Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Абдиева П.М. Ұлттық эпостағы диалогтың көркемдік қызметі



Pdf көрінісі
бет126/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   196
Абдиева П.М. Ұлттық эпостағы диалогтың көркемдік қызметі
Жырдағы диалогтардың қызметі туралы М.Әуезов, М.Ғабдуллин, З.Қабдолов, 
Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, Б.Әзібаева, Б.С.Рақымов, 
М.Әбдуов сияқты ғалымдардың ой-пікірлері біршама айтылған. 
Көне эпостағы диалогтардың атап айтар ерекше айырмашылықтарының бірі 
– батырдың жануарлармен, әсіресе тұлпарымен сұхбаттасуы. Әрине, батырдың 
атымен сөйлесуі қаһармандық эпостарға да тән. Дегенмен, көне эпостарда 
аттың, құстың, арыстанның, дию, пері, жалмауыз кемпірдің, айдаһардың батыр-
мен сұхбаттасуы және сол арқылы мінездердің ашылуы, оқиғаның өрбуі анық 
байқалады. 
Жырлардағы ақыл қосу түріндегі сөз, сес көрсететін сөз, айбат шегу, өкіну, 
қапалану, өсиет айту, бақұлдасу, ақылдасу, наз т.б кейіпкердің көңіл-күйін
білдіретін элементтер міндетті түрде сұхбат ретінде көрініс табады. Әрине, өкіну, 
қапалану, өсиет сыртқы кейпі жағынан монологқа келеді. Дегенмен, бұл сөздің 
түрлері диалог арқылы жүзеге асып, диалог мағынасында берілетіндігіне де на-
зар аударылуы керек. Бұндай сөздің түрлері ғашықтық жырларда жиі кездеседі.
Мәселен, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырындағы сөйлеу түрлерін 
қарастыратын болсақ, жырда монологтан гөрі диалог, яғни екі кейіпкердің 
сөйлескен қысқа сөздері көбірек кездеседі. Айталық, Қарабай мен Сарыбайдың 
сырласуы, тазша мен ханым сөзі (естірту), Айбас пен үш қыз әңгімесі, Қозы мен 
Қодар арасындағы қақтығыстар осы қысқа диалогтарға жатады. 
Тарихи жырлардың поэтикасын зерттеп жүрген Б.Рақымов: “Қаһарманның 
іс-әрекеті нақты реалды тарихи эпоста көбіне диалог, монолог араласқанда ғана 
оңынан келеді” – деп [2, 148 б.], ойын әрі қарай былай жалғастырады: “Қақтығыс 
кезіндегі мұндай диалогтарды тарихи жырлардан молынан кездестіреміз. 
Батырлық эпостағы жекпе-жектегі мұндай заңдылық, тарихи жырларда да мо-
лынан ұшырасуы мотивке тән ерекшеліктердің бірі” [2, 207 б.].
“Қобыланды батыр” жырының тілдік-көркемдік сипатын зерттеген 
О.Нұрмағамбетова: “…диалогтарда дәстүрлі қайталаулармен қатар, ұйқастардың 
өздері бірде лепті, енді бірде сұраулы сөйлемдер арқылы беріледі. Мұның қай-
қайсысы болса да кейіпкердің ойы, психологиялық жай-күйімен тікелей байла-
нысты” – дейді [3, 108 б.].
Осы тұжырымдар қазақ қаһармандық эпосы мен ғашықтық (романдық) 
эпостарындағы кейіпкерлер сөздерінің атқаратын қызметтерін де аңғартады. 
Ал, жырда кейіпкерлердің қарым-қатынас жасау кезіндегі көрінісі лепті, сұраулы 
сөйлемдер арқылы жасалады. Эпостың негізгі арқауы сюжет болғандықтан
ең алдымен оқиғаны өрбітетін диалог түрлеріне талдау жасаймыз. Қазақ
қаһармандық эпосы үлгілерінің кіріспесінен бастап, сюжеттік шешіміне
дейінгі оқиғалардың орын алуына сөз-мотивтердің де елеулі ықпалы болғаны
айқын көрінеді.
Эпос баяндау әдісіне құрылатыны белгілі. Адам дамуы коммуникацияның 
жемісі десек, эпоста сол коммуникация бар. Оның жемісі – диалог. Қаһармандық 
135




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет