Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,18 Mb.
#10930
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Әлия Қазезқызы Қапышева
«Қазақстандық  мемлекеттік-жеке  әріптестік  орталығы»  АҚ-ның  Бас  сарапшысы,  Қазақ 
гуманитарлық-заң университеті Азаматтық құқығы кафедрасының PhD докторанты 
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік реформалау халықаралық тәжірибесі
Капышева Алия Казезовна, 
Главный  эксперт  АО  «Казахстанский  центр  государственно-частного  партнерства»,  докторант 
PhD кафедры гражданского права Казахского гуманитарно-юридического университета
Международный опыт реформирования государственно-частного партнерства
Kapysheva Aliya Kazezovna, 
JSC “Kazakhstan public-private partnership center” Chief expert, PhD student of Department of Civil 
Law, KazHLU 
International experience of reforming public-private partnership
● ● ● ● ●
Трибуна молодого ученого

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
172
ШАРУАШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ БҰЗУДЫҢ 
МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Бытымбаев Амангалий Мукашевич,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы PhD докторанты, 
заң ғылымының магистрі, полиция капитаны
Қазақстанның  табиғаты  -  ата-бабамыздан 
жеткен  мұра.  Еліміздің  табиғи  байлығын 
сақтау 
үшін, 
мемлекетімізде 
тұратын 
тұрғындарымыздың  денсаулығын  жақсартып, 
әл-ауқатын  көтеру  үшін,  табиғатты  қорғауға 
арналған  заңдардың  тиімділігін  арттырып, 
заманауи талаптарға сай жетілдіру қажет. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н. 
Назарбаевтың  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50 
елдің қатарына кіру стратегиясында айтылғандай, 
Қазақстан  Республикасы  жаңа  тарихи  белеске 
өтіп  отыр.  Экономикалық,  әлеуметтік  және 
экологиялық  үрдістердің  бірқалыптылығына 
-  тұрақты  даму  кезеңіне  көшу  -  қойылған 
мақсаттардың қозғаушы күші іспеттес .
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
–  елбасы    Н.Ә.  Назарбаевтың  бекіткен 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағытында,  алтыншы 
сын-қатер  –  табиғи  ресурстардың  сарқылуы 
деп  көрсетілген  [1].  Осы  жолдауында  елбасы 
–  «Бізге  өз  табиғи  байлықтарымызға  деген 
көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті 
маңызы  бар.  Біз  оларды  сатудан  қазынамызға 
кіріс  құя  отырып,  оларды  дұрыс  басқаруды,  ең 
бастысы,  еліміздің  табиғи  байлығын  орнықты 
экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді 
үйренуіміз керек» деп атап айтты.
Экологиялық қылмыстар үшін жауаптылықты 
реттейтін  қылмыстық-құқықтық  нормалардың 
заңдық  негізін  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясының  31  бабы  құрайды,  онда 
былай  делінген:  «Мемлекет  адамның  өмір 
сүруі  мен  денсаулығына  қолайлы  айналадағы 
ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды».  Яғни 
мемлекетіміздің 
Конституциямен 
бекіткен 
мақсаттарының  бірі  қоршаған  табиғи  ортаны 
қорғау болып табылады 
Ал  Конституцияның  38-бабының  талабына 
сай  Қазақстан  Республикасының  азаматтары 
табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына 
ұқыпты  қарауға  міндетті  болып  табылады  [2]. 
Осы  бапқа  сәйкес  Қазақстан  Республикасының 
азаматтарына  табиғатты  сақтауға  және  табиғи 
байлықтарды ұқыпты қарауға мідет жүктелген.
Осы 
мемлекет 
Конституциясында 
кепілдік  берілген  жердің  қойнауы,  су  көздері, 
өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі,  басқа  да 
табиғи  ресурстарын  қорғауды  жүзеге  асыру 
қылмыстық  заңда  кеңінен  қарастырылған. 
Қазақстан  Республикасының  жаңадан  2014 
жылы қабылданып 2015 жылдың қаңтар айынан 
бастап қолданысқа енген қылмыстық кодексінде 
экологиялық  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар 
13-тарауда шоғырланып, ерекшеленіп бөлінген. 
Осы  тарауда  қарастырылған  экологиялық 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  барлығы 
дерлік  еліміздің  экологиялық  қауіпсіздігіне 
қол  сұғушылық  болғанымен  олар  өзара 
жалпы  сипаттамасы  бойынша  бір-бірінен 
айырмашылыққа  ие.  Оларды  жеке-жеке 
қарастырып  бір-бірінен  жалпы  сипаттамасы 
бойынша ажырату қажеттігі туындайды. 
Экологиялық  қылмыстық  құқық  бұзу-
шылықтар  тарауындағы  экологиялық  қылмыс-
тық  құқық  бұзушылықтардың  бірі  ретінде 
танылатын 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабында 
қарастырылған  шаруашылық  немесе  өзге 
де 
қызметке 
қойылатын 
экологиялық 
талаптарды  бұзу  экологиялық  қылмыстық 
құқық  бұзушылыққа  заңи  тұрғыдан  берілген 
сипаттаманы  қарастыра  отырып,  оларға  шолу 
жасау  қажеттігі  туындайды.  Себебі,  аталған 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  қылмыстық 
құқық теориясы бойынша бланкетті қылмыстық 

173
құқық бұзушылыққа жатқызылады. Сондықтан, 
қарастырып  отырған  заң  нормасын  сипаттау 
үшін  міндетті  түрде  басқа  заң  нормаларына 
талдау жасауды талап етеді.
Шаруашылық және өзге де қызмет барысында 
қоршаған  ортаны  авариялық  ластайтын  немесе 
ластауы мүмкiн болған жағдайда ол шаруашылық 
және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түріне 
жатады.  Сонымен,  шаруашылық  және  өзге  де 
қызметтің  түрлері  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық кодексінің 324-бабының 1-бөлігінің 
диспозициясында ашылып қарастырылған.
Заң  нормасында  қарастырылған  тыйым 
салынған  әрекеттерді  бөліп  қарастырар  болсақ, 
әскери  немесе  қорғаныс  объектiлерiне,  әскери 
немесе ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық 
талаптарды  бұзу  келесідей  шаруашылықтардан 
тұрады:
-  табиғи  ресурстарды  пайдалану  кезінде 
әскери  немесе  қорғаныс  объектiлерiне,  әскери 
немесе ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық 
талаптарды бұзу;
-  кәсiпорындарды,  құрылыстарды  немесе 
өзге  де  объектiлердi  жобалау,  орналастыру, 
салу  немесе  реконструкциялау,  пайдалануға 
беру  немесе  пайдалану  кезінде  әскери  немесе 
қорғаныс  объектiлерiне,  әскери  немесе  ғарыш 
қызметiне  қойылатын  экологиялық  талаптарды 
бұзу;
-  өнеркәсiп,  энергетика,  көлiк  немесе 
байланыс  объектiлерiн,  ауыл  шаруашылық 
мақсатындағы  және  мелиорация  объектiлерiн 
пайдалану  кезінде  әскери  немесе  қорғаныс 
объектiлерiне,  әскери  немесе  ғарыш  қызметiне 
қойылатын экологиялық талаптарды бұзу;
- қалаларды не басқа да елдi мекендердi салу 
кезінде  әскери  немесе  қорғаныс  объектiлерiне, 
әскери  немесе  ғарыш  қызметiне  қойылатын 
экологиялық талаптарды бұзу.
Қарастырып  отырған  шаруашылық  немесе 
өзге  де  қызметке  қойылатын  экологиялық 
талаптарды бұзу қылмыстық құқық бұзушылық 
заң  нормасының  талабына  сай  жоғарыда 
қарастырылған  шаруашылық  немесе  өзге  де 
қызметтерді  жүзеге  асыру  барысында  әскери 
немесе  қорғаныс  объектiлерiне,  әскери  немесе 
ғарыш  қызметiне  қойылатын  экологиялық 
талаптарды  бұзумен  байланысу  қажеттігі 
туындайды.
Қазақстан  Республикасының  1997  жылы 
қабылданып,  қолданыста  болған  Қылмыстық 
кодексінің 
11-тарауында 
қарастырылған 
«Экологиялық 
қылмыстар» 
қаратына 
жатқызылған 
277-баптағы 
«Шаруашылық 
және өзге де қызметке қойылатын экологиялық 
талаптардың  бұзылуы»  заң  нормасындағы 
талаптар  келесідей  шаруашылық  және  өзге  де 
қызметке қойылытындығы қарастырылған: 
-  табиғи  ресурстарды  пайдалану  кезiнде 
қойылатын  талаптарды  сол  талаптардың 
сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы;
-  кәсiпорындарды,  құрылыстарды  және  өзге 
де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және 
жаңғырту,  пайдалануға  беру  және  пайдалану 
кезiнде қойылатын талаптарды сол талаптардың 
сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы;
-  өнеркәсiп,  энергетика,  көлiк  пен  байланыс 
объектiлерiн,  ауыл  шаруашылық  мақсатындағы 
және  мелиорация  объектiлерiн  пайдалану 
кезiнде қойылатын талаптарды сол талаптардың 
сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы;
- қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу 
кезiнде қойылатын талаптарды сол талаптардың 
сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы;
- әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери 
және  ғарыш  қызметiне  қойылатын  талаптарды 
сол  талаптардың  сақталуы  үшiн  жауапты 
адамдардың бұзуы [3].
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің 
орыс 
тіліндегі 
нұсқасында 
«Шаруашылық  немесе  өзге  де  қызметке 
қойылатын  экологиялық  талаптарды  бұзу» 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  келесідей 
сипатталады:
-  табиғи  ресурстарды  пайдалану  кезiнде 
экологиялық талаптарды бұзу;
-  кәсiпорындарды,  құрылыстарды  немесе 
өзге  де  объектiлердi  жобалау,  орналастыру, 
салу  немесе  реконструкциялау,  пайдалануға 
беру  немесе  пайдалану  кезiнде  экологиялық 
талаптарды бұзу;
-  өнеркәсiп,  энергетика,  көлiк  немесе 
байланыс  объектiлерiн,  ауыл  шаруашылық 
мақсатындағы  және  мелиорация  объектiлерiн 
пайдалану кезiнде экологиялық талаптарды бұзу;
- қалаларды не басқа да елдi мекендердi салу 
кезiнде экологиялық талаптарды бұзу; 
-  әскери  немесе  қорғаныс  объектiлерiне, 
әскери  немесе  ғарыш  қызметiне  қойылатын 
экологиялық талаптарды бұзу [4].. Аталағандар 
негізінде  осы  заң  нормасының  қазақ  тіліндегі 
нұсқасында  «кезінде»  деген  сөзден  кейін  үтір 
тыныс белгісі қойылмаған болып отыр. Осыған 
байланысты 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық  кодексінің  324-бабының  1-бөлігіне 
тиісті толықтыру енгізу қажеттігі туындайды.
«Шаруашылық  немесе  өзге  де  қызметке 
қойылатын  экологиялық  талаптарды  бұзу» 
Трибуна молодого ученого

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
174
қылмыстық  құқық  бұзушылық  заң  нормасында 
қарастырылған  іс-әрекеттерді  бөліп  зерделеуді 
талап  етеді.  Заң  нормасында  орын  алып 
отырған  табиғи  ресурстарды  пайдалану 
кезіндегі  экологиялық  талаптарды  бұзу  жердi, 
жер  қойнауын,  суды,  орманды  және  өзге  де 
өсiмдiктердi,  жануарлар  дүниесiн  пайдалану 
кезiндегi  экологиялық  талаптарды  бұзумен 
белгіленеді. 
Қазақстан 
Республикасының 
Экологиялық  кодексінің  1-бабының  73-тарма-
ғына сай табиғи ресурстарға тұтыну құндылығы 
бар  жер,  жер  қойнауы,  су,  өсiмдiктер  мен 
жануарлар  дүниесi  жатқызылған  [5].  Осы 
заң  нормасы  бойынша  табиғи  ресурстарға 
белгіленген ұғым бойынша орман аталмай отыр. 
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексіндегі  «Табиғи  ресурстарды  пайдалану 
кезiндегi  экологиялық  талаптар»  деп  аталатын 
207-бабындағы 
заң 
нормасында 
табиғи 
ресурстар  қатарына  орман  жатқызылатындығы 
анық белгіленген [5]. 
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексінің  200-бабында  «Қалаларды  және 
басқа  да  елдi  мекендердi  жобалау,  салу, 
реконструкциялау  экологиялық,  санитарлық-
эпидемиологиялық  талаптар  мен  экологиялық 
қауiпсiздiктi ескере отырып, халықтың өмiрiне, 
еңбек  етуi  мен  демалуына  мейлiнше  қолайлы 
жағдайларды  қамтамасыз  етуге  тиiс»  деп 
қаралып,  экологиялық  талаптар  қалаларды 
және  басқа  да  елдi  мекендердi  жобалау,  салу, 
реконструкциялау кезінде қойылса да, Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабының талабына сай қалаларды не басқа да 
елдi мекендердi салу кезіндегі ғана экологиялық 
талаптарды  бұзу  қарастырылған  болып  отыр. 
Бұл  өз  кезегінде  қалаларды  және  басқа  да  елдi 
мекендердi  жобалауға,  реконструкциялауға 
қойылатын  экологиялық  талаптарды  бұзғаны 
үшін  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабында 
қарастырылған 
шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын 
экологиялық  талаптарды  бұзу  бойынша 
жауаптылық қарастырылмаған болып отыр. Осы 
аталғанға  орай  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық  кодексінің  324-бабының  1-бөлігіне 
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексінің 
200-бабында 
қарастырылған 
қалаларды  және  басқа  да  елдi  мекендердi 
жобалау мен реконструкциялау кезі де қамтылуы 
қажет етеді.
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің  324-бабында  қарастырылған  ғарыш 
қызметiне  қойылатын  экологиялық  талаптар 
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексімен  қамтылып  белгіленбеген  болып 
отыр. Қазақстан Республикасының Экологиялық 
кодексінің 
206-бабында 
қарастырылыған 
экологиялық талаптар тек әскери немесе қорғаныс 
объектiлерiне,  әскери  қызметiне  қойылған. 
Сонда  да  болса,  Қазақстан  Республикасының 
2012  жылғы  6  қаңтардағы  №528-  IV  «Ғарыш 
қызметі 
туралы» 
заңының 
1-бабының 
7-тармақшасы  бойынша  ғарыш  қызметi  болып 
ғылыми, экономикалық, экологиялық, қорғаныс, 
ақпараттық және коммерциялық мақсаттарға қол 
жеткізу  үшін  ғарыш  кеңістігін  зерттеуге  және 
пайдалануға бағытталған қызмет танылады [6]. 
Қазақстан  Республикасының  «Ғарыш  қызметі 
туралы» заңының 3-бабына сай ғарыш қызметі 
жүзеге  асыру  қағидаттарының  бірі  ретінде 
ғарыш  қызметін  жүзеге  асыру  салдарынан 
туындаған  жеке  тұлғалардың  денсаулығына 
келтірілген  зиянды,  қоршаған  ортаға,  жеке 
және  заңды  тұлғалардың,  мемлекеттің  мүлкіне 
келтірілген  залалды  өтеу  және  экологиялық 
талаптарды, сақтау саналады [6]. Осы аталғанға 
орай,  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің 324-бабында өз орнын алып отырған 
ғарыш  қызметiне  қойылатын  экологиялық 
талаптар  Қазақстан  Республикасының  Эколо-
гиялық  кодексінде  де  қарастырылуы  үшін 
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексінің  206-бабын  және  194-бабының 
2-бөлігінің  8-тармағын  «ғарыш»  деген  сөзбен 
толықтыру қажет. 
«Ғарыш 
объектiлерi 
келтiрген 
залал 
үшiн  халықаралық  жауапкершiлiк»  туралы 
Конвенцияда (1972 жылғы 29 наурызда Мәскеу, 
Лондон  және  Вашингтон  қалаларында  қол 
қойылған) «ғарыш объектiсi» аталымына ғарыш 
объектiсiнiң құрамдас бөлiктерi, сондай-ақ оны 
жеткiзу  құралдары  мен  оның  бөлiктерi  кiредi.» 
–  деп  көрсетілген  [7].  Аталған  Конвенцияға 
Қазақстан  Республикасы  «Ғарыш  объектiлерi 
келтiрген зиян үшiн халықаралық жауапкершiлiк 
туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының 
қосылуы  туралы»  1997  жылғы  15  мамырдағы 
№  107-I  Қазақстан  Республикасының  Заңымен 
қосылған  болатын  [7].  Себебі,  Бiрқатар 
мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама 
жоқ  болғандықтан,  зымыран-ғарыш  қызметiнiң 
қоршаған  орта  мен  халықтың  денсаулығына 
әсерiн  азайту,  зымыран-ғарыш  кешендерiнiң 
экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған 
сайын өзектi болуда.
Қазақстан Республикасының «Ғарыш қызметі 
туралы»  заңының  1-бабының  12-тармағында 

175
ғарыш объектісi дегеніміз ғарыш аппараты және 
(немесе) оны ғарыш кеңістігіне шығару құралы 
және  олардың  құрамдас  бөліктері  екендігі 
қарастырылған [6].
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің 
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 
заңының  1-бабының  11-тармағына  сай  әскери 
қызмет  болып  Қазақстан  Республикасының 
егемендігін, 
аумақтық 
тұтастығы 
мен 
шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы 
қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей 
қамтамасыз  етуге  бағытталған  Қарулы  Күштер 
әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің 
ерекше түрі танылады [8].
Жоғарыда 
қарастырылған 
экологиялық 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  мазмұны 
мен  сипаттамасының  негізінде  Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  кодексіндегі 
«Шаруашылық  немесе  өзге  де  қызметке 
қойылатын  экологиялық  талаптарды  бұзу» 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  қарастырылған 
324-бабының  1-бөлігіндегі  заң  нормасының 
сипаттамасы  заңнаманың  орыс  тіліндегі 
нұсқасы  мен  мемлекеттік  тілдегі  нұсқасында 
айырмашылықтың 
болуына 
байланысты 
осы  олқылық  жойылуға  тиіс.  Атап  айтқанда, 
қазақ  тіліндегі  нұсқасында  «кезінде»  деген 
сөзден  кейін  үтір  тыныс  белгісі  қойылмаған 
болып  отыр.  Осыған  байланысты  Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабының  1-бөлігіндегі  «кезінде»  деген 
мәтіннен кейін үтір белгісін (,) қою қажет.
«Ғарыш 
объектiлерi 
келтiрген 
залал 
үшiн  халықаралық  жауапкершiлiк»  туралы 
Конвенцияға  мемлекетіміз  «Ғарыш  объектiлерi 
келтiрген зиян үшiн халықаралық жауапкершiлiк 
туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының 
қосылуы  туралы»  1997  жылғы  15  мамырдағы 
№  107-I  Қазақстан  Республикасының  Заңымен 
қосылған,  алайда  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық кодексінің 324-бабының 1-бөлігінде 
ғарыш 
объектісі 
қарастырылмағандықтан 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабының 
1-бөлігіндегі 
«қорғаныс» деген сөзден кейін «, немесе ғарыш» 
деген мәтінмен толықтыру керек.
Жаңадан  қабылданған  қылмыстық  кодексте 
қарастырылған  «Шаруашылық  немесе  өзге  де 
қызметке  қойылатын  экологиялық  талаптарды 
бұзу»  қылмыстық  құқық  бұзушылық  бойынша 
шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын 
кез-келген  талаптар  ғана  емес  тек  экологиялық 
талаптар ғана қарастырылып нақтыланған.
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексінің  200-бабында  «Қалаларды  және 
басқа  да  елдi  мекендердi  жобалау,  салу, 
реконструкциялау  экологиялық,  санитарлық-
эпидемиологиялық  талаптар  мен  экологиялық 
қауiпсiздiктi ескере отырып, халықтың өмiрiне, 
еңбек  етуi  мен  демалуына  мейлiнше  қолайлы 
жағдайларды  қамтамасыз  етуге  тиiс»  деп 
қаралып,  экологиялық  талаптар  қалаларды 
және  басқа  да  елдi  мекендердi  жобалау,  салу, 
реконструкциялау кезінде қойылса да Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабының талабына сай қалаларды не басқа да 
елдi мекендердi салу кезіндегі ғана экологиялық 
талаптарды  бұзу  қарастырылған  болып  отыр. 
Бұл  өз  кезегінде  қалаларды  және  басқа  да  елдi 
мекендердi  жобалауға,  реконструкциялауға 
қойылатын  экологиялық  талаптарды  бұзғаны 
үшін  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің 
324-бабында 
қарастырылған 
шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын 
экологиялық  талаптарды  бұзу  бойынша 
жауаптылық қарастырылмаған болып отыр. Осы 
аталғанға  орай  Қазақстан  Республикасының 
Қылмыстық  кодексінің  324-бабының  1-бөлігіне 
қалаларды және басқа да елдi мекендердi жобалау 
мен реконструкциялау кезі де қамтылуды қажет 
етеді.
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің 324-бабында өз орнын алып отырған 
ғарыш  қызметiне  қойылатын  экологиялық 
талаптар 
Қазақстан 
Республикасының 
Экологиялық кодексінде де қарастырылуы үшін 
Қазақстан  Республикасының  Экологиялық 
кодексінің  206-бабын  және  194-бабының 
2-бөлігінің  8-тармағын  «ғарыш»  деген  сөзбен 
толықтыру қажет. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
2012  жылғы  14  желтоқсан.//  http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/page_
kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2012-zhylhy-14-
zheltoks_1357813742
Трибуна молодого ученого

№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
176
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: Юрист, 2014. -204 б.
4.  Уголовный  кодекс  Республики  Казахстан  от  3  июля  2014  года  №  226-V  (с  изменениями  и 
дополнениями по состоянию на 02.08.2015 г.)// http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31575252
5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі// http://adilet.zan.kz/kaz/
docs/K070000212_
6. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы №528- IV «Ғарыш қызметі туралы» 
заңы//http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000528
7. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 мамырдағы N 107 «Ғарыш объектiлерi келтiрген 
зиян үшiн халықаралық жауапкершiлiк туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы 
туралы» Заңы// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000107_
8. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери 
қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000561
Мақалада  Қазақстан  Республикасы  ҚК  324-бабындағы  экологиялық  қылмыстық  құқық 
бұзушылық туралы ұғымның мазмұны мен жалпы сипаттамасы қарастырылған.
Түйін сөздер: экологиялық қылмыстар, экологиялық талаптар, қоршаған орта, ғарыш қызметі.
В данной статье рассмотрены содержание и общая характеристика экологического уголовного 
правонарушения статьи 324 УК Республики Казахстан «Нарушение экологических требований к 
хозяйственной или иной деятельности».
Ключевые слова: экологические преступления, экологические требования, окружающая среда, 
космическая деятельность.
This  article  describes  the  content  and  General  environmental  criminal  offences  article  324  of  the 
criminal code of the Republic of Kazakhstan violation of environmental requirements to economic or other 
activities
Keywords: ecological crimes, ecological requirements, environment, space activity
Амангалий Мукашевич Бытымбаев,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы PhD докторанты, заң ғылымының магистрі, 
полиция капитаны
Шаруашылық  немесе  өзге  де  қызметке  қойылатын  экологиялық  талаптарды  бұзудың 
мазмұны мен жалпы сипаттамасы
Бытымбаев Амангалий Мукашевич,
докторант PhD Алматинской Академии МВД Республики Казахстан, магистр юридических наук, 
капитан полиции
Содержание и общая характеристика нарушений экологических требований к хозяйственной 
или иной деятельности 
Bytymbaev Amangaliу Mukashevich,
doctoral candidate of Almaty academy of Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan, 
master of law, captain of police

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет