтамын деп, балалар байқаусыз өз тілін дамытады, жаңа сөзбен танысады. Міне осы еліктеуден біреу сөзіне зейін салып қарап, жатық әдебиет тілін сіңіруге себеп болады. Сөйтіп, сақина ойыны баланың тілді белсенді білуіне себеп болады.

11. Оқушының баяндамасы


Бала баяндамасы үлкен адамдардікіндей тым құрғақ, іш пыстыратын болмайды. Ондай баяндаманың керегі жоқ. Бала баяндамасы дегеніміз – бақылаған, тапсырылған жұмысты қалай орындағанын айтып беру. Сондықтан, бала баяндамасында басқаларға керекті нәрселер болады. Мұндай баяндама істеген бала түгіл басқаларына да пайдалы болады. Бала жазып алып, ауызекі баяндама жасайды. Жазылған баяндаманы да ауызша айту керек.
Оқытушы баланың кеміс жерін толықтырып, түзеп отырады. Бірақ, сол түзегенмен місе тұту керек. Осы жаман-жақсы деп талдап жатудың керегі жоқ. Оқытушы әсіресе, балада болатын кемшіліктерді көрсетіп отырады.
Мектеп қоғамының мүшесі қатарында оқытушы да баяндама жасайды. Ондай баяндаманы оқытушы да әзірлеп беру керек: тіл, мағына, сырт жағынан үлгі болсын.
Балалар баяндамасында жекелеп те, бірігіп те даярлануға болады. Біріккен баяндамаға балалар бірлесіп дерек жинап, бірлесіп кеңесіп, арасынан біреуін баяндамашы қылып шығарады.
Баяндама үшінші жылдардан басталып, төртінші жылдары күшейеді. Баяндама балалардың белсенділігін арттырады.

12. Оқытушының міндеті


Баланың тілін ұсарту үшін оқытушы не істеу керек? Баланың бірдей болса да, тілге байлығы, сөйлеу түрі, білетін сөзінің өзі де түрлі-түрлі болады. Бұл тіл айырмашылығы әр баланың өскен ортасына қарайды.
Онан соң, балалардың кей сөздері толық мағынасын жұмсамайтындары да болады. Қандай баланың қандай тілінің кемістігі бар, неге тілі келмейді – мұны байқау керек. Мұнан соң баланың тұрған жерінің, тілінің айырмашылығымен де танысу керек.
Міне, осылай зерттеген соң, ең алдымен оқытушы баланың тілінің мүкістігін жою керек. Мәселен, кей баланың тілі “р”-ға келмейді, кейі “с”-ны ылғи “ш” қылып сөйлейді. (серке-шерке), кейбіреулері “ш”-ны “с” қалады (шал-сал). Тілдің мұндай мүкісін түзейтін педагогиканың түрлі әдісі бар, бірақ мұндай мүкісті түзеу үшін алдымен дыбыс жолдарын, дыбыс қалай шығатынын білу керек. Ол біле алмаса жақын жердегі докторға, пелшірге ақылдасу керек. Олар бала тілін түзеуді біледі (Қазіргі кездегі логопедтер). Тілдің мұндай мүкісі баланың сөз мүшелерінің меңгере алмағанынан болады. Мұндай балаларды мысқылдамай, кекетпей қолдап отыруы керек. Балалардың тілі айналасындағы дұрыс сөзді естімеуімен жөнделіп кетеді. Сондықтан, бұлардың құлағына дұрыс сөзді көбірек сіңіру керек.
Әсіресе, кекеш балаларға зейін салу керек, кекештік баланың жұлын жүйесіне (нерв) байланысты, мұндай балаларды кекетуге, мысқылдауға, ұялатуға, күлуге болмайды. Мұндай балаларды анағұрлым қыспай, састырмай, еркіне жіберіп сөйлету керек. Жатық тілге үйрену шым-шымдап үйрету керек. Үшінші жылдан бастап ғана балаға өз тілімен жатық әдебиет тілін салыстыруға болады, білім атауларын (термин) балалар дұрыс айтып, дұрыс жазып үйренулері керек. Сөйлемді дұрыс құруға бала бірте-бірте үйренеді. Оны да дұрыс сөйлеген адамға (оқытушыға), кітапқа еліктеп біледі. Сондықтан, бала кітабынан оқытушының тілінде көп мән бар.
Т.Шонанұлы тіл маманы ретінде тілдің өзекті мәселесі – емілеге де көп көңіл бөлген [1. 15-20].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет