Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар



бет1/7
Дата12.05.2023
өлшемі144,15 Kb.
#92280
  1   2   3   4   5   6   7

Әлеуметтік өзгерістер:жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар

Пән:Әлеуметтану

Тексерген:Игисинова Н.Б.

Орындаған:Амангелдина Ақділдә

Мамандық:Шет тілі;екі шет тілі

Курс:1(Е)

Жоспар: 1.Қоғамдық қозғалыс анықтамасы 2.Қоғамдық қозғалыстар түрлері 3.Қоғамдық қозғалыстардың қалыптасуы 4.Қоғамдық қозғалыс сатылары 5.Қоғамдық қозғалыстардың ортақ,негізгі қызметтері 6.Қоғамдық қозғалыстардың қоғамға және билік органдарына әсерлері 7.Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың әсері

Қоғамдық қозғалыстар — қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау. Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар құбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау компанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына әсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.

Өмір сүріп тұрған құрылысқа қатысы бойынша қоғамдық қозғалыстар революциялық,демократиялық, реформистік, консервативтік, неоконсервативтік болып бөлінеді. Ал әрекет тәсілдері мен әдістері бойынша – зорлықшыл және зорлықшыл емес қозғалыстар болып бөлінеді. Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту: Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді: Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі: Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді: Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет