Әдіскер жаршысы


Портфолионың негізгі мақсаты



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Портфолионың негізгі мақсаты: 

 
Мұғалім жұмысының жүйелілігі. 

 
Мұғалімнің  өзін-өзі  жетілдірудегі  кемші-
ліктері мен жетістіктерін көріп отыру. 

 
Мұғалімнің  шығармашылық  жұмысының 
нәтижесі. 

 
Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  жұмыс-
тардың бір-бірімен байланысы. 
Портфолиоға енетін қандай болмасын жетіс-
тіктерді  толықтай немесе  белгілі  бір  кезеңін 
бағалау, ол  санды және сапалы түрде болуы 
мүмкін. Мектеп тәжірибесінде соңғы жылда-
ры  «портфолио»  сөзін  жиі  естуге  болады. 
Тек  оқушыларға  ғана  емес,  мұғалімдерге  де 
қатысты  болып  табылатындықтан,  портфо-
лио  оқу-тәрбие  үрдісінде  қарқынды  дамып 
келеді. Бірақ барлық ұстаздар портфолионың 
мақсаты мен міндеттері, түрлері, құрылымы, 
оны  қолдану  реті  туралы  мағлұматтардан 
хабардар  емес.  Сондықтан  да,  мен  төменде 
портфолио  туралы  біраз  мағлұмат  беруді 
жөн көрдім. 
Мектептегі  мұғалімдердің  портфолио  жүргі-
зудегі мақсаты әр мұғалімнің өз еңбегіне, ат-

 
 
 
81 
     
 
қарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби 
шеберлігі  мен  біліктілігін  арттырулары,  жо-
ғары  нәтижелерге  жетулері.  Жалпы  педагог 
портфолиосын құру идеясында терең мағына 
жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады: Фи-
лософиялық;  Әдістемелік;  Практикалық. 
Бірінші,  философиялық  мағынасына  тоқта-
латын болсақ, бұл кез-келген мұғалімнің өзі-
нің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, 
талқылап,  жай-күйін  ойланатынын,  рефлек-
сияға  бейім  екенін  білдіреді.  Сондықтан, 
осындай  ой-толғаныс  нәтижелерін  мұғалім 
қандай  да  бір  форма  арқылы  сыртқа 
шығарады. 
Екінші,  әдістемелік  мағынасы,  мұғалімнің 
өз  іс-әрекетін  қандай  деңгейде  шеберлікке 
жеткізгендігін  дәлелдеуі  болып  табылады. 
Яғни,  педагог  кәсіби  іс-әрекетінің  нәтижелі-
лігінің  куәсі  бола  алатын  кестелер  мен  диа-
граммаларды, графикаларды, сонымен қатар, 
ғылыми-әдістемелік  және  тәжірибелі-экспе-
рименттік  жұмыстарының  материалдарын, 
сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақ-
тарының  жоспарларын  тұтастай  жинақтай 
беріп, безендіреді. 
Ал,  практикалық  мағынасы,  педагогтың 
жұмысының 
мәнділігін 
дәлелдеуі. 
Ол 
сертификатталған  құжаттарды  мақтанышпен 
жинай 
отырып, 
толтыруды 
меңзейді. 
Осындай 
маңызды 
мағыналары 
бар 
портфолионың бірнеше типтері бар. Олар: 1. 
Құжаттар  портфолиосы.  2.  Еңбек,  жұмыс 
портфолиосы.  3.  Пікірлер  портфолиосы.  4. 
Кешенді портфолио. 
Ендігі кезекте, біздің мектеп тәжірибесіндегі 
педагог портфолиосының құрылымы туралы 
айта  кетуім  керек  деп  ойлаймын.  Ол 
төмендегідей: 
-  Сыртқы  өң  беті,  немесе  титульді  бет.  Бұл 
бетте 
әр 
мұғалім 
міндетті 
түрде 
портфолионы жүргізу мақсатын жазады. 
- Мазмұны. 
-  Резюме.  Мұнда  мұғалім  өзі  туралы  толық 
мәлімет береді. 
- Мұғалімнің шығармашылық жұмыстары. 
-  Мұғалім  өзекті  зерттеу  тақырыбын  жүзеге 
асыру  жобасы  мен  бағдарламасын  ұсынып, 
оның теориялық сипатын ашады. 
-  Мониторинг  (мұғалім  өзі  сабақ  беретін 
сынып  бойынша  оқушылардың  тәрбие  және 
білім 
сапаларының 
көрсеткіштерін 
мониторингтейді). 

Компьютерлік 
сауаттылығы 
туралы 
мәліметтер. 
- Мұғалімнің өзінің білімін көтеру жоспары. 
- Жетістіктері. 
- Қосымша құнды мағлұматтар. 
Осындай 
жүйелілікпен 
құрылған 
портфолионы тексеру жылына екі рет жүзеге 
асырылады. 
Мектепте 
қаңтар 
айында 
портфолиолар  көрмесі  ұйымдастырылса, 
сәуір  айында  портфолиолар  презентациясы 
өтеді. 
Оған 
мұғалімдер 
үлкен 
жауапкершілікпен, 
ұшқырлықпен, 
белсенділікпен 
дайындалады. 
Әрине, 
портфолионы толтырып, безендіруде педагог 
шығармашылық 
танытуы 
қажет. 
Презентация  біткеннен  кейін  портфолиоға 
сын  пікір  жазылып,  мұғалімнің  кәсіби 
деңгейі  мен  құзыреттілігі  бағаланады. 
Қорытынды:  “Жай  мұғалім”-хабарлайды 
“Жақсы 
мұғалім”-түсіндіреді. 
“Керемет 
мұғалім”-көрсетеді. 
“Ұлы 
мұғалім”-
шабыттандырады 
Уэльям Уорд 
Ал, мен осы мағыналарды сараптай отырып, 
портфолио  ұғымына  ортақ  бір  анықтама 
беруге 
тырыстым. 
Яғни, 
портфолио 
дегеніміз 
тұлғаның 
қандай 
да 
бір 
ерекшеліктерін  уағыздайтын,  нақты  бір 
мақсатты  жүзеге  асыруға  байланысты 
құжаттармен 
безендірілген, 
оның 
жетістіктерінің  дәлелі  бола  алатындай 
мағлұматтар  жинағы  және  өзін-өзі  бағалауы 
болып табылады. 
Әдебиеттер 
1. Пономарев Я.А. Психология творчества. – 
М.: «Педагогика», 1986. 
2.Қазақстан  Республикасында  2015  жылға 
дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымда-
масы. Астана 2004 ж. 
3.Қоянбаев  Р.М,  Қоянбаев  Ж.  Б.  –  Алматы: 
Педагогика, 2000. 
4.Кенжебеков Б. Т. – Жоғары оқу жүйесінде 
болашақ  мамандардың  кәсіби  құзіреттілігін 
қалыптастыру. 
5.«Қазақстан мұғалімі» 2012 
 
 
 

 
82 
     
 
ӘКЕ, АНА ҮШ-АҚ ӘРІП ТІРШІЛІК, ҮШ ӘРІПТЕН ҮЛБІРЕЙДІ ГҮЛ ШЫҒЫП 
 
Естурина Р.Б., Нуркасынова С.М., 
Ақтөбе қаласы №15 орта мектебінің мұғалімдері 
 
Мақсаты:  Отбасы  тәрбиесінде  ата-ананың 
балаға  тәрбиелік  ықпалын  арттыру.  Тәрбие-
нің  ең  тамаша  жері  отбасы  екенін,  олардың 
бала  тәрбиесіндегі  алатын  орнын,  жеке  тұл-
ғаның оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыра 
отырып,  мектеп  пен  ата-ана  арасындағы 
байланысты арттыру. 
Түрі: коучинг 
Кезеңдері: 
І Танысу Психологиялық ахуал 
ІІ топқа бөліну 
ІІІ  «Бәріміз  бір  шаңырақ  аясында  бақыт-
тымыз» Бейнебаян тамашалу 
ІҮ Постермен жұмыс 
V. Сергіту сәті: Би «Ақбұлақ» 
VI.  Шығармашылық  тапсырма  Жағдаятты 
талдау 
VІI. Бейнебаян « Ата-анаға кеңестер» 
VІIІ. Рефлексия «Бауырсақ» 
ІХ. Бағалау «Киіз үй» 
Барысы: 
Кіріспе:  -Сәлеметсіздер  ме,бүгінгі  коучинг 
сабағымызға  келген  класс  жетекшілер 
курсынан 
білімін 
жетілдіріп 
жүрген 
әріптестер. 
-Біздің 
коучинг 
сабағымызға 
қош 
келдіңіздер. 
ІІ.  Топқа  бөліну:  Шаңырақ  астына  отбасы 
мүшелерін жинау. (түстерге байланысты ) 
-Қызыл  түсті  көбіне  күшті,  белсенді,  әр  істі 
құлшыныспен бастайтын, ерік жігері мықты, 
саяхаттағанды  ұнататын  жеңімпаз  адамдар 
таңдайды.  Демек,  сіздер  «Белсенді  отбасы» 
боласыздар. 
-Сары түсті зиялы, тәрбиелі шығармашылық-
қа бейім тұлғалар таңдайды. Сонымен қатар 
бұл  түсті  өзімшіл  адамдар  да  таңдауы  мүм-
кін.  Демек,  сіздер  «Тәрбиелі  отбасы» 
боласыздар. 
-Жасыл  түс  көңілді,  сезімтал,  мейірімді, 
тұрақты,өз-өзіне  сенімді  адамдар  таңдайды. 
Олар  өмірдің  қиыншылықтарына  да  жеңіл 
қарап,сәтсіздіктерге  мойымайды.  Демек, 
сіздер «Мейірімді отбасы» боласыздар. 
-Қызғылт сары түсті такаппар,күшті, тәуелсіз 
адамдар  таңдайды.Олар  өз  өмірін  ғана  емес, 
басқа  адамдардың  да  өмірін  жақсы  жақа 
өзгертуге  батылдығы  жеңеді.  Демек,  сіздер 
«Батыл отбасы» боласыздар. 
ІІІ.  «Бәріміз  бір  шаңырақ  аясында 
бақыттымыз» бейнебаян тамашалау 
-  Осы  бейнебаянды  көріп  отырып,  ой  түйіп 
отырыңыздар. 
-  Осы  бейнебаяннан  алған  әсерлерімен 
бөлісу. 
-  Олай  болса,  «әке  –асқар  тау,  ана-  ағып 
жатқан  бұлақ,  бала-  жағасындағы  құрақ» 
демекші  бүгінгі  коучинг  сабағымыздың 
тақырыбы «Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік, 
Үш  әріптен  үлбірейді  гүл  шығып.»  деп 
аталады. 
-Өздеріңіз 
айтқандай 
болашағымыздың 
іргесін  қалайтын  бала  болғандықтан,  бала 
тәрбиесі әрбір отбасында ең маңызды мәселе 
екенін білеміз. 
-Ендеше  бала  тәрбиесіне  отбасында  ең 
бірінші  кім  жауапты  деп  ойлайсыздар?  (ана 
немесе әке) 
-Бүгінгі  коучинг  сабағымызда  сіздермен 
бірнеше сұрақтар бойынша пікір алмасып,өз 
ойларымызды  ортаға  салу  үшін  топтық 
жұмыс жасауға шақырамыз. 
IV.  Топтық  жұмыс:  Класс  жетекшілер 
тапсырылған  сұрақ  негізінде  постер  жасап, 
қорғайды. 
1  топ  Ата-ананың  бала  тәрбиесінде  алатын 
орны,қолданатын әдістері және ол әдістердің 
тиімділігі мен айырмашылығы қандай? 
2  топ.  Қазіргі  таңда  балалар  қатыгез  болып 
бара жатыр. Бала қатыгездігіне жауапты кім? 
(ата-ана,ұстаздар,әлде.....) 
3  топ  Тәрбие  барысында  жазалау  әдісін 
қолдану  керек  пе,  әлде  керек  емес  пе,  керек 
болса, қандай жаза қолдану тиімді? 
4  топ  Баланың  өз  заманына  сай  білімді, 
тәртіпті,  сыпайы  болуы  өзіне  байланысты 
ма,  әлде  оны  қалыптастыру  үшін  міндетті 
түрде ата-ананың араласуы қажет пе? 
1 –жағдаят 
«Балаңыз  мектептен  шағым  айтып  келді. 
Мұғалім  ұрысқанын,  енді  сабаққа  барғысы 
келмейтінін  айтты.  Сіз  қандай  әрекет 
етесіз?» 
 

 
 
 
83 
     
 
2 – жағдаят 
«Балаңыз  ұялы  телефон  алып  бер  деп 
жылады.  Сіз:  «Шамалы  шыдай  тұр,  уақыты 
келгенде  алып  беремін»  -  дедіңіз.  Балаңыз 
тыңдамай  есікті  тарс  жауып  кетіп  қалды. 
Сіздің әрекетіңіз?» 
3 – жағдаят 
«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім 
сабақ  түсіндіріп  жатты.  Марат  сабақты  да 
тыңдамады.  Онымен  қоса 
жанындағы 
оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім 
ескертулер берсе де қорытынды шығармады. 
Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін 
талап  етті.  Марат  үйге  келіп  шағым  айтты. 
Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға 
кіріп  айқай  шығарды.  Ата  –  ананың  бұл 
әрекеті  дұрыс  па?  Сіз  қандай  әрекет  етер 
едіңіз?» 
4 – жағдаят 
«Балаңыз  түнімен  теледидар  көріп,  ұйқысы 
қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, 
сабаққа бармай-ақ қояйыншы», - деді. Сіздің 
әрекетіңіз? 
Кез  келген  шешімді  қабылдауға  асығыстық 
жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне 
немқұрайды  қарамайтыңызды  көретіндей, 
оны 
тыңдауға 
дайын 
екендігіңізді 
байқайтындай болсын. 
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-
ана  қатты  уайымдап,  баланың  еш  нәрсеге 
икемі 
жоқ, 
қабілетсіз 
деген 
асығыс 
қорытындыға  келеді.  Сөйтеді  де  баланың 
өзіне  деген  сенімі  күрт  жойылады,  қолын 
қусырып,  Ата-ана  мектеппен  байланыс 
жасамайды, 
қиыншылықтарды 
жоюға 
дәрменсіз  болады.  Сондықтан  да  ата-аналар 
мектеппен байланысты болу керек. 
Мектепке 
жаны 
ашып, 
балаларының 
жағдайын  біліп,  іс-шараларға  белсенді 
қатысатын  ата-аналар  да  баршылық  ,  демек 
ата-ана  өз  істерінде  асығыстық  жасауға 
болмайтынын айтқым келеді. 
VІI. Бейнебаян «Ата-аналарға кеңес» 
ҮІІІ. Рефлексия. 
Сонымен  ата-аналар  бала  тәрбиесі  ең 
маңызды  -  мәселе.  Ең  басты  –  ата-ананың 
бала  тәрбиесіндегі  маңызы  зор.  Бүгін  міне 
бала  тәрбиесіне  байланысты  ойларыңызды 
ортаға  салдыңыздар.  Осы  іс  -  шарамыздың 
соңында  сіздерге  бауырсақ  ұсынғым  келеді. 
Барлығыңыз  бауырсақтан  ауыз  тиіңіздер. 
Бауырсақты  ұсынған  мақсатым:  ол-ұлттық 
тағамның  бір  түрі.  Өзі  жұмсақ,  нәрлі  бала 
біткеннің  жақсы  көретін  асы.Бауырсақ 
қандай  қасиеттерге  ие  болса,  біз  де 
балаларымызға  жұмсақ  мінез танытып,  жан-
жақты тәрбие берейік. 
ІХ.  Бағалау.  «Киіз  үй»  (  Бүгінгі  коучинг 
сабағынан  алған  әсерлеріңізді  стикерлерге 
жазып,қазақтың  киелі  шаңырағы  киіз  үйге 
жапсыру.) 
 
 
АНТОНИМ 
 
Жайлханова А.Ж., 
Мұғалжар ауданы Еңбек негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: сөздің лексикалық мағынасы ан-
тоним  жөнінде  толық  мағлұмат  беру,  омо-
ним,  синонимдермен  салыстыру,  мысалдар 
арқылы ажырата білуге үйрету. 
Дамытушылық: антоним тақырыбын түсін-
діру  кезінде  СТО-ның  әдіс-тәсілдердін  қол-
данып және жазба жұмыстары арқылы ойлау 
қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік:  оқуға,  білімге  құштарлықтарын 
арттыру, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын дәріптеу. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың  әдісі:  түсіндіру,  сұрақ-жауап, 
семантикалық карта 
Сабақтың  көрнекілігі:  эпиграф,  үлестірме 
қағаздар 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин
1) Оқушылармен сәлемдесу; 
2) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; 
3) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 
ІІ. Психологиялық дайындық 
Оқушыларды психологиялық жаттығулар ар-
қылы сабаққа әзірлеу. 
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі. 

 
84 
     
 
Ән айтамыз, көңілді, көңілді. 
Би билейміз, ырғақты, ырғақты 
Біз бастаймыз, сабақты, сабақты 
ІІІ.  Үй  тапсырмасын  сұрау.  Өткен  тақы-
рыптарды қайталау(5 мин
«Ғажайып  алма»  ойыны  арқылы  өткенді 
қайталау. Тақтаға шыққан оқушы, бір алма-
ны алып, берілген сұрақтарға жауап береді. 
1.  Сөздің  тура  мағынасы  дегеніміз  не? 
Мысал келтір. 
2.  Сөздің  ауыспалы  мағынасы  дегеніміз  не? 
Мысал келтір. 
3.  Көп  мағыналы  сөз  дегеніміз  не?  Мысал 
келтір. 
4. Омоним дегеніміз не? Мысал келтір. 
5. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір. 
Ал, жақсы өткен тақырыпты пысықтып, қай-
талап өттік, енді жаңа сабағымызға көшейік. 
ІV. Жаңа сабақ. (8 - 11 мин
Эпиграф 
Ғылым таппай мақтанба, 
Орын таппай баптанба. 
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап босқа күлуге 
Бес нәрсеге асық бол, 
Бес нәрседен қашық бол 
Адам болам десеңіз... 
(Абай) 
Сөздің  лексикалық  мағыналырының  түрі 
«Антониммен» танысамыз. 
Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін. 
Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін мына-
дай  мақал-мәтелдер  жазылған:  үлкенге  құр-
мет  –  кішіге  ізет;  әдепті  бала  –  арлы  бала, 
әдепсіз бала – сорлы бала. 
Мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  бола-
тын  сөздер  антонимдер  деп  аталады. 
Мысалы:  ақ-қара,  қараңғы-жарық,  ашық-
жабық т.б. 
Антонимдер  –  ойды  әсерлі,  бейнелітүрде 
жеткізудің  ең  оңтайлы  құралы.  Мәселен,  ға-
сырлар бойы атадан балаға мирас болып келе 
жатқан  мақал-мәтелдердің,  жұмбақтардың 
құрамында 
антонимдер 
жарыса 
қолданылады. 
Тақтамен жұмыс. 
87-жаттығу. Ауызша орындайды 
1) 
Тақырыптардың 
неліктен 
«Өлара», 
«Амал» деп аталғандарын түсіндіріңдер. 
2)  Мәтіндегі  антоним  сөздерді  теріп  жазың-
дар  да,  қандай  сөздермен  тіркестіруге  бола-
тынын көріңдер. 
3) Жеті амалды мұғалімнің көмегімен түсініп 
алыңдар.  Мысалы:  Үрердің  батуы  –  маусым 
айының  басында  үркердің  мүлде  көрінбей 
кетуі. Осыдан ейін 40 күн шілде басталады. 
Бітті  –  туды,  ыстық  –  суық,  өткінші  – 
тосын. 
90-жаттығу  (мәнерлеп  оқу,  антоним  табу, 
сөйлем құрастыру) Тәтті – ащы 
96-жаттығу  Биік,  ашық,  жаңа,  сұлу,  жас 
сөздеріне  әртүрлі  қолданыста  бірнеше  анто-
ним сыңар тауып жазыңдар. Үлгі: биік тау – 
аласа  тау,  ашық  есік  –жабық  есік,  жаңа 
киім  –  көне  киім,  ескі  киім,  сұлу  қыз  – 
көріксіз қыз, жас адам – кәрі адам. 
V. Сабақты бекіту. (20 мин) 
1 – тапсырма. 
Сәйкестендіру. 
Синоним  және  антоним  сөздерінің  сыңарын 
табу 
Антоним 
Жіңішке 
Көп 
Аз 
Баяу 
Тез 
Жуан 
Жақын 
Биік 
Аласа 
Алыс 
2-тапсырма.  
Мына  сөздерден  омоним,  синоним,  антоним 
қатарларын тауып, тұсына жазу 
Ауырып, науқастанып-синоним 
Естірту, айту, білдіру-синоним 
Үйіне келу, қонаққа келу-омоним 
Өрісі, туысы, ағайыны-синоним 
Шарт сыну, тез сыну-омоним 
Ақ,қара-антоним 
Жуандау,арықтау-антоним 
Құмар,ынтық–синоним 
Үлестірме қағаз. 
Антоним сөздердің сыңарларын табыңыз. 
Жаман-жақсы 
Кедей-бай 
Қара-ақ 
Батыл-қорқақ 
Қастық-достық 
Жабық-ашық 
Мол–аз 
Мына сөздерге керекті антонимді теріп жаз. 
Қатыгез-момын 
Дөрекі-сыпайы 
Ұятсыз-әдепті 
Ұқыпсыз-салақ 
Үндемейтін-мылжың 

 
 
 
85 
     
 
Керекті  сөздер:  салақ,  момын,  сыпайы, 
әдепті, мылжың. 
1. Антоним дегеніміз не? 
2. Мысал келтір 
.
Семантикалық карта 
 
 
Мысалдар 
 
Сөздің ауыспалы 
мағынасы 
Тура 
мағына 
Омоним  Антоним  Синоним 
А 
Ә 
Б 
В 
Г 
1  Қайратты, қуатты 
 
 
 
 
+ 
2  Тақтаға қарақара түс 
 
 
+ 
 
 
3  Жақсылық, жамандық 
 
 
 
+ 
 
4  Ниеті қисық 
+ 
 
 
 
 
5  Сабыр,шыдам 
 
 
 
 
+ 
6  Арық –семіз 
 
 
 
+ 
 
7  Есті,ақылды 
 
 
 
 
+ 
8  Көргенді, көргенсіз 
 
 
 
+ 
 
9  Жылы сөз 
+ 
 
 
 
 
10  Көкірегі ояу 
+ 
 
 
 
 
11  Жуас,асау 
 
 
 
+ 
 
12  Қайғы-мұң 
 
 
 
 
+ 
13  Ертелі - кеш 
 
 
 
+ 
 
14  Қара хабар 
+ 
 
 
 
 
15  Ұзақ жол. 
 
+ 
 
 
 
VI. Сабақты қорытындылау. (5 мин) 
-Балалар,  сабақ  ұнадыма?  Қолдарыңызда-
ғы  стикерлермен  тақтадағы  смайлик  салын-
ған плакатқа бүгінгі сабақты бағалаңыздар. 
Смайлик 
Смайлик 
Смайлик 
  
 
 
VII.  Үйге  тапсырма.  (Тақтаға  жазу)  (2 
мин) 
1) Антоним ережесін жаттау. 
2) 89-жаттығу, 42 бет. 
3) 92-жаттығу, 43 бет. 
Бағалау.(3 мин) 
Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Алдарына ба-
ғалар жазылған қызыл, көк, сары түс таратып 
беремін.  Түстер  таңдау  арқылы  оқушылар 
өздерін бағалайды. 
 
 
М.ДУЛАТҰЛЫ «ШЕШЕНІҢ БАЛАЛАРЫН СҮЮІ» 
 
Жанзакова М.А., 
Ембі қалалық №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Мақсаты:  1.білімділік  Ақының  өмірі  мен 
шығармашылығы туралы білім беру. 
2.  тәрбиелік  Адамгершілікке,  имандылыққа, 
ата-ананы  құрметтеуге,  елжандылыққа  бау-
лу. 
3.  дамытушылық  Оқушылардың  сын  тұлға-
сынан  ойлау  қабілеттерін  арттыру,  дүниета-
нымын кеңейту . 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың  әдісі:  Баяндау,  сұрақ-жауап,  тест, 
топтастыру, болжау. 
Сабақтың  көрнекілігі:  Интертақта.  ақын 
еңбектері. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. 
2.Үй тапсырмасы 
Тест 
1. Міржақып Дулатұлы қай облыста дүниеге 
келген? 
А. Семей Б. Оңтүстік Қазақстан облысы  
Ә. Талдықорған В. Торғай облысы 
2. Міржақып қай оқу орнында оқыған? 
А.Орынбор 
рабфагінде 
Б.Петербург 
артеллерия 
училищесінде 
Ә.Торғай 
қаласындағы 
мектепте 
В.Ахмет 
Риза 
медресесінде 

 
86 
     
 
3.Сол  кезеңдегі  қазақ  оқығандарының  бас 
қосатын орын қай жер болды? 
А.Алматы Ә.Торғай Б.Омбы В.Орынбор 
4.Омбыда ол кіммен танысты? 
А.Шәкәрім Б.Мағжан Жұмабаев 
Ә.Ахмет Байтұрсынұлы  
В.Жүсіпбек Аймауытов 
5.Міржақыптың  «Жастарға»деп  аталатын 
өлеңі қай газетте басылды? 
А.«Түркістан  уалаяты»  Ә.  «Дала  уалаяты» 
Б.«Серке» В. «Айқап» 
6.1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген 
3кітап 
А. «Терме», «Азамат», «Жұмбақ» Ә.«Қырық 
мысал», «Оян,қазақ» 
Б.  «Домбыра»,  «Қорамсақ»,Көкпар»  В. 
«Алтын құс», «Алмас қылыш», 
«Көшпенділер» 
7.Міржақыптың қазақ әдебиеті  тарихындағы 
ерекше орны 
А.Публицистикалық жанрдың негізін салды 
Ә.Қазақ  әдебиеті  тарихында  тұңғыш  роман 
жазды 
Б.Табиғат  лирикасы  тақырыбына  тұңғыш 
қалам тартты 
В.Тұңғыш дәрігер-жазушы болды 
2.Жаңа сабақ 
М.Дулатов  Ыбырай  дәстүрін  жалғастырған. 
Оқулық  мәселесінен  қиындық  көргендіктен, 
осы  салада  еңбек  еткен.  «Қирағат»  оқу 
құралына,  Абай,  Ыбырай  шығармаларын 
енгізген, сол жинаққа енген өлеңдерінің бірі-
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңі. 
«Сөз сырына саяхат» қызығушылықты ояту 
шеше 
ана 
ақ сүтімен асыраған 
түн ұйқысын төрт бөлген 
Өлеңге әдеби талдау 
Тақырыбы: ананың балаға деген махаббаты 
Идеясы: ананы сүю,ана қадірін ұғу 
Өлең құрылысы:шумақ 4, тармақ 16, ұйқас –
қара өлең ұйқасы 
Көркемдік  ерекшелігі:  эпитет  –  сорлы  ана, 
байғұс ана 
Тұрақты  тіркестер:түн  ұйқысын  төрт  бөлу, 
төбесі көкке жету 
Өлең  сұрақ-жауап  үлгісінде  жазылған, 
сұраулы, хабарлы сөйлемдерден тұрады. 
Болжаңыз 
1. 
Перзенттік 
борыш 
дегенді 
қалай 
түсінесіңдер? 
2. Болашақта анаға құрмет қандай болмақ? 
3. Біз аналарымызға қандай жақсылық жасап 
жүрміз? 
Ойтолғау «Анаға құрмет көрсету-парызың» 
Сергіту сәті «Эпитет» ойыны 
Әр  оқушы  өз  аналарының  есімінің  бірінші 
әрпінен басталатын эпитет жазу 
Ой жұмбақ 
1.Озат оқушы, Әзиза, 
Кім еді әнші Ғазиза? 
2.Айтшы сен ,Ахметова Әмина, 
Қай шығарманың кейіпкері Жәмила? 
3.Білімді оқушы,Нұржан, 
Қай ақынның анасы Ұлжан? 
4.Батырдың жары Құртқа, 
Білсең айтшы сыныпқа, 
Бекұлан белсенді бала сыныпта 
5.Тыңдаңдар,Аяжандар, қанекей, 
Кімнің жары асқан сұлу Кенжекей? 
6.Білесің бе,салмақты қыз Гүлмайрам, 
Дина апамыз өнерге қандай із қалдырған? 
7.Сорлы анасын сағынып ол сайраған, 
Қай ақын екен ,сұрайықшы Ғанидан? 
8.Сабырлы бала Нұрболат
«Алпамыс батыр» жырында 
Хас сұлу есімі қалай аталад? 
9.Көп шығарма аналарға арнаған, 
Қай қаламгер айта қойшы,Рақымжан? 
10.Айбек пен Заманбек ақылды бала тегі, 
Қалай басталады Зере әже ертегісі? 
11.Еркесі әрі кенжесі анасының Еркебұлан, 
Кімдерді  сен  білесің  ана  туралы  ән 
шығарған? 
Сабақты бекіту. 
Өмірде ана-бақыт, ана-пана
Өмірді өркендетер ана ғана, 
Өсірген талай көсем, талай шешен, 
Талай ақын, талай ер,талай дана. 
Аналар  әлдилеп  отырған  әлем  әрқашан 
жақсы болмақ. Бала ата-анасын ардақ тұтып 
,перзенттік парызын естен шығармауы керек. 
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет