Эссе түсінігі. Эссенің ерекшеіктері



Дата07.05.2023
өлшемі17,45 Kb.
#90881

3-билет
Ақпаратты іздеу
Ақпарат іздеу- көптеген құжаттар ішінде немесе үлкен мәтін ішінде керекті деректерді табу процесі. Ақпаратты іздеу - қайсыбір құжаттар жиынынан берілген тақырыпқа арналғандарын, алдын ала анықталған іздеу (сұраныс) шарттарын қанағаттандыратын немесе қажетті (ақпараттық қажеттілікке сай) мәліметтерден тұратын құжаттарды табу үдерісі.
Ақпарат іздеу процесі бірнеше қадамнан тұрады:
Ақпарат сұранысын дайындау
Ақпарат көздерін белгілеу
Табылған ақпарат көздерінен деректерді алу
Деректерді зерттеп іздеу нәтижелерін бағалау
Эссе түсінігі. Эссенің ерекшеіктері
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.
Эссеге негізгі қойылатын талап-белгілі бір тақырыпты, мәселені талдау, сипаттау жэне бағалау болса, негізгі мақсаты-тақырыпқа байланысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген жауаптың дұрыстығына окытушыны (окырманын) сендіре білу болып табылады. Бұл эссенің өзге жазба жұмыстарынан ажырата білудегі басты талаптардың бірі ретінде көрініс табады. Сондай-ақ, эссені жазуда негізінен формалды стильді басшылыққа ала отырып, өз ойын нақты дәлелдер мен мысалдар арқылы жүйелі түрде беріп, ондағы әрбір бөлімнің талапқа сай жазылуын ескеру керек
Эссе ерекшеліктері
Эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы. Еркін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі.
Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен, эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады. Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.
Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан оны рефлексия түрінде қарауға болады.
Зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
— Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
— Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
— Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
— Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
— Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді
4-билет
Академиялық оқылым әрекеті
Академиялық бағытта оқылым әрекетін жүзеге асыру үшін мынадай қарапайым сатыларды орындаған абзал:
Жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну
Материалдардың тақырыпқа дұрыс сәйкес келетінін анықтау
Материалды оқып түсіну
Мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа байланысты өзге автордың ойын білу
Жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданатыны жайында ойлану
Оқыған мәтіннен түсінгенінді қолдану және жазба жұмысының тақырыбына жауап беру үшін өз пікірін беру
Оқырманды жазба жұмысында оқыған материалдардан алынған мәліметтерді дәлел ретінде қолдана отырып, зерттеу сұрағының жауабына сендіру
Зерттеу әдісі. Зерттеуге жасауға қажетті шарттар
Зерттеу жұмысы әдетте белгілі бір тақырыпқа байланысты теориялық еңбектерге шолу жасап, осы тақырып жөнінде автор қандай да бір пікірге келуі немесе ұсыныс жасауы мүмкін.
Зерттеу әдісін жазу барысында мынаны есте сақтау қажет:
Мүмкіндігінше толық ақпарат беру
Басқалар ақпараттың мәліметін түсіне алатындай және тәжірибеде қолдана алатындай болу қажет
Оқырман нәтижені бағалай және нақтылай алатын болуы шарт
Жинақталған мәліметтерге талдау жасау
Оқырманға бұл әдіс түрін не себепті таңдалғанын білдіру
Оқырманға жинақталған ақпараттың нақты екенін білдіру
Реферат жазу ережелері
Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет