Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары


Тіл иерархиясы деңгейлеріне қатысы бойынша лингвистикалық типология бөлімдері



бет13/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
2.2.2 Тіл иерархиясы деңгейлеріне қатысы бойынша лингвистикалық типология бөлімдері

Лингвистикалық типология тіл иерархиясының барлық деңгейлеріне сүйенеді. Басқаша айтқанда, ол фонологиялық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлердің бірліктерін салыстыра алады. Деңгейлік талдауға жолдар әртүрлі, алайда типологтардың көпшілігі тіл деңгейлерін шектеуді жөн санайды. Белгілі бір деңгейдің әлдебір бірліктерінің бөлінуі түрлі себептерге қатысты. Біріншіден, салыстыру сипатына, яғни құрылымдық, генетикалық және ареалды типологияға атомарлық яғни деңгейлік жол көбірек тән, ал салыстырмалы типология түрлі деңгейлік бірліктерді табумен айналысады. Екіншіден, жекелеген деңгейлер барынша оқшау қарастыруды қажет етеді. Мәселен, фонологиялық деңгейге барынша оқшаулану керек. Салыстырғанда тілдік шектеудің белгілі мағынасы бар, өйткені ондай шектеусіз әмбебапты табу мүмкін емес.

Тіл иерархиясының деңгейлеріне қатыстылық бойынша лингвистикалық типологияның мындай бөлімдердің болуы мүмкін:

а) фонологиялық типология;

ә) фонетикалық типология;

б) морфологиялық типология;

в) синтаксистік типология;

г) лексикалық типология және басқалары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет