Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар



бет1/4
Дата22.06.2023
өлшемі20,25 Kb.
#102962
  1   2   3   4

Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар

Орындаған:

Сакен Сыдыков,

Кабылдина Манзура

Экономикалық заң

  • Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
  • Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.

Экономикалық категориялар

  • Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет