Филология факультеті



жүктеу 0.73 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№ 2 лекция тақырыбы: Ұлттық руханияттағы «ақтаңдақтар» мəселесі 

Қарастырылатын сұрақтар: Ұлттық руханияттағы «ақтаңдақтар». Əдебиет 

пен  өнер  мəселелер  ібойынша  қабылданған  партиялық  қаулы-қараралардың 

күшін жоюы.Əдеби үдеріс.

 

     Дəрістің мақсаты: ақтаңдақтардың əдеби шығармашылқ мұрасының 

құндылықтарын саралау  

     Дəріс мазмұны:   

Адам  құқығын  жаншып,  шығармашылық  ой  еркіндігін  цензуралық 

қадағалауда  ұстап  келген  саяси  жүйедегі  дағдарыс,  əлеуметтік  өмірдегі 

қайшылықтар  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінің  алғашқы  жылдары  күрделі 

өзгерістердің жетілгенін айқындады. Қоғамдық дамудағы саяси дағдарыстан 

шығудың  кейбір  жолдары  СОКП  ОК  сəуір  пленумында  өткір  қойылды. 

Кешегі  кеңес  тарихында  «қайта  құру»,  «жариялылық»,  «бетбұрыс» 

атауларымен  із  қалдырған  жаңа  саяси  бағыттың  алғашқы  қадамдары 

жасалып,  əлеуметтік  сананы  сол  үдеріске  бейімдеуде  əдебиет,  өнер 

қайраткерлеріне  үлкен  сенім  жүктелді.  СОКП  ХХVІІ  съезі  демократиялық 

жаңғырудың  жаңа  саяси  бағыт-бағдарын  бетбұрыс  талабында  айқындап, 

руханият  əлемінде  қордаланған  сан  алуан  мəселелерді  əлеумет  талқысына 

салуға  жол  ашты.  КСРО  күйреуіндегі  шешуші  саяси  қадам  демократиялық 

заңдылықтарды  қалпына  келтіру  талабында  өрбігендіктен  кеңестік  жүйе 

рухани  арнаны  қатал  бақылауда  ұстаған  цензуралық  қысымнан  бас  тартуға 

мəжбүр болды. 

1987-1989  жылдары  СОКП  1930-40  жылдар  кезеңі  мен  50  жылдар 

басында  орын  алған  репрессияларға  қатысты  бірнеше  қаулы  қабылдады.  Ал 

«Əдебиет  пен  өнер  мəселелері  бойынша  30-40-шы  жылдар  кезеңі  мен  50-ші 

жылдар  басында  қабылданған  қаулыларды  зерттеу  жөніндегі  Қазақстан  КП 

ОК  Комиссиясының  қорытындысы»  ұлт  руханияты  мен  əдебиеттану 

ғылымын шарпыған əміршіл-əкімшіл саяси жүйе зардабына үңілдірді. 

Көне  түркі  мұраларынан  бастап  əдебиет  тарихын  «ақтаңдақтармен» 

сабақтастықта жаңаша көзқараста зерделеу ұлттық əдебиеттануда соны сипат 

ала бастады. Ежелгі дəуір əдебиетін зерттеу барынша тереңдеп, көне əдебиет 

жəдігірлерін  қазақ  тіліне  аударумен  ұштастырылды.  «Ақиқат  сыйы» 

(Ə.Құрышжанов. 

Б.Сағындықов), 

«Махаббат-наме» 

(А.Қыраубаева. 

Ə.Дербісалин. М.Жармұхамедов. Ө.Күмісбаев), «Оғыз-наме» (Ə. Дербісалин. 

М.Жармұхамедов.  Ө.Күмісбаев.  Қ.Өмірəлиев),  «Диуани  лұғат  ат-түрік» 

(Х.Сүйіншəлиев. 

Ф.Оңғарсынова. 

А.Егеубаев), 

Орхон 

ескерткіштері 



(М.Жолдасбеков.  Қ.Өмірəлиев),  «Қорқыт  ата  кітабы»  (Ə.Қоңыратбаев. 

М.Байділдаев),  «Құтты  білік»  (А.Егеубаев),  «Бабырнама»  (Б.Қожабеков), 

Қожа  Ахмет  Яссауи  хикметтері  (С.Битенов,  А.Түгелбаев),  «Тотынама» 

(Ə.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев) тəржімаланды. Ал ежелгі дəуір əдебиетінің 

салыстырмалы  əдіс  тұрғысынан  жүйелі  зерттелуімен  көне  мəдени,  əдеби 

мұралардың  этногенез,  этногенетикалық  байланысын  шешуде  Ə.Марғұлан, 

Ə.Қоңыратбаев,  Х.Сүйіншəлиев,  Р.Бердібаев,  М.Дүйсенов,  Қ.Өмірəлиев, 


М.Жолдасбеков,  С.Қасқабасов,  А.Қыраубаева,  Ш.Ыбыраев,  Т.Қоңыратбаев, 

Б. Əзібаева еңбектері маңызды қадамдар жасады. 

Орта  жəне  жоғары  мектепті  қайта  құру  талабына  бейімдеудегі 

міндеттерге  орай  əдебиет  пəні  тарихының  бағдарламасына  өзгерістер 

енгізілді.  «Ежелгі  дəуір  əдебиеті»  оқулығы  (Н.Келімбетов),  пəннің 

хрестоматиялық  оқу  құралы  (А.Қыраубаева  құрастыруымен)  жарық  көріп, 

ежелгі  дəуір  əдебиетін  жоғары  оқу  орындарында  жүйелі  оқыту  мəселесі 

шешімін тапты. 

Қазақ  хандығының  əдеби-тарихи  бірліктегі  бітімі,  Абылай  тұлғасы 

тарихи  шындыққа  сай  бағасын  ала  бастады.  Бұқар  жыраудың  36  толғауы 

жарық көрді. Қ.Салғариннің «Қазақ шежіресі», «Жол үсті – тағдыр» (Роман-

эссе)  еңбектерінде  тарихи  тұлғалар  жаңаша  көзқараста  зерделенді.  Он 

томдық  қазақ  əдебиеті  тарихын  жасау  бағдарламасы  аясында  М.Мағауиннің 

«Қазақ  хандығы  дəуіріндегі  əдебиет»  оқулығы,  хрестоматиясы  шықты. 

М.Əуезовтің 

«Əдебиет 

тарихы», 

Х.Досмұхамедовтің 

«Аламан», 

С.Асфандияров,  Е.Бекмаханов  еңбектері  ғылыми  айналымға  түсіп,  ұлт 

азаттық  көтерілістерді  əдеби-тарихи  шындыққа  сай  зерттеудің  əдіснамалық 

негіздеріне түбірлі өзгерістер əкелді. 

«Бес  ғасыр  жырлайды»,  «Ай,  заман-ай,  заман-ай...»  (М.  Байділдаев, 

М.Мағауин)  антологиясы  жарық  көріп,  77  ақын-жырау  шығармасы 

қамтылды.  1984-1985  жылдары  (66  ақын-жырау)  жарық  көрген  үш 

томдықтан  алынып  тасталған  Дулат,  Шортанбай,  Мұрат,  Əбубəкір  Кердері, 

Мəшһүр  Жүсіп,  Нұржан,  Мақыш  шығармалары  енгізіліп,  Шəкəрім 

мұрасымен толықты. 

Əдеби  басылымдарда  Дулат,  Көкбай,  Жамбыл,  Сүйімбай,  Нысанбай, 

Досқожа,  Шортанбай,  Мұрат,  Қашаған,  Кердері  Əбубəкір  мұралары 

жариялана  бастады.  Ы.Алтынсариннің  «Шариат  ул-Ислам»  кітабы  жарық 

көріп,  «Ыбырай  Алтынсарин  тағылымы»  жинағындағы  мақалалар  жаңаша 

көзқарасқа  негізделді.  Қ.Өмірəлиев  құрастыруы,  алғы  сөзімен  Дулаттың 

«Замана  сазы»,  Қ.Сыдиқов,  Ш.Керімов  алғы  сөзімен  Қашаған,  Шынияз, 

Мұрат,  Насихат  шығармалары  топтастырылған  «Алқаласа,  əлеумет»  жарық 

көрді.  ХІХ  ғасыр  əдебиетінің  тарихы  Х.Сүйіншəлиевтің  «ХІХ  ғасыр 

əдебиеті»  оқулық  жəне  хрестоматиялық  оқу  құралында  жаңаша  танымдағы 

ғылыми жүйеде жазылды. 

Ш.Сəтбаева «Ч.Ч.Валиханов и русская литература», «Шоқан Уəлиханов – 

филолог»  зерттеуімен  шоқантануды  тереңдетті.  Абайдың  екі  томдық 

шығармалары, «Абай тағылымы», «Абайтану. Библиографиялық көрсеткіш», 

«Абайтанудан  жарияланбаған  материалдар»  жинақтары,  М.Мырзахметов, 

М.Бейсенбаев,  Г.Бельгер  зерттеулері,  Алаш  арыстары  ғылыми  мұралары 

абайтануды 

өрістетті. 

М.О.Əуезов 

атындағы 

Əдебиет 


жəне 

өнер 


институтында 

Абайтану 

бөлімі 

ашылып, 


150 

жылдығына 

орай 

текстологиялық  зерттеу,  ІІ  томдық  академиялық  жинақ  дайындау,  өмірі  мен 



шығармашылығын зерттейтін жаңа еңбектер жасауды күн тəртібіне қойды. 

Ғылыми  ой-пікірдің  маркстік-лениндік  ілім  қателіктерінен  арылуындағы 

қадамдар  əдебиеттің  толымды  тарихын  жасау  талабын  алға  шығарды. 


Ш.Елеукеновтің  «Мақсат  үлкен,  міндет  зор»,  М.Қаратаевтың  «Туған 

əдебиетіміздің  толымды  тарихын  жасайық»,  Т.Кəкішевтің  «Қағидаға 

айналған  қателер  түзелсе»,  С.Қирабаевтың  «Қайта  құру  жəне  əдебиеттану», 

Р.Нұрғалиевтың  «Əдебиет  тарихы  мен  теориясының  өзекті  арналары», 

М.Базарбаевтың  «20-30  жылдардағы  қазақ  əдебиетіне  көзқарас»  өзге  де 

проблемалық  мақалаларда  əдебиеттің  ғылыми  жүйеге  келтірілген  тарихын 

жасау «ақтаңдақтармен» сабақтастықта жаңаша көзқараста зерделенді.  

Алаш арыстары туындылары, ғылыми зерттеулері жариялануы қоғамдық 

санада  көркемдік  танымның  жаңа  сипаттағы  əдеби-эстетикалық  тұғырының 

орнығуына соны тыныс дарытты. Проблемалық жəне танымдық мақалаларда 

Алаш  əдебиетінің  ұлттық  руханият  əлеміндегі  маңызын  айқындау  басты 

орынға  қойылды.  Ғылым  академиясы  М.О.  Əуезов  атындағы  Əдебиет  жəне 

өнер  институты  ұйымдастыруымен  «ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ 

əдебиетінің  мəселелері»  тақырыбында  ғылыми-теориялық  конференция 

өткізілді.  Шəкəрім,  Ахмет,  Жүсіпбек,  Міржақып,  Мағжан  шығармалар 

жинағы  жарияланып,  шығармашылығынан  Б.Əбдіғазиев,  Ш.Сəтбаева, 

Ш.Елеукенов, 

Р.Сыздықова, 

Р.Нұрғалиев, 

С.Қирабаев, 

М.Əбсеметов 

еңбектері  жазылды.  Алғашқы  диссертациялық  еңбектер  қорғалды.  Мəшһүр 

Жүсіп,  Шəңгерей,  Нарманбет,  Нұржан,  Мақыш,  Ғұмар,  Сұлтанмахмұт, 

Бернияз  мұрасын  шығару,  шығармашылығын  ұлттық  мүдде  тұрғысынан 

қарастыру  жаңаша  сипат  алды.  Қазақ  кітаптарын  зерттеу,  библиографиялық 

көрсеткішін  жариялау  уақыт  талабына  орай  жанданды.  «Қазақ  кітаптары. 

Библиографиялық  көрсеткіш  (1807-1917)»  (С.Есова,  Ү.Субханбердина, 

Д.Сейфуллина),  «Дала  уалаятының  газеті»  (Ү.Субханбердина)  кітаптары 

шықты. 

Кеңес  дəуіріндегі  əдебиеттің  туу,  қалыптасу  жолдарының  идеологиялық 



қайшылықтары  соны  көзқараста  байыптала  бастады.  Д.Кəкітайұлы, 

Ж.Аймауытов,  С.Садуақасов,  Қ.Кемеңгеров,  М.Əуезов,  Ы.Мұстанбайұлы 

сын  зерттеу  мақалаларының  жариялануы  замана  тудырған  əдебиеттің 

қалыптасу  дəуірінің  идеялық  қайшылығын,  көркемдік  əдіс,  əдеби  ағымдар, 

сын  табиғатын  пайымдаудағы  ой-пікірді  басқаша  танымда  қарау  керектігін 

көрсетті.  1920-30  жылдардағы  саяси  зобалаң  зардабы,  ҚазАПП  қателіктері, 

көркемдік-эстетикалық таным мен тапшыл көзқарас қайшылығын танытатын 

полемикалық 

ой-пікірлер 

М.Қаратаев, 

Т.Кəкішев, 

С.Қирабаев, 

Ə.Қоңыратбаев,  М.Базарбаев,  Т.Қожакеев,  Р.Нұрғалиев,  Д.Ысқақұлы, 

С.Ақатаев,  Р.Тұрысбеков,  Ə.Меңдекеев,  Б.Дəрімбетов  т.б.  əдебиетшілер 

мақалаларында байыпталды. «Дело №...Летопись горького времени», «О чем 

не  говорили»,  «Зауал»  кітаптарындағы  мақалалар  сталинизм  қасіретін, 

жазықсыз жапа шеккен дарындар тағдыр-талайын терең ұғындырды. 

С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров  шығармашылығын  жаңаша 

танымда қарастыруда алғашқы қадамдар жасалып, бес томдық шығармалары 

басылып  шықты.  «Сөзстан»  əдеби  мақалалар  жинағы  8-кітабындағы 

материалдар  шығармашылығы  мен  азаматтық  тұлғасына  арналды.  Мерзімді 

басылымда  Т.Кəкішұлы  алғы  сөзімен  Сəкеннің  бұрындары  жарияланбаған 

«Азия  (Европаға)»,  «Қара  бүркіт»  өлеңдері  басылды.  Бейімбет,  Ілияс 


шығармашылығынан  М.Бекбергенов,  Б.Сарбалаев,  С.Ордалиев  еңбектері, 

Т.Бейісқұлов құрастыруымен «Би аға» естеліктер кітабы жарық көрді. 

«Алыптар  тобы»  атанған  қаламгерлердің  тиым  салынып  келген  əдеби, 

ғылыми мұраларын жариялау ісі уақыт талабына орай жанданды. «М. Əуезов 

тағылымы», «Мухтар Ауэзов и современная литература» мақалалар жинағы, 

суреткер  шығармашылығынан  З.  Қабдолов,  Ж.  Дəдебаев  еңбектері  шықты. 

Д.Досжановтың  «Абақты»  кітабынан  «Мұхтар  Əуезов»  тарауы  жарияланып, 

қаламгер ғұмырының 1930 жылдар кезеңі тергеу құжаттарымен байыпталды. 

Əуезовтану  Т.  Жұртбаевтың  «Бесігіңді  түзе!...»  (портрет-эссе),  «Бесігіңді 

аяла»  роман-эссесі,  «Бейуақ»  еңбектерімен  барынша  өрістеді.  С.  Мұқанов, 

Ғ.Мүсірепов,  Ғ.  Мұстафин  өмірі  мен  шығармашылығын  зерттеудегі 

ізденістер 

Қ.Ергөбеков, 

С.Жұмабеков, 

М.Бекбергенов, 

М.Хасенов, 

Ж.Дəдебаев  кітаптарымен  толықты.  «Сəбит  Мұқанов  тағылымы»  жазушы 

əлемінің  болмысына  жаңа  заман  биігінен  үңілдірді.  С.Мұқановтың 

«Кенесары-Наурызбай  туралы»  еңбегі,  Т.Кəкішевтің  Ғ.Мүсіреповпен  1970 

жылдары  өткізген  сұхбаты,  жазушының  «Бесеудің  хаты»,  жарияланбаған 

жазбалары,  Алаш  арыстарын  ақтауды  көтерген  Ғ.Мұстафиннің  «Сыр 

дəптерінен»  сынды  азаматтық  тұлғаларын  соны  қырынан  танытатын 

мұралары  баспа  бетін  көрді.  Əдебиеттің  өзге  де  айтулы  тұлғаларының 

шырғалаңды  шығармашылығынан  мақалалар  жазылып,  Х.Есенжановтың 

«Жүнісовтер  трагедиясы»  романының  толық  нұсқасы  (З.Серікқалиев  алғы 

сөзімен), Б.Ысқақов, Ж.Бектұров, Н.Ахметбеков, Ж. Сыздықов, И. Байзақов, 

Қ.Бекхожиннің саяси қысымдағы туындылары жарияланды. 

Тұтастай  алғанда,  əдебиет  пен  өнер  мəселелері  бойынша  қабылданған 

қаулылар  күшін  жоюымен  əдебиет  тарихын  зерттеу  жаңаша  сипат  алды. 

Көне  түркі  дəуірінен  бастап,  кеңес  кезеңіндегі  əдебиеттің  əдеби-тарихи 

шындығы  қалпына  келтіріле  отырып,  əдебиеттану  ғылымы  тəуелсіздік 

кезеңіне аяқ басты.  



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Ақын жəне ұлт тағдыры. Партиялық қаулы 

қарарлар. 



Негізгі əдебиет: 1. [1.7:8]; 2. [1.7:2]. Қосымша əдебиет: 1. [1.7:9]; 2.[1.7:10]. 

 

№ 3 лекция тақырыбы: Дəстүр жəне жалғастық. Дəстүр жəне жаңашылдық. 

Көркемдік дамудағы тарихи сабақтастық. 



Қарастырылатын  сұрақтар:  Дəстүр  жəне  жаңашылдық.  Көркемдік 

дамудағы  тарихи  сабақтастық.  Сөз  өнерінің  күрделі  көркемдік  əлемін 

кешенді тану мен талдауда дəстүр жəне жалғастық ұғымының орыны.  

Дəрістің  мақсаты:  əдебиеттегі  дəстүр  жəне  жаңашылдық  мəселесін  көркем 

шығармаларды талдау арқылы түсіндіру  

     Дəріс мазмұны:   

Көркемдік  даму  заңдылығы  күрделі  поэтикалық,  эстетикалық  ұғым.  Сөз 

өнерінің  күрделі  көркемдік  əлемін  кешенді  тану  мен  талдауда  дəстүр  жəне 

жалғастық  ұғымы  ерекше  орын  алады.  Дəстүр  мен  жалғастық  ажырағысыз 

бірлік.  Дəстүр  жалғастығы  –  аралық  буын.  Жаңашылдық  –  талант  пен 

шеберліктің  жемісі.  „Жаңашылдық  жəне  дəстүр  -  əдеби  үдеріске  тəн 



жалғастықты,  жазу  шығармашылығындағы  халықтық  үлгілер  мен  өзіндік 

соны  сапа-қасиеттердің  бірлігін  танытатын  ұғым,  қалыптасып,  сұрыпталған 

көзқарас,  түсініктер,  көркемдік  үлгі-өрнектер,  тəсілдер  жатады.  Жалғастық 

деп кешегі күннің тəжірибесі мен жемістерінен мəн-мағынасы бай, дəрежесі 

жоғары  заман  талабына  жауап  беретін,  бұрынғы-соңғының  шеңберінен 

шығып,  болашаққа  кең  жол  ашатын  аса  маңызды  ізденіс-əрекеттерді  айтуға 

болады...  Дəстүр  мен  жалғастық  тарихпен  бірге  өзгеріп  отырады 

(М.Базарбаев).  Бұл  орайда  қазақ  сөз  өнерінің  əдеби-тарихи  бастауындағы 

фольклор,  ежелгі  дəуір  əдебиеті  жəне  жыраулар  поэзиясы  ерекше  мəнге  ие. 

Сөз  жоқ,  əдебиеттегі  дəстүр  бастауы  –  фольклор  болып  табылады.  Ауыз 

əдебиеті  мен  жазба  əдебиеттің  өзара  байланысы  қазақ  əдебиетінде  өзіндік 

дара  сипатқа  ие.  Бұған  Жамбыл,  Иса  өзге  де  дарындар  шығармашылығы 

айқын дəлел. Жанрлық құрылым, баяндау жүйелеріндегі өзгерістер де дəстүр 

жəне  жалғастық  мəселесіндегі  өзекті  арна.  Мəселен,  сюжет  ыңғайындағы 

ұқсас  желілермен  қатар  миф,  аңыз,  ертегі  жанрларындағы  дəстүрдің  жазба 

əдебиеттегі  шағын  эпикалық  жанрлардан  жалғастық  табуы  көркемдік 

дамудағы  жалғастықтың  эстетикалық  нəрін  айқындайды.  Немесе  роман, 

повесть,  поэма,  балладалардың  фольклорлық  сарындарды  пайдалануы  мен 

фольклорлық  ойлау  жүйесін  жаңғырту  мезеттері  де  соны  көрсетеді.  „Автор 

мəселесіне  байланысты  ауыз  əдебиеті  мен  ақындар  поэзиясы,  кəсіби 

əдебиеттің  айырмашылығы.  Фольклорды  иудырған  орта  мен  қазіргі  жағдай. 

Бүгінгі  романдағы  полифонизм  элементінің  фольклор  жанрларындағы 

баяндау  ағхасымен  тамырластығы“  (Б.Майтанов)  дəстүр  жəне  жалғастық 

байланысының күрделі табиғатын айқындай түседі. 

Көркемдік  дамудағы  дəстүр  мен  жалғастық  ұғымының  мəн-мағынасын 

байыптағанымызда,  қазақ  өлеңінің  бейнелеу  жүйесі  мен  құрылымынан  көне 

əдебиет  дəстүрлерінің  алатын  орны  зор.  Ол  дəстүр  ұласуының  көркемдік 

заңдылықтарына орай сөз өнерінде жаңарып жəне жаңғырып отырады.  

Дəстүр  жəне  жалғастық  байланысының  табиғатын  кеңестік  идеология 

қысымы  кезеңдері  терең  байыптауға  мүмкін  болмады.  Қазақ  əдебиетінің 

тарихи  бастауын  айқындау,  Абайдың  ақындық  мектебі  жəне  „зар  заман“, 

Алаш  əдебиеті  дəстүр  арнасында  қарастырылмай  келді.  Ал  дəстүрдің  кейбір 

тұрақты  түрлерінің  болатыны,  ол  ұлттық  сөз  өнерінде  өзіндік  табиғатымен 

дамитыны ескеріле бермеді. „Ұлттық психиканың, мінез-құлықтың өзгеруіне 

байланысты  туған  алуан  түрлі  көріністер  шығарманың  ұлттық  сипатын 

байқатады“  (М.Базарбаев)  десек,  бұл  мəселелер  кеңес  дəуірінде  ескеріле 

бермеді.  Дəстүр  жəне  жалғастық  арнасындағы  шеберлік  мектебі,  соның 

ішінде 


Шəкəрім, 

Ахмет, 


Міржақып, 

Мағжан, 


Жүсіпбек 

дəстүрін 

айқындайтын 

стилдік, 

поэтикалық 

ізденістер 

көркемдік 

дамудағы 

эстетикалық  мектеп  тұрғысынан  дамытылмай  қалған  кезеңдер  де  болды. 

Бүгіндері əдебиет теориясында ұлттық сөз өнерінің дамуындағы дəстүр жəне 

жалғастық  мəселесі  жаңаша  эстетикалық  танымда  тарихи  сабақтастық 

тұрғысында терең зерделену үстінде. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Дəстүр жəне жаңашылдық мəселесі. 

Негізгі əдебиет: 1. [1.7:2]; 2. [1.7:3]. Қосымша əдебиет: 1. [1.7:9]; 2.[1.7:10]. 

 

 

№4  лекция тақырыбы:  Авторлық  тұғырнама.  Автор  жəне  шығарма.  Автор 

бейнесі. Авторлық қолжазба. Авторлық қолтаңба. 

Қарастырылатын  сұрақтар:  Авторлық  тұғырнама.  Автор  жəне  шығарма. 

Автор  бейнесі.  Авторлық  қолжазба.  Авторлық  қолтаңба.  Авторлық 

тұғырнама  қаламгер  туындысында  көзқарасы,  ұстанымы,  көркемдік 

концепциясы.  



Дəрістің мақсаты: Көркем туындыдағы авторлық тұғырнамалықтың мəніғһ, 

оның ұайдан көрінетіндігін талдау жолдарын меңгерту  

     Дəріс мазмұны:   

Автор көркем шығарманы жасаушы құдыретті сөз өнерінің иесі болып 

табылады.  Ол  -  өз  туындысы  арқылы  өзінің  даралық  сипаттағы  көркемдік 

танымын  (эстетикалық,  поэтикалық)  танытатын  шығармашылық  тұлға. 

«Автор категориясы шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара 

дүниетаным,  этикалық,  эстетикалық  принцип,  өмір  тəжірибесі  секілді 

ұғымдар ауқымында талданады» (Ғ.Доскенов). Автор көркемдік жүйе түзуші 

бірегей  дарын  иесі  болғандықтан,  көркем  шығарманың  поэтикалық  қуаты, 

эстетикалық  мұратының  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  сөз  өнеріне  үлес 

болып  қосылуының  классикалық  сипатын  айқындайтын  көркемдік  арнаның 

бірі -авторлық тұғырнама (Толығырақ. Қараңыз: Ғ.Доскенов. Автор. Кітапта: 

Əдебиеттану.  Терминдер  сөздігі.  Семей-Новосибирск,  2006.  30-32  беттер). 

Автордың  шығармашылық  үдеріске  қатыстылығы  байырғы  мифтерден, 

фольклор  туындыларынан  бажайланады.  Мəселен,  Күн  (солярлық  мифтер), 

Ай  (лунарлық  мифтер),  Жұлдыз  (астралдық  мифтер),  туралы  мифтің  жеке-

жеке  түрлері  ретінде  арнайы  ғылыми  атаулар  қалыптасқан.  Соған  сəйкес 

бұлар туралы қым-қиғаш теориялық тұжырымдар да жетерлік (Ш.Ыбыраев). 

Сондай-ақ  космогониялық  мифтер  (дүниенің  жаратылысы  туралы  миф), 

антропогондық  мифтер  (адамдар,  оның  жаратылуы  жайлы  айтылатын  миф), 

эсхатологиялық мифтердегі қоғамдық сананың көркемдік танымда жаңғыруы 

да  назар  аудартады  (Ш.Ыбыраев.  Қазақтың  мифтері  мен  мифтік  аңыздары 

туралы.  Қараңыз:  Кітапта:  Қазақтың  мифтік  əңгімелері.  Алматы,  2002.  3-11 

беттер).  Авторлық  тұғырнама  көркем  шығармадағы  автордың  бейнесімнен 

ажырағысыз  ұғым.  Автордың  бейнесі  əдеби  туындыдағы  суреткердің  өз 

тұлғасының  көріну  қалпы.  «Автордың  идеялық  нысанасы,  көзқарасы,  ұғым-

түсініктері,  наным-сенімдері.  Көркемдік  принциптері,  суреткерлік  шеберлігі 

бəрі-бірі  кең,  толық  мағынасында,  əрине,  шығарманың  өн  бойынан,  бүкіл 

құрылыс-бітімінен,  идеялық-көркемдік  сипатынан  танылады.  Бұл  –  оның 

шығармашылық  тұлғасы,  жазушылық,  суреткерлік  сипаты  -  өзгешелігі,  ал 

оның өнер иесі ғана емес, өз тағдыры, өз мінез-құлқы бар жек адам ретіндегі 

бейнесін  алсақ,  ол  жекелеген  жанрда  (мысалы,  өмірбаяндық,  мемуарлық) 

болмаса,  айқын  көрініс  таппайды»  (З.Ахметов).  Рас,  автордың  бейнесі 

туындыларда  əр  түрлі  дəрежеде,  деңгейде  түрлі  қырынан  аңғарылады. 

Мысалы,  эпикалық  шығармаларда  автор  негізінен  алғанда  оқиғаны 

баяндаушы.  Оның  бейнесін оқырмандар  оқиғаны  айту  мəнері, кейіпкерлерді 


мүсіндеу  өзгешелігі,  суреткерлік  мұраты,  белгілі  бір  этикалық  мəселелерге 

көзқарасы,  эстетикалық  нысанансы  арқылы  ғана  елестете  алады.  Ал 

драмалық  шығармаларда  автор  оқиғаның  даму  барысынан  мүлдем  сырт 

тұрады.  Поэзиялық  шығармаларда  автор,  негізінен  лирикалық  тұлға  ретінде 

танылады.  

Авторлық  тұғырнама  қаламгер  туындысында  көзқарасы,  ұстанымы, 

көркемдік концепциясы тұрғысында өзінен-өзі ап-айқын болып тұрады деген 

ұғым тумауы керек. Ол көркем шығарма болмысы мен мəтін астарына терең 

үңілу  барысында  айқындалатын  күрделі  шығармашылық  үдеріс.  Мысалы, 

қазақтың классик суреткері Мағжан Жұмабайұлы «Шолпанның күнəсі» атты 

туындысында  өзінің  авторлық  тұғырнамасын  ашық  аңғартпаса  да, 

қаламгерлік  ұстанымын  ішкі  монологпен  былайша  өрнектейді:  «...Тегінде 

адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нəрсе емес қой. Теңіз терең емсе, 

адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой 

түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса шер мен сырдың 

көлеңкесі, сəулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – 

шешуі  жоқ  жұмбақ.  Шешуі  деп  атауға  болатын  болса,  адамның  шешуі 

жалғыз өлім». Ал Ричард Бах атты қаламгердің «Шағаланың аты – Джонатан 

Ливингстон»  шығармасындағы  авторлық  ұстаным,  авторлық  тұғырнама 

адамдықтың кəмелеті - ұстаздық деген тұрғыдан көрінеді. Мəселен, автор бір 

шағаланың баянын айту арқылы адамзаттық мəндегі көкейкесті мəселені алға 

тартады. Шағала ұшудың мəні жемге жету үшін ғана болса, мен неге ұшуым 

керек  дейді.  Жылы  жаққа  кетпейді.  Топтанып  ұшпайды.  Бəрінен  безінеді. 

Басқаны  аңсайды.  Қалған  шағалалар  оны  есі  ауысқан  деп  тауып,  безініп 

кетеді. Күндердің күнінде сол шағала ұшқаннан ұшып, жеті қат көкті көктей 

өтіп  соңғы  нүктеге  жетеді.  Ол  –  Жаратушы.  Сонда  ол  сұрайды:  «Өмірдің 

мəнісі  осы  ма?  Мен  бəрін  көрдім,  бəрін  білдім.  Енді  не  істеу  керек?». 

Жаратушы  оған  жерге  қайту  керектігін  сездіреді.  Оралады.  Бұрынғы 

жартасқа  отырып,маңаайына  көз  салады.  Қараса,  дəл  өзіндей  бір  бір  жас 

шағала  бəрінен  оқшауланып,  зəу  көккеұмтылып  жүр.  Сонда  ол  енді  жас 

шағалаға  өзінің  білгенін  үйрету  керек  екенін  түсінеді  (Е.Жүніс.  Құс 

қанатынан бір сөз // Қазақ əдебиеті. 2009. 20.03).  

Көркем  туындыдағы  авторлық  тұғырнама  –  адамзаттық  сипаттағы 

мəңгілік  мəселелерді  көтеруімен  де  дара  тұратын  эстетикалық  категория 

жүйесі.  Оған  сан  ғасырлық  сөз  өнерінің  дəстүрлі  көркемдік  күретамырына 

үңіле отырып көз жеткізе түсеміз. Мəселен, жыраулар «Жыраулар поэзиясы – 

біздің  ұлтымыздың,  мəдениетіміздің  тарихындағы  айрықша  бір  құбылыс. 

Жыраулар поэзиясы – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы – əлемдік 

дəрежедегі  құбылыс  деп  айтар  едім.  Өйткені  мұндай  биік  өредігі көркемдік, 

мұндай  ой  жүйесі,  мұндай  ақындық  шеберлік,  ақындық  рухтың  шалқуы  өте 

сирек 

кездесетін 



құбылыс» 

(М.Мағауин). 

Немесе 

сал-серілер 



шығармашылығы.  «Даланы  күңірентіп  Ақан  əн  шырқаса,  би  билігін,  кемпір 

өрмегін,  сұлу  кесиесін  қойып,  аңырап  тыңдай  қалады»  (Мағжан).  «Қашанда 

серілік  сертінде  тұрған,  сұлулыққа  іңкəрлікпен  қарап,  дүниеден  баз  кешкен, 

періште  болмысты  ақын  рухы  ақындықты  киелі  құран  сөзіне  айналдырғаны 



анық»  (Б.Кəрібаева).  Ал  Абайдың  поэзиясы  «жан  дүниеңді  баурап  алатын 

қазақ  сөз  өнерін  қайта  тірілте  отырып,  замана  үнін  естіртті....Өз  оқырманын 

тапты,  оны  тəрбиелей  бастады.  Қазақтың  жаны  мен  қанына  қозғау  салды» 

(Б.Кəрібаева), 

Ж.Аймауытұлының 

«Ақбілек», 

М.Жұмабайұлының 

«Оқжетпестің  қиясында»,  «Қорқыт»,  М.Əуезұлының  «Қилы  заман»,  «Хан 

Кене», І.Есенберлиннің «Қатерлі өткел», М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын», 

«Жармақ»,  Т.Əбдікұлының  «Парасат  майданы»  т.б.  туындылар  табиғаты 

соны  айқын  аңғартады.  Мəселе,  көркем  мəтін  əлеміне  еніп,  авторлық 

тұғырнаманы  терең  екшеу  мен  пайымдай  білуде.  Демек,  шығарманы 

пайымдауда  герменевтика  мəтінді  ұғындыру  жəне  оның  қағидаларын 

түсіндіру  жөніндегі  ілімге  иек  арту  шарт.  Герменевтика  -  гуманитарлық 

ғылымдардың 

методологиялық 

негізі 

(З.Қабдолов. 



Б.Майтанов). 

Сондықтанда  да  түсіну  ұғымы,  түсінудің  сипатында  интуитивті  тану  мен 

интерпретация  (зерделеу)  шарттылығын  мəтіндік  талдаудың  құрамдас 

бөлігіне  айналуы  мейлінше  қажет.  Бұл  орайда  автор  жəне  шығарма  сынды 

əдеби-теориялық  күрделі  мəселе  мəтіндік  талдауда  шығарнамны  пайымдау 

мен қабылдаудам ерекше орын алады. Авторы мəртебесі реалды тұлға, автор 

образы, көркемдік қызмет субъектісімен байланысты. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет