Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі дәрежесімен анықталады. Нарықтық құрылым– бұл фирмалардың салалық нарықта өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің жиынтығы. Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге болады: Өндірушілердің шоғырлануы;
Осы факторларды ескере отырып, нарық құрылымын негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады: 1)Жетілген (таза) бәсеке; 2)Абсолютті (таза) монополия; 3)Монополистік бәсеке; 4)Олигополия.