"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ ТЕҢБІЛ КЕКІРЕНІҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет14/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   372
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ ТЕҢБІЛ КЕКІРЕНІҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ 
СИПАТТАМАСЫ 
 
Асқарова Н. Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
nazerkeasqarova@gmail.com 
 
Rhodeus  туысының  балықтары  ХХ  ғасырдың  ортасына  дейін  Қазақстанның  ешбір 
суқоймасында  кездеспеген.  1960-шы  жылдардың  басынан  бастап  кекіре  балығы  Сырдария  өзенінің 
суларына – Өзбекстан Республикасы территориясындағы Аққорған балық комбинатына Қиыр Шығыс 
пен Қытайдың өсімдікқоректі балықтарын жерсіндіру кезінде бірге енген; бұл R.sericeus (Pallas, 1776) 
немесе R.ocellatus (Kner, 1866) болуы мүмкін деген тұжырым жасалған. Қазақстанның ихтиофаунасы 
тізімінде  теңбіл  кекіре  R.ocellatus  Сырдария  бассейнінің  интродуценті  ретінде  көрсетілген  жəне 
нəтижесінде осы жерде бірнеше рет кездескен.  
Крыжановский  С.Г.  (1948)  ұсынған  балықтардың  көбеюінің  экологиялық  ерекшеліктеріне 
байланысты классификациясы бойынша кекірелер остракофилді балықтар тобына  жатады. Олардың 
тіршілігі тікелей моллюскалардың суқоймада болуымен байланысты.  
2017  жылдың  маусым  айында  Қызылорда  облысының  Аманөткел  ауылынан  ағып  өтетін 
Сырдария өзенінің төменгі ағысынан кекіре балығы ауланды. Зерттеудің негізгі міндеті аталған түрге 


12 
 
толықтай морфологиялық жəне биологиялық анализ жүргізіп, кекірелердің адаптивті ерекшеліктерін 
зерттеу болды.  
Балықтар жылыммен ауланды. Ауланған балықтар бірден 4% формалин ерітіндісіне салынды. 
Морфобиологиялық  анализ  И.Ф.  Правдиннің  əдістемесі  бойынша,  кейбір  толықтырулар  енгізіліп, 
жүргізілді.  51  дана  зерттеліп,  мəліметтердің  статистикалық  өңдемесі  «Excel»  бағдарламасымен 
жасалды.  
Зерттелген  талдаманың  ішінен  аналықтары  басым  болып  келді  –  60,8%,  аталықтары  –  27,4%, 
жыныстық жағынан жетілмеген даралар  – 11,7% көрсетті. Бұндай айырмашылықты аталықтарының 
ұрпағына қамқорлық көрсету инстинктімен байланыстыруға болады. Балықтардың дене мөлшері 31,7 
– 48,7 мм, салмағы 0,57 – 2,04 г аралығында болды.  Əдебиет көздерімен салыстырғанда айтарлықтай 
өзгерістер  көрсетілмеген,  алайда,  балықтардың  қазіргі  дене  мөлшері  біршама  кішірейгендігі 
байқалады.  Қоңдылық  коэффициенті  Фультон  бойынша  орташа  -  0,009,  Кларк  бойынша  орташа  - 
0,002  көрсеткен,  бұл  көрсеткіштер  əдебиет  көздерімен  салыстырғанда  біршама  төмендегенін 
көрсетті. Қоңдылық мəнінің қатты айырмашылық көрсетуі қоректік базаның жетіспеуінен болған түр 
ішілік,  түр  аралық  бəсекелестіктен  туындағанын  түсіндіреді.  D  қанатының  сəулелерінен  ІІ  9-11 
айырмашылық байқалмаған, басқа қанаттарының сəулелерінен де айырмашылық жоқ.  
Негізінен ауытқулар lc басының ұзындығы 6,40 – 9,30 (əдеб. 21,43 – 27,59), о көзінің диаметрі  
2  –  3,4  (əдеб.  5  –  10)  жəне  антедорсальді,  антеанальді,  антевентральді,  антепектральді 
арақашықтықтарында, дене биіктігі, денесінің ең төмен жері, құйрық сабақшасының ұзындығы, көз 
арасы  жəне    т.б.  көрсеткіштерінен  анықталған.  Осылайша,  алынған  мəліметтер  су  ағынына 
байланысты кекіренің көрсеткіштері өзгеретіндігін көрсетеді.   
Ғылыми жетекші:б.ғ.к., доцент м.а.  Қожабаева Э.Б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет