Əдібай Табылды



жүктеу 0.81 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата31.03.2017
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
 
       
Əдібай   Табылды 
 
 
 
 
 
 
 
        
Екінші том 
 
 
 
 
 
 
ПОЭЗИЯЛЫҚ  ТАҢДАМАЛАР 
 
 
    
          
Ақын  Əдібай  Табылды  бұл  поэзиялық  таңдамалы 
шығармалар  жинағында  ақындық  өз  ерекшеліктерімен 
танылады.Ақын лирикасының əуезділігі,ұйқасы
дара құбылыс Ақын толғауларында Күлтегін,Қорқыт 
ата,А.Яссауи,əл-Фараби,Абай,Ыбырай,Мағжан,Сəкен 
сияқты ұлы адамдардың поэтикалық портреттерін өз 
тəсілдерімен тартымды суреттеген
       
Қызықты тарихи балладалары мен нақтылы 
оқиғалардың желісінде құрылған поэмалары арқылы 
ақын сюжеттік поэзиядағы өз тəсілдерін қолдана 
білген.Əсіресе ақынның толғаулары – даналық ойдың 
нəтижелері екендігін сезінген  оқырманшығармаларды  
сүйсіне оқыппайымдап пайдаланады.                                         
                                     

          
Л И Р И К А 
 
 
ӨЗІҢСІҢЕЛІМТІРЕГІМ  
 
Жақсыңды мақтап  жырладым,  
Тапшыңды жасап, құрадым.  
Амандығыңды тіледім, -  
Жаман пиғылды тілемін,  
Өзіңмен бірге жүрегім:  
Өзің сен -  елім тірегім!  
Бекерін білдім жасудың,  
Көтердім өрге басымды.  
Өнердің шарлап ауылын,  
Өлеңнің төктім жауынын.  
Ақыным – халқым, шешенім,  
Ақының тапты кешенін:   
Маржанын жырдың теремін, -  
Арзанын қайтып бер, елім.  
Асылын суар жалынға,  
Жасынын жарат жаныңа...  
Ақыры – біреу еріңнің -  
Ақыны болу елімнің –  
Ұлы сын. Ұлың толғанды:  
Жыр үшін отым мол жанды,  
«
Игерген өлең  толғамын,  
Ұлымсың» десең, болғаны! 
  
 .                 
ДЕГЕРЕЗ  
 
Жасыл мақпал ұйығым, бетегелі,  
Жазда мені биігің жетеледі.  
Жанға жақын өзіңді жырға қостым:  
Жырмен  ақын парызы өтеледі.  
 
Түкті кілем түгіндей жасыл белің,  
Маған ыстық  əрқашан тасың сенің.  
Балалығым көзімнен құрақ ұшты,  
Жігіт болып  шыңыңнан асып  едім.  
 
 
Ала таудың сауыры қыраттарың,  

Кең даламның сауыны – бұлақтарың.  
Сарқыраған өзенің жандырып тұр,  
Жарқыраған өмірдің шырақтарын.  
 
Өркендедім қоныстап бөктеріңді:  
Сағынамын  сол құшақ өткен күнді.  
Балалығым қалды да жасыл белде,  
Бағдар  еттім алдыма көксеңгірді.  
 
Құмар  екен əн-биге құрағың да:  
Құлдырайды «əулие» бұлағың да.  
Сенде бүгін енемін шаттық тойға,  
Мен де   тізгін беремін жыр-ағынға.  
 
Баурайыңда бағың бар нұр жас айдын,  
Аунаймын да гүліне «мың» жасаймын!  
 
 
 
 
КӨРКЕМДІК ТУРАЛЫ ЖЫР 
  
Көркіне еліктіріп  жас баланы,  
Көркемдік  сезінуден  басталады.  
Баланың  жан  жүйесін  жадыратар,  
Ананың айшық жүзі, қас-қабағы.  
 
Сымбатты əрбір заттың мүсіні де,  
Қымбатты түйсік – соны түсінуде:  
Барлық үн, əр  сұлулық күн  сияқты,  
Жарығын  санамызға түсіруде.  
 
Əдемі нұр  тарайды көзімізден,  
Əлемге сыр тарайды сөзімізден.  
Өркендеп  шешек атқан  қызғалдақтай,  
Көркемдік  көрінеді өзімізден.  
 
Əсем-ақ салқын самал – көктем лебі,  
Əсем бақ, гүлзарлы қыр  көктемдегі.  
Сүйікті түліктері, қыр гүлдері,  
Киіктің құралайы көк белдегі.  
 

Көркемдік көп жұлдызды аспанымда,  
Көркемдік ақ басты тау  асқарында.  
Нұрға нұр қосылады қарап  тұрсаң,  
Сыр жатыр туған жердің тастарында.  
 
Ұлылық, əсемдік те даламызда,  
Сұлулық сəулеттенген қаламызда:  
Сезімге табиғаттан құт дарытып,  
Өзіне қайтарамыз, аламыз да.  
 
Əсемдік  бар  ма асқан азаматтан?!  
Əсем қып Жер  шырағын адам жаққан:  
Əрі дем, əрі жан дос бір-біріне 
Бəрінен адам көркем, адам – мақтан.  
 
Көре біл  көркемдікті бір өзіңнен:  
Бере біл  əсем əсер мінезіңмен.  
Көрсең ұқ əсемдікті бар  сəуледен:  
Көркемдік құйылып тұр күн көзінен. 
  
Ғажап үн, нұрлы дүние жарқыраған:  
Ғажабын сезіне біл, парқын, адам.  
 
 
             
ХАНТƏҢІРІ  
 
Армысың, туған жердің биіктігі,  
Қарлы шың, жарқыраған сүйіп күнді!  
Жасақты батырдай боп көрінесің:  
Жасапты табиғатың құйып шыңды.  
 
Жанып тұр жұлдыздарым аспаныңда,  
Жарық нұр жарқырайды асқарыңда.  
Қазынаң бойыңдағы таусылмайды,  
Жазылған тарих сыры тастарыңда.  
 
Тарайды бұлттар Мұзарт – күмбезінен,  
Арайды шыңың жинар күн көзінен.  
Саулайды – нұр жауады ақбас шыңдар,  
Аумайды қазағымның мінезінен.  
Бас иер басқа таулар сəнің үшін:  

Менің де сыйынатын тəңірімсің,  
Сəн құрып, жыр жырласам жайлауыңнан  
Жаңғырып қайталайды əнімді шың.  
 
Киелім – қарақара құз – көк тірегім,  
Иемін өзіңе, айтар  көп тілегім:  
Өркенде қылаң түспей тарстарыңа  
Өркеуде  қарты болып  текті жердің.  
 
 
 
ДЕНСАУЛЫҚ  
 
Тірегім менің  
Жүрегімдегі  
Қанымсың өзің!  
Жалынды сезім  
Құрыштай болғай:  
Ырыс той сол ғой!  
Қиыннан өтіп,  
Қиырға жетіп,  
Тер төгіп жүрсем,  
Сенімім – бір  сен!  
Байлығым, бағым:  
Сөзімді баптап,  
Өзіңді сақтап,  
Шынығам дəйім,  
Шыныққан сайын  
Беріп сен жігер  
Белсентіп жібер,  
Уақытың өнсін:  
Бақытым  сенсің.  
Ерді іске қайрап,  
Еңбекке сайлап,  
Бұзылма жүдеп!  
Өзіңсіз күн жоқ:  
Өмірде қүн жоқ!  
Денсаулық - жаным,  
Бер күш пен жалын.  
 
 
       
АРДАГЕРДІҢ ТІЛЕГІ  

 
Соғыстан  соң өтсе  де жыл ондаған,  
Соқпақтар бар бақыт құсы қонбаған.  
Бомбалар  бар қалған жердің төсінде,  
Болжамы жоқ қауіп болып орнаған.  
 
Бай танапты гүлді қырға қарашы, 
Байқалады соғыстың дақ-жарасы. 
Жерлесек те сойқан соғыс-азабын,- 
Жер анадан кетпей жатыр қарасы. 
 
Сынбаған кіл батыр жаңдар аманда, 
Сыналған жыл өске түсер аманда. 
Мұң болған тыл, соғыс өрті сөнсе де, 
Мындаған жыл қалды таңба ғаламда. 
 
Жердің шарын тұрса нұрмен бөлеп күн, 
Елдің сəні - тыныштығы  демекпін.. 
Гүл өңірде тыныш болсын ұйқысы, 
Бұл өмірге жаңа келген бөбектің. 
 
Армандары орындалса ананың, 
Бар маңдары тамылжыса  ғаламның, 
Əрбір адам жетсе мақсат шыңына, 
Балбұл жанып, бір қуанып қаламын. 
 
Туыс бар жан, достық ісін тыймасын! 
Туыстардан арылмасын сыйласым. 
Əнді, сəнді  бақытымыз боп келсін, 
Мəнді, мəңгі, қуанышты, қимас күн! 
 
Жебірлер мен азғындардың таласын 
Жеңсін достық, бірлік атты жарасым: 
Адалдап күн ақ нұрымен емдесін, 
Адамзаттың тарихтағы жарасын. 
 
Ер қорғанда ел-анамыз, панамыз! 
Жер қорғауға жетер ой мен санамыз. 
Ер көркейсе, көркейеміз өркендеп, 
Жер көркейсе, көркем қуат аламыз.! 
 

Сəулесімен сипап сəби тұлымын, 
Сəулетімен берсін күнім жылуын: 
Ар куəсі-тыныштықтың нұры боп, 
Жарқырасын мəңгі-бақи Ұлы Күн! 
 
ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ 
 
Тынымсызды біл, сəулем, ер адамдай:  
Күнімізді айналған жер анамдай, 
Нұр себелеп жүзіңнен,  күлсең,  сені  
Шыр  көбелек айналам зəрем қалмай.  
 
Сағынып  тым, өзіңмен өбіскелі:  
«
Магниттің» көбейіп «өрістері».  
«
Заряд тогын»  жүрекке бойлатып жүр.  
Жарат шоғын, отымды бөліс енді.  
 
Шын сүйгенін көрген жан жалындайды:  
Күн жүйенің тартылыс заңындай-ды.  
Діріліне еріннің жүрек көнер,  
Бір-біріне ғашықтар жалынбайды. 
  
Сүйінемін өсімнен айналам да,  
Үйірілемін өзіңнің айналаңда,  
Бірлігіңе көнемін  мəңгі сенің,  
Кіндігіне бірліктің байланам да. 
  
«
Жаным»  деген  сөзіңді сағынамын:  
Жалын берген  көркіңе табынамын.  
Бар тынысым еркіңе беріледі:  
«
Тартылыстың» заңына бағынамын. 
  
     
ТАУ ӨЗЕНІ КҮЙ ШЕРТЕДІ  
Кең сайда гүл мəрмəрмен өрнектелген  
Мен жайлап өзен бойын өрлеп келем:  
Нұр жақұт,  əсем өрнек көз тартады,  
Бір бақыт - көркемдікті көрмек деген.  
 
Тұр құлап тау өзені сарқылмайды,  
Ұрғылап қой тастарды сарқырайды.  
Толқынды əуеніне биін қосып,  

Толқыны өзен күйдің қарқындайды.  
 
Өзеннен жарқыраған  күнді көрем.  
Сезем мен күй ырғағын күмбірлеген.  
Құлшынар  самал  тасып, сылқым күйді,  
Гүл тыңдар жағадағы үлбіреген.  
 
Əне күй – Тəттімбеттің «Сылқылдағы»,  
Əнеки күйден толқын бұлқынады:  
Əн  салып, өзен билеп  орман - тауда,  
Тамсанып  табиғаты құлпырады.  
 
Күйлердің өзенде екен бар  арқауы:  
Күйге ендім естіп дулы «Сарыарқаны»,  
Сəніне,  сəулетіне жаз  толықсып,  
Əніне əсемдіктің  салар  шағы.  
 
Шертілген өзен күйі маған  қымбат:  
Көркінен ойға қуат алам тыңдап. 
 
 
        
ЖЫРЛЫ МЕКЕН  
 
Дулати мен  Фараби өскен мекен  
Қыран баптап,  ғарышқа ер ұшырды.  
Осы жерде тағдырын  шешекен  екен 
Елім тауып  туыстық,  келісімді.  
 
Өскен жерім - əн мен  күй, жыр  мекені,  
Даламыздың сүйемін дарқандығын.  
Молшылықпен молайттым берекені,  
Той өлкесі – жаңарған Арқам бүгін.  
 
Мен – қазақтың ұлымын, ер көңілмін:  
Бар  адамның  сүйемін  туыстығын.  
Көппен бірге жырлаймын мен де бүгін,  
Көк пен жердің бақытын, тыныштығын.  
 
Алатауым – айбарым, ақ бас бабам,  
Асыл  анам – кең өлкем сырлы неткен?!  
Туған жерім – жерұйық, бақ –қас далам,  

Шаттық алам, бақыттың жырын  шертем.  
 
 
 
ҰЙҚЫМ НЕГЕ КЕЛМЕЙДІ?  
 
Шошынамын, қашып жүр ұйқым менің:  
Достың қамын ойлап та күйкілендім.  
Елімдегі жақсылық көп болса да,  
Көңілдегі толқыған күй – кілең мұң...  
 
Достың ағын дұшпаны қара деді,  
Шошынамын мендеп сол жара мені.  
Шыншылдықтың күнін де көлеңдейді,  
Күншілдіктің қастекі, қара лебі.  
 
Ойлантады есердің есіргені,  
Ойран табы, кесапат кесірлері.  
Бақ  күнімді күндеген күншіл, менің  
Шаттығымды көңлімнен  көшіреді.  
 
Өзімнен де бар, аз ба кінəларым?...  
Сезінгенде мінімді  мың алаңмын.  
Бұртың кергу мінезбен, ұқпай кейде 
Сыртын көргім келмейді сынағанның.  
 
Ер  əманда  тек өзін қамдамайды:  
Жер  анамда төгілген қан да қайғы.  
Тыныш құтты мекенде бар  азамат  
Тыныштықты қалайша таңдамайды?!  
 
Əділдікке қарсы боп қас кепілдік, 
Əзір бүкпе «сынауға» қатты өкініп,  
Ашынады жүрегім жүгенсізге  
Қашырады ұйқымды қастекілік.  
 
 
 
             
БЕС  ДҰШПАН  
 
Өмір керуен күреспен өтіп жатыр,  

Небір  ерен жеңіліп, кетіп жатыр.  
Сөз дауларың басқаға таусылмайды,  
Өз жауларың өзіңе жетіп жатыр.  
 
Жалқаулығың – дұшпаның күнделікті,  
Жан  саулығын  жаулап ол үлгеріпті.  
Сана тізгін  берген  соң сол бір жауға,  
Талапсыздың аяғы күрмеліпті.  
 
Көне жаулық – кергіген  кесір мінез.  
Керенаулық қырсықты өсірді тез.  
Мың ұрлады жалқаулық  еңбегіңді  
Ғұмырдағы осынау кесірді сез.  
 
Қаныпезер дұшпаның күншілдігің,  
Жаның  сезер жауыңның бұл  сұмдығын.  
Дертке салып күншілдік күйдіргенде,  
Өртте қалып, күл болды шыншыл білім.  
 
Қауіпті жау – такаппар менмендігің:  
Тауыпты дау, жақтайды  менменді кім?!  
Астамдығын мінездің бас тез, досым,  
Қастандығын қаптатар – төнген түнін.  
 
Ең  ашынған жауың бар  ашу деген,  
Мен  ашудан тағылық, тасу көрем.  
Сан дұшпандық  қоздырған осы мінез... 
Данышпандық – ашуды басу дер  ем.  
  
Тағынама – дүниеқұмарлықты 
Табыла ма өзіңнен қуар мықты?!  
Жамағатты жалмамай, əдеп сақтап,  
Қанағатты пейілмен туар дықты.  
 
Мыстан «үлгі» - бес дұшпан адамға дерт:  
Дұшпаныңды жеңбесең, заманға дерт.  
 
           
БАҚЫТ  ТАБУ  
Жанып салсаң  өмірге уақыт ісін,  
Жалықпасаң, табасың бақытты шын.  
Жеңіс көрсең, күресің зая кетпей,  

Жеміс терсең, еңбекпен, бақыттысың.  
Елің көрсе қыран боп ұшқаныңды.  
Ерсің десе Отаның,  бақыттысың.  
Кең ұяңа – еліңе қызмет  етіп,  
Кең ұяңа күн болсаң, бақыттысың.  
Амандыққа ие боп – тыныштыққа.  
Жамандыққа бармасаң, бақыттысың.  
Өмір сыйын мол берсе еңбегіңе,  
Көңіл  күйің шалқыса, бақыттысың.  
Мархабаттың, лəзаттың мəнін сезіп, 
Махаббатың жандырса,  бақыттысың.  
Сыйласымды, сыйлауды дəстүр  етіп.  
Сыйға сыйды көп  көрсең, бақыттысың.  
Жамырасып, төрт көзің түгел болып,  
Жадырасып отырсаң, бақыттысың.   
Жолықтырсын əр күнің бақытыңмен:  
Қонып тұрсын қолыңа бақыт құсың!  
 
 
  
ЖАЛТ  ЕТКЕНІҢ  ЖАДЫМДА  
 
Айналайын, шорқақ едім  сөзге мен, -  
Алау сырды көрсетеді көз  деген.  
Ынтызар боп қарай қалдым өзіңе.  
Күтіп тұрдың махаббаты сөз  менен.  
 
Күлімдеген күндей көзің көркем-ді,  
Дірілдеген шоқтай ернің өрт енді.  
Көзіңнен мен ыстық шықты көргенде,  
Сезім деген алауыма өртендім.  
 
Жалындаған жүрегіңнің хатын мен  
Жазып  алғам жастығыңның сəтінен.  
Жалт еткенің жадымда, сыр - мəңгілік:  
Ант етемін махаббаттың  атымен. 
  
СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН  МАХАББАТ  
 
Аңғал,  албырт жас жігіт 
Ақтық  сертпен бас тігіп.  
Ару қызбен  кездесті:  

Асуынан  асты үміт.  
 
Ерін тиіп  ерінге,  
Алаулана, беріле 
Айтты сұлу: - Шығайық  
Махаббаттың төріне!... 
 
Аңқау жігіт нықтады:  

Айтқаныңды ұқпадым...  
«
Махаббатың төріне»  
Осы емес пе шыққаның?..  
  
Ару енді өкпелі:  

Досым, мейлі сөк мені,  
Марғау сезім құлысың –  
Махаббатың жоқ! – деді.  
 
Отжанымен сезінген  
Ой көрмедім көзіңнен.  
Қыз  қадірін білмейсің:  
Қызбалықтан безінем.  
 
Өте сүйсең, жалында,  
Өрт дарысын жаныңа.  
Оттан  ыстық махаббат  
Ойнап өтсін қаныңда.  
 
Ойшыл  ерде озат ой,  
От болмаса, азап қой.  
Текті махаббатыма  
Тек сүйісу мазақ қой.  
 
Жетпек болсаң сергіңе,  
Жан  махаббат өртінде:  
Өртті сезім  болмаса,  
Өкіндірме, өлтірме.  
 
Арманымыз  қосылса,  
Аялай біл досыңша.  
Ардай биік махаббат.  
Арзан емес осынша.  

 
Бұлдамаймын көркімді,  
Тұлдамаймын  еркіңді. 
Жандыра біл, жігітім,  
Жалыныңды, өртінді.  
 

Айтқан  сөзің – дұрыс, тек.  
Қайтқан  сезім – қырыс, - деп.  
Жігіт біраз сынады:  
Үміт тым аз, жүріс – көп.  
 
Түңілдіріп  жастарды.  
Түсінбестік  басталды:  
«
Сүйіспендік» дегені  
Сүйісуден аспады.  
 
        
ШЕКАРАДА  
 
Ойға баттым Отандық шекарада  
Жер  анаға қойылған шеп – арада.  
Планетам, болмай тұр төте жерің.  
Кетер  едім өзіңді кең аралап.  
 
Арғы жақта өмір мен тірлік басқа, 
Бірлік асса, шек бар ма құрлықтасқа?!  
Көрші ел ері достасса туыстасып,  
Ту ұстасып өтер ем бір құптасса.  
 
Жер  ананың, күннің де бір екенін,  
Нұр мекеннің бірлігін жыр етемін.  
Жердің шарын тілгілеп, өлшеп неше  
Бөлшектесең, азамат, шыр етемін.  
 
Мекенімнің тұтасын қызықтаймын –  
Қызықпаймын жат елге, бұзып жайын.  
Ей, көршілес, дос болып, келгін бізге,  
Елімізде достық пен  қызық дайын.  
 
 
.  
     
ҮШ   ҚҰНДЫЛЫҚ 

 
Əлем білер ұлы сөз  қасиетін,  
Қастерлейтін, азамат бас иетін –  
Отан менің тірегім, туған  елдің  
Туын, ісін, сүйемін өсиетін.  
 
Отан десе, жалындар жүрегіміз:  
Жігеріміз-бұл біздің тірегіміз.  
Бақ орнатқан күреспен батыр халық  
Ұлы Отанда бірлік пен  жігеріміз.  
 
Достық – қымбат, жеңімпаз асқан бірлік:  
Жасқандырып жауын ел, қосқан тірлік.  
Достықта ғой – шын бақыт – туыстық та,  
Туыстыққа жаралған аспан, құрлық!  
 
Бірлік – күшім, жеңісім, туыстығым,  
Туыстымын, Отанда ырыстымын.  
Отан сəні ынтымақ, Отан достық:  
Отандастық - қамалым құрыш, мығым.  
 
АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ  
 
Жүдедім мен:  
Жүрегімнен  
Саған айтар  əнім бар.  
Алғаш жанған 
Мəңгі қалған  
Өзегімде жалын бар.  
Күлімкөзім,  
Отты сезім 
Күн нұрымен теңейді:  
Сен деп жаным,  
Жанған жалын,  
Өмір бақи сөнбейді. 
 
 
   
ЖЕРЛЕСПІЗ  АДАМ  
 
Əртүрлі болғанмен тіліміз, -  
Діліміз бір, біздің үніміз.  

Түбі бір – тегі бір жанбыз ғой.  
Жалғыз ғой Жеріміз, Күніміз!  
 
Жер  ана біреу-ақ, көп емес,  
Көп егес – таласу жөн  емес:  
Жерлестер, кез келді ойлайтын,  
Ойнайтын жер шары доп емес!  
 
Айтпа дос «мынау ұлт басым» деп,  
Қасың деп, нəсілге ашын деп...  
Қорғайды адамдық атын ар:  
Атылар қорғауға жасын кек.  
 
Адамзат-бауырым, туыстас!  
Туыс, жас, достасып, ту ұстас.  
Бірлікті қолдайды, бар адам 
Жаралған жерінен қуыспас. 
 
Адамзат тағдыры тұтасқан:  
Тұтастан бөлінсе, құт қашқан. 
Бірлесіп жасасақ сəн құрып,  
Мəңгілік жасар Жер, құтты аспан!  
 
Жер –ана,  оған біз  баламыз,  
Анамыз сау болсын, панамыз!  
Ананы бермейміз қорлауға,  
Қорғауға жетеді санамыз.  
 
      
АЛТЫН БОСАҒА  
 
Бақ сүйетін бағбаншымын, босағам,  
Ақ ниетін достың сенде хош алам. 
 
Уақыт білер қасиетін иеңнің.  
Бақыт тілер саған жақын, дос адам.  
 
Тербетеді бөбегімді бесігің,  
Ер жетеді ұрпақтарым - өсімім. 
Айтылады əулет сыры осында:  
Айқындалды сенде менің есімім.  
 
Жалындатып ұшқынымды ошағым. 

Жалын атып, отыма от қосамын.  
Талмай ұшып,  алыс кетсем, жетемін:  
Қандай ыстық шаңырағым, қосағым!  
 
Мақтан  етем өз төрімнің қызығын,  
Сақтап өтем ошағымның қызуын.  
Тасқындасын көңілімнің шалқары,  
Басылмасын шаттық əуен, қызу үн.  
 
Босағамнан болмысыма туар іс.  
Ошағымнан өркен жаяр қуаныш.  
Бала қамын, ана жанын ойлаймын,  
Балапанын баптағандай қыран құс.  
 
Өз үйімде рахат та, жылылық  
Сездім күнде,  шуағына жылынып,  
Туып айы, күні шығып көңілдің,  
Туындайды ақыл, сана, ұлылық.  
 
Мархабаты - жанға тəтті жақындық,  
Махаббаты қызық өмір – татулық.  
Отбасымда бақыт, байлық бəрі бар:  
Отбасында  кемелденген  татымдық.  
 
Ақ босағам алтын ұям тым  ыстық,  
Бақ босаға сенде достық, туыстық. 
Жар  асады биігіне  бақыттың,  
Жарасады сыйласым мен тыныштық.  
 
Көріктісің,  менің  алтын босағам,  
Берік тұрсың:  тасболаттан жасағам. 
 
Алғаным көп, берерім де аз емес,  
Арманым жоқ, өмір-бақыт, бас  аман!  
 
                 
ДИҚАН  
 
Көктемді дүрілдетіп  қарсы аласың,  
«
Еккенді өндірем» деп, жар  саласың.  
Егінің аппақ наның дастарқандай,  
Еліңнің жайып салған дархан  асын.  

 
Арындай ардақтайсың Жер  ананы,  
Дарындай жер де барын бере алады.  
Үдесін табыстарың, осылайша  
Үлесін табиғаттан  ер  алады.  
 
Қуандың ағып тұрса бұлақ тасып,  
Қуаңның бабын таптың құлақ ашып,  
Дүр өсім бақытындай егініңе,  
Жүресің еңбегіңмен шуақ шашып.  
 
Жалықпай қажырландың, қарқындадың:  
Халыққа сыйлық - əрбір алтын дəнің.  
Ұсындың молшылықты туған  елге.  
Ісіңнің  ардақтаймын парқын, мəнін.  
 
Киелі, күсті қолды замандасым,  
Иеді бүкіл елің саған басын.  
 
      
ЖАҚСЫ КӨРШІ  
 
Тоқшылықта жақсы көршің – мерекең.  
Жоқшылықта сүйенішің, берекең.  
Аялай көр, сый дəстүрін, берерде,  
Аямай бер,  алған қолың береген. 
  
Ауыр жүкті көтереді бірлесіп,  
Ауырлықты өзіңмен бір жүр кешіп,  
Ерсі болмас аралассаң туыстай,  
Көршің – жолдас, жақсы болса, ірге нық.  
 
Көршіліесің ниетіңді құп алар:  
Көршің досың,  табысыңа қуанар.  
Сырласқанда ақтарылып ағынан,  
Мұңдасқанда, мауқын басып қуанар.  
 
Жайын –күйін түсінісіп, ұғыссаң,  
Жақсы көрші артық жақын туыстан. 
 
 
 

  
 
ЖИЫРМАСЫНШЫ ҒАСЫРҒА  
 
Төңкерістен басталаған ер  ғасырым,  
 
Төңкеріспен  тарихты алға асырдың. 
Қанау қалып, бостандыққа қол жетті,  
Қарау қалып, ақиқатқа бас ұрдың.  
 
Даналықтың таңы болып бостандық,  
Жаңалықты жасап  алды достар нық  
Азаптылар қанды майдан, отта жүр,  
Азаттылар достық күшін қолсқан нық.  
 
Фашизмді, капиталдың дүрлігін,  
Бас идірді халықтардың  бірлігі.  
Келісуді, туысуды қастерлеп,  
Жеңіс туы құбыла боп тұр бүгін.  
 
Атом-дажал, Жер  анаға қауіпті...  
Атын  ажал бомбалардан  тауыпты.  
Жеңісіне ие бол, от ғасырым,  
Кеңісіңе дақ сап, дұшпан жауықты.  
 
Жауға берме тағдырын Жер ананың,  
Дауға берме ортақтығын пананың.  
Саған шексіз алғыс айтар  келешек,  
Аман жеткіз өз мұрасын адамның. 
 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет