Ғылым тарихы және философиясы


Н. Кузанский және оның философиялық идеялары



бет41/185
Дата27.10.2022
өлшемі1.17 Mb.
#45758
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   185

Н. Кузанский және оның философиялық идеялары


Қазіргі заманғы ой-пікірлерге алғашқы жол салушылардың бірі, табиғат философиясы мен космологиясының жарқын өкілі болған Ни- колай Кузанский (1407-1457) – Қайта өрлеу дәуірінің ірі философы. Негізгі еңбегі – «Оқымысты білімсіздік». Қалай ойлайсыз: оғаш, әрі қарама-қайшы атау емес пе?! Шындығында, «оқымысты» сөзі бірінші кезекте «білімсіздік» емес, «білімділік» деген сөзбен орайласады. Олай болса, Кузанскийдің ой желісімен жүріп көрейік. Табиғаттың қандай да бір құбылысын танып біле отырып, біз оны бұрыннан та- ныс басқа құбылыстармен салыстырамыз. Қашанда кеңістікте және уақытта шектеулі, бізді қоршаған заттарды танып білу осылай іске аса- ды. Бірақ шексіздікті зерттеу барысында біз әп-сәтте басқа жағдайға тап боламыз, өйткені оны көз алдымызға елестете алмаймыз және оны бірдеңемен салыстыру мүмкін де емес. Осы жерде адамның қашанда шектеулі ойы және бізді оқымысты білімсіздікке келтіретін шексіздік арасында қарама-қайшылық туады.


Кузанскийдің көрнекті теолог қана емес, сонымен қатар неміс кардиналы болғанына, демек, ортағасырлық конкордатқа бағынуға міндетті болғанына байланысты, оның табиғат философиясының да, космологиялық көзқарасының да дін шектерінен шығуына болмағанын және шықпағанын ерекше атап айтқан жөн. Бірақ соған қарамастан, оның әлемді және адамды танып білуі болашаққа бағытталды.
Н.Кузанский философиясының басты тақырыбы қарама-қайшы- лықтардың: абсолютті максимум және абсолютті минимумның сәйкестігі туралы ілім болып табылады. Абсолютті максимум («Біртұтас – ол барлығы») – дара. Ол – жоғарғы шек. Оған ештеңе қарсы тұрмайды. Солай болғанда, абсолютті минимум онымен сәйкес келеді.
Кузанскийдің пікірінше, Абсолютті максимум – ол Құдай. Онда бәрі бар деген мағынада ол барлығын өзіне жинаған. Демек, Ол бәрінде Өзі бар болғандықтан, барлығының да дамуы Оның Өзі болып табы- лады. Құдайды жаратудан алыстатсаң, болмыссыздық немесе ештеңе емес қалады.
Шексіз Құдайды табиғатқа осылай пантеистік («Барлығы – Құдай») жақындату Кузанскийді Ғаламның пайда болуын және Ғарыштың құрылысын жаңаша түсіндіруге алып келді.
Өз заманының ірі діни қайраткері ретінде кардинал Кузанский көпшілік қабылдаған креационизмге ашықтан-ашық қарсы шыға ал- мады. Бірақ оның ойларының желісі әлемді Құдай жаратқаны туралы қағидадан іс жүзінде шеттегеніне сендіреді. Құдай мен әлем қатынасын ол бүтін мен бөлшектің қатынасы сияқты көреді: Құдай – ол бітпейтін, шексіз максимум, ал Ғалам немесе бітпейтін әлем – ол шектеулі мак- симум. Осы тұрғыдан алғанда, Құдай, әлбетте, – біз енді шексіздік туралы айтып отырғандықтан, мүлдем танылмайды. Құдайды бізді қоршаған әлемнің ешбір затымен қатар қою, салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай – шынайы шексіздік болса, онда Ол жаратқан Табиғат тек шексіздік мүмкіндігіне ие. Егер солай болса, онда көкжиектен келесісі, оның артынан үшіншісі ашыла береді. Құдай танылмайтын болса да, біртіндеп оның құпияларына ене отырып, Ол жаратқан Табиғатты та- нып білуге болады.
Өзінің осы ойын Кузанский математикалық жолмен көрсетуге әрекет етеді: егер біз көпбұрыштың шеңберге салынған санын көбейте берсек, онда ол оған көбірек ұқсайтын болады, ал егер шектеусіз көбейтсек, онда көпбұрыш пен шеңбер бірбүтінге айналады. Егер теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышын жоғары тартсақ, онда бұрыштары сөзсіз бір-біріне жақындай береді, ал егер шектеусіз созсақ, онда бір сызық шығады, яғни олар бірігіп кетеді.
Осыдан барып Кузанский қарама-қайшылықтардың сәйкестігі (coincidentia oppositorum) деген ұстанымға келеді. Әлем қарама-қайшы, бірақ қарама-қайшылықтар бір-біріне өтеді. Егер солай болса, онда адамның ақыл-ойы қарама-қайшылықтарды және олардың бір-біріне
өтуін танып біліп, бірте-бірте шексіздікке, демек, Құдайға жақындай береді. Сол себепті әрдайым шектеулі заттарды зерттей отырып, біз оларды шексіздікпен байланыстыруға тиіспіз. Заттарды танып біле отырып, адам зердесінде олардың шынайы бейнесін ғана емес, со- нымен қатар мүмкін болатын, өзгерген бейнесін де сақтайды. Демек, адам шығармашылық үшін, тудыру үшін жаралған. Ол – адами Құдай (лат. – Humanus Deus).
Адам жанының қабілет-мүмкіндіктерін зерттей келе, ол сезімді (лат. – sensus), ақыл-ес (лат. – ratio) және парасатты (лат. – intellectus) бөліп көрсетеді. Ақыл-ес адамның сезімдері мен парасаты арасындағы делдал іспетті.
Сезімдермен тығыз байланысқан ақыл-ес ғылымды тудыра- ды. Алайда адамның таным мүмкіндіктері бұлармен шектелмейді. Тіпті жан-жануарлардың да сезімдері және, қарабайыр болса да, ойлау қабілеті бар. Адамды жануарлардан ажырататын шешуші айырмашылық адамның ақыл-есінің оның парасатымен тығыз байла- нысты екендігінде, өйткені соңғы бірде-бір жануарда жоқ.
Парасаттың болуы нәтижесінде біз болмыстың шекті негіздеріне қол жеткіземіз, терең метафизикалық сұрақтарға жауап бере ала- мыз. Ақыл-естің бұл тән мен сезім әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Ол уақыттан және өтпелі дүниеден тыс, олардан мүлдем азат. Парасат тым жалпы, тұрақты, мәңгі нәрселерді зерттейді, сол себепті ол пайымға қарағанда, Құдай берген ақылға тым жақынырақ.
Әрбір адам – өз заманының ұрпағы. Сондықтан Н.Кузанский Сенімді Ақыл-ойдан жоғары қояды. Бірақ бұл соқыр сенім емес, өйткені «ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды». Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай, бір жағынан, барлығын барлық жерде қамтиды, ал, екінші жағынан, еш жерде ештеңе де қамтымайды. Егер біз шардың кез кел- ген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге бола- ды. Құдайдың математикалық белгісі (символы) деген – осы.
Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен шеңбері – ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты, әлемнің орнықты орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея пайда болған. Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Копер- ник революциясын осылай дайындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   185




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет