Астана халықаралық университет
Қазіргі заман тарихы
Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі және этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы
Орындаған:Қыдырқожа Айқан
Группа: Математика 21 А
Нур-Сұлтан 2021 ж
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының негізгі векторы. Әлеуметтік жаңғыру: мақсаты, міндеттері, қағидалары
Тәуелсiз Қазақстан егемендi ел болғаннан кейiнгi алдына қойған басты мақсатының бiрi - адамдардың жақсы тұрмысын iс жүзiнде қамтамасыз ететiн қоғам орнату. Осы орайда әрбiр адамға кәсiпкерлiк еркiндiк пен мүмкiндiк туғызып, жоғары әлеуметтiк мәртебеге жетуiн қамтамасыз ету, экономиканың өсуi мен тұрақтануына және оның дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтiк салада егемендiкке жеткенiмiздiң басты көрсеткiштері: ұлттық байлықтың көбеюi, халықтың тұрмыс-тiршiлiгi дүние жүзiндегi озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейiндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтiк қабiлетiне байланысты. Оған құндылықтар жүйесi, оқу-бiлiм, кәсiби шеберлiк, бiлiм-ғылым базасының деңгейi, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық институттардың даму дәрежесi және т.б. жатады.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруiмен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты ХХ ғ. 90-шы жылдары жақсы өмiр сүру халықтың көпшiлiгiнiң көзiнен бұл-бұл ұшты, оның тұрмыс жағдайы жыл сайын төмендеп отырды. Елiмiздiң экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиiсiнше дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейiнен ондаған есе артта қалып қойды. Халықтың материалдық-тұрмыстық жағдайының үнемi нашарлауы, баға мен ақшаның құнсыздану жылдамдығының өсуi адамдардың болашаққа деген сенiмсiздiгiн, моральдық-психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейттi, рухани жүдеулiк өрбiдi. Елiмiздiң барлық аймақтарында өндiрiстiң құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi демографиялық жағдайға әсерiн тигiздi. Мұны бала туу мен өлiм-жiтiмнiң, сондай-ақ, халықтың республикадан тыс жерлерге көшiп кетуiнiң жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жылдар аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейi 21,0 адамнан 16,6 адамға дейiн азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның iшiнде Израильге, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т.б. жерлерге қоныс аударушылар көбейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |