Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет55/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   244
§17. тұмар патшайым
1.  сақтардың көрші елдермен қарым-қа ты-
насы.  Сақтармен қатар сол замандағы әйгілі 
 
елдер – Ассирия, Мидия, Парсы елдері өмір 
сүрді. Күшті әскер құрған Парсы патшасы 
көрші жатқан көптеген мемлекеттерді тал қан-
дап бағындырады. Енді парсы патшасы 
Кир 
сақтарды да бағындыруды көздейді.
Б.з.б. 530 жылы Кир қалың әскерімен сақ 
еліне жорыққа шығады. Бұл кезде сақтардың 
массагет  тайпасы Сырдария өзенінің маңын 
қоныстанған еді. Тайпаны 
Тұмар (грекше То-
мирис)  есімді әйел патша басқарды. Ол жа 
у-
гершілік кезінде күйеуінен айырылып, жесір 
қалған. Тұмардың  Спаргапис атты жалғыз ұлы 
болды.
Кир алдымен Тұмарға елші жіберіп, өзіне 
тұрмысқа шығуын сұрайды. Ол патшасына 
үйленсем, қоластындағы сақтар 
да маған сөзсіз бағынады деп 
ойлаған еді. Оны бірден түсінген 
Тұмар бұл тілегін қабылдамай-
ды. Ашуланған Кир патша 
сақ елін талқандамақ болады. 
Тұмар патшайым Сырдариядан 
үш күндік жерге шегініп, пар-
сыларды кең далада шайқасуға 
шақырады. Геродоттың «Та-
рих» атты еңбегінде массагет 
тайпаларының осы соғыстағы 
же ңісі туралы былай айтылады: 
«Уәделі жерде шайқас баста лып, 
Спаргапис парсыларды жеңіп 
шығады. Жеңіс тойын ерте 
той лап, түскен олжаға қуанып 
жатқан кезде, Кирдің әскері оны 
айламен қолға түсіреді. Спарга-
пис ханзада  тұтқынға түскенін 
ар санап, өзін-өзі өлтіреді.
Тұмар патшайым


57
Ертесіне ұлан-байтақ далада ұрыс басталып, 
екі жақтың да күші сарқылған шақта, Тұмар 
патшайым сақ қыздарынан жасақталған 
әскерімен шайқасқа кіріседі. Кирдің әскері 
ержүрек сақ қыздарымен соғысуды күтпеген 
болатын. Сақтардың жеңіске деген сенімі ар-
тып, «жеңілуді білмейді» деген Кирдің әскерін 
ойсырата жеңіп шығады».
Осылайша сақ жауынгерлері шапқыншы-
лардан елі мен жерін сақтап қалды. Тұмар 
патшайымның есімі ерлігімен тарихта қалды.
Сақ жауынгерлері жауға қатал, досқа 
адал болған. Олар атпен де, жаяу жүріп те 
шайқасқан. Соғыс өнерінің тәсілдерін жетік 
меңгерген. Садақ, айбалта және сүңгіні шебер 
қолдана білген.
Сақтар ұрыс даласында ерекше батырлықпен 
көзге түскен жауынгерлерді аса құрметтеп, 
сый-сыяпат көрсеткен. Соғыс даласында ер-
лермен қатар сақ әйелдері де ерліктің ғажайып 
үлгісін танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет