Энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері



бет1/11
Дата02.11.2023
өлшемі94,21 Kb.
#121434
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



ЭНЕОЛИТ ДӘУІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Солтүстік Қазақстан

-Ботай (Ботай-Терсек)мәдениеті:

  • Б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді.

  • Ботай қонысы шамамен 200 жылды- б.з.б. ХХІV-ХХІІ ғасырларда, яғни б.з.б. 3700-3100 жылдары қамтиды.

  • Неолит дәуірінің Атбасар мәдениетін дамытқан Солтүстік Қазақстан өңірін мекендеген ежелгі тұрғындар энеолит дәуірінде Ботай мәдениетін дамытты.

  • Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын алып жатыр.

  • Ботай қонысы Солтүстік Қазақстан, Айыртау ауданы, Есіл өзенінің оң жақ саласы, Иманбұрлық өзенінің оң жақ жағасындағы еңіс алаңқайда орналасқан.

  • 15 гектар жерді алып жатыр.

  • 1980ж.тұрақты ашқан археолог В.Ф.Зайберт.

  • 158 тұрғын үй табылған. Қоныстардан ошақ орны және азық-түлік сақтайтын шаруашылық қоймасы ашылған.Табылған қыш құмыра түбіндегі майдың қалдығы Ұлыбританиядағы зертханаға жіберіліп, ыдыстажылқы сүті сақталғандығы анықталды. Қымыз қалдығы сақталған ыдыстар табылды.

  • 70 мыңнан аса жылқы сүйегі табылды. Жылқы сүйектерінен құрал-саймандар, қару-жарақтар, үйге және табынуға керекті заттар жасаған. Жылқының жілігін ұштап, ағаш қашайтын құрал жасаған. Жылқы осы уақыттан бастап ХІХ ғасырға дейін құрлық бойынша қатынайтын негізгі көлік түріне айналды.

  • Ботайлықтар алғашқы металл-мысты игере бастаған.

  • Еуразия даласында алғашқы жылқы өсірушілер – ботайлықтар. Әлем ғалымдары жылқыны алғаш қолға үйрету ежелгі қазақ даласында болғандығын мойындады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет