Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады: Эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;
Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;
Жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;
Өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;
Мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;
Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;
Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;
Жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.
Ескерту: Құрметті студенттер! Эссені тапсыру мерзімі 26.09.2020 жылға дейін. Берілген мерзімнен кеш тапсырған студенттерге аралық бақылау бағасы қойылмайды.
Эссе MS Word бағдарламасында 1 файл ішінде орындалып, Moodle (https://md.ksu.edu.kz ) жүйесіне жүктеледі.