Әуезе етіп айтар сөз иесін тапқан ән айдарлы


«ТАМЫРЫН ТАС ЕМШЕКТІҢ ИДІРЕТІН»



жүктеу 0.81 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«ТАМЫРЫН ТАС ЕМШЕКТІҢ ИДІРЕТІН» 
 
Дәулескер күйші Қали Жантілеуовтің тоқсанның томағасын 
сыпырған өнер керуенінен түйер тағылым мол 
 
Ақ түтек үскіріктің өтін ала,  
Қақталып, аптап ыстық отына да.  
Болдың ба бәріменен есептесіп,  
Толғауы тоқсан тарау тотынама. 
  
Өлгеннің арын арлап, тірінің де,  
Күні озды күмбірлеген бір үнінде.  
Сескенбей сен таныттың тәңірге,  
Намысын нар тұлғалы ірінің де. 
 
Осы жыр жолдары үстіміздегі жылғы сәуір айының 10 жұлдызында 
айтулы  күйші  Қали  Жантілеуовтің  мерейтойында оқылды.  Оны оқыған 
Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев. 
Бірі  аға,  бірі  іні  қазақ  өнерінің  екі  тарланы,  өнер  атаулының  екі 
саласының  жампозы  сахна  төрінде  төс  түйістірді.  Қалың  көрермен 
көңілінде  осынау  бір  жарастыққа  деген  ілтипат  шуағы  ойнады. 
Тоқсанның  томағасын  сыпырған  аға  қанатын  қомдап,  ой-хой,  әне  бір 
күндері  еске  түсті  ме,  кім  білсін,  буырканып  кеп-кеп  қос  шекті  көсіп-
көсіп жібергісі-ақ келген... Ақын інісінің екпіндеткен үні, кемерінен асып 
төгілердей  лыксыған  сезім  шумақтары  бұның  бойына  қуат,  ойына  нәр 
бергендей.  Күйші  көңілі  көк  дөненше  жүйткіген.  Өнер  кұдіреті  деген, 
міне,  осы!  Мұндай  дариға  дәуренді,  шуакты  сәттерді  дәулескер  күйші 
талай  мәрте  бастан  өткізген.  Ал  бірақ  олардың  әрқайсысының  өзіндік 
белгісі, тағдыр талайы, тарихы бар. 
 
*** 
ҚАЗАҚ ӨНЕРІ туралы әңгіме бола қалғанда Құрманғазы атындағы 
академиялық ұлт-аспаптар оркестрін ауызға алмай отыра алмайтынымыз 
рас  болса,  ал  соның  іргетасын  қалаушылардың  бірі,  тума  талант  Қали 
Жантілеуов есімі алдымен ойға оралатыны белгілі. Күйшіні тума талант 
деуіміздің  мәні  ол  бес  жасында-ақ  қолына  домбыра  ұстап,  кейін  оны 
өзінің  бүкіл  ғұмыр  жолының,  көш  керуенінің  сәніне,  салтанатына 
айналдырған.  Күйшілік  өнердің  есте  жоқ  ескі  замандардағы  ғибратты 
дәстүрін қайта жаңғыртып, қазіргі қазақ саз өнерімен екі арадағы алтын 
көпірі болып отыр. Ал ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың 
бірі  болатыны  1934  жылы  халық  өнерпаздарының  бірінші  слетіне 
қатысып, сол жолы ол жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан халық аспаптар 
оркестрінің уығын қадасып, көрегесін көріседі. Оқап Қабиғожин, Науша 
Бөкейханов,  Лұқпан  Мұхитов,  Жаппас  Қаламбаев  секілді  қазақ  саз 
өнерінің  жайсаңдары  мен  жампоздары  шоғырында      ұлтымыздың   
рухани, мәдени үрдісіндегі қам-қарекетке белсене кіріседі. 

 
 
Осыдан  90  жыл  бұрын  Орал  облысының  Жаңақала  ауданындағы 
түкпірдегі  Қамыс-самар  дейтін  ауылда  дүниеге  келіп,  содан  есейіп, 
ержете күйші бала, күйші Қали атанған   азаматтың   өнерпаз   ретінде   
қалыптасу  жолы  Мәмен  сынды  әруақты  күйшінің  өнер  мектебінің 
тағылымымен  тікелей  байланысты.  Кезінде,  асқан  шеберлігімен, 
дәулескерлігімен  талайға  таңдай  қаққызып,  шөліркегеннің  сусынын 
қандырған Мәменнің атақ-абыройы, домбыраға тіл бітірген қасиеті бала 
Қалидың да қиялын арбаған, көңілін көк дөненше жүйкіткен. 
«...Күйші  келді!  Мәмен келді!  Ақ отауда күй  тартады  екен!»  деген 
хабар  желмен  жарыса  өзенді  жағалай  қоныстанған  ауылға  лезде-ақ 
тараған. Күй, күйші десе ішкен асын жерге қоятын Қамыссамар жұрты 
аз-кем уақыттан соң-ақ Мәмен түскен үйге қарай ағылған. 
Бұлар  жеткенде  керегесін  жалаңаштап,  киізін  түріп  тастаған  ақ 
орданың  дәл  ортасында  қос-қос  кұс  жастықтың  ортасында  үкілі 
домбырасын бұлғақтатып, құлақ күйін келтіріп, күйші шабытына мінгелі 
жатыр  екен.  Мәменді  қолпаштап,  кеу-кеулеп  отырған  әлеумет  бір  сәт 
сілтідей  тына  қалған.  Міне,  ақсары  жүзі  бірде  қан  теуіп,  алабұртып, 
бірде  қуқыл  тартып,  күй  сазының  мың  құбылысына  іштей  еріп-балқып 
отырған күйші қос шекті бебеулетіп ала жөнелді. «Қайран, шешем» мен 
«Терісқақпай»,         «Ақшолпан»        мен «Науайы», «Баламайсан» мен 
«Назым»  бірінен  соң  бірі  ағыл  да  тегіл  құйқылжып,  төңіректі  тамаша 
үнімен  баурап,  матап  тастады  дерсіз  бір.  Үйдің  ішіне  кіре  алмай, 
керегеден сығалап қарап тұрған Қалидың, бүгінде тоқсанның томағасын 
сыпырған  дәулескер  күйші  Қали  бабаның  сол  бір  көріністері  әлі  күнге 
дейін  көз  алдында.          —  Бір        ғажабы,  -  дейді        Қалекең  әлгі 
жарықтықтың  домбыра  шертісі,  өзін-өзі    ұстау  мәнері,  бүкіл  болмысы 
көз  алдымда,  көкейімде  жатталып  қалыпты.  Мына  қызықты  қараңыз. 
Түннің  біраз  уағы болған  екен деймін.  Жұрттың  алды үйді-үйіне  қайта 
бастаған. Ал шын өнерсүйермін дегендеріңіз    әлгі    жерден   кеткісі    
жоқ. 
Әлден уақытта домбыра үніне балқыған мен ұйықтап кетсем керек. 
Әжем  Айболсын  үйге  әкеп  жатқызыпты.  Әлден  уақытта  ояндым  да 
Мәмен  домбыра  тартқан  үйге  жүгірдім.  Көз  алдымда  бір  елес:  күйшіні 
қошаметтеген  жұрт,  күй  нөсерін  селдеткен  күйші.  Келсем,  күйші  де 
аттанып  кеткен,  ел  де  тарқаған  екен.  Әлгі  үйден  40-50  қадамдай  ұзай 
берсем  болды,  жаңағы  көрініс  тағы  қайталанады.  Құлағымда 
күмбірлеген  Мәмен  домбырасының  үні.  Міне,  кері    бұрылып  әлгі  үйге 
қайта келдім. Ештеңе жоқ. Жым-жылас. Бұл менің 8-9 жасар  кезім болса 
керек.  Күйшілік  дейтін  киелі    өнер  ғой,  шырағым.  Міне,  содан  бері  ол  
менің көкірегіме қонған өнер періштесі секілді. 
Күйші  әлсін-әлсін  ентіге  отырып,  осыны    айтты  да,  еті  қашып, 
тарамданған  әлеуетті  саусақтарымен  қоңыр  домбырасын  сипап-сипап 
қойды. Өзінің ұлы ұстазын осылай еске алатын Қалекең айтса-айтқандай 
Мәмен күйшінің өзіндік дәстүрі, өнер мектебі  баршаға   аян.   Мұрты   
тебіндеп,  ат  тізгінінін  тарта  бастаған  шақта  Бөкей  ордасына,    одан 
бүтіндей  Батыс  Қазақстанға  аты  шығып,  топты жарғанМәмен  күйшінің 

 
 
орындаушылық  шеберлігі  шынында  да  кім-кімді  де  таңдай  қақтырмай 
қоймайтын еді. 
Күй  атасы  Құрманғазыдан  тағылым  алған  оның  домбырашылық 
дәстүрі  өзі  көзі  жұмылғанша  жалпақ    жәмиғатты  тәнті  еткен.  Қазір 
мәселен, ара-тұра болса да күй айтыс, күй тартыс делініп, екі күйшінің 
сахнадағы  сайысы  көрініп  қалып  жүр.  Бұдан  бірер  жыл  бүрын  күй 
айтысқа түскен белгілі домбырашылар Қаршыға Ахмедияров пен Сағын 
Жалмышовтардың  өнері  соның  дәлелі.  Өнер  зерттеушілерінің  пікіріне 
қарағаңда,  XX  ғасырдың  бас  кезінде  алты  алаш  таңдай  қаққан  күй-
айтыстың  үлгісі  Мәмен  мен  Динаның  арасында  болыпты.  Ал  мұндай 
нартәуекелге,  сайысқа  екінің  бірі  түсе  бермесі  белгілі.  Оған  күйшінін, 
күйшісі, дәулескері ғана шығатыны белгілі ғой. Олай болса, осы деректің 
өзі-ақ қос шекке тіл бітірген Мәмен мәртебесін әспеттейтіні сөзсіз. Міне, 
осындай  ерен  қасиеті  бар  тамаша  дарын  иесінің  дәстүрі  Қали  сынды 
көкірегіне  күй  періштесін  қонақтатсам  деген  талапты  жасты 
ынтықтырмай қоймасы анық еді.  
БЕРТІН      КЕЛЕ      ҚАЛИ      сол      Мәмен  дәстүрін    
жалғастырушылардың бірі  болды.  Кезінде,  ел  ішінде Мәмен   күйлерін   
өзіндік      бояу,  болмысында  тыңдаушыларына  жеткізушілердің    бірі  
Тоғайбай    болса,    Тоғайбайдан  үйреніп,      оны      бүгінгі      ұрпақтың  
қазынасы  етуге  үлес  қосқан  осы  Қали  Жантілеуов  еді.  Әсіресе,  
Мәменнің күй еркесі, күй сылқымы   «Ақшолпан»,   «Буырқанған   17   
жыл»,  тыңдаушысын     мың-сан          сазға  бөлейтін  «Қайғылы  қара», 
«Қаражан  ханым»  күйлері  Қалекеңнің  орындауында  нотаға  түсіріліп, 
таспаға жазылып алынды. 
1936  жыл  қазақ    мәдениеті  мен  өнерінің  дамуындағы  бір  белесті 
кезең еді. Мәскеуде онкүндікке қатысуға әзірлік басталған шақта халық 
аспаптар  оркестріне,  ең  алдымен  Қали,  Оқап,  Науша  секілді 
домбырашыларға  едәуір  салмақ  түскен.  Осынау  үркердей  үмітті  топ, 
уақытпен  санаспай  тер  төкті,  еңбек  етті:  күндіз  шеберліктерін  ұштау 
мақсатында  даярлықта  болса,  кешкісін  жас  домбырашылар 
үйірмелерінде өз білгендерін өзгелерге үйретті. Қазақ сазы өнерінің осы 
бір  түрі,  айдынды,  айшықты  саласы  қоғамдық  өмірдің  сан  уақиғалары 
алмағайып  түсіп  жатқанда  өз  дәстүрін  үзіп  алмаса  екен  деген  тілек 
болды оларда. Шүкір, сол тілек орындалып келеді. 
Қали  күйші  астанадағы  №2  орта  мектепте,  кейін  музыка 
училищелерінде,  1944  жылы  консерватория  ашылғанда  сонда  ұстаздық 
етті. Содан бері енді міне, ол күйшілігі мен ұстаздығын теңдей, телдей 
етіп келеді. Қос ғасыр арасындағы күйшілік өнер дәстүрінің алтын көпірі 
іспетті  оның  мектебінен  тағылым  алған  азаматтар  көп,  тым  көп.  Р. 
Омаров, Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев, Қ. Ахмадияров, Ә. Есқалиев, Ә. 
Райымбергенов,  А.  Шәріпов,  Т.  Шаменов,      А.      Жайымов      секілді   
күйшілер    осы  бүтіндей  Батыс  Қазақстанға  аты  шығып,  топты  жарған 
Мәмен  күйшінің  орындаушылық  шеберлігі  шынында  да  кім-кімді  де 
таңдай қақтырмай қоймайтын еді. 
Қалекең дәстүрі мектебінде тағылым алған  өнер иелері. 

 
 
— 
Сізді    кезінде  термеші,    әнші  болған  екен  деп  жазады 
зерттеушілер. Бұл туралы не   айтар    едіңіз,— дейміз   сауал   тастап   
күйшіге. 
— 
Олардың    сөзінің      жаны      бар,      шырағым,—  дейді    әңгімесін 
сабақтап  Қалекең.  —  Осы      Алматыға      келгенге      дейін      (күйші 
Алматыға  1934  жылғы  алғашқы  келген  жылдарын  айтып  отыр)  таңды 
таңға  ұластыратын  бірнеше  термені  жатқа  білуші  едім.  Махамбеттің, 
Аралбайдың,  Қашағанның,  Мұраттың,  Тазбаланың  өсиетті-ғибратты 
жырларын  жұрт  алдында  әлденеше  рет  айтқанмын.  Ал  енді  осында 
Алматыға  келген  соң  сол  термелерді  сиректеу  айтатын  болдық.  Өмір 
дегеніңіз  қызық  қой  өзі.  Ол  кездері  әлгі  айтып  отырған  ақындардың 
сөздеріне  үрке  қарау  басым  еді.  Олардың  жырларын  айту  ескілікті 
заманды  аңсаумен  бірдей  етіп  қабылданатын.  Бірді-екілі  ойын-тойда 
терме  айтқанымда  лауазымды  дейтін  кісілер  тыйым  салғаны  есімді. 
Бірақ  өзіміздің  дастарқан  басында,  үй  ішінде  жыршылық  ғадетімнен 
танғаным  жоқ.  Дегенмен,  алқалы  сахнада  айтып,  термешілік  бабында 
үнемі болмаған соң ол сөздер де ұмытыла бастайды екен. Ақиқат міне, 
солай, айналайын. 
Қалекеңнің    біздің    сауалымызға    осы жауабы  біраз  нәрсені   
аңғартқандай.   Ал оны індетіп, мәселенің мәніне бойлаймыз десек, небір 
пәлсапалық  жосықтың  жетегінде  кетер  едік.  Мұның  бәрін  сол 
аласапыран уақыттың    өзіндік    белгісі,    халық басындағы нәубеттік 
жылдардың бір тағаны деп білуіміз ғана қажет. 
ЖУЫРДА     АСТАНА     жұртшылығы Қалекеннің    тоқсан  
жылдығына орай құрмет көрсетті. Құрманғазы атындағы академиялық 
ұлт-аспаптар оркестрі үйінің мәжіліс залында күй кеш өтті. Онда 
күйшінің шәкірттері жүрекжарды лебізін айтып, өнер көрсетті. 
 
Күй  кешінің ертеңіне мерейтой  иесіне сәлем бере барғанбыз. 
— 
Кешегі   салтанатқа   қанағаттандыңыз ба?— дейміз сыр тартып 
қариядан. 
— 
Ойбай-ау,  қанағаттанбағанда  енді  қайтеміз.  Пейілдеріңе  рахмет,  
халқыма рахмет. Тоқсанға келген күйші шал бар екен деп азаматтардың 
ескергендеріне рахмет. 
— 
О   жағы   дүрыс   қой   енді.    Ал   концерттен қандай әсердесіз? 
— 
Мына  Айтқали  баламның  ықтиярына  берілген        оркестрдің    
домбыра    шертісі, сазы  ұнады.  Әншейінде,  елдің бір сөзін естіп,   бір   
сөзін   естімейтін   мына   құлақ шіркін  со жолы   ерледі.   Әлде домбыра 
сазының  құдіреті  ме,  қайдам.  Әйтеуір,  әні  бір      жылдардағы      күй   
күмбірімен   қайта қауышқандай болдым. 
Қалекең сөзінің жаны бар. Сол жолы оркестрге Айтқали Жайымов 
дирижерлік  еткен.  Ал  қарт  күйшінің  ол  басқарған  ұжымға  ризашылық 
білдіретіні  —  Айтқалидың  оркестрдің  өн  бойына  саз  өнерінің  қазақы 
қасиетінің бояуын сіңіруге тырысып келе жатқындығы еді. 
— 
Айтқали  Қазанғаптың  «Көкілін»,        Баламайсанның   
«Дүниеғапылын»   тартқанда ілгеріректегі  аға буын  күйшілер дәстүрі, 
солардың  орындаушылық  шеберлігі  ойға  оралады,—  дейді  Қалекең.  — 
Күй дегеніңіз шырағым, толғауы тоқсан саз өнерінің киелі бір түрі ғой. 

 
 
Домбыра  сабалағанның  бәрі  күйші  емес.  Оның  да  өз  иесі  болады,  осы   
киелі   өнер   бойына   қонатын   адам болады.   Әңгімесін   әлсін-әлсін   
үзіп-үзіп
 
ойын   сабақтаған   қарт   күйшінің  күйшілік дәстүр қақындағы 
пікірі естір құлақ болса, қаперге ілерлік. 
Айталық,  біз  күні  кешеге  дейін  жалпы  саз  өнері  үрдісінде 
Орталықтың  емеурініне  жығылып  келсек,  енді  міне,  тәуелсіз 
мемлекеттің  ез  болмысын,  өз  тарихын,  рухын  бедерлейтін 
қазыналарымызды  жарыққа  шығаратын  кез  келді.  Осы  таяудағы  бес-
алты жыл ішінде бұл бағыттағы шаруаны күрт қолға алмасаң, кейін кеш 
болады.  Себебі,  көненің  көзіндей  сол  дәстүрлерді  сақтап  келе  жатқан 
кісілер  дүниеден  өтеді.  Ал  олар  барда  қазіргі  техниканың  мүмкіндігін 
пайдаланып,  киноға  түсір,  суретке  түсір,  дауысын  жазып  алып  қал. 
Мұның  бәрі  келер  ұрпақ  үшін  қажет  нәрсе.  Екінші  бір  мәселе,  күй, 
күйшілік  дәстүр  насихаты  әлі  де  жетпей  жатыр.  Әне  бір  жылдары 
домбыра  шерту  ескіліктің  қалдығы  деп,  домбыраны  отатқан  саясатты 
көзі  көрген  Қалекең  бұл  жағдаяттарды  жаны  ауыра  айтады.  Күй 
айтыстар, күй кештері неге жиі өткізілмеске? Қадірлеп, қолға алса бағы 
жанайын  деп  тұрған  шаруа  бұл.  «Әркімге  арман  болған  жастан  мен  де 
өтермін,  кетермін,—  дейді  Қалекең.  —  Ал  бірақ  ақын  інім  Жұбан 
жазғандай мың өліп, мың тірілген қазақ үшін рухани үрдісіміздің алтын 
бесігі домбыра күмбірі үнемі даламызда есіп тұруы керек». 
*** 
Күй тартсаң, ел алдында дара шығып,  
Елтіді махаббаттың жар асығы,  
Жүре бер арамызда алыптардың  
Мөлдіреп қалған жалғыз қарашығы.  
Мен саған бата қылсам жыр құзырын,  
Жетелеп немереңнін жүргіз ұлын.  
Пейіштің гүл бағында анық сонда, 
 
Сүйесің ак бетінен үр қызының. 
 
Күй  кеші  сарайын  күмбірлеткен  жыр  шумақтары  сахна  төріндегі 
алып бәйтеректей тамыр жайған күйші тұлғасын онан сайын сомдандыра 
түскен. Аға даңқын әспеттеген інінің жүрекжарды лебізі сәуір шуағына 
малынған Алматыға жана бір реңк бергендей. Ал көрермендер алақаны 
ақтарылған ризашылық сезімі бүтіндей алаш жәмиғаты тілегін жеткізіп 
жатқан-ды. 
 
1992 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
ТҰҢҒЫШ 
 
Қазақ мүсін өнерінің негізін салушы 
Хакімжан Наурызбаевтың шығармашылық 
мектебі туралы толғам 
ҰЛЫҚ БОЛСАҢ, КІШІК БОЛ 
Бұдан бес ай бұрын қазақтың екі зиялысының арасында мынадай 
әңгіме болган. Бірі — академик Манаш Қозыбаев, екіншісі — мүсінші 
Хакімжан Наурызбаев. 
— 
Хаке, жетпіске ентікпей-шалдықпай жеттіңіз! 

 
Шүкір, денсаулыққа шағым жоқ әзірге. 

 
Жеті қырдан астыңыз. Оған жеткен де бар, жетпе-ген де бар. 

 
Тағдырға  ризамын,  тәңір  қолдап  жебесе  бұйырғанын  көре 
жатармыз тағы да. 

 
Ел  алдында  есеп      берер  шақ  қой  бүл.  Ауылға  барып  аунап-
қунап қайтсаңыз да артық болмас еді. 

 
Тойлатайық  дейсің  ғой.    Қайтеміз  соны.  Жетпіске 
келіп жатқан қазақтың қара шалдары аз ба? 

 
Дегенмен,    сіздің жөніңіз бөлек. Ел ішіндегі мәслихат сіз үшін 
ғана емес,    келер ұрпақ үшін, өсер өрімталдар үшіп керек қой. 

 
Ауылдың  ыңыршағы  айналғалы  тұрган  шақта  бөркімізді 
аспанға  атып        алақайлауымыздың  реті  қалай  болар  екен,  осы? 
Көпшілік 
 
 
 
түсінсе 
жақсы. 
Ұрпақ 
туралы 
әңгіме  айттың.  Оның,  әрине,  дұрыс.  Онан  да  мен  көрме 
ұйымдастырсам.  Көрермен  сол  көрмеден  ғибрат  алса.  Тұшырқанып 
сүйсінсе. Соның өзі жетіп жатыр ғой. Үйренемін дейтін ұрпақ болса, 
менің мына шеберханамның өзі бір мұражай. 
Мүсінші  әңгімесі  ойға  жетелейді.  Ал  Хакімжан  Наурызбаев 
қазақтың анау-мынау  қазақтың қара шалдарының бірі емес, бірегейі. 
Ол  —  қазақтың  тұңғыш  мүсінші-сі.  Бірақ  тұңғыш  мүсіншімін  деп 
кеуде  соғып,  кергіп  отырған  ол  жоқ.  Әңгімені  саралап,  салмақтап 
бүгінгі тірліктің төңірегінен өрбітеді. Бұл да болса көргенді адамның, 
көшелі кісінің ұлағаты болар. 
Қараңыз,  егер  Наурызбаевтан  басқа  біреу  болса:  «Мен  жетпіске 
келдім,  мінеки.  Сый-сияпаттарың  қайда?»  деп  төбемізді  оярдай 
тепсінер  еді.  Министрлер  Кабинетінің  есігін  тоздырып,  атқа 
мінерлердің  екі  аяғын  бір  етікке  тығып,  маған  анау  керек,  мынау 
керек деп зікірді салар еді ғой. Сөйтіп, мерейтой иесін марапаттаудан 
марафон  басталар  еді  де,  ұлықтың  алдында  жалпақтаудан  жан 
салмайтын кейбіреулер өз «өнерлерін» көрсетіп-ақ бағар еді.  
Егер  жетпіс  жылдығым  аталмай  қалды  деп  білек  сыбана  кіріссе 
Хакеңе ешкім  қой демес еді.  Ал бірақ  үлкен  жүрек  иесі,  тума  талант, 
дархан  дарын  Хакімжан  Наурызбаев  өзінің  ұлылар  көшіндегі 
көргенділігін,  көшелілігін  бұл  жолы  көрсетіп  отыр.  Ол  ешкімнің 
алдына алақан жайып барған емес. Өйте қой, бүйте қой деп сұранып 

 
 
тілемсектенген  емес.  Өнерім  —  өмірім,  ғұмырым  —  ғибратым  деп 
тіршілік кешіп келе жатқан түңғыш қазақ мүсіншісінің арман-мақсаты 
біреу-ақ.  Ол  халқым  үшін  қалтқысыз  қызмет  етсем  деген  ниеттен 
туған мұратты ой. 
Бұл  кешегі  өткен  Мұхаң  меп  Сәбең,  Ғабеңмен  табақтас  болып, 
таралғы  тартысқан  Хакімжан  ағамыздың  ғұмырынан  түйер  ғибраттың 
бірі болар, бәлкім. Би ағаның «Ұлық болсаң, кішік бол» деп айтылатын 
қанатты  қағидасының  мүсінші  зердесінде  жиі  қайталануының  мәні  де 
осы шығар. 
«ЛЕНИНДІК СЫЙЛЫҚТАН НЕГЕ БАС ТАРТТЫМ?» 
Хакімжан Наурызбаевтың атақ-абыройы бір басына жетіп жатыр. 
Қазақстанның  Халық  суретшісі,  екі  мәрте  республика  Мемлекеттік 
сыйлықтарының лауреаты. Ұлағатты ұстаз, профессор. 
Ал  осының      бәрін    жиыстырып  қойғанда,        Хакеңнің  атын 
әспеттейтін ерекше тұлғалайтын ел жүрегінде орныққан бір ұғым бар. 
Ол  —  тұңғыш  қазақ  мүсіншісі  деген  атақ.  Осы  атақтардың  абырой 
мәртебенің  бәрі  тізбек-теліп,  өзінен  өзі  келе  қалған  жоқ.  Мұның 
астарында жетпіс жылдық ғұмырдың қуанышы мен реніші, алмағайып 
уақиғалары,  өнер  сапарының  ләззаты  мен  кермекті  күндері, 
шығармашылық ізденістің шиырлы-қиырлы соқпақтары жатыр. 
Сол соқпақтың бастауы көбіне көп әсем Алматымен тағдырлас екені 
тағы ақиқат. Өйткені Хакеңнің бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігі 
осы астанада өтті. Ел астанасын рухани құндылықтарымыздың ошағы 
ету,  Қакеңнің  де  мақсаттарының  бірі  болды.  Бүгінде  Алматы  төрінде 
Абай  мен  Шоқан  мүсіндері  асқақтап  тұрса,  ол  мүсінші  мақсатының 
орындалғаны. Әңгімеден әңгіме туады. 
— 
Абай  ескерткішінің  дәл  бүгінгі  қалпына  орнатылуына  оның 
композициялық  шешімінің  ойдағыдай  шығуына  Мұқаң  —  Мұхтар 
Әуезов көп көмек көрсетіп еді,— дейді Хакең әңгіме жібін сабақтап.— 
Ал ескеркішті салу жөніндегі тапсырма алуымның өзі бір оқиға. Бір 
күні Министрлер Кеңесіне шұғыл жетсін деген хабар алдым. Келсем, 
Д. Қонаев, В. Беляев, Т. Тәжібаев және М. Әуезов отыр екен. Әңгіме 
Алматыда Абай ескерткішін орнату туралы өрбіді. Сөз реті келгенде Т. 
Тәжібаев: «Мына Хакімжан әлі жас қой, ал Абай аға образын шығару 
үшін  батылдық  керек.  Сондықтан  осыны  тәжірибесі  мол  Урманчеге 
берсек қайтеді» деп ұсыныс айтты. 
Арада  екі-үш  минуттық  үнсіздік  орнады.  Сонан  соң  әдеттегідей 
биязы,  әуезді  қоңыр  үнімен  Мұқаң  Төлегенге  қарап:  «Әй  Төлеген-ай, 
қашанғы  осы  өзімізді-өзіміз  олқысына  береміз.—  Біле  білген  жанға 
Хакімжан  халқымыздың  тұңғыш  мүсіншісі  ғой.  Бұдан  басқа  қазақтың 
қай  баласы  саз  балшықтан  өнері  өріп  жүр.  Ал  енді  сен  қазақтың 
Абайдай  алыбының  мүсінін  осы  балаға  беруге  азырқанып  отырсың. 
Абайды Хакімжан салуы керек». 
Әңгіменің шиыршақ ата бастаған райын байқаған Димаш аға басу 
айтып,  жалпы  қазақ  мүсін  өнерінің  болашағы  туралы  өзінің 
толғаныстарын ортаға салды. Сөйтіп сол әңгіменің ақырында мен Абай 
ескерткішін салатын болып тапсырма алып шықтым. 

 
 
Тапсырма  алуын  алғанмен,  енді  мұны  қалай  орындаймын  деп 
уайым  шектім.  Бірлі-екілі  кездескенде  менің  осы  қалпымды  байқап 
қалған  болу  керек.  Мұқаң:  «Әй,  Хакімжан,  жасыма,  жігерлен.  Абай 
ағаңның аруағы қолдайды, батыл іске кіріс. Ойлануга уақыт жоқ» деп 
әңгімені шегеле айырды. Сонымен, ақын образын мүсіндеуге кірісіп те 
кеттім. 
Мүсін  өнерінін;  өнердің  өзге  түрінен  көп  өзгешелігі  бар  десек, 
соның  бірі  болашақ  туындының  жер  жағдайымен,  геокеңестікпен 
үндесіп  жатуы.  Ескерткіш  салынатын  ең  алдымен  оның  болашақ 
тұратын  орны  мұқият  еске  алынуы  керек.  Осы  шарт  ойдағыдай 
орындалғанда  ғана  ескерткішке  «жан  бітеді».  Осы  ой  тыным 
таптырмаған  Хакең  аяғынан  тозып  Алматының  төрт  бұрышын  түгел 
шарлап  шығады,  қолайлы-ау  дейтін  тұсты  келіп  Мұқаңа  айтады.  Ол 
кісі жаратыңқырамайды. Сөйтіп, күн артынан күн өтіп жатады. 
Бір күні Хакімжан бозала таңнан Мұқаңның есігін қақты. 
— 
Мұхтар аға, таптым, таптым. 
Ол кісі де мұның нені меңзеп тұрғанын түсінсе керек: 
— 
Қалай  екен,  қалай  екен?—  деп  өзіне  қарсы  сұрақ 
қойды. 
Хакімжан бас бармағын шошайтты. 
— 
Кеттік онда! 
Екеуі  қазіргі  Абай  ескерткіші  тұрған  жерге  келді.  Мұнда 
құмырсқаның  илеуіндей  қайнап  жатқан  қала  базары  бар  болатын. 
Болашақ  ескерткіштің  сұлбасын,  тау  бөктерінен  шығып  келе 
жатқандай  Абай  бейнесін  көз  алдына  бір  сәт  елестетк  Мұқаң 
ризашылық сезімін жасыра алмады. 
— 
Әй,  Хакімжан-ай,  тапқан  екенсің.  Бәрі  ойдағыдай 
болады, болады,— деп жас мүсіншінің арқасынан қақты. 
Болашақ ескерткіштің өрнегін қиялында орнықтырған Хакімжан 
аз-кем уақыттан соң Абай аға ескерткішіне зор шабытпен кірісіп кетті. 
Өзінің  бас  кеңесшісі  Мұқаңмен  әлсін-әлсін  кеңесіп  отырудың  да  зор 
пайдасы тиді. 
Араға уақыт түсіп, айтылған тұста ескерткіш те орнатылды, көңіл 
де  жайланды.  Сөйтіп  Хакімжанның  ұлы  жазушы  Мұқаңмен  арадағы 
қарым  қатынасы,  ағалы-інілі  сыйластығы  ұлғая  түсті.  Абай  образын 
сөз  өнерінде  сомдаған  Мұқтар  Әуезов  болса,  ал  тас  мүсінде  ақын 
тұлғасын  бедерлеген  қазақтың  тұңғыш  мүсіншісі  Хакімжан 
Наурызбаев.  Екеуі  көп  жағдайда  сапарлас  болды.  Әсіресе  қол 
ұстасып Мәскеуге жиі баратын бұлар. Оның бір сыры екеуі Лениндік 
сыйлықтар жөніндегі комитеттің мүшесі еді. 
Ұмытпасам  1962  жылдың  жазы  еді.  Сол  жылдары  бүкіл  дақ 
көлемінде  дүниеге  келген  ескерткіштердің  қатарында  Қазақстан 
астанасындағы  Абай  ескерткіші  зор  бағаға  ие  болды.  Хакен  еңбегі 
мамандардың  тарапынан  лайықты  бағаланып  жатты.  Лениндік 
сыйлыққа  ұсыну  жөніндегі  комитеттің  арнайы  мәжілісінде  Хакімжан 
Наурызбаевтың  Абай  ескерткіші  Лениндік  сыйлыққа  лайық  деп 
танылды.  Комитет  мүшелері  өздерінің  дуалы  пікірлерін  айтып,  жас 

 
 
қазақ  мүсіншісінің  еңбегіне  зор  баға  берді.  Алайда  сөз  реті  өзіне 
келгенде  Хакімжан  Наурызбаев  әдеттегі  қарапайым  мінезімен: 
«Лениндік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі бола тұра өзгелерден 
бұрын  өзіміздің  осы  атақты  алып  жатуымыз  қалай  болар  екен... 
Жасаған  дүниелеріміз  халқымыздың  көз  қуанышына  айналса,  одан 
артық  қандай  сыйлық  болмақ.  Ал  лауреаттық  атақ  ізденісіміздің  бір 
өлшемі  болар.  Сондықтан  оны  келер  күндердің  еншісіне 
қалдырмайық» деп өз кандидатурасын өзі алып тастады. 
Хакімжанның бұл қылығына дегеп реніш жасыра алмаған Мұқаң: 
«Айналайын-ау,  бұл  саған  ғана  емес  еліңнің  мәртебесі  үшін  де  керек 
дүние  еді  ғой.  Уақыттың  да  өлшемі  өзгерер.  Ал  бірақ  әр  нәрсе  өз 
кезегінде, өз кезеңінде «базарлы ғой»— деп сөзді қысқа қайырыпты. 
Кезінде  ұлы  адамның  осы  бір  сөзі  арқасына  аяздай  батып 
қаншама  ойға  жетеледі  десеңізші.  Мұқаң  біліп  айтқан  екен.  Қазақ 
деген  халықтың  тағы  бір  ұлы  Лениндік  сыйлық  алып  жатса  одан  ел 
мәртебесі асқақтамаса, ортаймасы анық. Ал бірақ мүсіншті зердесінде 
ерте келген атақ, астамшылыққа ұрындырып жатады дегенді көп естуші 
едім. Асудан, тасудап сақ, болайық деген ой да жылт етіп қылаң бермей 
қалған жоқ. 
«АҚТЫ ҚАРА ДЕУ АБЫРОЙ ӘПЕРМЕЙДІ» 
«Шәкіртсіз  —  ұстаз  тұл».  Мұның  ақиқаттығына  Хакеңнің  ғұмыр 
жолы  өнер  кеші  де  айқын  көз  жеткізіп  отыр.  Осыдан  біраз  бұрын 
Қостанай  облысының  Ұзынкөл  ауданында  Отынағаш  дейтін  елді 
мекенде бір мәре-сәре мәслихат болды. Әкімі де, ақыны да жарыса да 
сөз  алып  ел  бірлігі,  жер  тұтастығы  өнер  шоқтығы  туралы  ағыл  да 
тегіл  ақ  дариға  ықылас  ернесінен  асып  төгіліп  жатты.  Сонда 
Хакімжан  Наурызбаевтың  шәкірттері  дө  сөз  алған  еді.  Шәкірттері 
туралы  әңгіме  бола  қалғанда  Хакең  Төлеген  Досмұхамбетовтың,    
Еркін  Мергеновтың,  Ескен  Сергебаевтың  есімдерін  ілтипатпен  ауызға 
аладьі.  Қарағандыда  тұратын  Алексей  Цой,  москвалық  Алексей 
Абалаков  та  өздерін  Хакімжан  ағаның  мектебінің  шәкірттеріміз  деп 
есептейді. 
— 
Адам анадан мүсінші болып тумайды, жазушы болып тумайды. 
Ал  бірақ  сол  өнерге  баулитын  талант  рухы  сәби  бойында, 
пешенесінде  болуы  мумкін.  Ол  есейе,  ер  жете  туған  топырақтың, 
жаратылыстың  әсерімен  өз  бойындағы  тума  талантты  дамытады.  Оған 
айнала  кеңестік  әсер  етеді.  Олай  болса,  Хакімжан  ағамыздың  бойына 
талант  дарытқан  мына  Отынағаш  топырағы  болса,  ал  сол  таланттың 
көзін  ашқан  оның  өнер  ортасы.  Ағаларының  аялы  алақаны.  Ел 
өнөрінің  болашағына  деген  кенен  көзқарастың  жемісі.  Хакімжан 
ағамыз қазақ мүсін өнеріндегі тұңгыш ізашар ретіндо тарихта қалды. 
Жақсы болсын, жаман болсын қалай болғанда да аға ұрпақ өкілінің 
жасап  кеткен  еңбегін  тарихтың  еншісі  деп  білуіміз  керек.  Өткеннің 
бәрін  мансұхтау,  терістеу  кешірімсіз  ғадет.  Сондықтан  да  біз 
болашағымызды  өткен  тарихымыздың  өнегелі  тұстарымен  өлшеп-
пішіп,  келешекке  бағдар  жасауымыз  керек  —  дейді  Төлеген 
Досмағамбетов. 

 
 
Төлеген  айтса  айтқандай  Хакімжан  Наурызбаевтың  қазақ  мүсін 
өпері  тарихындағы  еңбегі  өлшеусіз.  Хакеңнің  өзінің  қолтума 
дүниелерін  былай  қойғанда  оның  ұстаздық  ұлағаты  өз  алдына  бір 
әңгіме.  Алматы  мемлекеттік  сурет  училищесі  жанынан  мүсіншілер 
класын  аштырып,  соның  басы-қасында  жүріп  болашақ  мүсіншілер 
баулуда қыруар еңбек сіңіріп келеді. 
Мүсіншіні  мұратына  жетелеген  қай  ісі  болса  да  жалпақ  жұрттың 
көз  алдында.  Иненің  жасуындай  жасаған  жақсылық  болса,  онысы 
халық құрметіне ие. Осынау аз-ды-көпті ғұмырындағы бұл жүріп өткен 
сақнаң  ескерусіз  қалған  емес.  Сондықтан  да  бір  өнер  иесінің 
шығармашылық  мектебі  туралы  әлденеше  пікірдің  қосарлана  үндесіп, 
тіпті кейде қарама-қайшы түсіп жататынына да таңдау-ты болмайды. 
Ал  бірақ  осы  өлшемді  желең  етіп,  жариялық,  демократиялық  үрдісті 
өзінше  бопсалап,  өткеннің  бәрін  терістеуді  сәнге  айналдырғанымыз 
да  жасырын  емес.  Сөйтіп,  батыр  көрінгіміз  келеді.  Онымыз 
нысанадан  шығып  жатса  кәні?  Ал  керісінше  болса  ше?  Жақында 
«Вечерняя Алматы» газетінде Дастан Елдесовтың сұхбаты жарияланды. 
Сұхбатқа  бүгінгі  Алматыдағы  сәулет  және  мүсін  өнерінің  жай-
жапсары  өзек  болған.        Дастан  Елдесовтың  пікірінше,  астанадағы 
Абай,  Шоқан  Уәлиханов  сондай-ақ,  Мұхтар  Әуезов  ескерткіштері 
қалай  болса  солай  салына  салған,  көрерменнің  талғамынан  шықпайтын 
дүниелер-мыс.  Дастан  Елдесов  Абай  ескерткіші  орнатылған  тұрғыдан 
бастап  оның  болмыс  бітіміне  дейін  ревизия  жасайды.  Республика 
Ғылым  академиясы  алдында орнатылған Шоқан Уәлиханов ескерткіші 
де осы сыннан құр алақан қалмаған. Сөйтіп, оның пікірініне Алматының 
көше-кешелеріндегі  ескерткіштер  мен  бюстер  әйтеуір  науқандық 
шаруалар  ретінде  орнатыла  салынған  дүниелер  екен.  Елдосовтың 
сөзіне  ерсек  астанадағы  талай  ұрпақтарымыздың  көз  қуанышына 
айналып,  рухани  эстетикалық  тәрбиенің  азығына  айналып  келген  өнер 
туындылары  ендігі  жерде  іске  жарамсыз  болмақ.  Сонымен  қоса 
Қазақстан  мүсіні  өнерінің  де  өткені  жоққа  тән  деген  қорытынды 
шығаруға тиісті екенбіз. 
Әрине,  сын  тұрғысынан  келсек,  өткеннің  бәрін  мінсіз  кедір-
бұдырсыз деп бағалау біржақты болар еді. Алайда өткен жолымыздың 
бәрін терістеп бәрін жаңадан бастайық деген әңгіме де ақылға сыймақ 
емес.  Біз  қалайық,  қаламайық  Алматыны  Алматы  етіп  тұрған,  оның 
тарихын байытып, сәулеттік сәніне әр беріп тұрған қала ескерткіштері. 
Бұл  ескерткіштер  кезінде  өзінің  лайықты  бағасын  алып,  өнер  сүйер 
қауымның  эстетикалық  тұщымьн  қалыптастыруға  үлес  қосқан  өнер 
туындылары. 
Газет  жариялынымы  туралы  әңгіме  қозғалғанда  Хакең 
бірқалыпты жымиып қана: 
— 
Біздің  халық  дана  халық  қой.  Көп  құбылысты  бір 
ғана  қанатты  сөзбеп  түйіп,  шегендеп  отырған.  «Ит  үреді, 
керуеп  көшеді».  Ал  өмір  өз  заңымеи  жалғаса  береді.  Біз 
Елдосов  бірдеңе  айтты  екен  деп  қолымыздағы  еңбек  құралымызды 
тастауымыз 
керек 
пе. 
Жоқ, 
қайта 
шығарма- 

 
 
шылық  ізденісті  ширата  түсуіміз  қажет,—  қай  нәрсенің 
де терешісі — халық,— дейді. 
Сосын  Хакең  ана  бір  жылдар  тасасында  қалған  уақиғаны  еске 
алды. 
— 
Елдосов  дегеніңіз  кім  ол,  ол  түгілі  мені  мүйізі  қа- 
рағайдай  Вучетичтіц  өзі  құлата  алмаған,—  деп  сонау  көк- 
жиекке  ойлана  көз  тастады      да      әңгімесін  сабақтай  түсті 
мүсінші.  
«ВУЧЕТИЧ БІЛІМСІЗДІГІН ҚАЛАЙ КӨРСЕТТІ» 
Көз — адам жансырының, жанжүйесінің айнасы. 
— 
Менімен  әңгімелесе  қалған  кісінің  көкөйінде  ерте 
ме,    кеш  пе  әйтеуір  бір  айтылатын  сауалдың  тұратынын 
білемін.  Ол  мына  менің  бір  көзіме  байланысты.  Әлдене- 
ше  журналист  келген,  әлденеше  рет  айтқанмын.  Тағы  да 
айтамын. 
Мүсінші қолындағы қағаздарды аударыстырып қойды да әңгімені 
әріден  бастады.  Қостанай  облысындағы  Меңдіғара  ауданына  қарасты 
Үшкөлдің  төңірегіндегі  Матақайлардың  ауылында  тудым.  Біздің 
атамыз  Наурызбайдың  кіндігінен  7  ұл,  2  қыз  тараған.  Менің  әкем 
Есімхан бабамыздың үшінші ұлы болыпты. Кішкентайынан еті тірі боп 
өскен әкеміз өнер атаулыдан да құралақан емес екен. Ағаштан түйін 
түйген шебер, ептеп мал сырқатын қарайтын дәрігерлігі де болған. Ал 
шешеміз Рақыш осы өңірге танымал Жиенбай деген кісінің қызы екен. 
Жиенбай  әулетімен  аңшылық,  саятшылық  дәстүрді  берік  ұстаныпты. 
Осындай  ортадан  шыққан  шешеміз  Рақыш  та  өнер  десе  ішкен  асын 
жерге  қойып  өскен  дейді.  Әншілік  ақындығы,  ауыл  аймақ  құрметеген.       
!
 
Бір  ақиқат  өнер  атаулы  бірімен  бірі  қанаттас,  сабақтас.  Демек, 
Хакеңнің  бойындағы  мүсіншілік  қасиет  талант  та  мен  ананың  өнер 
атаулыға құштарлығынан ізгі-ілтипат ниетінен тараған. 
— 
Міне  мынау        қоржын  бөлмелі  үйді  көрдіңіз  бе,— 
деп  мүсінші  алдыма  фотосуретті  тастай  берді.  Мен  ес  біл- 
генше  осы  үй  ән  мен  күйдің,  ойын  сауықтың  ордасы  бол- 
ды.  Ал  енді  мына  әрекілік  әңгімеге  өзек  болатын  кез  оқи- 
ғасы  да  осы  үйде  болғанға  үқсайды.      Бесікте  жатқан  ба- 
ланың  көзіне  үй  төбесінің  сылағы  түсіп      кетеді.  Оны  дер 
кезінде        дәрігерге        көрсете  алмаған      әке-шешеміз  қатты 
өкініп,  әңгіме  айтып  отыратыны  әлі  есімде.  Бар  оқиға  осы 
ғана.  Ал  бірақ,  менің  бір  көзімнің  кемістігі  бар  екендігі 
өнер  оқу  орындарының  қай  қайсында  жүрсем  де  естіген 
емеспін.  Ауылда  журдім.—  Сухов,  Кастюк  деген  кісілер- 
дің  мейірім  шуағына  бөлендім.  Солардың  демеуі  саз  бал- 
шықтан  түрлі  ойыншық  мүсін  жасауыма  түрткі  болды.  Ау- 
данға  келдім  —  астанадан        арнайы  іссапарлатып  жүрген 
ген  Нұртас  Оңдасынов  ағаға  кезіктім.  Сол  кісінің  қолда- 
уымен  Алматыға  жол  тарттым.  Алматыға  келдім  —  Оль- 

 
 
га  Николаевна  Кудрявцеваның  ұстаздың        шапағына  бөлендім. 
Харькевте болдым — онда да кемсітуді көрмедім. 
Осының  бәрі  мені  шабыттандырды,  шығармашылық  жеңістерге 
жігерлендірді.  Ал  бірақ  осылайша  өнер  қанатына  келе  жатқан  адамға 
оқыстан  айтылған  бір 
СӨЗ  ОҚЫС
тан  атылған  оқтан  бір  кем  болмайды 
екен. 
Ол  былай  еді.  Хакімжан  кезінде  атақты  Баукеңмен  -Бауыржан 
Момышұлымен  жақсы  араласқан.  Бір  жылы  арнайы  шақыртумен 
Мәскеуден  Евгений  Вучетич  келе  қалады.  Негізгі  мақсаты  Ленин 
ескерткішін  салуға  байланысты  болса  керек.  Өзі  пәленбай  рет 
мемлекеттік  сыйлық  алған  кісі  Социалистік  Еңбек  Ері.  Қысқасы  — 
атағы дардай. Баукеңнің де Вучетичпен таныстығы бар екен. Ал Хакең 
атақты  мүсіншіні  бұрыннан  біледі.  Алғашқы  күндері  сіз-біздесіп 
жүрген  Евгений  Викторович  келе-келе  өнер  шығара  бастады.  Тек 
менің  ғана  айтқаным  бо-лады  дегендей  ыңғай  танытады.  Керенау 
сөйлесіп, марғау тілдеседі. Мүнысы: Баукеңе де ұнап тұрған жоқ. Бір-
де Вучетич: 
— 
Сен  білесің  бе,  Хакімжан,  мүсінші  болу  үшн  тек 
қана  ынта-ықылас,  өнерді  сүю  аздық  етеді.        Мүсінші  өз 
қолтумасының  көлемін  шеңберін  екі  көзімен  бірдей  кө- 
ріп  бағамдауы  керек.  Сонда  ғана      сәтті  дүниеге  шығады. 
Ал  осы  талап,        тұрғысынан  келсек        сенің  епдігі        жерде 
графикамеп  айналысқаның  дүрыс-ау.  Бір  көзің  жоқ  қой  — 
деп қойып қалмасы бар ма? 
Не  деріп  білмей  Хакімжан  да  қалшиды  да  қалды.  Бір  кезде 
Баукеңнің жанары Вучетичтің өңменінеи өтердей жарқ-жұрң ете қалды. 
— 
Оттапты  бүл!—  деді.  Сосын  ойын  нығарлап  айтты: 
«Не  культурный        вы        человек,  дорогой        Вучетич»—  деп 
есікті тарс жауып іпығып кетті. Соңынан Хакең ілесті. 
Осы әңгіменің әсері ме, әлде, намыс отына май құйды ыа араға аз-
кем  уақыт  түскеп  соң  Алматыда  Абай ескерт-кіші  асқақтап  түрды  ғой. 
Рухың мьщты болса ешңашан алынбайтын қамал болмас. Бүл ақиқатқа 
Хакеңнің өнер-дегі бір соқпағы осылайша көз жеткізді. 
 
ӨНЕР ЖЕТІМСІРЕМЕСІН 
Осыдан  біраз  бұрын  қазақ  көркемсурет  академиясының  ректоры 
Ұлықбек Ибрагимовтың тікелей басшылың-қа алуымен жәпе жергілікті 
жерлердегі 
өнер 
жапашырларыньтң 
қолдауымеп 
Хакімжан 
Наурызбаевтың  жұртшылық        өкілдерімен    жүздесулері          өтті.     
Талдықорған облысының 22 Партсьезд атындағы колхозында Қостанай 
облысыпың  Ленин  ауданында  өткен  бүл  мәслихаттардыц  тойгершілік 
ырду-дырдудан  гөрі  халық  суретшісінің  өтіер  сүйер  қауымымеп  шын 
сырласуыпдай  болды.  Осы  мәслихаттарда  сөз  алғап  Хакең  өзін 
толғандырып  жүрген  мәселелер  төңірегінде 
ой 
болісті.  Оның  өзекті 
пікірлерін шәкірттері де ұдайы жалғастырып отырды. 
— 
Қазақ  көркемсурет      өнерінің  қос  алыбы        Әбілхан 
Қастеев 
пеи 
Хакімжан 
Наурызбаевты 
бірінен-бірін 
бөліп 

 
 
алуға болмайды. Қазақ өнеріне сіңірген екеуінің де еңбегі ұшан теңіз.   
Былтырғы 
жылы 
Қастеевтің 
70 
жылдық 
мерейтойы  көзі  ашық,  көңілі  ояу  өнерге  деген  шын  жанашыр    
азаматтардың  арқасында  атап        өтіп  едік.  Әриие, 
Республика  көлемінде        мәдени  көпшілік  шараларды  жүзеге  асыра 
алмасак 
та, 
біткен 
істі 
көңілге 
тоқ 
санадық,—
 
дейді  көркемсурет  академиясыпың  ректоры  Ұлықбек  Иб- 
рагимов.—  Таланттарды        арамызда        жүргенде        ардақтау 
парыз.  Қолымыздан  келсе  бұлардың  көзі  тірісінде  есім- 
дерін  әспеттегенге    не  жетсін.  Хакеңнің  өзінің  творчест- 
волық  байланысы 
орнаған 
елді  мнкендердегі  өткен  кезде- 
су  жүздесулері  міне  осы  мақсатты  діттемеді.  Ал  мәселе- 
нің  мәні  түптеп  келгенде  осы  кісілер  арқылы  өнердің  өр- 
кенін өсіру молынан насихат үрдісіне қанат бітіру ғой. 
Ал сөз реті келгенде қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев өзінің 
ой жосығын ел алдында былайша білдіріп отырар еді. 
— 
Өнерді  ұлығылай  алмаған  елдің  ертеңі  көмескі  — 
дер  еді  —  ол  толқи  тұрып.—  Сондықтан      қазіргі  уақытша 
қиындықты        желеу        етіп,  қолда  бардан      айырылып  қал- 
сақ  —  келер  ұрпақ  алдындағы        кешірімсіз  күнә  әпі  сол. 
Нарықты  қатынас  өз  дегенін  істеп  отыр.  Қаржы  тапшы, 
ақша  жоқ.  Ол  түсінікті  жай.  Ал  бірақ  бәрін  соған  сілтеп, 
көркемөнердің  дамуына  селқос  қарауға  бола  ма?        Қазір 
ел  ішінде  көзі  ашылмай  жүрген  таланттар  қаншама.  Ал 
қу  тіршіліктің  соңына        түсіп,  бойындагы  бар        талантын 
аша  алмай  жүрген      өнер      иелері  қаншама.      Ел      боламыз 
десек,  еңселі  жұрт  боламыз  десек        осыларға  мемлекеттік 
түрғыдан  қамқорлық  керек.        Көркемөнер  ел  тарихының 
тапжылмас        куәсі.  Бұл  жылдар  сынына        шыдап  берген 
шындық.  Көркемөнерге  көмектескенің  елдің  өркені  өссін 
дегенің.    Міне,        ел  ішіндегі  атқа        мінерлерге  іс  басында 
отырған қазақ зиялыларына осыны айтар едім. 
Өзінің осыдан 65 жыл бүрынғы шығармашылық ізденісінің    басы  
«Көкпар»,        «Жас  бүркітші»,        «Жас  Жамбыл»—деп  аталатын 
тырнақалды  туындыларынан  бастап  Абай  Шоқан  секілді  ұлы 
ойшылдарымыздың  бейнесін  тастан  қашаған  қазақ  мүсіншісі 
Наурызбаевтың шығар-машылық кеш керуені жалғасып келеді. 
Сөз  өнерінде  Талант  және  Тағдыр  деген  ұғымды  жиі  ауызға 
аламыз.  Өз  ғұмырында  осы  қос  ұғымның  бар  табиғатын  бойына 
сіңірген тұңғыш қазақ мүсіншісінің мәртебесі қашанда биік. 
1995 
 
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет