«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


В. Соловьевтің «біртұтастық» идеясының философиялық мәнін түсіндіріңіз



бет41/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
13. В. Соловьевтің «біртұтастық» идеясының философиялық мәнін түсіндіріңіз.
Соловьевтің «біртұтастық» (бәрінің бірлігі) идеясы адамзаттың бұдан да артық, жоғарғы сатыдағы эволюцияға өтуін дайындайды. Оның шыңына жетіп, «Құдай-адам» пайда болады. Соловьев жүйесінің негізгі теологиялық бағыты осы. Материализм мен революциялық-демократиялық ой-пікірге ол қарсы болды. Христан діні мен платонизмді, классикалық неміс философиясын (Ф. Шеллинг) және ғылыми эмпиризмді біріктірумен айналысты. Бұл шын мәнінде мүмкін емес, метафизикалық әдіс еді.
«Жер бетінде шындық бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа христиан дінінен жауап іздеді. Әлеуметтік тұрғыдан келгенде, елдің тыныштығын сақтау үшін Рим папасы мен орыс патшасының татулығы арқасындағы Одақты құруға шақырды.
1. Христиан дінін материалдық өмірдің, уақыт пен кеңістіктің қирауынан құтқарып, тозбайтын ғарыш сұлулығына айналдыруды мақсат етті;
2. Жетілдірілген жыныстық махаббат адам бүтіндігін және дүниені сақтап, мәңгі өлмеске жеткізеді деп санады.
Соловьев философиясының өзекті идеясы – барлығын біріктіру идеясы, оның негізгі қағидасы «құдайға – барлығы бір». Барлығының бірлігі, бірінші кезекте, жаратушы мен жаратылғанның бірлігі. Соловьевтің құдайының адами кейіпі жоқ, ол дүниеде әрекеттенетін, ерекше ұйымдастырушы күш, «ғарыштық ақыл». Сонымен В. С. Соловьев ақылды сезімге қызмет етуге, дінді адам санасындағы рационалдық бастаманы тірек етіп, діни көзқарасты жаңа ғылыми жетістіктермен дәлелдеуге ұмтылады. Н.А. Бердяев (1874-1948) орыс діни философиясының көрнекті өкілі. Экзистенциалист оның философиясының негізі еркіндіктің – болмысқа қарағандағы басымдығы. Болмыс мәнін адам, адам арқылы ашып таниды. Ол діни мистика жолдарындағы жеке адамның «ішкі рухани» таза рухын азаттық үшін таптық күреске қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы кезде марксизмге жақындап, кейінен діни философияға, персонализм мен экзистенциализмге бет бұрып, халықтың бірлігін, рухани бостандығын қолдады.
14. Орыс философиясының негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі — Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала¬сында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет