Ғылыми жұмыс бағыты: Жаратылыстану-математика Секциясы: Информатика Тақырыбы: Компьютерлік вирустар



бет1/4
Дата28.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#53342
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
«Қаратоғай орта» КММ


ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Бағыты: Жаратылыстану-математика
Секциясы: Информатика
Тақырыбы:



Компьютерлік вирустар

Орындаған: Сағидолда Әйгерім 6-сынып оқушысы


Жетекшісі: Информатика пәнінің мұғалімі
Қалалбекова Аида





2016 – 2017 оқу жылы

ЖОСПАР
Кіріспе
І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
1.1. Компьютерлік вирустар түрлері 
1.2.Компьютерлік вирустардың тарихы
1.3. Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері
1.4. Компьютерлік вирустардың жіктелуі.
ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары
2.1. Компьютерлік вирустан емдеу жолдары.
ІІІ. Салаунама және оның нәтижесі
IV. Ұсыныс
Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер

Аңдау хат



Мақсаты: Компьютерлік вирустарды және олардың түрлерін анықтап, вирустардан қорғану жолдарын іздестіру. Қазіргі кезге лайықты антивирустық программалардың түрін анықтау.
Міндеті:

  • Тақырып бойынша терең білім алу;

  • Бағдарламаның мүмкіндіктерін игеру;

  • Компьютерлік вирустардан сақтану шараларын айқындау;

  • Антивирустық программалармен жұмыс жасау;

  • Антивирустық программалармен вирусты жою.

Болжам: Егер, компьютерлік вирустар және олардан қорғану туралы ақпарат берсем, онда оқушылар вирустардан қорғану жолдарын білетін болады.
Зерттеу тәсілі: ақпараттар жинау
Зерттеу объектісі: компьютерлік вирустар
Күтілетін нәтиже: Компьютерлік вирустар туралы мәліметті жетік меңгеріп, үйренсек, олармен күресу мүмкін.
Өзектілігі: Компьютерлік вирустардан қорғанудың жолы - вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану болып табылады. Қазіргі кезде антивирустық бағдарламалар көптеп шығарылуда, бірақ олармен күресу жолдары аз.

І. Кіріспе


Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет.Мен зерттеу барысында компьютерлік вирустардың мүмкіндіктерін зертедім. Мен бұл тақырыпты алған себебім қазақ жастары жаңа технологияны пайдалана білу керек емес па? Сол сепбеті висрустарды компьютерлерден сақтану жолдарын әрбір қазақ азаматы дұрыс пайдалану үшін ай сайын курстар өткізіп тұру керек. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға 15-16 жылдай уақыт . Әрине бұл аз. Жаңа ақпараттық технологиялар дамып жетісе қойған жоқ. Мен бұл жағдайға қарамастан жаңа ақпарттық-коммуникациялық технлогияларды дамытамын. Мен алдағы уақытта компьютерлік антивирустардың жаңа түрін шығарғым келеді. Бүгінгі таңда еліміздің орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану міндетке айналып отыр. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан кезіміздің ақпараттандыру заманы деп айтуға болатының екенің бірі біледі. Компьютерсіз осы кезде бірде-бір жұмыс орындалмайтын сияқты. Біздер технологияның өсуімен жетістіктеріне ат салысып күресудеміз. Әрбір ел болсын, өзінің ақпараттандырырылған жақтарынан мақтан мақтан ұстап, әлемге жар салуда. Бұлардың барлығы дерлік үлкен жетістіктер. Бірақ, біз адам балалары өзіміздің денсаулығымызды естен шығарған сияқтымыз. Ия, мемлекеттің ақпараттандырылғаны барлығымызға жақсы. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияны, болашақта еңбекке деген, өмірге, білімді жалғастыруға пайдалану.

1.1 Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама


ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеумен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлуінде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар. Сондықтан да біздер компъютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай қадергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компъютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті. Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
— кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.


1.1. Компьютерлік вирустар түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет