Филологическая серия


Значимые функции монолога в художественном произведении



жүктеу 3.54 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата12.02.2017
өлшемі3.54 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Значимые функции монолога в художественном произведении 
Казахский государственный женский 
педагогический университет, г. Алматы.
Материал поступил в редакцию 06.11.14.
K. T. Zhanuzakova, B. Duicekeeva
Important functions of monologue in Kazakh literature
Kazakh State Women’s Teacher Training University, Almaty.
Material received on 06.11.14.
В статье рассматриваются художественные функции монолога 
в раскрытии внутреннего духовного мира персонажей на примере 
произведений М. Жумабаева, А. Кекилбаева, Т. Абдикова, С. Санбаева. 
Исследуется эстетическая и функциональная значимость монологов 
в создании более полной и целостной картины о характере, поведении 
героя, особенностях его психологии. 
The  article  discusses  the  artistic  functions  of  the  monologue 
in  discovering  the  inner  spiritual  world  of  characters  in  works  of  
M. Zhumabaev, A. Kekilbaev, T. Abdikov, S. Sanbaev. Explores the aesthetic 
and functional significance of the monologues in a more complete and 
coherent picture of the nature, character, behavior, its psychology.
ӘОЖ 81’37
Б. К. Жумабекова, М. Р. Рахметова 
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
«ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ 
ӨРІСІ (ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
Мақалада ағылшын, қазақ тілдеріндеріндегі «әйел» концептісінің 
лексика-семантикалық  өрісі  және  линвомәдениеттанымдық 
ерекшеліктері қарастырылады.
Кілтті  сөздер:  семасиология,  семантикалық  өріс,  лексика  – 
семантикалық, лингвомәдениеттану, фразеологиялық бірлік.
«Әйел»  –  мәңгілік  тақырыптардың  бірі.  Қазақ  халқының  ұлттық 
дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл 
арқылы  таныту,  когнитивтік  тұрғыдан  жан-жақты  зерделеу  тіл  мен  ұлт 
мәдениеті үшін қашан да өзекті болмақ. 
Адамзат  тарихы  бойынша  әйел  адамның  қоғамдағы  рөлі  әрдайым 
өзгеріп отырды. Көне заманда әйел адам құқықсыз еді, оған деген көзқарас 
жағымсыз болды. Бұл көзқарас тілде де көрінісін тапқан: «Тәртіпті, жарықты 
және ер адамды жаратқан мейірімді бастау бар, және де бейберекеттікті, 
қараңғылықты және әйел адамды жаратқан зұлымды бастау бар» (Пифагор), 
«Бүкіл жабайы аңдар арасында әйел адамнан зиянды біреу табыла қоймас» 
(Иоанн Златоуст), «Әйел адам өзінде ер адамның қасиеттері жоқ болғандықтан 
әйел адам болып табылады. Біз әйел адамды табиғи кемшіліктен азап шеккен 
жәндік ретінде қарастырыумыз керек» (Аристотель). Феодализм дәуірінде 

82
83
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
әйел  адам  шаруашылықты  басқарды,  құрметке  ие  болды,  бірақ  әлі  де 
күйеуінің құлы болып саналды.
Бүгінгі күнде әйел адамның ер адаммен тең құқықты жағдайда болғаны 
мәлімденеді. Әйел адам экономика және саясатта жетекші орындарға ие 
болуда. Ұлыбритания сияқты кертартпа мемлекетте әйел адамның қоғамдық 
рөлі соңғы ғасырда елеулі өзгерді, әйел адам үкімет басшысы бола қоймай, 
бұл қызметінде үздік табысқа қол жеткізді.
Бұл өзгерістердің барлығы мәдениеттің айнасы болып табылатын тілде 
де көрінісін табады. Соңғы жылдарда тіл және қарым-қатынастың гендерлік 
аспектілеріне деген жоғары қызығушылық байқалды. 
Қазіргі  ағылшын  тілі  әйел  адамға  деген  көзқарасты  оның  әрдайым 
өзгеріп отыратын қоғамдық рөлінің мәні арқылы көрсетеді, демек бұл рөлді 
вербальды қарым-қатынас арқылы белгілейді.
Тіл  құбылыстарын  зерттеу  өрісі  жаңа  замандағы  лингвистикада 
кең тарау алды. Семасиологияда пайда болған және И. Трир, В. Порциг 
аттарымен  байланыстыратын  лексикалық  топтар  немесе  парадигмалар, 
парадигматикалық өрістер (Т. Лаунсбери, У. Гуденаф, И. Трир, Э. Косериу), 
синтаксистік өрістер (В. Порциг, Л. Вейсгербер), грамматикалық өрістер  
(В. Г. Адмони), грамматика-лексикалық өрістер (Е. В. Гулыга, Е. Шендельс), 
функционалды - семантикалық өрістер (А. В. Бондарко) және т.б.
Тіл  тұжырымдамасының  өрісі  дәстүрлі  стратификациялық-деңгейі 
тұжырымдамасы (З. Д. Попова, И. А. Стернин,) шеңберінде шешілмейтін 
бір қатар сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Ол бір жағынан жеткілікті 
түсіндірме күш болса, және басқа жағынан - әдістемелік құндылығы бар: тіл 
құбылысының тәжірибелік зерттеу өрістің расталуы әдістемелік ауданынан 
сыртқа таратылады, яғни өріс қағидасы тіл және дәреже құбылыстарының 
жалпы қабылдау сапасында, соның ішінде сөздердің лексикалық мағынасы 
да қолданылады.
Өріс  –  ортақ  мағынаға  негізделіп  біріккен  және  білдіріп  отырған 
құбылыстарының заттық, ұғымдық немесе қызметтерінің ұқсастықтарын 
сипаттайтын тіл бірліктерінің жиынтығы. Ал лексика-семантикалық өріс 
ұғым мен сөз арқылы анықталады. 
Осылайша лексика-семантикалық өрісті зерттеудің басты нысаны – 
лексика-семантикалық өрістің құрамына кіретін барлық тілдік бірліктерді 
айқындап,  олардың  арасындағы  байланыстарды,  яғни  корреляцияларды 
анықтау болып табылады.
Лексика-семантикалық  өріс  негізі  лексикалық  бірліктері  ортақ 
компоненттері  болып  табылатын,  әр  түрлі  жүйелі-семантикалық 
қатынастармен  (синонимиялық,  антонимиялық,  гипер-гипонимиялық) 
байланысатын  біріккен  сөздер  тобын,  яғни  лексикалық  бірліктердің 
жиынтығынан тұратын микрожүйе.
В. Н. Телияның «Лингвомәдениеттанудың негізгі постулаттары» атты 
еңбегінде қазіргі заманғы линвомәлениеттанудың негізі тілдік белгілердің 
семантикасын  зерттеу  мен  сипаттамасының  қолданыстағы  мәні,  тіл  мен 
мәдениеттің өзара әрекеттесуі негізінде қалыптасады, өйткені әр субъект 
бәр уақытта – мәдениеттің субъекті болып табылады. Осыдан осы пәннің 
міндеттері шығады: тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың, тіл мен халықтық 
менталитеттің  өзара  қатынасын  зерттеу  және  сипаттау.  Әр  халықта 
әлемді  тану  бастапқыда  әр  түрлі  тәсілдер  жатыр.  Бұл  халықтың  рухани 
мәдениетімен, нақты қоғамның ақыл-ой жүйесімен, тілімен байланысты. 
Осыдан әр адамның болсын, болмасын өзін қандай да бір этникалық білімге 
жатқызады.  Әр  халықтың  мәдениеті  қиын  білім  кешендерінен  тұрады. 
Мәдениет салт, дәстүр, өнер, қолөнер, әлеуметтік қатынастан тұрады. Тіл 
өз кезегінде ұлттың заману менталитетіне кірудің бір тәсілі, сонымен қатар 
өткен жылдардағы адамдардың дүниеге көзқарасы.
Woman  сөзі  The  Free  Dictionary  by  Farlex  сөздігінде  былай  деп 
түсіндірілген: an adult female person; a grown-up female person, as distinguished 
from a man or a child; sometimes, any female person (ересек әйел жынысты 
адам; ер адамға немесе балаға қарағанда ересек әйел жынысты адам; кебір 
кезде, кез келген әйел адам). 
Лексикографиялық  дерекнамаларда  бірінші  лексика-семантикалық 
нұсқа ретінде келесі мағына беріледі: woman – Adult female human being 
«әйел жынысты ересек адам».
Мысалы
1) Mrs. Mc Gillicuddy turned to him with vehemence. «A woman has been 
strangled» she said. «In a train that has just passed. I saw it».
2) «Urgh!» As Lucy went out of the room carrying the coffee tray she heard 
him say, «Slick young woman that always got all the answers. Cooks well, though 
and she’s a handsome kind of girl».
3) «Have you ever seen a blonde woman wearing a light coloured dyed 
squirrel coat anywhere about the place?»
4) «Fancy your disguising yourself as a gipsy woman and stealing out through 
the back door, and sitting in the bars of public houses».
Бағалау  бейтараптылығына  қарамастан,  сөйлеу  әрекеті  барысында 
контекстке  қоғамдық  аспект  әсер  етсе,  немесе  ағылшын  мәдениетіндегі 
әйел адамның сыртқы келбеті мен мінез-құлқының эталонына сай аталған 
объектінің келбеті, жеке қасиеттері білдірілсе, woman сөзі бағалау нысанына 
ие болады. 
Мысалы – «She was one of those rare, even among already pretty, women, 
that are born with a natural aura of sexuality: always in their lives in will be the 
relations with men, it will be how men react, that matters».

84
85
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Жоғарыда айтылып кеткендей, woman сөзі сыртқы келбет пен рухани 
жетілуге акценттеліп, girl немесе child сөзіне қарама-қарсы қойылса, семалық 
құрылымында аdult компонентіне ие болады.
Осылайша, келесі үзіндіде woman сөзі «пішіні жақсы дамыған әйел адам» 
мағынасын беріп, белгіленген адамның тұлғасын сипаттайды. Коннотативті 
компонент дұрыс бағалауды белгілейді, өйткені аталған объектінің дене 
пішіні жағымды эмоциялар тудыра алатынын көрсетеді (эстетикалық және 
сезімдік ләззат). Сөйлеу субъектісінің ер адам екендігін айтып кету жөн.
Мысалы – «She had thrown back the blanket a little and her skin was a deep 
shadowed red in ember-light. Young and ancient; innocent and corrupt; in every 
woman, all women».
Осы мысалда сөйлеу субъектісі ер адам екені анық көрініп тұр. Осыдан 
объектіге,  яғни  әйелдің  денесіне  деген  сүйіспеншілігін  көруге  болады. 
Берілген мысалдан әйелдерге алуан жүзді қасиет, сапаларының түрлілігі 
және нәзіктік пен сұлулуық тән. Ал ер адамдарға осы қасиеттер ұнайды. 
Ағылшын тіліндегі «әйел адам» жалпы мағынасын келесі лексемалар 
білдіреді: woman, lady, female, girl, dame және т. б. Көрсетілген зат есімдерді 
бір семантикалық топқа біріктіретін интегралды белгі болып табылатын 
«female person» сөзтіркесі. Ондағы ядролық орынды woman, lady сөздері 
алады, өйткені тілде «қолдану жиілігі» белгісімен таңбаланады және «female 
person»  тіркесінің  мағынасын  тура  білдіреді.  Түсіндірме  сөздіктерінен 
алынған мәлімет берілген лексеманың тілде бірнеше лексика-семантикалық 
нұсқалармен ұсынылғанын көрсетеді.
Қазіргі  ағылшын  тілінде  female  сөзі  екі  лексика-грамматикалық 
дәрежеге қатысты – зат есім және сын есім. Сын есім қызметінде female 
затты, адамды сипаттайды, «ұрпақ тудыра алатын жынысқа қатыстылықты» 
білдіреді (of the sex that produces offspring), мысалы: the female sex, a female 
child, a female voice.
Зат есім ретіндегі female сөзінің негізгі мағынасы – «әйел жынысты 
адам». Қолдану аясы шектеледі, негізінен жануарларға қатысты қолданылады. 
Адамға қатысты берілген мағынадағы female сөзі тек бланктың «жыныс» 
графасын толтыру кезінде ғана қолданылады. Басқа жағдайларда female 
лексемасы қарастырылған лексика-семантикалық нұсқада адамға қатысты 
қолданылмайды.
Қазіргі  ағылшын  тілінде  female  сөзі  сөйлеуші  жақтырмайтын  әйел 
адамға қатысты қолданылады. Мәтіндік мысалдардың көрсетуі бойынша 
female  сөзі  ақыл-парасаты  кем,  атау  субъектісіне  ұнамсыз  сөздермен 
анықталады.
Мысалы  –  «Some  idiotic  female  asked  me  to  sign  an  anti-government 
petition today».
Осы мысалда біз субъектіге әйелдің ұнамайтынын көреміз. Оны idiotic 
female тіркесінен байқауға болады.
Осылай көптеген семантикалық белгілермен біріктірілген, ағылшын 
тіліндегі  «woman»  лексика-семантикалық  өрісіне  байланысты  7  топты 
көруге болады:
а) жас белгісі бойынша: girl – бойжеткен, woman – әйел, old woman – 
жасы келген әйел;
ә) заңды және қандас туыстар: mother – ана, grandmother – әже, wife – 
әйел, келіншек, daughter – қыз, aunt – тәте, sister – апа, cousin – сіңлі, қарындас, 
mother-in-law – ене, daughter-in-law– келін;
б) отбасы жағдайында: widow – жесір әйел, spinster – бойдақ әйел;
в) әлеуметтікке тиесілі: queen – патшайым, duchess – герцогиня;
г)  айналысатын  әрекетіне  байланысты  сөздер  және  қаратпа  сөздер: 
lady– ханым, schoolmistress – мектеп директоры, maidservant – малай әйел, 
madam – ханым, maid – жас қыз;
ғ) сыртқы келбет семантикалық белгісі;
д) әйел зияткерлігі.
Тілден  халықтың  рухани  және  материалдық  мәдениетінің  іздерін 
байқауға болады. Осымен байланысты қазақ тілінде әйел көркін ғаламның 
ұлттық тілдік бейнесіне сәйкес сипаттайтын, соған сай танытатын сөздер 
төмендегіше көрініс тапқан:
Осылай  көптеген  семантикалық  белгілермен  біріктірілген  6  топты 
көруге болады:
а) жас белгісі бойынша: қыз, әйел бала, бойжеткен, келіншек, кемпір;
ә) заңды және қандас туыстар: ана, апа, әже, әпке, әпкелі-сіңлілі, бәйбіше, 
нағашы апа, нағашы әже, тоқал, жар, жеңге, сіңлі, қарындас, келін, ене;
б) отбасы жағдайына байланысты: жесір, қалыңдық;
в) әлеуметтікке тиесілі; 
г) айналысатын әрекетіне байланысты және сыпайы қаратпа сөздер: күң;
ғ) сыртқы келбет: хордың қызы.

86
87
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Кесте 1 – «Әйел» лексика-семантикалық өрісі ағылшын және қазақ тілдері 
негізінде
Құралдар
Ағылшын тілі
Қазақ тілі
Ядро
Woman
Әйел
Ядролық құралдар
Wife
Жар,үлкен әйел, жұбай, 
қатын, бәйбіше
Mother
Ана, шеше, апа
Daughter
Қыз
Grandmother
Әже,  апа,  нағашы  апа, 
нағашы әже
Granddaughter
Жиен, немере
Aunt
Тәте, әпке
Sister
Әпке,  қарындас,  сіңлі, 
әпкелі- сіңлілі
Cousin
Бөле
Mother-in-law, 
mother of the daughter-in-
law, mother of the son-in-
law, sister-in-law
Ене, қайын ене,
құдағи, абысын, 
қайын бике, қайын апа, 
қайын сіңлі, құдаша
Daughter-in- law
Келін, жеңге, келіншек, 
қалыңдық
Ladykin, moppet, sissy, girl Қыз бала
Girl, lass, lassy, miss, mis-
sy,  gal,  nymph,  nymphet, 
jail-bait, chit, filly, tomboy, 
puss,  baggage,  gamine, 
bird, chick, chicken, dam-
sel, debutante, jane, maid, 
maiden, miss, piece, rose-
bud, virgin, wench
Бойжеткен 
  Beldame,  crone,  dame, 
dowager,  granny,  grimal-
kin, hag, hen, matron, spin-
ster, witch
Кемпір, әже, қария
Периферия құралдары Widow
Жесір, тірі жесір
Spinster,  bachelor  girl, 
maid, maiden, damsel
Бойдақ
Lady, madam, maid, miss,  Бикеш, ханым, әпкетай, 
жеңгей, жеңеше, әжей, 
Schoolmistress
Апай
Maidservant
Күң
Queen, duchess
Ханшайым
Babe,  baby,  doll,  dolly, 
rosebud,  dollybird,  juno, 
goddes, good-looker, belle, 
beauty, queen, Peri, Venus, 
nymph, nymphet, jail-bait, 
belle
Хордың қызы, сұлу
beldamt, bow-wow, crone, 
dog,  frump,  bag,  dowdy, 
drab,  frow,  slattern,  slut, 
trollop, amazon, bull-bitch, 
virago,  cow,  pig,  gorgon, 
dragon,  battleaxe,  bag, 
bitch, cat, dragon, fury, hag, 
harpy,  harridan,  hellcat, 
shrew,  tabby,  witch,  tart, 
whore, scold, flibbertigibet, 
light-o’-love
Мыстан 
Ф р а з е о л о г и я л ы қ 
бірліктер
To be pinned (tied) to one’s 
wife’s  (mother’s)  apron-
strings
А н а   с ү т і   ау з ы н а н 
кетпеген.
The gentle sex
Нәзік жан
Mother Nature
Отан Ана
At your mother’s knee
Жұмақ ананың аяғының 
астында
Ағылшын және қазақ тіліндегі «әйел» лексика-семантикалық өрісінің 
құрылымдық  элементтері  негізінен  бір-бірімен  сәйкес  келеді.  Бірақ, 
салыстыру кезінде ортақ сипаттамалар қатарынан басқа, көптеген халықтық-
мәдени ерекшеліктері бар. Ағылшындықтар үшін ең маңызды аспектілер 
«сыртқы  келбет»,  «әлеуметтік  мәртебе»,  «қоғамдық  маңызды  әрекет» 
болып табылады. Ал қазақ халқы үшін «заңды және туыстық қатынас», 
«сыпайылық», «жас белгісі» аспектілері бірінші орында тұр. Осыны біз 
жоғарыда  көрсетілген  мысалдардан  көре  аламыз.  Мысалы,  ағылшын 
тілінде қазақ тіліне тән құдағи, құдаша, абысын, қайын бике, қайын сіңлі, 
қайын апа сөздеріне эквиваленттері жоқ. Ағылшын тіліндегі сыртқы келбет 
семантикалық  белгісіне  байланысты  көрсетілген  мысалдар,  қазақ  тіліне 
қарағанда өте көп. Демек, олар үшін сыртқы келбет туыстық қатынасқа 
қарағанда маңыздырақ болып табылады. 
Ағылшын,  қазақ  тілдеріндегі  «әйел»  лексика-семантикалық  өрісі 
лингвомәдениеттік тұрғыдан талданды. Мысалы, қазақ халқы ханым деген 
сөзді енгізді. Осы сөзден әйелдің жоғары орын алатынын көрсетеді. Шығыс 
әйелдері әрқашан сыпайы, кішіпейіл болды. Ол ер адамнан бір сатыға төмен 

88
89
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
болатын. Бұрын әйелдер тек қана үйде отыратын, ал ер адамдар жұмыс істеп 
табыс табатын. Қазіргі заманда бәрі мүлдем өзгерді. Әйел адамдар бәрі 
жұмыс істеуге талпынады, және оларға әрдайым жұмыс табылады. Ал батыс 
елдерінің әйелдері мансапқа жетуге тырысып, үйден тыс жұмыс жасаған.
Осылайша, «әйел» лексика-семантикалық өрісі қарастырылды, ағылшын 
және қазақ қоғамындағы әйелдің орны тіл призмасы арқылы анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Маслова, В. А. Лингвокультурология. – М. : Академия, 2001. – 208 с.
Телия, В. Н. Первоочередные задачи и методологические проблемы 
исследования  фразеологического  состава  языка  в  контексте  культуры  / 
Фразеология в контексте культуры. – М., 1999. – с. 13-24.
3  Хасанулы,  Б.  Проблемы  развития  гендерных  исследовании  в 
казахском  языкознании  и  вопросы  женского  языка  //  Язык  и  культура: 
функционирование  и  взаимодействие.  Материалы  международной 
конференции. – Шымкент, 2003. – 51-53 с.
Шоқым, Г. Тіл біліміндегі гендер мәселелері // ҚР ҰҒА Хабарлары. 
Филология сериясы. № 6. – 23-26 б.
Щур, Г. С. Теория поля в лингвистике – Москва : «Наука», 1974.
Материал 14.11.14 баспаға түсті.
Б. К. Жумабекова, М. Р. Рахметова 
Лексико-семантическое поле концепта «женщина» (в казахском и 
английском языках) 
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 14.11.14.
B. K. Zhumabekova, M. R. Rakhmetova
Lexical-semantic field of the concept «woman» (in Kazakh and English 
languages  ) 
S. Toraighyrov Pavlodar State University; Pavlodar. 
Material received on 14.11.14.
В данной статье рассматривается лексико-семантическое поле 
концепта «женщина» в казахском и английском языках, а также 
описаны особенности лингвокультурологического аспекта в данных 
языковых культурах. 
The  article  deals  with  the  lexical-semantic  field  of  the  concept 
«woman» in Kasakh and English languages. It also describes the specifics 
of linguoculturological aspects in the mentioned linguistic cultures. 
ӘОЖ 8 82.151.212.2
А. Ф. Зейнулина 
ф.ғ.к., профессор, ҚР ПҒА корреспондент – мүшесі, қазақ тілі кафедрасының 
меңгерушісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 
Павлодар қ.
ИСА БАЙЗАҚОВ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК 
ӨРНЕГІ
Аталмыш мақалада Иса Байзақовтың ақындық әлемі мен оның 
поэмаларының көркемдік – бейнелілік жүйесіне талдау жасалынады. 
Кілтті  сөздер:  дарынды,  талант,  шығармашылық  өрнек, 
патриотизм,  баяндау,  суреттеу,  бейнелеу,авторлық  ұтқырлық, 
сиқырлы бояу, эпитет.
Қазақ  әдебиетінде  дүлдүл  ақын  деген  құрметке  ие  болған  екі  ақын 
болса,  оның  біреуі  –  Иса  Байзақов.  Заңғар  жазушы  Мұхтар  Әуезов  Иса 
ақынның ақындығына мынадай баға береді: «Иса Байзақов ғасырда бір-ақ 
рет туатын, біздің ғасырымызда халқымызға сыйлаған теңдесі жоқ дүлдүл 
азаматы», – деген екен.
Иса  Байзақов  дүлділ  ақын,  тасқын  талант  ғана  емес,  көңіл  қойса, 
көркемдіктің классикалық биігіне ырғып шығатын аса дарынды шайыр. 
Шығармаларында ойын төгілтіп қана қоймай, салиқалы сөзін үсті-үстіне 
төгіп,  кестелі ойын  өрнектеп беретін суырып салма  ақын.  Өз  өлеңдерін 
жатқа айтумен қатар поэмаларын жатқа айтуының өзінде үлкен өнер мен 
талмас талант бар. 
Иса Байзақов – ауыз әдебиетінде де, жазба әдебиетінде өзіндік орны 
бар  қарымды  қаламгер.  Сондықтан  да  болар  әдебиет  зерттеушілері  Иса 
ақынның  әдебиеттегі  күші  таразының  қай  басында  молырақ  ауарын 
салмақтауға көп көңіл бөлді. Дегенмен ол – таразы басын тең ұстаған өнер 
адамы. Халқымыздың бай ауыз әдебиетінен түлеп ұшқан суретші, жеткен 
жетістіктерін авторлық қол жазбаларында жазба әдебиеттің көркемдік қуаты 
мен маңызын арттыруға шебер жұмсаған болатын. 

90
91
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Иса  Байзақов  шығармашылығында  халықтың  үні,  мұңы  мен  зары, 
қуанышы  мен  толғанысы  бар.  Шығармашылық  өрнегінің  бояуы  қанық, 
суреттеу  қарымы  терең.  Мәселен,  «Құралай  сұлу»,  «Алтай  аясында» 
поэмаларында  жоңғар  шапқыншылығы,  «Ақтабан  шұбырынды» 
заманындағы қазақ тұрмысының шынайы көрінісі, ел бірлігі, патриотизм 
идеясы  «Ақбөпе»  паоэмасында;  Алатау,  Алматы  төңірегінің  тамаша 
табиғаты, сол замандағы еңбек ерлігі мен жергілікті халық тірлігі «Алатау 
неге шаттанды» поэмасында; «Ұлы Октябрь», «Ұлы құрылыс» поэмасында 
алғашқы бесжылдық дәуірінің тарихи табыстары, еңбек ерлігі; «Кавказ» 
поэмасында Кавказ табиғаты мен ержүрек адамдардың махаббаты, кекті 
күрестер туралы жаңа идея; «Қырмызы-Жанай» поэмасында таптық күрес 
пен намысқой жастардың күресі; «Клеопатра» поэмасы әйел бейнесі мен 
тақырыбының  мәңгілік  екендігін  жыр  етеді.  Сондықтан  Иса  Байзақов 
поэмалары белшілі бір оқиға мен телегей толқыны бар тарихтың ізімен 
жазылған шығармалар.
 Оқиғаны баяндау, суреттеу, бейнелеу құралдарында халық поэзиясының 
биік үлгілеріне сүйенген Иса Байзақов поэмалары суреткерлік шеберлігі 
жағынан да жоғары тұрады. Олардағы тарих шындығын ел тұрмысын басты 
кейіпкерлердің әрекет тіршілігін бейнелеудің өзі сурет арқылы жасалып 
дамыды. Ақынның өлең жолдарынан бір жағынан шындықтың тұтасқан 
көріністерін көретін болсақ, екінші жағынан жеке мінездемелер, портрет 
жасаудың шебері адамның күйінішін, сүйінішін суреттеуді көреміз.
«Құралай  сұлу»  поэмасы  –  қазақ  өмірінің  тарихи  шындығы  – 
қалмақпен  арадағы  араздықтың  айналасында  болғанымен,  арманына 
қол созған бойжеткеннің қапыда қаза болуы, ана тілегін орындаса да, өз 
бақытына жете алмаған байғұс жастың жан түршігерлік халі бейнеленеді. 
Қалмақтардың  Тарбағатай,  Тянь-Шань,  Маңырақ  тауларын  мекендеген 
кезі Есім ханның ел билеген шағына тұспа-тұс келетіндігі тарихтан белгілі. 
Қалмақ шапқыншыларымен қанша жан айқастырып, қасық қаны қалғанша 
күрескен қазақ азаматтары мен қыздары арман жолында құл, күң атанып, 
өмірлерін сарп еткен. Осындай жан кешті жанның бірі – Құралайдың анасы. 
Жау қолында күң болса да, өз баласының бойына аналық қамқорлығының 
бәрін жасап, жау қолында қалмауын құлағына сіңдірген. Поэманың бірден-
бір оқиға өзегі осы жағдай болғандықтан, эпикалық сарыны мен дамыту 
детальдары осы оқиғадан бастау алады.
Қазақ әдебиетінде өзіндік ізі бар поэма әрі жұмбақ, әрі ашық күйде 
басталады. Дегенмен, бұл жырда қандай да бір мұң бар екендігін айтуы 
оқырман қызығушылығын арттырып, сан сауалдың жауапсыз қалатындығы 
– авторлық ұтқырлық. Оқиға мен оған қатысты кейіпкер аясы шағын болса 
да, көтерген идеясы мен тақырыбы қомақты.
«Құралай  сұлу»  поэмасы  –  бір  көргеннен  лап  етіп,  үш  күн  ғұмыр 
кешкен тәтті махаббаттың өмір бойы өшпес сезімі қалатындығын көрсететін 
мазмұнды туынды.
Құралай  –  қалмақ  халқын  ерекше  сыйлап  сүйетін  жан  ретінде 
оқырмандарға таныстырылады. «Жаннан асқан, көкте күнмен нұрын қосқан» 
- деген күрделі эпитеттері арқылы бойдағы ерекшелігін аша келіп:
«Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды,
Әрдайым  әйелсінбей  ақылдасқан»,  –  деп,  ел  алдындағы  абыройын 
көрсетеді.
«Мөлдіреп екі көзі қарақаттай,
Нұрланған екі беті жарқ-жұрқ етед,
Тұлпардың жалы су-су, тақым ду-ду,
Сүйріктей сұлу қолын ербеңдетед», – деп, сұлу бейнесінің сұлулығы 
қашып келе жатса да, ерекше «мөлдіреген қарақаттай көзі, жарқ-жұрқ етіп 
нұрланған екі беті» деген эпитетпен көркемдеу арқылы оның қазақ еліне, 
жеріне деген ынтықтығын көрсеткісі келген сияқты. 
Құралай – антқа берік арлы сұлу. Оны ақын: «Анамның аманатын іске 
асырмай, Арыма не демекпін әсіресе», – деп айта келіп: «Ханның қолы 
мені жеңіп алуына»; «Сүйгенім жалғыз арманда өліп», «Үмітін ақыл алып, 
сезім билеп», – деген жолдарда қайғыруға берілмей, әп-сәтте ақылға сала 
алатындығын дерексізді деректендіру арқылы қайта алдына үміт артады. 
Құралай – жігерлі күші намысына сай қыз. Мұны ақын: «Соны ойлап 
шықты  сұлу  тасқа  өрмелеп,  ажалға  ашық  күші  болды  себеп»,  –  деген 
екі жолмен, «тасқа өрлеп шығуы» мен «ашық күннің» арасындағы өлең 
жігерлі жан екенін айтады. «Ашық» эпитеті арқылы басқа ақындарда жоқ 
қолданыспен ере тән кеуделі күшті айтатындай. Және оның «баладай өңі 
кірген» теңеуі ақындық ажарландыру арқылы дастанға рух береді.
«Ақбөпе» дастаны – Иса ақынның күрделі шығармасы, өзіндік идеялық-
көркемдік ерекшелігімен алтын қорға енген туынды. Мұнда қазақтың ішкі 
қоғамдық өмірі, өздерінің бас бостандығы үшін арпалысқан жастардың жан 
айғайы мен олардың махаббат жолындағы күресі. Осы жолда Иса ақынның 
кейіпкерлері жан-жақты көрініп, олардың бейнесін сомдауда әрі эпикалық, 
әрі  лирикалық  сарындар  шебер  қолданғанына  көз  жеткіздік.  «Ақбөпе» 
поэмасының өзіндік сипаттары:
– Оның сюжеті күрделі, оқиғалары шым-шытырық;
– Тіл көркемдігі жоғары;
– Тақырыптас шығармалардан өзіндік ерекшелігімен дараланады;
– Кейікерлердің даралығы, олардың өзара қарым-қатынасы;
– Ақынның табиғат суреттеудегі шеберлігі.
Поэма  сюжеті  қазақ  өмірінің  тарихи  шындығын,  адамдар  басынан 
кешкен сан түрлі шиеленіскен күрестер екі жастың арасындағы ынтызар 
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет