Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары.
«Дүниетаным» – дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Кез келген адам күнделікті өмірде өзіне қажет көптеген мәселелерді шешуі қажет. Ол үшін адамда ерекше білімдер жүйесі қалыптасуы керек.
Айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамдардың орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы білімдердің, көзқарастардың жүйеленген жиынтығы дүниеге көзқарас немесе дүниетаным деген ұғымды білдіреді.
Дүниетаным – адам танымының бір элементі емес, оның күрделі өзара әрекеттесуі. Түрлі білімдер, көңіл-күйі,
ұмтылысы, мақсаты – бәрі дүниеге көзқарасқа бірігіп, адамның өзін және дүниені толығымен түсіндіреді.
дүниетаным – деп,
дүниені түсінудің, ондағы адамның алар орны және өмірлік позициясы туралы көзқарастардың, принциптердің жиынтығын айтамыз.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы.
Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ,
дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі.
Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы,
олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар
адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.