2.ДƏРІС ТЕЗИСТЕРІ
№
апта
Дəріс тақырыбы жəне тезистер
Саға
т
көле
мі
1
апта
№ 1
дəріс
1-дəріс. Тақырыбы: Экономика жəне кəсіпкерлік негіздері пəні, əдістері
мен атқаратын қызметтері.
Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары):
1.Əртүрлі мектеп өкілдерінің Экономикалық теория пəнін анықтауы.
2. Экономика жəне кəсіпкерлік негіздері пəнінің логикасы мен құрылымы.
3.Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық
ресурстардың шектеулілігі.
4.Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
5.Экономикалық ғылымның əдістемесі. Экономикалық процестердің тану
əдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар.
Дəрістің қысқаша мазмұны:
Экономикалық теория - адамның шектеусіз қажеттіліктерін
қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек шектелген ресурстарын бөлу,
айырбастау жəне тұтыну туралы ғылым.
Функциялары:
Танымдық – экономикалық құбылыстарды, заңдарды зерттеу жəне
түсіндіру.
Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын қолдану.
Мемлекеттің экономикалық саясатының негізін құру.
Болжамдық – экономиканың жəне жалпы қоғам дамуының ғылыми
болжамын жасау.
Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген
көзқарастар жүйесін құру.
Методологикалық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық
жəне методологикалық негіз болады.
Экономика ғылымын тану əдістері:
Экстрапаляция – болашаққа лайықталған тенденциялар негізінде
экономикалық даму болжамы.
Индукция – көптеген деректерді зерттеу нəтижесінде жалпы
қорытынды жасау.
Дедукция – жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару.
Гипотеза – алдын-ала тексерілмеген қағида.
Экономикалық жүйе:
Экономикалық жүйе – бұл материалдардың рухани игіліктер мен
қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың
ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйенің дамуына əсер ететін
факторлар:
1. елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар
жүйесі.
2. меншік құрылымы.
3. ақпаратпен жəне үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер.
4. мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі үш топқа топталады:
1. шаруашылық құрылымы
2. əкімшілік
3. ақпараттық
Шаруашылық құрылым – шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
2
апта
№ 2
дəріс
Достарыңызбен бөлісу: |