Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Қазақтың әпсана-хикаяттары



бет45/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
54. Қазақтың әпсана-хикаяттары
Әпсана мен хикаядан ертегіден тыс прозалық жанр тобына жатады.
С.Қасқабасов зерттеулеріне сүйенсек,халық прозасының ертегіден тыс бұл жанрлары үш түрге бөлінеді: тарихи-мекендік әпсаналар, әлеуметтікутопиялық әпсаналар және діни-кітаби хикаяттар, Әпсана (парсыша-офсона) – шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға, немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында баяндайтын әңгімелер. Мұнда кереметтілік айтарлықтай орын алады, сол себепті кейіпкерлер де ерекше жан болып көрсетіледі. Әпсана, әдетте, аңыз негізінде пайда болады, бірақ кейде өз бетінше де туындайды. Мәселен, өте ерте заманда туған аңыздар бірте-бірте әпсанаға айналады (Қорқыт туралы әпсаналар, т.б.). Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды. Бұларда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Елдің әлеуметтік қиялы, бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезеңдерінде жаңғырып отырады, сөйтіп утопия қайта өріс алады. Ертеде, есте жоқ кезде "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заман болған деген идея Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста "Жерұйықты іздеген Асан қайғы" туралы, содан соң XVIII ғасырда Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайында әпсаналар туғызған. Бұл әпсаналарда бас кейіпкер барынша дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жұмақ болып бейнеленеді. Жұмақ – ең бақытты мекен болып көрсетілетін шығармалар – діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалады, пайғамбарлар мен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Құранның, Інжілдің сюжеттері пайдаланылады. Әрине, хикаяттарда да ескі және жаңа, исламдық мифология қатар жүреді.
Енді әпсана мен хикаят түрлеріне тоқтала кетсек, тақырыптық және сюжеттік мазмұнына қарай қазақ әпсаналары шартты түрде тарихи-мекендік және утопиялық болып келеді.
1)Тарихи-мекендік әпсаналарда белгілі бір мекеннің, жер-судың тарихы баяндалады, тарихта болған адамдардың бір ерен ісі жайында әңгімеленеді. Рас, әпсанада айтылатын мекеннің тарихы, даңқты қайраткердің іс-әрекеті өмірде дәл солай болмауы мүмкін, бірақ сол мекен мен адамның тарихта болғандығы күмән туғызбайды. Міне, сол себепті ол тарихи-мекендік деп аталады. Осындай әпсаналардың қатарына Қорқыт туралы әңгімелерді енгізуге болады. Қорқыт жайындағы шығармаларды біз аңыз жанрын қарастырғанда біршама сөз қылдық. Ал, ендігі зерттейтініміз ол туралы әпсаналар. Рас, Қорқытқа байланысты әпсана көп емес. Сондықтан оның сюжеттік құрамы да шағын, түптеп келгенде, қолда бар әпсананың бәрі бір ғана сюжетке құрылған: түсінде өлесің деп естіген Қорқыт ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Ақыры, Сыр өзенінің ортасына жайылған кілемде отырған Қорқыт жыланның шағуынан қайтыс болады.
2)Утопиялық әпсаналар Кеңес өкіметі кезінде өте аз жазылып алынған. Ел арасында «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман», «жер жаннаты Жиделібайсын», «тығулы жатқан қазына» туралы әпсаналар әлі күнге дейін айтылады, алайда әзірше хатқа түскені - бір ғана сюжетке құрылған утопиялық әпсаналар. Ол сюжет мынау: кейіпкер шөбі шүйгін, суы мол, елге де, малға да жайлы жер іздеп, жаһанды шарлайды .Бұл сюжет бірде Асанның әкесі Сәбиттің, бірде Асан Қайғының, бірде оның баласы Абаттың, бірде Өтеген батырдың есіміне байланысты баяндалады. Олар іздеген құтты қоныс кейде Жерұйық, кейде Жиделі-байсын деп аталады. Әпсаналардың кейбірінде кейіпкер іздеген жерін табады, кейбірінде таба алмай, еліне қайтып келеді, немесе жолда қаза табады. Бұл сюжет бірде Асанның әкесі Сәбиттің, бірде Асан Қайғының, бірде оның баласы Абаттың, бірде Өтеген батырдың есіміне байланысты баяндалады. Олар іздеген құтты қоныс кейде Жерұйық, кейде Жиделі-байсын деп аталады. Әпсаналардың кейбірінде кейіпкер іздеген жерін табады, кейбірінде таба алмай, еліне қайтып келеді, немесе жолда қаза табады. Утопиялық әпсаналардың мазмұны көбінесе әлеуметтік сипатта болады. Бұлай болу себебі – ғалымдардың айтуынша, мұндай шығармалар, әдетте, қоғамдық-әлеуметтік өмірде үлкен бір дүрбелең кезінде, қауым қиындыққа душар болғанда пайда болады екен.Ондай жағдайда халық жақсы өмірді армандап, «алтын дәурен», «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман», не болмаса елді қиыншылықтан құтқаратын бір қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарады. Ол әңгіме, аңыздардың басты кейіпкерлері - өмірде болған адамдар болуы мүмкін. Бара-бара мұндай аңыздар әпсанаға немесе хикаятқа айналады. Осыдан барып мессиандық роль атқаратын адам, елге ырыс-дәулет беретін қоныс жайында әпсана мен хикаят қалыптасады. Мұндай әпсананың тарихи аңыздан айырмашылығы оның тек көркемдік дәрежесінде емес. Оның басты ерекшелігі сол – тарихи аңызда өткен дәуірдің оқиғасы мен адамы мадақтала жырланады, ал әпсанада өткен тарихтан гөрі қиялдан, арманнан туған оқиғалар мен кейіпкерлер дәріптеледі, мұнда заман, адам, жер-су, мекен халықтың қалауы бойынша суреттеледі, олар осындай болса екен деген тұрғыда көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет