Әож 37. 013: 001. 895( 075. 8) Болашақ бастауыш сынып мұҒалімінің сандық білім ресурстарын қолдануының маңыздылығЫ



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі28,03 Kb.
#19125
  1   2
Байланысты:
Ғылыми мақала 2021ж. ТСС и ОА


ӘОЖ 37.013:001.895( 075.8)

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ

САНДЫҚ БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Оңғарбай А.Е. – 1301-29 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Тілеуова С.С. – п.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент



Резюме

В данной статье рассматриваются теоритеческие аспекты обновления образовательной среды, формирование личности учащихся в условиях информатизации образования посредством информатизации учебного процесса их подготовки в образовательной школе.

Summary

This article deals with the theoretical aspects of educational field. They form students’ personality by a means of educational process’ informatization at schools in condition of educational informatization.
Қазіргі уақыт - қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артып отырған кезең. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басым бағыты болып табылады.

Бүкіл әлемдік білім беру жүйесінде әр жыл сайын инновациялар, соның ішінде, ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың қарқынды таралуы мен пайдаланылуы күн сайын артып келеді. Сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды. СБР құрылымын мұғалім оқыту үдерісі кезінде қолдана алады: жаңа материалды түсіндірген кезде, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау кезінде, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау кезінде [1]. Сандық білім беру ресурстары үй тапсырмаларын орындау кезінде және сабақ барысында материалды толық түсіну мен есте сақтауға көмектеседі.

Сандық білім беру ресурстарын қолдану сабақтарды түрлендіруге, оны мазмұны жағынан қанықтыра түсуге, оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етуге, сабақтың тиімділігін арттыруға, оқуға деген уәждемені туындатуға, оқушылардың дербес жұмыстарын жаңа ұйымдастырушылық деңгейде басқаруға, оқытудың дараландырылуын арттыруға; оқушылардың жұмыс нәтижелерін компьютерлік тестілеудің көмегімен бағалауға, жауаптарды тексеру үдерісін автоматтандыруға, мұғалімнің субъективті пікірін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, сандық білім беру ресурстарының интерактивтілігі оқу үдерісін жақсарту, сабақтардың тиімділігін арттыру, барынша оңтайландыру мүмкіндігін көздейді. Сандық білім беру ресурсы материалдарының гипермәтіндік белгілерінің болуы оқушыларға өздерінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне, дайындық деңгейіне қарай оқу материалының көлемін, зерттеу қарқынын, оқу қызметінің режимін және т.с.с. өз еркімен реттеуге мүмкіндік ашады. Бұл, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін өте маңызды, өйткені балалардың даму деңгейлері осы уақытта байқалып, қалыптасуы дәл осы кезеңде қуатты түрде жүреді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында өз бетімен білім алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабы қойылған. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты. Бұған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу және енгізу талап етіліп отырғандығы дәлел. Осыған орай білім беруді ақпараттандыру үрдісін жетілдірудің басты мәселесі қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалануда мұғалімдердің білікті болуы. Мұғалім, әдеттегідей, білім беру процесінің басты фигурасы болып қала береді, бірақ оның қызметі біраз өзгереді. Енді ол оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарының ұйымдастырушысы болып табылады. Әр мұғалім кез келген оқу пәнінен сандық оқу қорларын пайдалана отырып сабақ даярлап және оны өткізе алуы керек. Сондықтан АКТ саласындағы құзырлық, кәсіби педагогикалық қызметтің басты шарты болып табылады. Ең біріншіден, мұғалім қарапайым компьютерлік сауаттылықтан хабардар болуы тиіс. Яғни, компьютермен жұмыс жасай білу, компьютердің нақты бағдарламаларын білу, интернет-технологияларды меңгеру т.с.с.

Сандық білім беру ресурстары мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ педагогикалық қызметтің сипатын түбегейлі өзгерте алады. В.А.Исаевтың пікірі бойынша, сапалы сандық білім беру ресурстарын пайдалану оқу қызметінің, соның ішінде ақпараттарды тіркеу, жинақтау, сақтау, өңдеу, интерактивті диалог, нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды модельдеу сияқты әралуан түрлерін орындау барысында, заманауи ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік ашады [2].

Қолайлы режимде жұмыс істейтін мұғалімнің өзі бәрібір белгілі уақытта немесе оқу уақытының бір бөлігінде әрбір оқушыны көруі мүмкін емес, әрбір оқушының білім алуының және дамуының жеке қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіншілік бола бермейді. Осы жағдайда көмекке компьютер келеді, яғни компьютер мұғалімге де, оқушыға да қажетті көмек көрсете алады және көмектесуі қажет. Сондықтан, мұғалім іс - әрекетінде ақпараттық технологияны қолданудың нақты пәндердегі орнын, психологиялық, педагогикалық, эргономикалық талаптарын білумен қатар, кәсіби іс - әрекетінің ерекшеліктеріне жататын кәсіби дағдыларды да нақтылау қажет. Мұғалімде Интернет ресурспен жұмыс жасай білу үшін қажетті қолданушылық технологиялық білік болуы керек, яғни интернетпен жұмыс жасаудың кеңінен таралған бағдарламалық құралдарымен жұмыс жасау, мысалы, Internet Explorer, Netscape Navigator, Outlook Express, іздеу жүйелері және каталогтармен жұмыс жасай білуі. Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда мұғалімдердің кәсіптік қызметінде Интернет ресурстарды қолданудың маңызы зор. Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың көпшіліктің назары материалдық негізін қолданбалы бағдарламалық өнімдер (ҚБӨ) құрайтын оқытудың жаңа электрондық түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі. Электрондық оқыту құралдары интерактивті тақталар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер (МЛК), интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің ұлттық моделін жетілдіруде білім беру саласын ақпараттандырудың Мемлекеттік саясаты және де білім саласының субъектілерінің инновацияларды қолдана білу, пайдалана білу іскерліктерін қалыптастыруда халықаралық бәсеке индекстеріне сәйкестендіру маңызды әлеуметтік педагогикалық міндет болып табылады. Қоғам азаматтардың білімі мен біліктілігінің арқасында ғана алға жылжиды, жоғары да сапалы білімді мамандары бар ел ғана үлкен табыстарға қол жеткізеді деген қағидат күн тәртібінен берік орын алған. Осы орайда, білім сапасын арттыру мақсатында түрлі шаралар іске асырылып, бағдарламалар қабылданып жатыр. Жалпы білімді болашақ қалыптастыруда мұғалім дайындайтын шәкірттердің халықаралық стандарттарға сай білімді болуы заңды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Педагог мамандығының қажеттілігін арттыру және педагогикалық білім беруді жаңғырту» деп міндеттелген. Бұдан шығатын қорытынды, жаңа технологиялар мен инновацияларды пайдалана отырып, жас ұрпаққа білім, тәрбие беруде мұғалімнің өзі де осы тұрғыдан сауатты болуы тиіс екендігі басты талап ­[3].

Қорытындылай келе, СБР арқылы оқыту – өзінің тәсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше әдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Е.Т. Конюхова, сандық білім беру ресурстарын пайдалану оқушылардың жеке дербес қызметін жүзеге асыруы үшін, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдайлар тудыра алатынын атап өтеді [4].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет