Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коллледжі» МКҚК
Тіл және әдебиет кафедрасы
Асқар Алтай прозасының жанрлық сипаты және
образ сомдау жүйесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық атауы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен
әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Пәні: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Орындаған: А.Сағидолла
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м А.Қайырбай
Курстық жұмысты қорғаған бағасы: ___________
Кафедра меңгерушісі։ __________ ф.ғ.м А.Қайырбай
Хаттама№___ ___ _____________ 20__ж.
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заман әдебиетін дамыту, жас ұрпақты әдебиетке баулу мәселелері өзекті. Бүгінгі заманның жазушыларынан халық әлбетте сай сөз күтеді. Сәйкесінше оқырман өзін қызықтыратын, дамытатын, ой өрісін өзгертетін әдебитті талап етеді. Әдебитке жанын беріп, проза жанрына зор үлесін қосқан Жүсіпбек Қорғасбек, Кәдірбек Сегізбайұлы, Думан Рамазан, Төлен Әбдік, Нұрғали Ораз, Дидар Алтай, Асқар Алтай есімдері әсіресе танымал. Солардың қатарында бірегейі, ұлттық тілді қолдайтын, өзінің көркемдік стилі ерекше – Асқар Алтайдың еңбектері аса құнды. Әр шығарма өзінің атымен оқымастан бұрын қызықтыра қоятыны, сюжеті ерекше мифологиялық жанрымен жазылғаны оқырманды өзіне баурап алады. Әр жазушының бойында болатын тарихты көркемдеп жазу – Асқар Алтайдың еңбектерінде айқын көрінеді.
Асқар Алтайдың еңбектерінің көркемдік, стильдік, ерекшеліктерін зерттеу арқылы тану жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Асқар Алтай шығармаларының тақырыптық мазмұнын, тарихи шындыққа қатысын, образдар табиғатын ұлттық таным тұрғысында қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
Асқар Алтай прозасының жанрлық сипатын анықтау;
Асқар Алтай әңгімелерінің көркемдік, өзінің ерекше даралық стилін зерделей отырып, сол шығармалардағы көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесіне талдау жасау;
Қазіргі қазақ прозасының дамуы және Асқар Алтай шығармаларының маңыздылығын негіздеу.
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысында «Казино», «Сібір офицері», «Лайбаран», «Киллер сауысқан», «Кентавр», «Альпенист», «Қараштың Қарасы», «Прописка», “Көзімнің қарасы”, “Стакан” т.б. әңгімелері алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |