Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 2.87 Mb.
Pdf просмотр
бет31/31
Дата15.03.2017
өлшемі2.87 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ  
 
1
 
Назарбаев  Н.А.  Стратегия  трансформации  общества  и  возрождения  евразийской 
цивилизации. – М., 2000. – С. 16-18. 
2
 
Сулейменова  Э.Д.,  Шаймерденова  Н.Ж.,  Смагулова  Ж.С.  Новая  языковая 
идентичность  в  трансформирующемся  обществе.  Методология  исследования.  – 
Алматы, 2005. – 74 с. 
3
 
Тарасов Е.Ф. Диалог культур в зеркале языка (Встречи этнических культур в зеркале 
языка (в сопоставительном аспекте) – М.: Наука, 2002. – 478 с. 
 
 
 
ТҮЙІН  
 
Мақалада  автор  халықтың  өзіне  және  ерекшелігін  бейнелейтін  көркем  әдебиетке 
толеранттылыққа тәрбиелеудің жолы мен негізі ретінде назар аударады.  
 
RESUME 
 
In this article the author refers to the belle-lettre style literature, reflecting the specific features of 
the nation, its world outlook as a means and basis of educating tolerance and culture in the modern epoch 
of globalization and informational technologies. 

 
275 
ӘОЖ 81’2/’44 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.С. Райнбекова 
«Тұран-Астана» университеті, 
магистрант 
С. Мұқанов 
шығармаларындағы 
фразеологизмдердің 
қолданысы 
 
Аннотация 
Мақалада  жазушы  С.  Мұқановтың  өз 
шығармаларындағы 
фразеологизмдердің 
қолданылуы  сипатталады.  Фразеологизмдер  – 
барлық  тілдерге  тән  құбылыс.  Фразеологизмдер 
өмір,  қоғам,  адамның  әр  алуан  қасиеттерін 
танымдық тұрғыда тұжырымдауға негіздейді. 
Түйін  сөздер:  фразеологизм,  мақал-мәтел, 
С.Мұқанов 
шығармалары, 
стилистикалық 
қызмет, идиома, сөз тіркестері 
 
 
«Фразеология»  терминінің  мағынасы  өте 
кең  екені  белгілі.  «Фразеология»  термині  кең 
мағынада  алғанда,  белгілі  бір  тілдегі  сөз 
тіркесінің  барлық  түрлерінің  жиынтығы  деген 
ұғымды білдіреді.  
Тіліміздегі  қолданылатын  жеке  сөздермен 
бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері 
мен сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркестерінің екі не 
одан  да  көп  компонеттері  болады,  бірақ  сөз 
тіркестері  семантикалық  бірлікте  болып,  тұтас 
бір  ұғымды  білдіреді.  Мысалы,  көз  бояу, 
жүрегінің  түгі  бар,  қу  бастан  қуырдақтық  ет 
алған  т.б.  Мұндай  тұрақты  сөз  тіркестерінің 
мағынасы  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ел 
аузында  көп  айтылып  жалпы  халыққа  түсінікті 
болып кеткен.  
Қазақ  фразеологиясын  арнайы  зерттеген 
академик  І.Кеңесбаевтың  бұл  бірліктердің 
стилистикалық 
қызметі 
туралы 
айтқан 
тұжырымдары  мен  деректері  бар.  «Стильдік 
функцияда  аса  ойнақы  мәнде  қолданылатын 
үлкен  бір  арна  –  ол  синонимдер.  Бұл  қасиет 
мақал-мәтелдерден де жиі кездеседі» [1, 182].  
Фразеологизмдер 
сөзді 
жандандырып, 
тілімізге  өткірлік  сипат,  ұлттық  ажар  беретін 
стильдік  мәні  айрықша  құрал  болып  саналады. 
Тұрақты  сөз  тіркестері  (қанатты  сөз,  мақал-
мәтелдер,  идиомалар)  аз  сөзбен  көп  мағынаны 
білдіреді,  тілдің  стильдік  сапасын  арттырады. 
Фразеологизмдер  тек  жалпы  халықтық  формада 
ғана қолданылмайды.  Сонымен қатар өзгертіліп, 
өңделіп  те  жұмсалады,  бұл  тәсіл  көбінесе  ақын-
жазушыларға  тән.  Тұрақты  сөз  тіркесінің 
құрылысы  өзгертіліп  қолданылады.  Мысалы: 
Сәбит Мұқанов «Есектің күш - адал, еті – арам» 
деген халық мақалын былай пайдаланады. 
Өзің адам тұрмысында мал едің, 
Күшің адал, сүтің арам жан еді?.  

 
276 
Мұнда  фразеологизмдердің  эмоционалды  бояуын  арттырып,  суреттелетін  затты, 
құбылысты әсерлі түрде бейнелейтіні айқын сезіледі.  
Ал Абай «Бір асқанға бір тоқсан» деген мәтелге сүйеніп, өлеңді былай құрған:  
«Жас жүрек жайып саусағын 
Талпынған шығар айға алыс». 
Тұрақты  сөз  тіркесінің  бір  компоненті  өзгертіліп,  жаңа  мазмұнда  қолданылады. 
Мысалы, Абай Құнанбаевтың өлеңінде:  
«Дүние кірін жуынып 
Көрініп ойға сөз салар»  
Ал С. Мұқанов: 
«Айқай шықты бір күні 
Таң атып, күн шықпастан.  
Тез тұрыңдар, жолдастар, 
Ашылды көңіл тот басқан».  
Абайдың  өлеңінде,  «дүние  кірі»  жаңа  дүниені,  жаңа  өмірді  аңсау  мағынасын 
білдірсе, С.Мұқановта «көңіл тоты» әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейнелейді. Бұл екі 
түрлі сөз қолданыста «көңіл кірі» (қайғы, мұң деген мағынада, тар шеңберде жұмсалған) 
сөз тіркесінің моделімен жасалған.  
Фразеологизмдер  көбінесе  ауыс  мағынада  жұмсалып,  тілімізде  бейнелегіш 
мәнерлілік  қызмет  атқаратыны  белгілі.  Бірақ  стилистикалық  тәсіл  ретінде  тұрақты  сөз 
тіркестері тура мағынада да қолданылады. С.Мұқанов «жай түскендей» деп теңеу ретінде 
жұмсалатын тұрақты сөз тіркесін: 
«Күлін көкке ұшырды,  
Төбеден жай түсірді», -  
деп қолданады. Осындай «төбеден жай түсірді» тура мағынаны білдіреді. Сондай-ақ ақын 
ертерек жазылған бір өлеңінде («Құрылыс жыры») бұрынғы «құм жиылып тас болмас, құл 
жиылып  бас  болмас»  деген  мақалдың  әлеуметтік  теңсіздікті  білдіретін  жағымсыз  мәнін 
мүлде жоққа шығарады: 
«Құм жиылып тас болып, 
Құл жиылып бас болып 
Социалистік өмір болып 
Көшті...» 
Мұнда да тұрақты сөз орамы тура мағынада жұмсалып, жағымды эмоцияны білдіріп 
тұр. Ал тарихи романдарда әлеуметтік бояулы мұндай мақалдар дәуірлік сипат беру үшін, 
сол өз мағыналарын қолданылады [2, 131]. 
С.  Мұқанов  өз  өлеңдерінде  фразеологизмдерді  түрлендіріп,  өңдеп,  кейіпкердің  іс-
әрекетіне, көңіл-күйіне сай қолданады. Жазушы қолданған фразеологиялық тіркестер сол 
мән мәтінге үйлесімділік беріп, нанымды шығады. «Сұлушаш» поэмасын мысалға алсақ:  
...Сіле қатар кез болды бармақ шайнар 
Бұл үміт ілікпесе, суық түссе, 
Дей алмаймын өлімнен басқа жай бар 
Сілесі  қатты  (құрыды)  –  әбден  шаршады,  болдырды,  қажыды.  Бармағын  тістеді 
(шайнады)  –  өкіну.  Мысалда  келтірілген  тұрақты  тіркестер  тура  мағынасында  Алтай, 
Сұлушаш  және  Қайсар  үшеуінің  тығырыққа  тірелген  психологиялық  ахуалын  көрсету 
үшін қолданылып тұр. 
Өзгеріс тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің орнын ауыстырудан да көрінеді. Бұл 
көбінесе етістікті фразеологизмдердің орын ауысуынан байқалады. Мысалы: 
Үміт үзді – үзді үмітті
Қысылды Алтай, өмірден үзді үмітті...  
(«Сұлушаш»). 

 
277 
Мұндай  орын  ауысу  тұрақты  тіркестің  мәніне  қосымша  күшейтпелі  мән  береді. 
Тұрақты тіркестер параллельді салыстыру үшін пайдаланылады. 
Қыршынынан қиылды тұрақты тіркесі өлең жолдарының  шумағына бағынып, тұтас 
күйінен ажыратылып жұмсалған: 
Қастық емей немене, қыршынынан 
Қиылды жандай досы Қайсар жолдас  
(«Сұлушаш»). 
Сөйтіп,  С.  Мұқанов  фразеологиялық  қолданыстарды  түрлі  стильдік  мақсатта 
пайдаланған. Тұрақты тіркестер − ақын өлеңдері мен поэмаларының ажарын, әсерлілігін, 
ұлттық  нәрін  танытатын  көркемдеу  құралдарының  бірі.  Олар  С.  Мұқановтың  тілді 
пайдаланудағы  шеберлігін,  терең  білімін,  сөздің  нәзік  те  астарлы  мағыналарын  жете 
түсінгендігін және оларды өз мақсатына жарата білген даралығын көрсетеді.  
С.  Мұқановтың  тілдік бірліктерді  жұмсаудағы  ерекшеліктері  мақал-мәтелдерден  де 
көрінеді. 
Символикалық  реңкке  ие  болған  сөздің  бірі  –  қара  үй  тіркесі.  Қара  үй  –  қазақтың 
ежелден келе жатқан  қара  шаңырағы іспетті. Өзгешелігі  қара  шаңырақ – салтанаты мол 
бақуатты  үйге  де,  іргесінен  суық  үрлеген  кедей-кепшіктің  жұпыны  үйіне  де  қатысты 
«ұшқан  ұя,  тәрбие  алған  үй»  мағынасында  қолданылатын  болса,  қара  үй  –  жоқшылық, 
кедейлік арылмаған кедей қауымының қарапайым үйі. Қара үй – теңсіздіктің, кедейліктің 
символы. Мысалы:  
Қайғы, мұңның құрдасы болған қара үй, 
Сел болған көз жасына толған қара үй, 
Албастыдай қайғының қара бұлты, 
Үстін баса орнығып қонған қара үй, 
Жерден қазған зындандай бой жаздырмай, 
Пана қылған қу шөптей солған қара үй... 
(«Сұлушаш»). 
Ақ  –  тоқшылықтың  белгісі,  оны  мына  жолдардан  байқаймыз:  Ақ  майға 
томпаңдатып толтырды ұртты...
С.  Мұқановтың  шығармалық  дүниелері  өзінше  бір  көркемдік  әлемді 
қалыптастырған, жалпы қазақ шығармасында алатын орны белгілі, әдеби мұралар болып 
табылады.  С.  Мұқанов  туындыларындағы  фразеологизмдік  қолданыстарда  бір  нәрсені 
екіншісіне балап немесе өзара мәндес құбылыстарды ұқсатып қана қоймай, бейнелі сурет 
беріледі.  Мысалы  алсақ,  қазақы  тұрмыс-тіршілікті,  мыңғырған  малды  жазушы  былай 
суреттейді:  
Төрт түлік мал өргенде құрттай қайнап, 
Құмырсқадай қыбырлап жапқан жерді... 
Түйелері түздерде бота тауып, 
Қойы жүрген жерінен қозы терді 
(«Сұлушаш») 
Өлең  жолдарында  «қой  көп  төлдеді»  мағынасында,  Қойы  жүрген  жерінен  қозы 
терді деп жазушы өте әдемі келтіреді. Әдетте, «бір нәрсені жинау» және «аз-аздан жинау» 
мағынасындағы  «теру»  етістігі  (мысалы,  гүл  теру)  берілген  шумақта  өзгеше 
семантикалық  реңкке  (көбею)  ие  болған,  яғни  «амал-әрекет»  мәнінен  «өсіп-өну»  мәніне 
қарай мағына ауысқан. 
С.Мұқанов  «Өмір  мектебі»  деген  романында  да  фразеологизмдерді  қолданылды. 
Мысалы:  Топырағы  торқа  болсын  бейшараның,  жаманатын  көрген  жоқпыз,  міндетті 
жұмысын күні – түні демей адал атқаратын, қақ –соқта жұмысы жоқ адам еді. Топырағы 
торқа  болсын  –  Жатқан  жері  жақсы  болсын  деген  мағынада  дүние  салған  адамға 
айтылады [3,10].  

 
278 
«Әкесі өлді» дегеннің не екенін сезбейтін сәбилігім бе, немесе әкемнің өлгенін енді 
ғана білгендіктен зәрем ұшты ма, мен Сәрсектің қолынан сытылып қалаға қаштым. Зәрем 
ұшты – қорқу деген мағынаны білдіреді.  
Әкемді  көміп  кеп,  біздің  қараша  үйге  жиналған  жұрттың  кейбіреуінің  сөзіне  құлақ 
түрсем,  менің  жылауымды  емес,  апам,  Ұлтуғанның  жыламауын  сөгеді.  Құлақ  түрсем  – 
есту, естідім деген мағынаны білдіреді.  
Ашуланса, ол қалың қасын түсіріп жіберіп, үлкен көзін кішірейте түйілдіріп қадала 
қараса,  көздерінің  ұшқыны  өңменімнен  өтіп  кете  жаздайтын.  Өңменімнен  өтіп  кете 
жаздайтын – суықтын өтуі, тоңу деген мағынаны білдіреді.  
Қоршаған  дүниені  танудағы  адамның  жинақталған  білім  қорын  және  тәжірибені 
тілдік  тұрғыдан  таңбалауда  фразеологизмнің  рөлі  ерекше  десек,  С.  Мұқанов 
туындыларындағы  өзіне  тән  сөз  саптаулары  арқылы  жазушының  тілдік  тұлға  ретіндегі 
орнын, рөлін, келбетін нақты сипаттайтын тілдік-танымдық жүйе құрайды деуге болады. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Серғалиев М.С. Стилистика негіздері. – Алматы, 2006. – 273 б. 
2
 
Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.  – 
Алматы, 2005. – 256 б. 
3
 
Мұқанов С. «Сұлушаш» поэмасы. – Алматы, 2002. – 285 б. 
4
 
Мұқанов С. «Өмір мектебі» романы. – Алматы, 2000. – 550 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  расcматриваются  особенности  употребления  фразеологизмов  в 
произведениях С.Муканова.  
 
RESUME 
 
In  this  article  the  author  considess  the  peculiarities  of  using  phraseological  units  in  S.Mukanov's 
works. 
 

 
279 
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ 
 
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ 
 
Абишева Ж.Р. 
С.Сейфуллин 
атындағы 
ҚазАТУ-дың 
Қазақстан 
тарихы 
кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты 
Абылова Г.Е. 
Еуразия  гуманитарлық  институты  қазақ  және  орыс  филологиясы 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Адаева Е.С.  
Назарбаев  университеті  қазақ  тілі,  әдебиет  және  мәдениет 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Адиль Э.Г. 
докторант кафедры регионоведения ЕНУ им. Л.Н.Гумилева 
Аканов К.Г. 
младший  научный  сотрудник  Института  истории  государства  КН 
МОН РК, магистр гуманитарных наук  
Алимбаев А.Б.  
Еуразия  гуманитарлық  институты  қазақ  және  орыс  филологиясы 
кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі 
Алтынбекова Г.К. 
старший преподаватель кафедры языкознания Южно-Казахстанского 
государственного 
педагогического 
института
кандидат 
филологических наук 
Ашимханова С.А.  
 
профессор 
кафедры 
казахского 
языкознания 
Казахского 
национального университета им. аль-Фараби, доктор филологических 
наук  
Аширова А.Т. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  қазақ  тіл  білімі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Ахметов Т.Ә. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие жұмысы 
және  әлеуметтік-экономикалық  мәселелер  жөніндегі  проректоры, 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Аюпова Г.К. 
старший  преподаватель  кафедры  казахского  и  иностранных  языков 
Казахского  университета  экономики,  финансов  и  международной 
торговли, кандидат филологических наук  
Базарбаева К.Қ. 
«Тұран-Астана»  университеті  психология  кафедрасының  доценті, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Байжанова Г.Д. 
ҚР  БҒМ  ҒК  Мемлекет  тарихы  институтының  жетекші  ғылыми 
қызметкері, экономика ғылымдараның кандидаты 
Баймурзина А.С. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
психология 
кафедрасының 
магистранты 
Бисмильдина Д.Д. 
Қазақ  инженерлік-техникалық  академиясы  жалпы  білім  беру  және 
әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  кафедрасының  доценті,  филология 
ғылымдарының кандидаты 
Ботин Д.М. 
магистрант  кафедры  воспитательной,  идеологической  работы  и 
педагогики  Национального  университета  обороны  имени  Первого 
Президента Республики Казахстан – Лидера нации 
Волкова Л.В. 
заведующая 
кафедрой 
иностранных 
языков 
Евразийского 
гуманитарного института, кандидат педагогических наук, доцент 
Давлетова С.Е. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
психология 
кафедрасының 
магистранты 
Дарменова А.Е. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
психология 
кафедрасының 
магистранты 
Досанова А.Ж. 
доцент  кафедры  социально-гуманитарных  дисциплин  Университета 
«Туран-Астана», кандидат педагогических наук 
Дощанова А.И. 
профессор 
кафедры 
экономики 
и 
бизнеса 
Костанайского 
политехнического колледжа, кандидат экономических наук  
Дәуренбекова Л.Н. 
Назарбаев  университеті  қазақ  тілі,  әдебиет  және  мәдениет 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Енсепов Б.Б. 
С.Сейфуллин 
атындағы 
ҚазАТУ-дың 
Қазақстан 
тарихы 
кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты 
Ерғали С.Ә. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
психология 
кафедрасының 

 
280 
магистранты 
Есімова Ж.Д. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  қазақ  тіл  білімі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Жолшаева М.С. 
Сулейман  Демирел  атындағы  университеті  қазақ  филология 
кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы  
Жумадилова М.Н. 
Л.Н.Гумилев 
атындағы 
ЕҰУ-дың 
практикалық 
қазақ 
тілі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Жусупова Ж.А. 
Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университеті 
жалпы  педагогика  және  психология  кафедрасының  меңгерушісі, 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Жұмағұлов А.Б. 
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ 
әдебиеті  кафедрасының  доценті,  филология  ғылымдарының 
кандидаты 
Жұмағұлов С.Б. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  қазақ  әдебиеті  кафедрасының 
профессоры, филология ғылымдарының докторы 
Зуенко Н.А. 
доцент  кафедры  иностранной  филологии  и  перевода  Национального 
университета биоресурсов и природопользования Украины, кандидат 
педагогических наук 
Исина Н.У. 
доцент  кафедры  русской  филологии  ЕНУ  им.  Л.Н.  Гумилева, 
кандидат филологических наук 
Исмаилова Г.К. 
заведующая  кафедрой  иностранной  филологии  Государственного 
университета 
имени 
Шакарима 
города 
Семей, 
кандидат 
филологических наук, доцент 
Ильясова К.М. 
главный  научный  сотрудник  Института  истории  государства  КН 
МОН РК, кандидат исторических наук, доцент 
Карелхан Н. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  информатика  кафедрасының  аға 
оқытушысы, ақпараттық жүйелер магистрі 
Карина Н.О. 
магистрант кафедры русской филологии ЕНУ им.Л.Н.Гумилева 
Керімбекова Б.Д. 
Сулейман  Демирел  атындағы  университеті  қазақ  әдебиеті 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Куркебаев К.К. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  қазақ  тіл  білімі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Кәріпжанова Г.Т. 
С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университеті  қазақ 
филологиясы  кафедрасының  доценті,  филология  ғылымдарының 
кандидаты 
Қоскеева Ә.М. 
С.Сейфуллин 
атындағы 
ҚазАТУ-дың 
Қазақстан 
тарихы 
кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі 
Құлжанова Б.Р. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  қазақ  тіл  білімі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Мансұров Н.Б.  
Л.Н.Гумилев 
атындағы 
ЕҰУ-дың 
практикалық 
қазақ 
тілі 
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
Мубараков А.М. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  информатика  кафедрасының 
профессоры, педагогика ғылымдарының докторы 
Мусейчук С.Н.  
доцент  кафедры  иностранной  филологии  и  перевода  Национального 
университета биоресурсов и природопользования Украины, кандидат 
педагогических наук 
Мұқажанов Қ.М. 
Еуразия  гуманитарлық  институты  мемлекеттік-құқықтық  пәндер 
кафедрасының  профессоры,  ауылшаруашылығы  ғылымдарының 
кандидаты 
Наханова Л.А. 
PhD кафедры тюркологии ЕНУ им.Л.Н.Гумилева 
Осипова С.В. 
профессор  кафедры  дошкольного  и  начального  образования 
Павлодарского 
государственного 
педагогического 
института, 
кандидат педагогических наук 
Порядина И.В. 
заведующая  кафедрой  экономических  и  математических  дисциплин 
Евразийского  гуманитарного  института,  кандидат  экономических 
наук, доцент 

 
281 
Райнбекова Г.С. 
«Тұран-Астана»  университеті  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер 
кафедрасының магистранты 
Рудницкая Н.А. 
старший преподаватель кафедры иностранной филологии и перевода 
Национального  университета  биоресурсов  и  природопользования 
Украины, кандидат педагогических наук 
Рысбекова А. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дың  құқық  және  мемлекет  зерттеу 
институты директорының көмекшісі 
Сактаганова И.С. 
Еуразия  гуманитарлық  институты  мемлекеттік-құқықтық  пәндер 
кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты 
Сарсекеев Б.С. 
заведующий  кафедрой  педагогики  Евразийского  гуманитарного 
института, доктор педагогических наук, профессор 
Синько О.В. 
аспирант  отдела  экономических  проблем  научно-технического 
развития 
АПК 
Государственного 
научного 
учреждения 
Всероссийского  научно-исследовательского  института  экономики 
сельского хозяйства 
Смагулов А.А. 
старший преподаватель кафедры менеджмента и туризма Казахского 
университета технологии и бизнеса 
Стацурина Ю.А. 
доцент  кафедры  экономических  и  математических  дисциплин 
Евразийского  гуманитарного  института,  кандидат  экономических 
наук 
Сұлтанова Э.А. 
С.  Сейфуллин  атындағы  ҚазАТУ-дың  кәсіптік  оқыту  кафедрасының 
магистранты 
Танирбергенова А.Ш. 
«Тұран-Астана» 
университеті 
психология 
кафедрасының 
меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Тлегенова К.А.  
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті қазақ 
және шет тілдері кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының 
кандидаты 
Тоқсамбаева А.О. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ 
әдебиеті  кафедрасының  доценті,  филология  ғылымдарының 
кандидаты 
Төреқұлова Ж.Е. 
М.  Әуезов  атындағы  орта  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Жамбыл облысы, Шу ауданы 
Утегенова Б.М. 
заведующая  кафедрой  педагогики  Костанайского  государственного 
педагогического института, кандидат педагогических наук, доцент 
Zhumadilova A.A. 
M.Auesov  South  Kazakhstan  state  university  senior  lecturer  of  the 
Department of international relations and politology 
Turkeeva S.M. 
M.Auesov  south  Kazakhstan  state  university,  Master  of  history  senior 
lecturer of the Department of international relations and politology 
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет