"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АСТАНА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТЕХНОГЕНДІК



Pdf көрінісі
бет236/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   372
АСТАНА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТЕХНОГЕНДІК 
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Мұханғали Ж.Ж. 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті 
zhannur9216@mail.ru
  
 
Атмосфералық  ауа  –  ең  басты  тіршілікті  қамтамасыз  етуші  табиғи  орта,    жер  эволюциясы 
нəтижесінде  қалыптасқан  атмосфераның  жер  бетілік  қабатындағы  газдар  мен  аэрозольдер  қоспасы. 
Ал атмосфералық ауаның ластануы – атмосфералық ауаға өзіне тəн емес физикалық, химиялық жəне 
биологиялық  бөгде  заттардың  келіп  түсуі  немесе  оның  табиғи  концентрациясының  өзгеруі  болып 
табылады. 
Ғалымдардың  зертеулеріне  қарағанда,  адамдардың   денсаулық  жағдайына  əсер  ететін 
факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 
пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық 
сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын  анықтаған. 
Халықтың  денсаулығының  нашарлауына  жəне  демографиялық  көрсеткіштердің  төмендеуіне 
əсер  ететін  негізгі  себептердің  бірі  техногендік  факторлардың  əсері  болып табылады.  Осы  заманғы 
замануи  қала  тұрғыны  үшін  қажетті  табиғи  жəне  техногендік  ресурстар  арасынан  экологиялық 
тұрғыдан ең қауіптісіне автокөлік құралдары жатады. Астана қаласында 600–ден астам істеп жатқан 
өндіріс  орындары  бар.  Мысалы,  жылуэнергетика,  машинақұрылысы,  металл  өндіру,  сонымен  қатар 
құрылыс материалдары өндіріс орындары. Айналадағы ортаға əсерін тигізіп жатқан жылуэнергетика 
(АО  «Астанаэнергосервис»,  ТЭЦ-1),  құрылыс  материалдар  өндірісі  мен  жолкөліктері.  Осы 
техногендік факторлардың əсерінен Астанамызда жылдан -  жылға сырқаттанушылық деңгейі артып 
келеді.  Атап  кетсек  тыныс  алу  жолдарының  аурушаңдылығы,  əсіресе  14  жасқа  дейіңгі  балаларда 
кеңінен таралғаны байқалады. 
Астана қаласының жылу энергетика станциясының аумағындағы емхана тұрғындарының соңғы 
2017 жылғы тыныс алу ауруларының көрсеткішін есептедік. 2017 жылғы емхананың статистикалық 
мəліметтеріне  сəйкес  аймақта  22  828  адам  мекен  етеді.  Балалар  арасында  аурушаңдылық  деңгейі 
бойынша бірінші орында тыныс алу аурулары – 3714, оның ішінде бірінші рет тіркелгені – 3661. Бұл 
көрсеткіш  қала  аумағы  бойынша  1000  балаға  шаққандағы  ең  жоғарғы  көрсеткіш.  Салыстырмалы 
түрде есептейтін болсақ, қаланың сол  жағалауындағы емханада, өндіріс орны мүлдем орналаспаған 
аумақта  тыныс  алу  аурулары  балалар  арасындағы  көрсеткіші  –  2850  ,  оның  ішінде  бірінші  рет 
тіркелгені  –  2561.  Жылу  энергетика  станциясының  аумағындағы  жоғары  көрсеткіштің  тіркелуі, 
техногендік факторлардың əсерінен болуының бір себебі болып табылады.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., доцент Бейсенова Р.Р. 


162 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет