Емтихан тест тапсырмаларының базасы «Ересек адамдар және бала дерматовенерологиясы» пәні бойынша оқу курсы: 6 мамандық: жтд



бет1/9
Дата23.12.2022
өлшемі0,64 Mb.
#59241
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



ЕМТИХАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БАЗАСЫ
«Ересек адамдар және бала дерматовенерологиясы» пәні бойынша
оқу курсы: 6
мамандық: ЖТД
оқыту тілі: қазақша
оқу жылы: 2020-2021

#1
*!Венерологтың қабылдауына 27 жасар ер адам жыныс мүшесінің ісінуіне шағымданып қаралды. Шағымы бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін 3 аптадан соң пайда болған. Қарап тексергенде күпекте ауру сезімінсіз, басқан кезде із қалмайтын ісік анықталды. Тері тоқыраулы-қызыл түсте. Жедел қабыну белгілері жоқ. Шап аймағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?



Мерез, индуративті ісіну
#2
*!Лор дәрігерінің қабылдауына 29 жасар әйел жұтынғанда тудыратын қиындыққа шағымданды. Өз бетімен емделген (тамағын фурацилинмен шайған), емнің нәтижесі болмады. Қарағанда: ауыз қуысында оң жақ бадамша безі ұлғайған және тығыздалған, эрозиясы жоқ. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Әйел тұрмысқа шықпаған, соңғы жылы бірнеше жыныстық серіктері болған. КСР 4+. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?

Мерез-амигдалит
#3
*!Судмедэкспертте, бомждың мәйітін ашу кезінде оң қолының сұқ саусағы аймағында резіңке қолқабының жыртылуы салдарынан бір айдан соң, саусағының көлемі ісіну пайда болды. Инфильтрат терең, тығыз, саусақтың дисталды фалангасын толық қамтиды. Тері тоқыраулы-қою қызыл түсті. Тырнақтың ішкі жағында жарты ай тәрізді, бетінде жалқықты-іріңді бөліндісі бар жара. Науқасты өткір шаншып ауыратын аөуру сезімі мазалайды. Шынтақ және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғаюы байқалады. Олар тығыз, қозғалмалы, ауырғыш. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?

Мерез-панараций(күбіртке)
#4
*!Гинекологқа 26 жастағы науқас әйел бір апта бұрын пайда болған кіші жыныс ерніндегі жарақатқа шағымданған. 1,5 ай бұрын бейтаныс ер адаммен жыныстық қатынаста болған. Тексергенде: сол жақ кіші жыныс ернінде шекарасы айқын, шеттері тегіс, дөңгелек эрозия байқалған. Эрозияның түбі табақша тәрізді, ашық қызыл түсті, жылтыр, аздаған жалқықты бөліндісі бар.Эрозияның жиегі зақымдалмаған терінің деңгейінде орналасқан. Пальпация кезінде түбінде тығыз сіңбе анықталды. Субьективті сезімдері жоқ. Сол жағында шаптағы лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін үлкейген, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауырмайды. Серологиялық реакциялары теріс. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет