Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы



бет1/10
Дата21.04.2022
өлшемі79,84 Kb.
#31801
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бейнелеу өнері және технологиялы сабақтарында инновациялық білім беру технологияларын қолдану мүмкіндіктері

Орындаған: ИИЧ-31 тобының студенті Жолдыгалиева А.Б.

Ғылыми жетекші:


Орал, 2021ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың теориялық негіздері

1.1 «Интербелсенді оқыту әдістері» ұғымның мәні мен маңызы.....................7

1.2 Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалануда психологиялық-педагогикалық жағдайды есепке алу.............................................................................................................15

1.3 Технология сабақтарында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мазмұны................................................................................................................22



2. Мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы көркемдік қабілеттерін арттырудың әдістемесі

2.1. Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістері........................................................................................26

2.2. Бейнелеу өнері сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың көркемдік қабілеттерін арттырудың әдістері............39

Қорытынды.....................................................................................................44

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................46

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек….». «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ» деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр». Инновациялық процестерді ендіру енгізілген технологияның ерекшеліктерімен, жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу жолдарымен өзара байланыс негізінде анықталады. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыруды қажет етеді. Болашақ көркем еңбек пәні мұғалімдеріне қолөнерді оқытуға дайындау оқу үдерісін мақсатты түрде ұйымдастыру, өз бетінше жұмыс жасай алатын маман дайындау міндетіне бағындыру, оқыту ісін білімгердің өзін-өзі бақылай алу және өз жұмысын өзі ұйымдастыра алу деңгейін арттыратын белсенді білім беру мен тәрбиелеу формаларымен байытуды қажет етеді. Осыған орай ұйымдастырылып отырған симпозиумның мақсат міндеттері де технология, қазіргі көркем еңбекпен тікелей байланысып отыр.

Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологияялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеацияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі.

Олай болса, бастауыш мектеп пен жалпы орта мектептің он екі жылдыққа көшуге бағытталған жаңартылған білім беру процесінде анықталған білім беру мазмұнының кіріктіре түзілуі, оқу пәндерінің бірігуі мен жаңа сипаттағы атулардың қалыптасуына алып келді. Соның бірі, «Бейнелеу өнері» мен «Технология» оқу пәндерінің біріктіріле «Көркем еңбек» атауының қалыптасуы болып отыр. Кеңес Одағының қалыптасуы кезінен бері «Бейнелеу өнер» пәні деген атау өткен ғасырдың соңғы жылдарында анықталып, оған дейін мектепте «Сурет» оқу пәні деген атаумен оқу үдерісінде жүріп келді. Оның білім беру мазмұны өткен ғасырдың басынан бері қазіргі кезге дейін түпкілікті өзгерістерге ұшырамай, өзінің классикалық тәжірибесі сақталып келді. Нақты айтсақ, бейнелеу өнердің түрлері, олардың жанрлары, көркемдік-мәнерлі құралдар мен оларды бейнелі құралдармен орындау болып отырды. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің білім беру мазмұнындағы өзгерістердің немесе жетілдірудің бір белгісі – дизайн оқу бөлімі мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданбалы бағдарламаларымен бейне кескіндерін орындау болып табылады.

Ал, «Технология» оқу пәнінің білім беру мазмұны Кеңес Одағының қалыптасуы мен дамуы барысында бірнеше рет өзгерістерге ұшырап келді. Өткен ғасырдың бас кезеңдерінде комплексті білім беру тұжырымы немесе тұрғысы бойынша оқушыларды еңбекке үйретуге бағытталған болатын. Оның басты идеясы аталған білім беру бағдарламасында оқушылардың жаратылыстану, математика және гуманитарлық оқу пәндерден алған білімдерін тәжірибеде қолдануға еңбекке баулу оқу пәні аясында жүзеге асырылған. Оған үлгі ретінде, оқушылар биология оқу пәні сабақтарында өсімдік, үй жануарлары, құстар туралы білім алумен ғана шектелсе, олардың қоршаған оратағы пайда болуы, өмір сүруі, көбеюі туралы тікелей тәжірибелер жүру, сол пәннің оқу үдерісінде емес, еңбекке баулу оқу пәнінің оқу үдерісінде жүзеге асырылып келген. Оған дерек ретінде Ж.Аймаутовтың еңбегінде ұсынған комплексті бағдарламамен мектеп оқушыларын тәжірибеге оқыту мен үйрену болып табылады[1]. Кеңес Одағы кезде әрбір мектептің ауласында тәжірибелі станциялар, үй жануарлары мен құстарды күту, олардың көбею процестерін бақылау, зерттеу, тәжірибе жүргізу сияқты іс-әрекеттер орындалып келді. Бірақ, 1930 жылдары өндірістерде шығатын өнімдердің сапасын арттыру мен түрлерін көбейтуге байланысты мемлекет тарапынан жоғары білікті мамандарды даярлау қажет етті. Соның салдарынан жалпы орта мектепте ғылым салалары бойынша оқу пәндері дербестеніп, сол уақыттан бері жалпы орта мектептің оқу пәндері, тек ғылым салалары(жеке оқу пәндері) бойынша оқушыларға білім беріп келеді.

Өткен ғасырдың 40-60 жылдары еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұны басым жергілікті аймақтардың еңбек түрлеріне сәйкес құрылып, оқушыларды сол еңбек түрлеріне үйретіп келді. Ал, 80 жылдары барлық Кеңес Одағының Республикаларындағы жалпы орта мектепке арналған типті білім беру мазмұны құрылып, сол оқу бағдарламасы бойынша 90 жылдың бас кезіне дейін сақталды. Мұнда оқу пәнінің атауы «Еңбек» болды. Осы оқу пәнінің білім беру мазмұны ағаш, метал, мата, тағам дайындау, электротехникалық жұмыстар, конструкциялық материалдарды өңдеу, ауылшаруашылық жұмыстар сияқты оқу бөлімдерінен құралған. Осы «Еңбек» оқу пәні бойынша жоғары сынып оқушылары нақты еңбек түріне бағытталған кәсіби білім алуымен де жалғасып тиімді дәстүрге айналып отырды. Бұл оқу пәнінің шектеулі еңбек түрлерінің болуындағы басты идея, оқушыларға жалпыламалық еңбек мазмұны бойынша білімі мен іскерліктерін қалыптастыру еді. Сонымен бірге, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде вариативтік оқу бағдарламасы да қалыптаса бастады. Оның атауы көркем еңбекпен байланысты болды. Мұнда оқушылар сәндік-қолданбалы өнер түрлері бойынша білім алумен бірге әр түрлі сәндік бұйымдар жасауға ұмтылдырды. 1986 жылддары Қазақстанның жалпы орта мектептерінің «Еңбек» оқу пәнініңде кеңінен сәндік-қолданбалы өнердің түрлері бойынша ұлттық бұйымдарды жасауға үйрету кеңінен орын алды. Ал, 1998 жылы Қазақстанда тұңғыш рет білім беру стандартының енгізілуіне байланысты еңбек оқу пәні «Технология» білім беру саласы деген атау беріліп, оның білім беру мазмұны күрделі өзгерістермен жетілдірілді[7]. Осы атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұны Е.Климовтың еңбек түрлерін топтау ұсынысын ескере жасалып, оқушыларды қоғамдағы әр түрлі еңбек мазмұны бойынша таныстыру мен қарапайым еңбек тәсілдерін үйрете, олардың болашақ өзін-өзі анықтау мен өмір жолын таңдауға ықпал ететін мамандық түрін саналы таңдауға дайындау болып табылды[4]. Технология оқу пәнінің білім беру мазмұны сегіз бөлімнен құралса, оның бір оқу бөлімі сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыруға арналған. Осы білім беру мазмұнындағы технология оқу пәні осы уақытқа дейін сақталып келді.

Олай болса, технология пәнінің білім беру мазмұнында көркем еңбектің оқу материалдарының сақталуы жаңа атаудағы оқу пәні бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне қиындықтар туғызбайды. Оларда біршама кәсіби білімі мен іскерліктері және тәжірибелері жеткілікті.

Сондықтан біз зерттеп отырған диплом жұмысының мақсатына орай оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді технология және бейнелеу өнері пәнін өту барысында пайдаланудың жолдарын қарастырып, көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды "Бейнелеу өнері және технология сабақтарында инновациялық білім беру технологияларын қолдану мүміндіктері" деп таңдап алуға себепші болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет