КІРІСПЕ
Дизель отын жүйесін шартты түрде екі жүйеден тұрады деп қарастыруға болады:
—Төменгі қысымды;
—жоғары қысымды.
Төменгі қысымды жүйеотын қорын сақтау, оны тазалау, жылыту жəне жоғарықысымды сорғыларына беру үшін тағайындалған.Жоғары қысымды жүйеотынның форсункаға берілуі мен цилиндрге бүркілуінқамтамасыз етеді. Жоғары қысымды жүйе бір-бірімен айдау құбырымен жалғанғанжоғары қысымды отын сорғысы мен форсункадан түрады.Төменгі қысымды жүйе агрегаттарына келесілер жатады: отын сыйымдылығы, іріжəне майда отын сүзгілері, отынды беру сорғысы жəне отын құбырлары.Бұл агрегаттарының тағайындалуы: отынды сақтау, оны тазалап жоғары қысымсорғысына беру.
Отынды беру сорғысының өнімділігін қозғалтқыштың толық қуатынөңдеуге қажеттіден2-5 есе жоғары етіп таңдайды. Осының жəне ағызу құбырында клапанорнатудың арқасында отын коллекторында отынның қысымы қажетті деңгейде сақталады.
Жоғары қысымды жүйе агрегаттарына келесілер жатады: жоғары қысым сорғысы,жоғары қысымды отын құбыры, форсунка.
Жоғары қысымды жүйе агрегаттары отындымөлшерлеп оны жану камерасына бүркілуін қамтамасыз етеді.
Дизельдерде отын жүйесінің екі түрі қолданады:
а) бөлінген түрі
- жоғары қысым сорғысының айдау секциясы мен форсунка бөлекжасалынып, жоғары қысымды құбырымен жалғанады;
б) бөлінбеген түрі- жоғары қысым сорғысының айдау секциясы мен форсункақұрылымдық тұрғыда бір түйінде(сорғы-форсунка) жасалған.
ЯМЗ-236 қозғалтқышы қоректендіру жүйесінің сызбасы
ЯМЗ-236 дизельді қозғалтқышы
ЯМЗ-236 – қозғалтқышы кеңес өндірісіндегі ең көп тараған дизельді қозғалтқыштардың бірі. Ол төрт тактілі, алты цилиндрлі, он екі клапанды, қолданыстағы кең спектрлі дизельдік қозғалтқыш болып табылады. Бұл қозғалтқыш әмбебап және кең тараған атақтарымен қоса, ең сенімді және ақаусыз отандық дизельдік қозғалтқыштар қатарына жатады. ЯМЗ-236 қозғалтқышының қуат диапазоны 150 а.к. (110кВт) – 300 а.к. (220кВт) аралығында.
ЯМЗ-236 қозғалтқышының жалпы өлшемдері:
Берілісі қорабы мен іліністі қоспағанда ұзындығы – 1020мм;
Беріліс қорабы мен іліністі қоса алғанда ұзындығы – 1800мм;
Ені – 1006мм;
Биіктігі – 1195мм;
Жану камерасының жұмыстық көлемі – 11,15л (11150см3);
Максималды айналу моменті 1200-1500 айн/мин кезінде – 667-1275 Н-м аралығы
Цилиндр диаметрі – 130мм;
Поршень жүрісі – 140мм;
Сығылу дәрежесі – 17,5.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Дизельдегі қоспа араласудың ерекшеліктері
Дизельді қозғалтқышта жанармай отыны жоғарғы қысымды отын сорабынан форсунканың көмегімен сығылу ырғағының соңындағы ауаның қысымынан да жоғары қысыммен цилиндр ішіне бүркіледі. Қоспа араласуы отынның цилиндр ішіне түскеннен кейінгі мезгілден басталады.
Жанармай отынының булануы мен тұтануы сығылған ауаның жоғары температурасы мен қысымының нәтижесінде жүзеге асады (сығылу ырғағының соңында ауаның температурасы 550о – 700оС, ал қысымы – 3,5 – 5,5 МПа жетеді). Айтатынымыз, қоспанының тұтанғаннан кейін жану бөлмешегінде температура мен қысым жылдам жоғарлайды да, жанармай отынның бүркілген жалынының ұсақ қалдық бөліктерінің және отынының булануы мен тұтануы жедел арттырылады.
Дизель қозғалтқыш жұмысының жақсартылған қуаттылығы мен үнемділік көрсеткіштерін арттыру үшін, отынның бүркілуін оның цилиндрлерінің ішіне ішпектің жоғарғы шектік нүктеге (ЖШН) жетпестен бұрын орындалуы керек.
Форсункалар жанармай отынын қажетті оздыру бұрышымен бүрку үшін, жоғары қысымды отын сорабы отынды сығымдап жіберуді одан ертерек бастауы керек. Бұл отын сорабынан форсункаларға дейінгі отынның сығымдалып жету уақытының қажет екендігін білдіреді.
Жоғары қысымды отын сорабы отынның берілуін бастау моментінде, иіндібіліктің иіні жоғары шектік нүктеге жетпесе, оны отынның бүркілу бұрышының оздыруы деп айтады.
Дизель қозғалтқыштарының цилиндрлеріне берілген ауаның мөлшері бірдей болады, оған түскен жүктемелерге тәуелді болмайды. Кіші жүктеме кезінде де цилиндрлер ішінде отынның толық жануы үшін ауаның мөлшері әркезде болады. Бұл кезде артық ауаның коэффициенті жоғары мөлшерде болады. Жүктеменің көбейуіне байланысты отынның берілуі көбейеді, бірақ бұл кезде ауа коэффициентінің мағнасы кемиді, нәтижесінде отынның жану процессі төмендейді. Сондықтан артық ауа коэффициенттінің минимальды мөлшері әртүрлі дизель отынының түтінсіз жұмыс істеуінеα= 1,3÷1,7 аралығына тең, бұл карбюраторлы қозғалтқыштармен салыстырғанда дизельдің жоғары үнемділігін көрсетеді.
Қоспа араласу мен жану процессінің жақсаруына жұмыстық қоспаны дайындау мен берілген жану бөлмешектерінің түрлері маңызды ықпал көрсетеді. Жұмыстық қоспаның дайындалу тәсілі бойынша көлемді, көлемді-пленкалы, пленкалы қоспа дайындалу түрлері болады. Дизельдерде қазіргі қолданылатын жану бөлмешектерінің жалпы негізгі құрылымы бойынша екі үлкен топқа біріктіруге болады: бөлектелінбеген (бір қуысты) және бөлектелінген (екі қуысты).
Бөлектелінбеген жану бөлмешегі (8.1. сур, а,) поршень Ж.Ш.Н. тұрғандағы поршньнің түбі мен бастиектің 2 астынғы арасындағы көлем 3 болып табылады. Бұл бөлмешектер бір қуысты көлемді қоспа араласу деп аталады, өйткені қоспа араласу процессі отынның бүркілуі дизельдің көлемді жану бөлмешегіндегі ыстық ауаның қалың ортасына тікелей негізделген. Бұл кезде бүркілген отынның тозаңдары ауамен жақсы араласу үшін, ауаның жаңа заряды жіберілу кезінде ұйытқымалы немесе бұратылмалы жіберу арнасының көмегімен қатынасады, ал жану бөлмешегінің түрі форсункадан 1 берілген отынның бүркілу тәсіліне сәйкес жасалуы қарастырылған. Мұндай қоспа араласу тәсілі ЯМЗ мен КамАЗ дизельді қозғалтқыштарында қолданылады.
Бөлектелінген жану бөлмешегі екі көлемнен тұрады, біріне–бірі арналарман жалғастырылған: негізгі көлемі, поршень түбіндегі қуысқа жасалған, және қосымша, қозғалтқыш қаңқасының бастиегіне орнатылған. Бөлектелінген немесе екі қуысты бөлмешектердің негізінен екі тобы қарастырылған: Алдыңғы бөлмешекті және құйын тәрізді бөлмешекті. Дизельде мұндай бөлмешектер құйын тәрізді бөлмешекті және алдыңғы бөлмешекті деп аталады.
Құйын тәрізді бөлмешекте (8.1. сур, в,) қосымша бөлмешектің 10 көлеміжалпы жану бөлмешегінің көлемінің 0,5 – 0,7 бөлігін құрайды. Негізгі 12 мен қосымша 10 бөлмешектер, жанамалап құрастырылған қосымша бөлмешекке арнамен 11 жалғастырылған, соның нәтижесінде ауаның қозғалысы құйын тәрізді ұйытқымалы болады.
Алдыңғы бөлмешекті дизельдерде алдыңғы бөлмешек цилиндр тәрізді болады және тура арнамен поршень түбіне орналастырылған негізгі бөлмешекке жалғастырылады. Отынның алдыңғы бөлмешекке бүркілген моментінде жеке тұтану нәтижесінде жоғары температура мен қысым келтіріліп, негізгі бөлмешекте өте әсерлі қоспа араласуы мен отынның жануын қатамасыз етеді. Қазіргі жылдамдығы жүретін құйын тәрізді және алдыңғы бөлмешекті дизельдердің жоғары сығылу дәрежесіне байланысты жеткілікті жоғары қуаттылықты көрсеткіштері бар. Олардың негізгі кемшіліктеріне бөлектелінбеген бөлмешекті дизельдермен салыстырғанда арттырылған отын шығыны жатады, қозғалтқышты оталдыру қиындығы болғандықтан арнайы оталдыру құрылғысы қолданылады.
1.2 Дизельдің қоректендіру жүйесінің жалпы құрылысы
Дизельді қоректендіру жүйесіне жанармай отынын және ауа жеткізу аппрптуралары, өтелген газдарды шығару құбыры мен өтелген газдардың дыбысын өшіргіш жатады.Төрт ырғақты дизельдерде отын жеткізу аппаратураларының бөлектелінген түрі көп тараған, оларда жоғары қысымды отын сорабы мен форсункалар бөлек орнатылып отын жеткізу түтігімен жалғасады. Дизель отын жеткізу негізгі екі магистральмен жүргізіледі: төменгі және жоғарғы қысымда. Төменгі қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектерінің міндеті отынды сақтау орнынан, оны сүзгіден өткізу және кіші қысыммен жоғары қысымды отын сорабына жеткізуден тұрады. Жоғарғы қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектері дизель отынын жеткізіп және қозғалтқыш цилиндрлеріне қажетті мөлшерде отынды бүркуді қамтамасыз етеді.
ЯМЗ-236М2 мен ЯМЗ-238М2 (8.2, а, сур.) дизелінің жанармай отын аппаратурасының негізгі механизмдері мен бөлшектеріне: жоғары қысымды отын сорғы 10; төменгі қысымды отын жеткізуші сорғы12; отын бүркілуді оздыру муфтасы 2, цилиндрлер бастиегіне орнатылған форсункалар 5, отын багы 14 ірі тазартқыш отын сүзгісімен 17, майда тазатқыш отын сүзгісі 3, төменгі қысымдыотын өткізгіш түтіктер 8 және 7, жоғары қысымды отын өткізгіш түтіктер 9, кері құю отын өткізгіш түтіктер 6, 4 және 1.
Жоғары қысымды отын сорабының жетегі дизель қозғалтқышының таратқыш білігіне орнатылған тістегерішті беріліс арқылы іске қосылады. Жетектің білігі 23 қақпақпен 24 жабылған ішпектерге орнатылған. Отын бүркілуді оздыру автоматты муфтасының 2 көмегімен ол сорабтың жұдырықша білігімен жалғастырылған, артқы шетіндегі қақпақ 11 астында дизельдің иіндібілік айналу жиілігінің көпрежимді реттегіші қондырылған.
Отын аппаратурасының механизмдері мен бөлшектерінің бірігіп жұмыс істеуі және ондағы отынның қозғалысы келесі тәсілмен жүргізіледі. Төменгі қысымды отын жеткізу сорғы12 отын өткізгіш түтікпен 13 бактан 14 отынды арқылы ірі тазартқыш отын сүзгісі 17 арқылы сорылып, артық қысыммен отын өткізгіш түтікпен 8 майда тазатқыш отын сүзгісіне 3 жіберіледі.
Бұл отын сүзгісінен 3 отын өткізгіш түтікпен 7 отын жоғары қысымды отын сорабына жіберіліп, одан отын жоғары қысыммен отын өткізгіш түтік 9 арқылы дизельдің жұмыс істеу ретіне байланысты оның форсункаларына 5 беріліп, олар арқылы цилиндрлерге бүркіледі.
Төменгі қысымды отын жеткізу сорабы 12 дизель отынын көп мөлшерде жібереді, бұл дизельдің жұмыс істеуіне қажетті, онда отынның жоғары қысымды отын сорабында қолданылмаған бөлігі, кері қайтару клапанынан 22 кері құю отын өткізгіш түтіктері 4 пен 1 арқылы отын багына құйылады. Форсункалардың 5 бөлшектерінің саңылауы арқылы бүркілмей өткен дизель отыны кері құю түтігімен 6 отын багына құйылады. Бұл кезде бүркілуге қолданылмай қалған дизель отыны сорап пен форсункалардың бөлшектерін майлау мен салқындатуды қамтамасыз етеді.
КамАЗ-740 дизелінде (8.2, б, сур.) дизель отыны бактан 40, төменгі қысымды отын жеткізуші сорабынан 27 келтірілген сейілтудің көмегімен, ірі тазартқыш 43 және майда тазатқыш 36 отын сүзгілері арқылы жіберіледі.
Төменгі қысымды отын өткізгіш түтіктермен 41, 45, 28 және 37 дизель отыны жоғары қысымды отын сорабына 29, одан отын жоғары қысыммен отын өткізгіш түтік 25 арқылы оның форсункаларына 30 беріліп, олар арқылы дизельдің жұмыс істеу ретіне байланысты цилиндрлерге бүркіледі. Қолданылмаған дизель отыны мен жүйеде пайда болған ауа жоғары қысымды отын сорабының 29 кері қайтару клапаны мен майда тазатқыш 36 отын сүзгісінің клапан-жиклер кері құю түтіктерімен 35 және 38 бакқа құйылады. Форсункалардан артылған дизель отыны кері құю түтіктерімен 44 және 33 үштік жалғама 42 мен отын өткізгіш түтік 39 арқылы бакқа құйылады.
ЗИЛ-4331 және КамАЗ автомобильдерінің дизельдерінде төмен температура жағдайында олардың оталуын жеңілдету үшін отын жүйесіне электрліфакель құрылғы жалғастырылған.
Құрылғыға жіберу құбырына орнатылған және ауаны жылытатын факельді шамы 34 жатады, жылытылған ауа цилиндрлерге жіберіледі. Дизель отыны факельді шамына отын өткізгіш түтікпен 31 магнитті клапан 32 арқылы түседі. Электрліфакель құрылғы температураның – 25оС қозғалтқыштың оталуын жеңілдетуге қажетті құрал болып табылады, сонымен бірге оталдыру процессі кезінде аккумулятор батареяларын жүктелуден сақтайды, дизельдің жүктелу жұмысын жеделдетеді және қыздырылмаған қозғалтқыштан шығарылтын өтелген газдардың түтіндеуін азайтады.
1.3 Төменгі қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектері
Төменгі қысымды магистраліне жанармай отын багы, ірі отын тазатқыш пен майда отын тазартқыш сүзгілері, төменгі қысымды отын жеткізуші сорабы, қолмен отын жіберуші сорабы және төменгі қысымды отын өткізгіш түтіктер.
Жанармай отынының багы. МАЗ-5335, -5432 автомобильдерінде отын багы 14 болат қаңылтыр жаймадан жасалған, раманың оң жағына кронштейнге орнатылып, тартпа хомуттармен бекітілген. Бактың жылжымалы тығыз жабылатын қақпақты және тор сүзгілі қылта аузы бар. Қақпақтың ауа шығару мен енгізетін қосарланған клапаны бар. Бактың ішінде отынды алдын-ала тазартатын (ірі тазартқыш) сүзгі және отын деңгейін көрсеткіш сезгі орнатылады. Бактың астыңғы бөлігінде тығынмен жабылған отын ағызу саңылауы бар.
Отынның ірі тазартқыш сүзгісі. Отынның ірі тазартқыш сүзгісі жанармай отынын алдын-ала тазалау үшін қолданылады. МАЗ автомобильдерінде ірі тазартқыш сүзгі 17 бактың 14 ішіне қойылады (7.2, а сур.) және тұрқымен отын жинағыш тік түтіктен 21, қақпақ 16 пен саңылауланған металл каркасқа 20 салынған, мақтақағаз жіптен тығыздалып жасалған сүзгі элементтен 19 тұрады. Төменгі қысымды отын сорабы отын жинағыш тік түтіктен 21 сүзгі элементке 19 жіберіледі, онда тазартылып, штуцер 15 арқылы төменгі қысымды отын өткізгіш түтікке 13 түседі.
ЯМЗ дизелінен КамАЗ-740 пен ЗИЛ-645 дизельдерінің ірі тазартқыш сүзгілері келесі құрылымды ерекшеліктері бар. Ірі тазартқыш сүзгінің арнайы (мақта-матадан) сүзгі элементі жоқ, ал отының тазартылуы стакан-тұрқысының ішіне орнатылған арнайы тыныштандырғыш тор сүзгінің көмегімен жүргізіледі. КамАЗ автомобилінде рама лонжеронына, ал ЗИЛ-4331 автомобилінде — отын багының кронштейніне бекітіледі.
Отынның майда тазартқыш сүзгісі. Отынның ірі тазартқыш сүзгісі жанармай отынын (7.3. сур.) жоғары қысымды отын сорабына жіберілерден бұрын мұқият тазалау үшін қолданылады. Ол тұрқыдан 8, қақпақтан 4 және сүзгі элементтен 3 тұрады. Қақпақ тұрқымен стерженьге 9 бұралатын бұрандамен 5 бекітіледі. Тығыздалып бекітілуін тығыздағыш төсем атқарады.
Сүзгіде отынның жүретін тұсында жиклер 6 бар, содан отынның (артық) бөлігі сүзгі элементіне түспей өткізгіш түтікпен отын ағызылады. Бұл сүзгінің ластануын азайтады және отынның үздіксіз төменгі қысымды магистраліне жіберіліп тұруын қамтамасыз етіп, жоғары қысымды магистральге ауаның түсуін болдырмайды.
Ауыстырмалы сүзгі элементі 3 болат каркастан 2 дайындалған, көп саңылау тесіктері бар. Каркас матамен қапталған, оның үстіне арнайы біріктіретін зат сіңдірілген сүзгі элементтін ораған. Сүзгі элементтің сыртқы бетін дәкеленген лентамен оралған. Қақпаққа 4 сүзгі элементі серіппенің 1 көмегімен қысылады. Төменгі қысымды отын сорабының жұмысы кезінде жанармай отыны жиклер 6 арқылы сүзгі элементіне жіберіледі, одан тазартылған отын каркас 2 пен өзектемірдің 9 арасына түседі, одан соң, арна арқылы жоғары қақпаққа 4 көтеріліп, отын өткізгіш түтікпен жоғары қысымды отын сорабына жіберіледі. Жүйені отынмен толтырып, араласқан ауаны шығару үшін, қақпақтағы тығынмен 7 бекітілетін саңылау атқарады. Сүзгінің түбіне тұндырылған механикалық қалдықтарды төменгі тығынмен 10 бұрандалы бекітілген саңылаудан жібереді.
КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизелдерінің майда тазартқыш сүзгілерінің келесі ерекшеліктері болады. Майда тазартқыш сүзгі 36 (7.2. сур.) қоректендіру жүйесінің басқа аспаптарынан жоғары орналастырылған, жанармай отынының алмасуы кезінде, жүйеде пайда болған ауаның қоспасын, 0,15...0,17 МПа қысымнан артық болған кезде жеңілдетіліп, жиклер арқылы оған орнатылған қосымша клапан ашылып, бакқа жіберетін отын өткізгіш түтікпен құйылады.
Жанармай отынының сапалы тазартылуын арттыру үшін майда тазартқыш сүзгісі, арнайы қағаздан тығыздалып дайындалған және қосарланған бір тұрқыға орнатылған паралель жұмыс істейтін екі ауыстырмалы сүзгі элементтері қолданылады.
Төменгі қысымды отын сорабы. Бұл отын сорабы жанармай отынын бактан жоғары қысымды отын сорабына жеткізу үшін арналған. Поршень типті отын жеткізгіш сорабы жоғары қысымды отын сорабының жұдырықша білігінің эксцентригінен қозғалысқа келтіріледі. Сораптың тұрқына отынның жіберілуі және шығарлуы үшін серіппелермен 14, 16 қысылған жіберу 13 және шығару 15 клапандары орнатылған. Поршень 19 роликті түрткіштің 3 көмегімен қозғалысқа келтіріледі, ол роликтен 2, штоктан 5 және эксцентрикті 23 түрткішке қысып тұратын серіппеден 4 тұрады (8.4, б, сур.). Поршеньнің 19 жоғары қозғалысында қысыммен келтілген отынның жіберілуіне байланысты жіберу клапаны 13 жабылады, а шығару клапаны 15 ашылады.
Бұл кезде отын А қуысынан өткізу арнасы 22 арқылы Б қуысына түседі, оның көлемі поршеньнің жоғары қозғалысына байланысты арттырылады.
Поршеньнің 19 төмен қозғалысы кезінде (8.4, в, сур.) шығару клапаны 15 жабылады да, отын Б қуысынан сораптың шығару саңылауына барып, одан шығару штуцері 17 арқылы майда тазартқыш сүзгісіне түсіп, сонан соң жоғары қысымды отын сорабына жіберіледі.
Бұл кезде А қуысының көлемінің ұлғаюына байланысты сейілту пайда болады, сның әсерінен жіберу клапаны 13 (8.4, б, сур.) ашылып, жіберу саңлауының штуцері 7 (8.4, а, сур.) арқылы жаңа жанармай отыны түсіп, сорабтың жұмысы кезектесіп қайталанады. Дизельді қозғалтқыштың әртүрлі жұмыс режимдерінде отын өткізу арнасында 22 (8.4, б, сур.) тұрақты қысым арнайы дайындалған серіппенің 18 көмегімен поршеньді 19 ауыспалы жүріске келтіру арқылы жеткізіледі.
Дизельдің жекеленген жүктемелі режимінде отынның кіші шығыны кезінде Бқуысындағы қысымның әсерінен поршень 19 өзінің толық жүрісін жүргізе алмайды, сондықтан түрткіштің штогы 5 (8.4, а, сур.) бос жүрісте қозғалады, соның нәтижесінде отынның жіберілуі азаяды. Шток 5 пен бағыттаушы төлке 20 саңылауы керегесінің арасынан түсетін отынмен жоғары қысымды отын сорабының картеріндегі майдың араласуын болдырмау үшін, қайтадан жіберу клапанының 13 қуысына дренажды арна 6 арқылы жіберіледі. Төменгі қысымды отын сорабының тұрқына қолдың көмегімен отын жеткізу сорабы орнатылған, ол қоректендіру жүйесін жанармай отынымен толтыруға және жөндеу – реттеу жұмыстарынан кейін немесе автомобильді ұзақ уақыт тұрықта сақтау кезінде жүйеде пайда болған ауаны шығару үшін қолданылады. Қолдық сорабы цилиндрден 11, штогы 9 бар поршеньнен 8 және тұтқадан 10 тұрады.
Қолдың көмегімен отын жеткізу үшін тұтқаны 10 бұрандалы ұштықтан 21 бұрап ағытып (8.4, в, сур.), тұтқамен штокты қозғау арқылы әдеттегі поршеньді сорабы ретінде қолданып, магистральға отын толтырады немесе жүйенің ішіндегі ауаны шығарады. Қолмен отын жеткізіп болғаннан кейін қоректену жүйесіне қолдық отын жеткізу сорабынан ауа сорылуын болдырмау үшін, тұтқаны 10ұштыққа 21 қаттылап бұрап, поршеньді төсемге 12 толық тығыздап (8.4, а, сур.) бекітеді. ЯМЗ-236М2 мен ЯМЗ -238М2 дизельдерін КамАЗ-740, ЗИЛ-645 жәнеД-245.12 дизельдерін салыстыру барысында жоғары қысымды отын сорабтарының құрылымы бойынша жеке бөлшектерінің өзгешелігі болғанымен олардың жұмыс істеу тәсілдерінде айтарлықтай өзгешелік болмайды. КамАЗ-740 дизелінің (8.5. сур.) төменгі қысымды отын сорабы келесі тәсілмен жұмыс істейді. Түрткіштің 1 төмен түсуіне байланысты поршень 2 серіппенің 3 көмегімен төмен қозғалады. Бұл кезде А қуысында сейілту жүргізіліп, жіберу клапаны 4 серіппені сығымдап ашылып, отынды осы қуысқа отын өткізгішпен ірі отын тазартқыш сүзгіден жібереді.
Б –қуысында болған жанармай отыны бір уақытта сығымдалып, жоғары қысымды отын сорабына ығыстырылады (ЖҚОС).
Поршеннің 2 жоғары қозғалысы кезінде алдын ала түскен отын қысымының әсерінен жіберу клапаны 4 жабылып, шығару клапаны 6 ашылады. Бұл кезде отын А – қуысынан отын өткізу арнасы арқылы Б – қуысына түседі және поршеннің 2 төмен ауыспалы қозғалысы кезінде сорабтың суреттелген жұмыс циклы қайталанады. Төмен қысымды отын сорабының фланцасына қолдық отын шайқалту сорабы 5 бекітіледі. КамАЗ дизельдерінің қоректену жүйесінде ұқсас үлгіде қолдық отын шайқалту екінші сорабы орнатылған, ілініс картеріне тіреуіш арқылы бекітіледі . Мұндай сорабтан кабина аудармай жанармай отынын қолдың көмегімен жіберуге мүкіндік береді, қозғалтқышты оталдыру кезінде, әсіресе күрделі жағдайда маңызды пайдалану шарттарында ыңғайлылық көрсетеді.
1.4 Жоғары қысымды магистральдіңмеханизмдері мен бөлшектері
Дизельді қозғалтқышының жоғары қысымды магистралін қоректендіру аспаптарына жоғары қысымды отын сорабынан, бүркуді оздыру муфтасынан, форсункалар мен жоғары қысымды отын өткізгіш түтіктерден тұрады.
Жоғары қысымды отын сорабы. Отынды дәлдікпен мөлшерлеп және оны белгіленген момент мезгілінде жоғары қысыммен бүркігішке (форсункаларға) жеткізу үшін жоғары қысымды отын сорабы қолданылады. Дизелді қозғалтқыштарда көп тараған түрі және отын беру соңында реттелетін тұрақты жүрісті тығынжылы(плунжер) бар көпсекциялы сорабтар қолданылады. Сораб секцияларының орналасуы бойынша бір қатарлы және V-бейнелі болып бөлінеді. Отын сорабының әрбір секциялары дизельді қозғалтқыштың бір ғана цилиндрінің жұмысын атқарады, сондықтан отын сорабының секциялар саны цилиндрлер санымен анықталады.
Дизельдік отын сорабтары Д-245.12 — бірқатарлы төрт секциялы, ЯМЗ-236М2 — бірқатарлы алты секциялы ЯМЗ-238М2 мен ЗИЛ-645 дизельдерінде — бірқатарлы сегіз секциялы, КамАЗ-740 дизелінде — V – бейнелі сегіз секциялы болады. Сораб арқылы берілген бүркілу қысымы 17,0–18,5 МПа жетеді.
ЯМЗ-236М2, -238М2, ЗИЛ-645 пен Д-245.12 дизельдеріндегі бірқатарлы отын секцияларының құрылымы бойынша бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мысалы, құрылым түрлері бойынша ЯМЗ-236М2 дизелінің бірқатарлы бір-біріне ұқсас алты секциядан тұратын жоғары қысымды отын сорабы болады
(7.6 сур.). Сораб тұрқының 1 төменгі бөлігінде сальнигі бар өздігінен қозғалмалы екі радиальды-тіректі шарик ішпекке 20, тістегеріші(шестернясы) 11 мен жұдырықша білік 12 орнатылған.
Жұдырықша білікте сорабтың әрбір секциясына арналған профильді жұдырықшалар 79 және жоғары қысымды отын сорабының орналастыру жазығына 13 бекітілетін төменгі қысымды отын жеткізу сорабын іске қосатын эксцентригі 14 бар. Сораб тұрқының аралығында әрбір жұдырықшаға қарсы аунақшалы – түрткіш(ролик - толкатель) 18 орнатылған. Аунақшылдың осі 75 өзінің ұшымен сораб тұрқының ойығына кіріп тұрып, түрткіштің айналып кетуін болдырмайды.
Сорабтың секциялары тұрқының жоғарғы бөлігіне орналасып бұрандамен 29 бекітіледі. Әрбір сораб секцияларының негізгі бөлігі тығынжыл жұбы болып, тығынжыл 6 мен гильзадан 35 тұрады. Тығынжыл жұбы хром-молибденді болаттан жасалып және жоғары қаттылыққа дейін шыңдалады. Мұқият өңделгеннен кейін тығынжыл мен гильзаны жинағанда, олардың арасының бірігу саңылауы 0,0015 – 0,0020 мм болуы тиіс. Қозғалмалы бөлшектердің мұндай жақын бірігу тығыздығы, отынды бүркуге қажетті қысыммен қамтамасыз етеді. Дизель отыны тығынжыл жұбына арнамен 36 беріледі, ал кері қарай алдыңғы шетінде қақпақ астында орнатылған кері қайтару клапаны 5 бар арна 30 арқылы қайтарылады. Егер арнада қысым 0,16 – 0,17 МПа көбейетін болса, онда кері қайтару клапаны ашылып, отынның артық бөлігі отын багына қайтарылады. Отын жүретін арнаға ауа түсетін болса, онда тығынмен 8 бекітілген саңылау арқылы шығарылады. Гильза 35 шетінің өңделген бетіне сығымдағыш клапанның 33 ершігі 34 тіреліп тұрады. Ершік тығынжыл гильзасына штуцермен 7 тығыздағыш төсем арқылы қысылып тұрады.
Сығымдағыш клапан 33 таяныш конусты ойығы бар қалпақшадан, жүк түсіргіш белдемеден және отын жүруіне арналған қиығы бар құйрықшадан тұрады. Сығымдағыш клапан үстіне серіппе 32 орнаталған, оны ершікке итеріп тіреп тұрады. Жоғары шеті таяныштың 31 қырына тіреледі.
Сорабтың жұдырықша білігі 12 айналғанда жұдырықшаның ұшы 19 роликті түрткішке 18, одан болт 40 арқылы тығынжылға әсер етіп оны жоғары көтереді.
Жұдырықшаның ұшы 19 роликті түрткіштің 18 астынан айналып өткеннен кейін, таяныш тіректерге 39, 28 тіреліп тұрған серіппе 38, тығынжылды бастапқы орнына қайтарады. Рейка 3 гильзаға кигізілген бұрылу төлкесінің 16 тісті тәжісімен ілініседі, ал төлкенің төменгі бөлігінің тіктелген ойығына тығынжылдың қыры 17 орнығып тұрады.
Өзінің ось бағытында рейка 3 қозғалғанда төлке 16 гильзаның үстінде айналады да, тығынжыл қырына 17 әсер етіп, оны бұрады, соның нәтижесінде форсункаларға берілетін отынның мөлшері өзгеріп тұрады. Рейканың жүрісі оның бойлық ойығына кіріп тұрған таяныш винтпен 37 шектеледі. Рейканың артқы шеті Р тұрқында орнатылған иіндібіліктің айналу жиілігін шектеуіш жетегіне 10 жалғастырылған. Сорабтан рейканың шығып тұратын алдыңғы шеті қақпақпен жабылып пломбыланған, оған автомобильге сынақ жұмыстарын өткізгенде қозғалтқыштың қуаттылығын шектеуіш винті 2 бұралған.
Дизель цилиндрлеріне иіндібіліктің айналу жиілігіне байланысты отын бүркілуді оздыру үшін сорғының алдыңғы бөлігіне ортадан тепкіш муфта орнатылған. Ол жетекші 23 мен жетектегі 26 жартылай муфтадан тұрады. Жетекші жартылай муфтаға екі ось 27 бекітіліп, оған ортадан тепкіш жүкшелер 25 орнатылған, оның қиығына осьтің 27 бір шетіне ұстатылып тұратын серіппелер 22 қойылған, ал екінші шетіне — таяныш саусаққа 21 жетекші жартылай муфталар 23орнатылады. Муфтаның механизмі жиналып жетектегі муфтаның бұрандасына бұралған қақпақпен 24 жабылған.
ЗИЛ-645 дизелінің жоғары қысымды отын сорабы бірқатарлы сегіз секциялы, бүркілу қысымы 18,5 МПа дейін жетеді. Ол цилиндрлер қаңқасының ортасына орнатылған. Сорабының жетегі иіндібіліктен екі тісіті дөңгелек арқылы жетек алып, серпімді муфта жетегіне және бүркілуді оздырудың автоматты муфтасына беріледі. Отын сорабының секциясы ЯМЗ дизелінің сорабы сияқты, тығынжыл (золотникті) типті, тығынжыл жүрісі тұрақты. Жекеленген құрылымдарының өзгелігіне қарамастан сорабтың секцияларының жұмыс істеуінде ЯМЗ-236М2, -238М2 дизель сорабының секциялар жұмысынан көп өзгешелігі жоқ.
Тығынжыл типті ЯМЗ-236М2, -238М2, Д-245.12, КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизельдерінде орнатылған жоғары қысымды отын сорғының жұмыс істеуі тығынжыл үстінің қуысын отынды жекелеп өткізіп толтырудан, форсункаларға қысыммен отын жіберуден, тоқтатып және артылған отынды төгу түтігіне өткізуден басталады. Қозғалтқыш жұмыс істегенде отын сорабының рейкасы отын жіберу мөлшерінің өзгеруіне байланысты қозғалады, бұл кезде барлық секциялардың тығынжылы бірдей бұрылады.
Егерде барлық секциялар бірдей жұмыс істейтін болса, онда мысалға ЯМЗ-236М2 дизель сорабының бір секциясының жұмыс істеуін қарастырып көрейік. Тығынжылдың 1 төмен қозғалысында (8.8. а, сур.) гильзаның 12 ішкі қуысы сорабтың тұрқындағы 11 жіберуші арнасынан 10 жіберілген отынмен толтырылады. Бұл кезде жіберу саңылауы 9 ашылып, отын тығынжыл үстіндегі қуысқа 8 түседі. Сонан кейін жұдырықшаның әсерінен тығынжыл жоғары көтеріле бастайды (8.8.б, сур.), тығынжылдың жоғары жиегі гильзаның жіберу саңылауын 9 толық жапқанға дейін, отынды қайтадан жіберуші арнаға 10 кері қайтарады. Бұл саңылау жабылғаннан кейін отынның қысымы жедел артады,1,2–1,8 МПа қысымдағы отын, серіппе 5 күшінің әсерін қайтарып, сығымдағыш клапанды 6 көтеріп түтік жетекке түседі.
Тығынжылдың жоғары қозғалысында форсунка серіппесінің қысым күшінен артық болатын қысымға жоғарлайды(16,5+05 МПа дейін), соның әсерінен форсунканың инесі көтеріліп жану камерасына отынның бүркілуі жүрізіледі.
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің негізгі ақаулықтары және оның себептері
Жылдың суық мезгілінде қысқы дизель отынын немесе дизельді отынға керосин араластырылған қоспаны қолданған жөн. Суықта дизель отынының өтімділік қасиеті төмендейтінін есте сақтаған жөн. Ол қоюланып және одан парафин бөлініп шығады. Қысқы дизель отыны -150С температурада қалыпты аққыштық қасиетін сақтайды. Егер қоршаған ортаның температурасы одан ары төмендесе, қысқы дизель отынына керосин аралстыруға болады. Керосин жоқ болған жағдайда қарапайым бензинді де араластыруға болады. Дизель отынын бензинмен немесе керосинмен тек бакта араластыру керек. Қауіпсіздікті сақтай отырып, алдымен бенщинді, ал содан кейін дизель отынын құяды.
Бензин мен дизель отынын қоршаған ортаның температурасы төмендер алдына дейін араластырған жөн, өйткені ол суықта қоюланып және дұрыс араласпайды. Ал теріс жағдайда, отын сүзгісі мен жанармай құбырларын қоюланған отыннан тазалау керек болады.
Егер дизель отыны қатып қалған болса, келесі шараларды орындау қажет:
Автомобильді жылы тұраққа сүйреп апарады;
Отын сүзгісін шешіп және отын сұйық күйіне келгенше қайнаған су құйылған ваннада жылытады;
Отын сезгісін шешіп алып және жаңасына ауыстырады;
Бүріккіш құралдарын ыстық сумен жуады.
Жоғары қысымды жанармай құбырларының негізгі кемшіліктері келесі аталғандар болуы мүмкін: түтіктің сыртқы қабатының тозуы мен майысуы, сомындарының бүлінуі, түтіктердің сынуы мен үзілуі, түтіктің ішкі диаметрінің кішіреюі және т.б. бұл кемшіліктер отын аппаратурасының жұмысына үлкен әсерін тигізеді, өйткені цилиндрлерге отынның бірқалыпты берілуі бұзылады, оның өткізгіштік қасиеті мен сорғы элементтерімен отынды бүрку уақыты өзгереді.
Жанармай құбырларының жағдайын тексеру сырттай қарап шығумен және механикалық бұзылуды анықтаумен жүзеге асады. Жанармай құбырларын гидравликалық кедергіге және тығыздыққа тексереді.
Дизельді қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде әртүрлі себептерден келесі ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |