Философия, саясаттану



жүктеу 1.65 Mb.
Pdf просмотр
бет5/23
Дата03.03.2017
өлшемі1.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
танымның  ерекшеліктерінің  қалыптасуының  жаңа  мәселелері; 
адамның,  әсіресе,  ерте  кезеңдегі  шығармашылық  қабілеттерінің 
қалыптасуының және эстетикалық тәрбиенің жолдары мен зама-
науи әдістер; эстетикалық ортаның тұтастығының қалыптасу жол-
дары;  эстетикалық  іс-әрекеттегі  эстетикалық  таным  құрылымы-
ның ерекшелігінің қалыптасу және көріністері мәселелері. 
Әлеуметтік  тәжірибенің  кез-келген  саласында  қолдануға 
болатын  және  рационалды,  эмоционалды  және  құндылықтық 
компоненттердің бірлігіне шарт болатын шынайылықты әмбебап 
сезімдік-образдық  қабылдау  эстетикалық  сананың  ерекшелігі 
болып  табылады,  ол  қоғам  болмысын  оның  материалдық  және 
рухани  сипаттарының  жиынтығының  тұтастығы  ретінде  көруге 
мүмкіндік  береді.  Эстетикалық  сана  шығармашылық-дара,  ин-
дивидуалды  қабылдауға  негізделген,  сол  себептен,  ол  қоғамдық 
сана деңгейі мен нақты әлеуметтік субъектінің деңгейін қамтитын 
қоршаған шынайылықты тұтастай бейнелеудің күрделі және жа-
нама түрі болып табылады. 
Эстетикалық сана материалды және әлеуметтік тәжірибенің 
күрделенуінің  нәтижесінде  мифологиялық  сананың  эволюция-
сының  барысында  қалыптасқан,  әлеуметтік  шарттармен 
негізделген тарихи өзгермелі құбылыс. Қоғамдық сананың диф-
ференцациясы  және  мифологиялық  сананың  біртіндеп  ығыс-
тырылуы барысында эстетикалық сананың тұрақты тарихи және 
әлеуметтік  шарттармен  негізделген  екі  түрі  бөлініп,  көріне  бас-
тайды: дәстүрлі және үйлесімді.
Өндірістің азиаттық түрі деп аталатын әлеуметтік орта шарт-
тарында  дамитын  дәстүрлі  түрдегі  эстетикалық  сана  индиви-
дуалдылықтың  ұжымдыққа  бағынуы  басым  келетін  қоғамдық 
ұйымға тән. Оның негізгі белгілері:
-  дәстүрлі  дүниетанымның  біртұтас  құндылықтық-мәндік 
жүйесімен тығыз байланыс;
- дәстүрде бекітілген және қасиетті мәртебеге ие эстетикалық 
бағаның ұжымдық сипаты;
-  «тәртіп  –  хаос»  мифологиялық  дихотомиясының  «әсем-
ұсқынсыздық» эстетикалық бағасын негіздейтін негізгі құндылық 
өлшемі;
- ою-өрнек көркем формалардың басым сипаты ретінде;
- қасиетті рәміздер мен моральдық нормалар болып табыла-
тын эстетикалық категориялардың полисемантикалық сипаты;

 
 
 
                      
                                                  39
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
-  канонда  көрініс  тапқан  өзіндік  консерватизм  мен  догма-
тизмге ұмтылыс;
- эксплицитті теориялық деңгейдің болмауы.
Ежелгі  дәуірде  пайда  болып  келесі  дәуірлерде  дамыған 
үйлесімді эстетикалық сана индивид пен қоғамның диалектика-
лық  байланысына  және  алғашқысының  белсенді  тұлғалық 
позициясының  басым  болып  келуіне  негізделген  әлеуметтік 
жүйеде қалыптасады. Оның басты белгілері:
-  эстетикалық  құндылықтардың  дүниетанымның  жалпы 
құндылықтық-мәндік жүйеден даралануы;
- қабылдаушы субъектінің белсенді-шығармашылық тұлғалық 
позициясына бағыт;
-  әсемпаздық  категориясын  түсіндіру,  бірінші  кезекте, 
эстетиканың  үйлесімді,  белсенді  түрде  дамушы  эксплецитті, 
рационалды-теориялық деңгейі;
-  көркем  теориялар,  түрлер  мен  нақыштардың  ауысуында 
көрінген тарихи өзгермелі сипаты.
Қазіргі  таңдағы  эстетикалық  сана  үйлесімді  эстетикалық 
сананың дамуының логикалық нәтижесі болып табылады. Оның 
басты белгісі екі қарама-қарсы белгілердің үйлесуі.
Оның  біріншісі  архаикалық-мифологиялық  белгілерінің 
көрінуі,  олар  бір  жүйе  ретінде  «қазіргі  таңдағы  миф»  ретінде 
сипатталынады,  бұл  жерде  қабылданатын  және  қабылдаушы 
арасындағы  нақты  шекара  болмайды;  сапалы  түрде  бөлінген 
эстетикалық  заттылық  әлеуметтік  болмыстың  өзге  салаларына 
таралады; «біркелкілік» заттың мағынадан, форманың мағынадан 
жоғары  тұруы,  бұқаралық  мәдениетте  қабылдаудың  стереотип-
тері мен үлгілері басым келеді. 
Біріншісіне  қарсы  соңғысына  мифке  тікелей  қарама-қарсы 
келетін  гипериндивидуализмнің  жарқын  белгілері  тән.  Дәлірек 
айтсақ,  бұл  жерде:  көркем  өнер  формасын  қалыптастыру  (ин-
терпритация)  үрдісінде  дара  тұлғаның  абсолютті  маңыздылығы 
басып айтылады; шығармашылық даралылық көріністеріне, атал-
мыш  саладағы  бұрын  қол  жеткізген  жетістіктерге  ұқсамайтын 
эпатаждыққа  сай  келеді;  дәстүрлі  жолмен  қалыптасқан  норма-
лар,  құндылықтар  және  қағидаттар  жүйесіне  ирониялық-ойын 
қатынасы қалыптасады. 
Эстетикалық  санандағы  мәдениеттің  архаикалық  өткен 
кезеңіне  бет  бұру  бұл  тек  жүйелі  әлеуметтік  дағдарыстың 

40 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
себебі  ғана  емес,  сонымен  қатар  еуропалық  өркениеттің  одан 
ары  қарай  дүниетаным  тұтастығын  қамтамасыз  ететін  жаңа 
құндылықтық-мәндік  жүйені  іздестіруді  білдіреді.  Осындай 
қарама-қайшылықты  үдерістердің  себебі  қоғамдағы  жеке  тұлға 
мен  қоғамдық  өзара  байланыстарының  тұтас  бір  жүйесінің 
ыдырауы,  ол  дүниетанымның  құндылықтық-мәндік  жүйесінің 
тұтастығының  ыдырауы  мен  тұлғаның  шығармашалық  қабілет-
терінің жоғалуына алып келеді.
Эстетикалық сананың алғышарттарының қалыптасуы рулық 
әлеуметтік ұйымға сәйкес архаикалық мифтік басым болып тұр-
ған  кезеңде  басталады.  Эстетикалық  сананың  қалыптасу  үрдісі 
әлеуметтік болмыстың табиғи болмыстан бөлінуімен және өзін-
дік  антропогендік  ортаның  қалыптасуымен  байланысты.  Қоғам-
дық санада әлеуметтік болмыстың ұйымдасуының жаңа деңгейін 
көрсететін  тәртіп  пен  хаостың  мифологиялық  категориялары 
анықтала бастайды, бұл жүйеде индивидтің маңыздылығы оның 
әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдық иерархиядағы алатын орны-
мен анықталады. Бұл әлеуметтік құрылым тұрақты, тарихи өзге-
ріссіз және жекеленген субъектілерге қатысты аса қатыгез болып 
келеді.  Қоғам  ұйымының  осындай  қағидатының  құндылықтық-
бейнелік  көрінісі  тәртіп  категориясы  болып  табылады,  ол 
мөлшерлік,  элементтердің  өзара  байланыстары,  симметрияны 
қамтып,  тұтастың  жекеленген  заттарға  билік  ету  қағидатын 
білдіреді.  Осы  кезеңдегі  әлеуметтік  болмыстың  пластикалық-
бейнелік көрінісі тотем және салт-жоралар болып табылады, олар 
индивид  әлеуметтік  тұтастықпен  толықтай  бірігіп,  жеке  тұлға 
ретінде  маңызы  жоқ  қоғамның  құрылысын  көрсетеді.  Әсемдік 
туралы  түсініктердің  алғышарттары  индивидтің  әлеуметтік 
әлемнің  құндылықтарын  белгілік  деңгейде  көрсететін  тайпалық 
тотемның  қасиетті  (сакральді)  бейнесіне  сәйкес  немесе  сәйкес 
еместігіне қатысты қалыптасты.
Осылайша, дәстүрлі қоғам мен дәстүрлі эстетикалық сананың 
қалыптасуы  жүреді.  Дәстүрлі  қоғам  тұтастың  жекеленген  зат-
тардан  басым  болу  қағидатына  негізделген  біртұтастық  болып 
табылады.  Бұл  жерде  жекеленген  адам  әлемдік  тұтастықтың 
бір  бөлігі  туралы  мифтің  догматикалық  дүниетанымы.  Ол 
бүкіл  әлемді  билейтін  қасиетті  тәртіпке  қатысты  болғандықтан 
туылған  кезеңнен  бастап  дүниеден  қайтқанға  дейін  өмірлік  жо-
лын  анықтап  беретін  әлеуметтік  заңның  дәстүрімен  бекітіледі. 

 
 
 
                      
                                                  41
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
Адамның  маңыздылығы  оған  геометриялық  өзгеріссіз  қалатын 
әлеуметтік  құрылымдағы  берілген  орнына  байланысты  болды, 
ол тек өзін өндіру үшін ғана өмір сүреді. Осындай қоғамда негізгі 
реттеуші тетік ол синтетикалық мәдени құрылым ретінде дәстүр 
болып табылады, ол көркем-бейнелік, нормативті-құндылықтық, 
тәжірибелік,  культтік  аспектілерді  қамтып,  синкретикалық  ми-
фологиялық сананы көрсетеді. 
Бұл  қоғамда  эстетикалық  сана  догматикалық  сипатқа 
ие,  ал  оның  құндылықтық  жүйесі  әлемнің  тұтас-бейнелік 
нормативті-қасиетті  суретіне  таралады.  Әсемдік  туралы  түсінік 
бұл  жерде  қасиетті  канонға  сәйкестігімен  байланыстырылады, 
шығармашылық  индивидуалды-тұлғалық  қабылдаудың  рөлі 
маңызды  деп  есептелінбейді,  себебі  оның  дәстүрлі  қоғамдық 
жүйеде еш ықпалы жоқ. Осындай дүниетанымның көркем бейнесі 
ою-өрнекте  немесе  геометрияландырылған,  ритмикалық,  өрнек 
формаларында көрініс тапқан стилизация болып табылады.
Әсемдік  категориясы  негізгі  эстетикалық  құндылық  ретінде 
әлеуметтік шарттармен негізделген құбылыс болып, ол ритм мен 
тәртіп  туралы  мифологиялық-қасиетті  түсініктерден  тарихи  да-
миды.  Әсемдік  категориясының  бөлініп  шығуы  және  эстетика-
лық сананың әлемді танудың жеке дара түрі ретінде қалыптасуы 
әлеуметтік болмыстың жаңа сапалы түрімен және антикалық по-
листе қалыптасқан индивид пен қоғамның өзара байланысының 
жаңа  түрінің  қалыптасуымен  байланысты.  Қоғамдық  сана 
жүйесінде  әсемдік  категориясы  біртұтас  құрылым  ретінде 
қоғамда таралған үйлесімді бірлік қағидатының көрінісі ретінде 
қалыптасады.
Бұл  жердегі  әлеуметтік  ғаламның  құрылымдық  тұтастығы 
динамикалық  қозғалыста  болып  тұрады,  индивидтер  бір-
бірімен иерархиялық мәртебелермен емес, функционалды бай-
ланыста  болады,  сол  себептен  жеке  мақсаттылық  белсенділік 
пен  әлеуметтік  субъектінің  тұлғалық  өзіндік  сана  деңгейі 
айтарлықтай  өседі.  Қоғамның  тұтастығы  мен  тұрақтылығының 
басты  қағидаты  жекеленген  элементтердің  ішкі  келісімі  болып 
табылады.  Дүниетаным  тұрғысынан  бұл  қағидат  антикалық 
ғаламның  тұтастығы  мен  бірлігінің  өлшемі  қасиетті  тәртіп 
емес,  үйлесімділік  категориясы  екендігін  көрсетеді.  Осы  тұста 
әсемдіктің  еуропалық  мәдениетке  тән  эстетикалық  түсінігі 
қалыптаса бастайды.

42 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Еуропалық немесе қоғамдық болмыстың «динамикалық» па-
радигмасы  дәстүрлі  социумның  «қозғалыссыз»  бірлігіне  қарсы 
тұтас  әлеуметтік  жүйенің  бір  түрі  болды.  Оның  алғышарттары 
антикалық  кезеңдегі  үйлесімді  ұйымдастырылған  космос-полис 
жүйесінде қалыптаса бастады, ол жеке индивидтің тәуелсіздігінің 
өсуі  мен  қоғамда  индивидуалдылықтың  рөлінің  күшеюімен  си-
патталды.  Осындай  әлеуметтік  жүйеде  еркін  индивидуалдылық 
оның тұрақтылығы мен одан ары қарай дамуының қажетті шарты 
болып табылды. Қоғамдық сана да күрделеніп, дифференцация-
ланып, нәтижесінде оның этикалық, эстетикалық және қасиетті-
культтік компоненттері өзара бөліне бастайды. Эстетикалық сана 
әлемді түсінудің жеке дара түсінігі ретінде ерекше мәртебеге ие 
болады. Оның негізгі категориясы- әсемдіктің мазмұны – қасиетті 
(сакральді)  тәртіптен  элементтердің  үйлесімді  бірлігіне  дейін 
өзгереді.  Эстетикалық  қабылдауда  шығармашылық-тұлғалық 
бастау басым бола бастайды.
Динамикалық  әлеуметтік  жүйенің  негізі  болып  табылатын 
басты мағыналық бастау – ол индивид пен қоғамның арасындағы 
диалектикалық тепе-теңдік. Осындай контексте негізгі қауіп ин-
дивидуализацияның  күшеюі,  оның  нәтижесінде  аталмыш  тепе-
теңдік бұзылады және индивид пен тұтастықтың арасындағы ішкі 
мағыналық  байланыстар,  ол  дүниетаным  тұтастығының  ыды-
рауына  алып  келеді.  Нәтижесінде  жеке  әлеуметтік  субъектінің 
әлемді  интегралды-бейнелік  шығармашылық  қабылдауға  деген 
қабілеті  жоғалады,  оның  салдары  қоғамдық  санада  көрініс  та-
батын  архаикалық-мифологиялық  белгілер  мен  жоғалған  дү-
ниетанымның  құндылықтық-мәндік  жүйе  тұтастығын  іздестіру 
болып  табылады.  Бұл  поп-мәдениет  сияқты  әлеуметтік-мәдени 
құбылыстардың  себебі  болып  отыр,  бұл  құбылыстарда  мифтің 
архаикалық жүйесі: ритм, салттар және канон-стереотиптер бо-
лады.  Миф  эстетикалық  қабылдаудың  көзге  көрінбейтін  доми-
нантасы да болып отыр: «өзге әлемдерді» құру әрекеттері (жаңа 
мифті  құру),  рок-концерттердің  архаикалық  құтырғандығы, 
мистикалық  ілімдер  мен  дәстүрлі  қоғамдардағы  көркем 
мәдениетке  деген  аса  жоғарғы  қызығушылық.  Бірінші  орынға 
психиканың бейсаналық құрылымдарына ықпал ететін тетіктер 
шығады:  үйлесімдік  түсінігі  ритмге  дейін  жеңілдетіледі, 
қасиетті  канонның  орнына  өзгермелі  жағдайдың  мысқылдық-
ойындық  тұсы  мен  ықпал  етудің  догматикалық-нормативті, 

 
 
 
                      
                                                  43
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
«мифологиялық»,  байсалды  емес  жүйесін  қамтитын  жарнама 
мен сән шығады.
Алайда,  осындай  дағдарыстық  құбылыстарды  тұйыққа 
тірелген деп есептеуге болмайды. Динамикалық қоғамдық пара-
дигманың  диалектикалық-қозғалмалы  мәні  өзінің  ішінде  одан 
ары қарай дамуға қажетті тұрақсыздық кезеңін білдіруі мүмкін. 
Сол  себептен,  қазіргі  таңдағы  мәдениет  пен  дүниетанымдағы 
эклектикалық-бейберекетсіз  «шашыраңқылық»  жаңа  көркем 
формаларды  іздестіру,  қазіргі  таңдағы  адамның  индивидуалды 
өзіндік  санасының  жоғарғы  деңгейіне  сай  келетін  жаңа  тұрақты 
құндылықтық-мәндік жүйені іздестіру кезеңін білдіреді.
Әсемдік категориясы мифологиялық сана жүйесінде әлемнің 
ритмі  және  қасиетті  тәртібі  жөнінде  түсінік  ретінде  пайда  бо-
лып,  кейінірек,  кемел  үйлесімділік  ретінде  қалыптасады.  Бұл 
категория  адамзаттың  әлеуметтік  және  рухани  тәжірибесінің 
жалпы  эвоюциясын  көрсете  отыра,  әлеуметтік  байланыстардың 
күрделенуіне  сәйкес  тарихи  дамиды.  Әлеуметтік  қарым-
қатынастардың  антогонистік  қарсылыққа  айнала  бастаған  және 
индивид пен қоғам арасындағы алшақтықтың дамуы жағдайында 
эстетикалық  санада  ұсқынсыздық  ерекше  өзекті  бола  бастайды. 
Әсемдіктің құндылықтық антиподы бола отырып, ол әлеуметтік 
дезинтеграцияның және әлеуметтік дағдарыстың көрінісі болып 
табылады.
Дегенмен,  эстетикалық  санадағы  дағдарыстық  құбылыстар 
жаңа  құндылықтық-мәндік  жүйені,  әлеуметтік  қарым-
қатынастардың  күрделі  жүйесіне  және  әлеуметтік  субъектінің 
жоғарғы  деңгейдегі  индивидуализміне  сәйкес  әлемді  жаңаша 
біртұтастық ретінде  қабылдауды іздестіру кезеңін  білдіреді. Біз-
дің  пікірімізше,  осыдан  кейінгі  әлеуметтік-философиялық  зерт-
теулер дәл осы бағытта дамуы қажет. Эстетикалық қатынас адам 
тәжірибесінің барлық түрлерін байытып, тұтастықтың, олай бол-
са біртұтас адамның жаңа мазмұнын қалыптастырады.
 1.3 Эстетикалық таным және өнер философиясы
Эстетикалық  жүйе  динамикалық,  өзгермелі  құрылым,  өзін-
дік  ерекше  рухани  құбылыстар  мен  көркем  шығармалардың 
жиынтығы болып табылады.

44 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
Эстетикалық ғылымда өнер негізгі орын алады. Эстетикалық 
ғылым  оның  мазмұнын,  тілін,  заңдылықтарын,  сұлулық  көрі-
ністерінің  ерекшеліктерін  зерттейді.  Өнер  адамның  әлемге  де-
ген  эстетикалық  және  көркем  қатынастарының  жүйесінде  бол-
ғандықтан  ол  эстетика  пәнінің  ерекше  бөлігі  болып  табылады. 
Эстетика оған көп көңіл бөледі, себебі барлық заңдылықтар, мәсе-
лен,  сұлулық  заңдылықтары  дәл  осы  өнерде  барынша  жарқын 
және шоғырланған күйінде кездеседі.
Адам  әлемді  түрлі  жолдармен  танып,  сезінеді.  Өнер  саясат, 
құқық, дін және ғылым тәрізді осындай бір формалардың бір түрі 
болып  табылады.  Өнер  табиатты,  қоғам  өмірін,  сезімдер,  көзқа-
растар,  ойлар  түрлі  елдердегі,  тарихи  кезеңдердегі  адамдардың 
идеяларын бейнелеуге қабілетті. Өнер әрқашан да адамның әлемге 
деген  қатынасын  уақыт  және  мәдениет  тұрғысынан  бейнелейді. 
Тікелей не метафориялық болсын, белгінің логикасы немесе миф-
те  болсын,  шынайы  немесе  виртуалды  болсын,  алайда,  көркем 
шығармашылықта әрқашан да өміршеңдік пен жаңашылдық бар. 
Өнердің  пәні,  мақсаты,  бейнесі,  түрлері,  әдістері,  тарихи  және 
уақыттан тыс өмірі өзге таным түрлерінен ерекшеленеді.
Өнер  құбылыстары  негізінен,  өнердің  алуан  қыры  мен  көп-
функционалдылығынан  шығады.  Біз  «өнер»  деп  айта  тұрып, 
оның  сурет,  сымбат  мүсіндер  мен  паритатура  сияқты  түрлі 
материалдық құндылықтар деп түсінеміз. Сонымен қатар, оларда 
адамзаттың зор рухани құндылықтары жатыр. Өнер – бұл әлемді 
бейнелеудің  түрі  мен  оны  өзгертудің  жолы.  Көптеген  адамдар 
үшін өнер, бірінші кезекте – сұлулық әлемі, ләззаттың қайнар көзі 
және сонымен қатар қарым-қатынас, ақпарат, тәрбие және білім 
әлемі болып табылады. Философиялық тұрғыдан өнер – көркем 
ойлаудың,  көркем  танудың  белгілі  бір  түрі.  Бұл  жерде  бірнеше 
түсініктерді  ажырату  қажет,  мәселен:  өнердің  мазмұны,  өндіріс 
объектісі, таным және бағалау объектісі, авторлық ой, форма және 
көркем тіл және т. б.
Өнерді  эстетикалық  зерттеуде  аталмыш  құбылыстың 
мәнін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  бірқатар  аспектілерді  бөліп 
көрсеткен жөн. 
Өнер  онтологиясы  көркем  шығармашылық  болмысының 
жолдарын  зерттеумен,  субъективті  және  объективті  жақтардың 
диалектикасын анықтаумен, шынай және идеалды,өнер туынды-
ларындағы  физикалық  және  рухани  тұстарды,  сонымен  қатар 

 
 
 
                      
                                                  45
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
оның  мазмұны  мен  формасының  заңдылықтарын  анықтаумен 
байланысты.  Шынымен  де,  адамдардың  өнермен  қарым-
қатынасының  тәжірибесі  бірінші  кезекте,  көркем  туындыларды 
қабылдаумен байланысты.
Өнердің  оның  нақты  туындыларымен  арақатысы  ежелгі 
замандардан  бері  келеді.  Мәселен,  «Поэтикада»  Аристотель 
еліктеуіш  өнерге  ақындық  шығармашылықты,  эпопеяны,  биді, 
қойылымдарды жатқызды. Екінші антикалық шығарма «Жоғары 
деңгейдегі  туралы» жоғарғы  көркем туындыларға тән қасиеттер 
қарастырылды. Олардың ішінде: бейнелеудің анықтылығы, қатар, 
тәртіп  сияқты  қасиеттер  бар.  Қайта  өрлеу  және  Ағартушылық 
дәуірлерінде  де  өнердің  жекеленген  туындыларын  талдау  орын 
алған. Гегель «Эстетика бойынша лекцияларында» өнерді көркем 
шығармалардың жиынтығы ретінде қарастырды: «ұлттар өнер ту-
ындыларына  өздерінің  ішкі  пайымдаулары  мен  түсініктерінің  ең 
маңыздыларын енгізді, дін жалпы, ал кейбір ұлттардың даналығы 
мен діндерін түсінудің біден бір кілті болып табылады. Өнер дін 
және  философиямен  қатар  тұрады,  алайда  оның  бір  ерекшелігі 
ең  жоғарғы  деңгейдегі  пәндерді  ол  сезімдік  формада  көрсетіп, 
оны табиғатқа және өзінің көрінісіне жақынырақ етеді. Түйсік пен 
сезімдерге  жақын  етеді.  Жоғары  сезімдік  әлемнің  тереңдігіне  ене 
отырып, ой алғаш оны тікелей сана мен сезімдерге сырттан келген 
пән  ретінде  қарама-қарсы  қояды;  дәл  осы  танымның  еркін  ойла-
уы сезімдік шынайылық пен шектеулік тән осы әлемнің билігінен 
босап  шығады.  Рух  өзінің  ұдайы  қозғаласындағы  осы  әлеммен 
алшақтықты, осы жарақатты өзі емдейді; ол сыртқы, сезімдік, таза 
оймен келетін табиғат пен ақырғы шынайылықты ойлаудың шек-
сіз еркіндігімен байланыстырып, өзінен өнер туындысын алғашқы 
буын ретінде туындатады» [72].
Өнер  адамның  өмірінде  әрқашанда  маңызды  орын  алды. 
Тіпті  қазіргі  таңдағы  күрделі,  қарама-қайшылыққа  толы  және 
беймаза  уақытта  өнерге  немқұрайлы  қарайтын  адамды  елесте-
ту қиын. Себебі, өнер – бұл керемет бейнелердің бай әлемі, бұл 
қиялдың самғауы, бұл өмір мен адам болмысының мәнін түсінуге 
деген  ұмтылыс,  бұл  адамның  шығармашылық  күштерінің 
шоғырлануы... Кім көпқабатты, жоғарыға бағытталған буддалық 
погодаларды, мұсылман оюларының керемет өрме жазуын, бізге 
православиелік иконалардан қарап тұратын Құдай ананың мұңлы 
бейнесін кім көрмеді? Кім антикалық мүсіндерге, ортағасырлық 

46 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
готикалардың  зәулімділігіне,  араб-мұсылман  Шығысындағы 
сарайлардың  керемет  жасауларына  сүйсінбеді?  Кім  Данте 
және  Микеланджело,  Шекспир  мен  Пушкиннің  ұлы  туынды-
ларына,  Леонардо  мен  Рубенстің  көркем  суреттеріне,  Бах  пен 
Моцарттың, Бетховен мен Шопеннің ғажап әуендеріне, Роденнің 
көркем  мүсіндеріне,  Феллини,  Бергман,  Тарковскийдің  көркем 
фильмдеріне тамсанбады? Сонда, өнер дегеніміз не? Неліктен ол 
адамға соншалықты ықпал етеді?
Өнер – бұл әлемді игеруге және өзін осы әлемде көркем жол-
мен тануға бағытталған адамның рухани-тәжірбелік іс-әрекет са-
ласын білдіретін мәдениет түрі. 
Эстетикалық құндылықтардың табиғатына эстетикалық тұр-
ғыдан  игерілген,  бұрынырақ  ашылған  заттардың  қайталануы 
қарама-қайшы  келеді,  себебі  әрбір  шынайы  көркем  туынды 
ерекше,  жаңа  және  өзіндік  рухани  құбылыс  болып  табылады. 
Сол  себептен,  әлемді  көркем-эстетикалық  игерудегі  субъективті 
фактордың  –  шынайылықтың  бұрынырақ  белгісіз  объективті 
тұстарын  ашатын,  өнердің  жаңартушы  және  қозғаушы  күшіне 
айналатын суретшінің іс-әрекеті мен оның шығармашылығының 
маңызы  зор.  Суретшінің  өмір  сүріп  және  қызмет  етіп  отырған 
әлемді көркем-эстетикалық игеру жолының әлеуметтік өзектілігі 
оның  тарихи  дамудың  жаңа  қақтығыстары  мен  үдерістерін 
қабылдау  мен  оны  өндіру  мүмкіндігіне,  оның  дүниетанымының 
сипаты мен шеберлігіне байланысты. 
Бейнелі  ойлау  әлемді  көркем-эстетикалық  игерудің  рулық 
ерекшелігі бола отырып, өзінің күштерін бізді қоршаған әлемнің 
алуандығынан алады. Адамның санасы қоршаған шынайылықты 
сезім  органдары  арқылы  қабылдай  отырып,  көркем  шығарма-
шылық  акт  барысында  оның  объективті  шынайылықтан  қабыл-
дағаннан өзге формалар мен мазмұнды қолдана алмайды. Көркем 
шығармашылық  туындысы  ол  жаратушының  өзінің-өзімен  мо-
нологы  болып  табылмайды,  бұл  қоршаған  ортаға  біреу  естісін, 
түсінсін, көрсін және сезсін, қабылдасын деген үмітпен тастаған 
сын-пікірі. Біреуге осы уақытқа дейін белгісіз, әсемдіктің әдеттегі 
бейнесіне жасырылған бір затты аша отырған суретшіні тек оның 
қолданған образдары мен көркем әдістерінің тілін оның потенци-
алды сұхбаттасушы түсінген жағдайда ғана түсінуге болады. Тіпті 
«бола алмайтын» зат, шынайы әлемнің образдарының комбина-
циясы арқылы беріле алады және оларды біреу түсіне алады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет