Газет 1921 жылдың 1 маусымынан



жүктеу 2.76 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата15.03.2017
өлшемі2.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Болатбай   КӨБЕНБАЕВ.  

Ќ¦МЫЛДЫЊ    ЌАЛИБЕГI

жатқан игілікті іс-шараларға белсене қатысады. 

Қалибек ағамыз өткен жылы «Батагөй» 

қариялар байқауына қатысып, жүлделі екінші 

орынды жеңіп алды,- дейді қазыналы қария 

жөнінде Қоңырөлең ауылдық округіндегі 

«Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының 

төрағасы, аудандық Мәслихаттың депутаты 

Елтай Қожақов, - ағамыздың жастарға берер 

батасы мен айтар ақыл-кеңесі де аз емес.

 

Елтай Тұрлықожаұлының бұл 



айтқанының да жаны бар. Қалибек қария 

редакциямызға бір келгенінде бәтуалы ба-

тасы жазылған қағазын да табыстап кеткен 

болатын. Онда жазылған бата кәдімгідей 

көлемді болғандықтан, етек-жеңін ықшамдап, 

қысқартылған нұсқасын көптің назарына 

ұсынғанды жөн көрдік.

     Жаратқан ием жар болсын,

     Әр нәрсеңіз бар болсын,

     Толықсыған бай болсын,

     Көңілдерің жәй болсын,

     Төрт түлігің сай болсын. 

     Шормақтай шөң болсын,

     Несібесі мол болсын,

     Малдыбайдай малды болсын,

     Ел-жұртының алды болсын,

     Байлардың дәулетін

      Пайғамбардың берекетін бергейсің.

 

Батагөй қарияның бұл бата-



сы баршамызға күш-қуат беріп, ырысты, 

ынтымағымыз бен бақуатты берекемізді 

шалқытқай.

Қ.ОСПАНҰЛЫ.  

 

 



Сіздердің  бай  тәжірибелеріңіз  бен  ақыл - парасаттарыңыз, 

ұлағатты  өмірлік  ұстанымдарыңыз-аса  бағалы мұра  саналады. Оны 

өскелең  ұрпаққа  аманаттау  өте маңызды. Бұл орайда мен Сіздерге 

үлкен  сенім  артамын. 



Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Ұлдары – Смайыл мен Юсуптың 



көмекшілігіне сүйеніп отырған малсақ жанның 

қарауында 350 бас қой, 70 бас ірі қара бар екен. 

 

-Еңбек еткеннің еңсесі биік болатынын өз 



жеке басымның тәрбиесінен ұққаным бар. Көпке 

қарап қол жайып отырмаймыз. Бар байлығымыз да, 

бар нәсібіміз де – төрт түлік мал, осы берекемізден 

тәңірім айырмаса екен, - дейді Қалибек Қайдарұлы.

 

-Қытай Халық Республикасының «Патша 



шопаны» атағын иеленген Қалибек ағамыз округ 

көлеміндегі ғана емес, барша аудан аумағында өтіп 



ЕҢБЕК   ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ

Қарттық 


 

 

 



жөнінде

Есік  алдында төбе болса-

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қария болса-

Жазып қойған хатпен тең.

                  

***

Жақсы адам қартайса-



Жазып қойған хаттай.

Жаман адам қартайса-

Бықсып жанған оттай .

                   

***

Сақалға ақ түсті-



Көңілге дақ түсті. 

Атасыз үй-батасыз,

Анасыз үй-панасыз. 

                 

 ***

Отырса-от басында



Тұрса -көш басында. 

СӨЗ   МӘЙЕГІ

17 ақпан  2017  жыл

№10 (8853) 

12

«Жаркент  өңірі»

̤ËÒÅÊ    ÌƏËІÌÅÒ

 

 



Гүлнәр 

Қазбекқызы 

1963  жылы  5  қазанда  Көкшетау 

облысындағы  Сырымбет  ауылында 

(шығыстың  жарық  жұлдызы,  ғұлама 

ғалым  Шоқан  Уәлихановтың  дүниеге 

келген  мекені)  туған.  Қарағандыдағы 

кооператив институтын 1984 жылы «са-

уда экономикасы» мамандығы бойынша 

бітірген.

 

Еңбек 


жолын 

Арықбалықтағы 

сауда 

жүйесінде 



еңбекақы  төлеу  жөніндегі  экономист 

болып бастаған. 1986 жылы Панфилов 

ауданындағы  Көктал  кеңшарында  аға 

экономист,  1988-1991  жылдары  Жар-

кент қалалық тұтынушылар қоғамында 

–  аға  экономист,  1991-1992  жылдары 

аудандық  тұтынушылар  Одағында 

экономикалық  жоспарлау    бөлімінің 

бастығы, 1996-1997 жылдары аудандық 

салық  комитетінде  –  акциздер  мен 

қосымша құн салығы бөлімінің бастығы 

қызметтерінде болды.

 

1992-1994  жылдары  жеке 



кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

   

    ѦÕÁÀÒ  ÑÀÓÀËÍÀÌÀÑÛ:

 

 

-Қиындығы  мен  қызығы 

бірдей 

кәсіпкерлік 

қызметке 

келуіңіздің сыры неде?

 

-Кәсіпкерлікке 



біраз  

дайындықпен  келдім.  Өйткені  бұл 

күрделі саланың қыры мен сырын ұғыну 

-  оңай  шағыла  салатын  жаңғақ  емес. 

Бұған терең білім, біліктілік, тығырықтан 

шыға  білер  түйсік  пен  шынайы  шешім 

қабылдай  алатын  қасиет,  жан-жақты 

пайымдай  білер  парасаттылық  қажет-

ақ.

 

Кәсіпкерлікке  бет  бұрған 



1992  жылдың  қыркүйегінен  тартып 

облыс,  республика  аумағынан  тыс 

көршілес  шетелдік  мемлекеттермен 

де  іскерлік  байланыста  болдым.  Көп 

нәрсе  үйрендім,  көңілге  тоқыдым,  са-

раптама жасадым. Соның нәтижесі бо-

лар,  1999-2001  жылдары  Жаркенттегі 

жүгері сұрыптау және кептіру кешенінің, 

2001-2005 

жылдары 


Жаркенттегі 

жүгерілік  крамал-сірне  зауытының, 

ал,  2001  жылдан  тартып  күні  бүгінге 

дейін қаламыздағы «Атлантик», «Асыл 

ғасыр»,  «Белжайлау»,  «Ормандағы 

жұмақ»,  «Жаркент»,  «Жаркент-Ара-

сан»  демалыс  сауықтыру,  қонақ  үй, 

мейрамхана  кешендерінің,  2004  жыл-

дан  бастап  «Карьер  А»  ЖШС-ның, 

2008-2013 жылдары құм мен қиыршық 

тас  өңдейтін  «Алуан-А»  ЖШС-ның 

құрылтайшысымын. 

 

Сондай-ақ 



қала 

орталығындағы  «Ақ  ниет»,  «Заңғар» 

сауда  нүктелері  мен  дәрі-дәрмек 

орталығын  (Юлдашев  көшесіндегі) 

кәсіпкерлерге жалға беріп отырған жай-

ым да бар. 

 

Осы аталған сауда, мәдени-



тұрмыстық  және  демалыс-сауықтыру 

 

Осы  тақырып  аясын-



да  жуырда  қаламыздағы  Жам-

был  атындағы  орта  мектептің 

акт  залында  мектеп  оқушылары 

арасындағы жас ақындардың айты-

сы өтті.  

 

Жыр жампозына арналған 



бұл  оқушылар  айтысының  өтуіне 

бірден-бір  ұйытқы  болған  жан-

аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері 

Ұлбала  Жұмағұлқызы  болды.  Өнер 

десе  ішкен  асын  жерге    қоятын 

Ұлбала  бұл  жолы  да  осынау    жыр 

додасының  сәтті  өтуіне  барынша 

қамқорлық жасады. 

 

Оқушылардың  поэзияға 



деген  құштарлығын  арттыру,  сөз 

құдіреті  мен  оның  қуатын  жанымен 



ӘЙЕЛ    ӘЛЕМІ

(сұхбат)


кешендерінде  200-ге  жуық  адамды 

тұрақты жұмыспен қамтып отырмын.

 

-Осыншама 

нысандарға 

бақылау  жасап,  оның  жүйелі  жұмыс 

істеуіне қалай уақыт тауып жүрсіз?

 

-Ең  бастысы,  жұмысыңа  де-



ген ынта-жігер қажет. Тынымсыз қарекет 

табысқа  жетелейді.  Оның  үстіне  осы 

айтылған кешендердің бәрінде атқарушы 

директорлар  бар.  Жауапкершілік  те  со-

лардан сұралады.

 

-Гүлнәр 



Қазбекқызы, 

өзіңізбен  қызметтес  болған  әріптес 

және  дос  құрбыларыңыздың  бойы-

нан  қандай  адами  қасиеттерді  іздер 

едіңіз?

 

-Алдымен  тәртіп.  «Тәртіпке, 



заңға  бағынған  адам  құл  болмай-

ды»  деген  емес  пе  әйгілі            Бауыржан 

Момышұлы  атамыз.  Содан  кейін  өз 

қызметіңе, өз жұмысыңа деген ынта мен 

жігер.  Әр  адамның  бойынан  тек  қана 

жақсылықтың дәнегін іздеймін. Тапсам – 

қуанамын, таппасам – ренжимін.

 

-  Нені  жек  көресіз,  нені 



жақтырмайсыз?

 

- Өзін-өзі түсінбеген жандарды 



жек көремін. Өсек, өтірік айтқандарға жа-

ным қас.


 

-Кәсіпкерлік  қызметіңіздегі 

басты кредоңыз (өлшеміңіз)?

 

- Ол: халқыма не істей алдым, 



не бердім деген сауалдарға нақты жауап 

іздеу.


 

-Халыққа қызмет көрсететін 

кешендердегі  сенімді  серіктес  бола 

білген    жандардың  есімдерін  атай 

кетсеңіз?

 

-Олардың  қатары  біршама. 



Сонда 

да 


болса 

атай 


кетейін. 

Олар: 


«Жаркент-Арасандағы» 

Карл 


Хакимжанұлы, Генадий Ким, Сахатай мен 

Сәуле  апайлар.    «Атлантик»  пен  «Асыл 

ғасырдағы»  -  Ғалым  Түгелбайұлы,  Ба-

хадир  Сайтов,  Гүлмира  Хамзахунова, 

«Жаркент» қонақ үйіндегі – Халида Вали-

ева. 


 

-Отбасыңыз  жайлы  да  біле 

кетейік.

 

- Жұбайым – Серік Мұқашұлы. 



Жастайынан 

әке-шешесінен 

жетім 

қалып  тағдырдың  бар  ауыртпалығына 



мойымаған  жан.  Қарағандыдағы  Жоғары 

милиция  мектебін  бітірген  (1984  жыл) 

соң еңбек жолын Көкшетау облысындағы 

милиция  органдарында      тергеуші  бо-

лып  бастаған.  Бұдан  соң  туған  жерге 

оралып,  Панфилов  аудандық  ішкі  істер 

бөлімінде – тергеуші, криминалдық поли-

ция бастығы, ОБХСС бастығы, аймақтық 

қаржы  полициясының  бастығы,  Панфи-

лов, Сарыөзек, Гвардия аудандарындағы  

алтыншы бөлімнің бастығы, Талдықорған 

облыстық  6-шы  басқарма  бастығының 

орынбасары 

қызметтерінде 

бол-

ды.  


 

Талдықорған  облысы  бой-

ынша  «Үздік  тергеуші»  атағын  бірнеше 

мәрте  иеленген,  полиция  полковнигі. 

Ұлымыз  Арман  –  жеке  кәсіпкер.  Ай-

бар  –студент.  Арыслан  деген  сүйкімді 

немереміз бар. 

Жұбайым 


Серік 

 

айналасына 



қамқорлық  шапағатын  шашып  жүрген 

еліне елеулі, халқына қалаулы жан. 

 

-Гүлнәр 

Қазбекқызы,  

еліміздің  тәуелсіздік  алуымен  бірге 

экономиканың  жаңа  бір  саласы 

қанатын  жайды.  Ол  –шағын  және 

орта кәсіпкерлік. Оның бүгінгі жайы 

көңіліңізден шыға ма?

 

-  Елбасымыз  Нұрсұлтан 



Әбішұлы  кәсіп  ашуға  ниет  еткен  кез 

келген  кәсіпкерді  қолтығынан  де-

меп  келеді.  Мемлекет  тарапынан 

қолдау  көп.  Кәсіпкерлердің  алған 

несиелерінің  бір  бөлігіне  субсидия 

бергізді.  Салықтық  жеңілдіктер  жаса-

ды.  Осының  бәрі  елімізде  ісін  шағын 

кәсіптен  бастаған  кәсіпкерлердің  ірі 

кәсіпорын  ашып,  бірнеше  жүздеген 

адамды жұмыспен қамтуына жол ашып 

отыр. 

 

Елбасымыз 



халыққа 

жолдаған 

«Қазақстанның 

үшінші 


жаңғыруы: 

жаһандық 

бәсекеге 

қабілеттілік»  атты  Жолдауында  да 

кәсіпкерлікке кең өріс ашып отыр. Бұл 

жөнінде  Жолдаудағы  бизнес-ортаны 

түбегейлі жақсарту және кеңейту деген 

Екінші басымдықта нақты айтылған.

 

Жаппай 


кәсіпкерлікті 

қолдау  тетіктерін  одан  әрі  жетілдіру 

керек.  Қазақстанның  әр  өңірі  жаппай 

кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық 

кәсіпкерлікті 

дамыту 


бағытында 

кешенді шаралар ұсынуға тиіс, - деген 

Жолдау жолдары көңіліме ұялады.

 

-Марапат  –  еңбектің  шы-



найы жемісін көрсетеді емес пе, осы 

жөнінде бірер сөз...

 

-Марапаттан кенде емеспін. 



Кәсіпкерлік  жұмысты  ілгерілетудегі 

табысты  еңбегім  үшін  аудан  әкімінің, 

Алматы  облысы  әкімінің  Құрмет  гра-

моталарымен,  республикалық    «Нұр 

Отан» партиясының «Алғыс хатымен», 

«Конституцияға  –  10  жыл»  мерекелік 

медалімен марапатталдым.

 

Панфилов 



ауданының 

«Құрметті  азаматымын»  (2007  жыл), 

Алматы  облысы  бойынша  «Үздік 

кәсіпкер  әйел»  атағы  мен  2  дәрежелі 

диплом  (2008  жыл)  иесімін.  Мен  үшін 

ең  үлкен  награда,  ол  –  Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

Құрмет  грамотасы  (2011  жыл)  мен 

Президентіміздің  Жарлығымен  2016 

жылдың  5  желтоқсанында  берілген 

«Құрмет» ордені.

 

-Бақыттысыз ба?

-  Әрине,  бақыттымын.  Басымда  шы-

райлы  шаңырағым  бар,  жұбайым  мен 

балаларым, немерелерім бар. 

 

-Уақытыңызды 

бөліп, 

сұхбаттасқаныңызға рахмет!

 

 Сұхбатты жүргізген 



Құсайын  БЕЙСЕБАЙ,

Қазақстан   Журналистері  

Одағының   мүшесі.

 

Өн  бойынан  кәусардай  күміс  тамшылы  күй  нөсерін  төгетін 



киелі аспап - домбыра шанағында он екі перне болады. Тиек пен 

ішек, қылбұрау құлағы да осы пернелерге тәуелді. Пернесіз күйшінің 

құдыретті саусақтары да икемге келмейді.  Бәрі бір-бірімен тәуелді. 

Адамзат баласының бойындағы тылсым қасиеттер де осы пернеше 

үн  шығарады.  Біреу  түсінеді,  біреу  түсінбейді.  Алайда  сол  көңіл 

пернесінің дірілін жіті аңдай білсең – шертер сырына қанығатының 

анық.  Сондай  көңіл  пернесін  дәл  басатын  сұхбатымызға  кейіпкер 

бола алатындай кәсіпкер келіншектерді іздей бастадық. Көптің ай-

туымен көзге де, көңілге де көрік боп ұялаған есім – АҚСУБАЕВА 

ГҮЛНӘР  ҚАЗБЕКҚЫЗЫ болды.

«ЖЫР    АЛЫБЫ  -  ЖАМБЫЛ»

сезіне  білетін  талапты  жастардың  өнерін  ұштауға  бағытталған  бұл  ай-

тыста  11 жас бақ  сынады.  Өзара жұптасып жыр додасын қыздырған 

жас ақындардың өнердегі  талпыныстары жоғары деңгейде болмаса да, 

көрермендеріне ой сәулесін түсірген мәнді  шара  болды. 

 

Жыр  жолдарын  жамыратқан  жас  талапкер  қатарындағы  Ын-



тызар  Мұсаева, ағайынды Нұрхат пен Санат Әбілхан, Ерғали Мұқағали, 

Мерейлім Тұрашова, Үмбетәлі Қали, Досжан Қаусан, Әйгерім Тұрғанбек, 

Алтай Жолдыбай, Әбдіғазиз Әбдірахым сынды өрендер  алып та, ша-

лып та айтып, айтыстың көрігін қыздыра білді. Әсіресе, бұдан бұрын да 

бірнеше мәрте жас ақындардың  жыр сайысына түсіп ысылған Сәттіжол 

орта  мектебінің  6  сынып  оқушысы  Үмбетәлі  Қалидың  бұл  жолы  да 

мерейі үстем болды: қарсыластарын шаң  қаптырған айтыс өнерінің жас 

перісіне тең келер жан табылмады. Сондай-ақ Мерейлім мен Ынтызар, 

Нұрхат пен Әйгерім де суырып салмалық өнердің көкжиегіне қолдарын 

созған талапты жастар екендіктерін дәлелдеп-ақ бақты. 

 

Құрамында  Қазақстан  Жазушылары  Одағының  мүшесі, 



белгілі  ақын  Ислам-Ғали  Үркімбайұлы,  ақын,  Қазақстан  Журналистері 

Одағының мүшесі Құдайберді Құсайын, айтыскер ақын Қанатбек  Шаях-

метовтер болған әділқазылар алқасының ұйғарымымен бірінші орынның 

жүлдесі Үмбетәлі Қалиға бұйырды. Екінші орынды Мерейлім мен Ынты-

зар, үшінші орындарды Нұрхат пен Әйгерім, Ерғали иеленді. 

 

Жүлдегерлерге аудандық білім бөлімінің «Мақтау қағаздары» 



мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігінің (төрағасы И.Үркімбайұлы) 

арнаулы  сыйлықтары табыс  етілді. Осы айтысқа қатысқан он бір балаға 

Астанадағы  «ЭКСПО-2017» көрмесіне тегін жолдама  берілмек. 

 

Осы ақындар айтысының  жүлдегері Үмбетәлі Қали ақпанның  



23-25 күндері Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет  үйінде 

өтетін  екінші  кезеңге  жолдама  алды.  Жерлестері    Үмбетәлі    сияқты 

жырдың жас перісіне сәттілік тілейді. 

Қ .ОСПАНҰЛЫ. 

ТҰСАУКЕСЕР

«Ò¦ËÏÀÐ    Ò¦ßЃÛÌÅÍ   

ÆÀÇÛËЃÀÍ   ÒÀÐÈÕ»

АҚЫНДАР    АЙТЫСЫ

 

Қаламыздағы №6 мектеп-интернатының тарих 



пәнінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Қали 

Ибраймжановтың баспадан таяуда ғана жарық көрген тарихи-

танымдық кітабы осылай аталады.

 

Бірнеше жылдың бедерінде ойланып, толғанып ба-



рып жазылған осы тарихи танымдық жаңа кітаптың тұсаукесер 

рәсімі аталмыш мектептің акт залында өтті. Кітаптың 

тұсаукесер лентасын қию құрметіне мектеп директоры Айт-

жамал Көбелекова, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылары 

Одағының мүшесі, Алматы облысы мен Панфилов ауданының 

Құрметті азаматы Әдепхан Төреханұлы, белгілі жазушы

республикалық «Алаш айнасы» журналының бас редакторы 

Дархан Бейсенбек ие болды. 

 

Кітаптың көпке таныстырылу рәсімінде осы туындыға 



алғысөздік пікірлерін жазған жазушы Әдепхан  Төреханұлы, 

ақын Құдайберді Құсайын, сондай-ақ жазушы Дархан Бей-

сенбек,  республикалық «Ел  назар» журналының бас ре-

дакторы, ақын Ерғазы Манапұлы, І.Жансүгіров атындағы 

Жетісу Мемлекеттік университетінің оқытушысы, профес-

сор Қалибек Ибраймжанов, Жаскент ауылдық округіндегі 

ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанұзақ Ахметжанұлы

Кішішыған ауылының тұрғыны, зейнеткер ұстаз Тоқтасын 

Ыбрайымқұловтар сөз алып, қазақ халқының арғы-бергі 

тарихына терең талдау жасауға талпынған жас ғалымның бұл 

қомақты туындысына жоғары бағаларын берді.

 

Осы салтанат үстінде жазушы жерлесіміз, 



республикалық «Алаш айнасы» журналының бас редакторы 

Дархан Бейсенбек ұстаздардың бір тобына «Алаш ұстазы» 

төсбелгісін табыс етті.

 

Әсем ән, бедерлі би, күмбірлі күймен өрнектелген бұл 



әдеби кеш салтанаты берекелі дастархан мәзіріне ұласты.

(ӨЗ  ТІЛШІМІЗ).

17 ақпан  2017  жыл

№ 10  (8853) 

13

«Жаркент  өңірі»

 

А у д а н д ы қ  



«Жаркент  өңірі»  газеті 

арқылы  №9  учаскелік 

м е д и ц и н а л ы қ 

б ө л і м ш е с і н і ң  

дәрігері    Айдарова 

Айданаға, 

медбике-

лер Исаева Алмагүлге, 

Сағатбекова  Гүлмерге 

алғыс  білдіргім  келеді. 

Ауырып,  ем іздеп  кел-

ген  науқастарды  ақ 

жүрегімен, кең пейілімен 

қарсы  алғанда,  ау-

ырып 

жүргеніңді 



ұмытып  та  қаласың. 

Кей кездері ауруханаға 

барып,  есік  қаққан  

уақытта қабағын түйіп, 

менсінбей 

қарайтын 

ақ  халатты    жандарды 

да көріп жүрміз. Осын-

дай  адамдар  9-шы 

учаскелік  бөлімшенің 

қызметкерлерінен  үлгі 

алса деймін. 

 

Өз  ісінің  ма-



мандары 

Айдана, 


Алмагүл, Гүлмерлердің 

дендеріне 

саулық, 

жұмыстарына 

табыс 

тілегім келеді. 



 

Зейнеп    

КЕНЕНБАЕВА. 

АЛҒЫС

АҚ  


ЖЕЛЕҢДІ

 АБЗАЛ  


ЖАНДАР

 

  «Еліміз  өзінің  25 



жылдық 

даму 


кезеңінен 

абыроймен  өтті.  Біз  елімізді 

мақтан  тұтамыз.  Табыстары-

мыз бен жетістіктеріміз туралы 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық 

мерейтойында  атап  өттік. 

Оларды  бүкіл  әлем  біледі 

және  жоғары  бағалайды»,- 

дей  келе,  Елбасы  еліміздің 

осы 


25 

жылда 


жеткен 

жетістіктеріне тоқталып өткені 

баршаңызға  аян  .  Расында 

да,    тәуелсіздік  алған  жыл-

дардан  бері  еліміздің  алған 

асулары  мен    бағындырған 

белестері  аз  емес.  Осы  жыл-

дар  ішінде  ел  іргесі  бекіп,  

қанаты қатайды.  

 

Бүгінде 



қазақ 

елінің  алған  асулары  мен 

бағындырған  белестері  де  аз 

емес.    Дегенмен  де,  үздіксіз 

өзгеріп  жатқан  әлемде  30 

елдің  қатарына  еніп  ,  өзіндік 



БОЛАШАҚҚА   БАҒЫТ

ЖАЋАНДЫЌ БƏСЕКЕГЕ ЌАБIЛЕТТIЛIК –

ЗАМАН ТАЛАБЫ

орнымызды 

қалыптастыру 

үшін  үнемі  жаңарып,  жаңа 

бастамаларға аяқ басуымыз ке-

рек.  


              Бұл  ретте  Елбасының 

биылғы 


жылға 

жолдап 


отырған 

«Қазақстанның 

үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты 

Жолдауы  бүгінгі  таңда  барша  

қазақстандықтардың 

ойынан 

шығып отыр .  Оның бес басым 



бағыты  нақты  айқындалған. 

Бұл  Жолдауда  біздің  стратеги-

яларымыз  нақты  ұғымдармен 

үндес.  Адами капитал сапасын 

жақсарту  басымдығы  бойын-

ша  білім  беру  жүйесін  өзгерту, 

оқыту  бағдарламаларын  сыни 

ойлау қабілетін және өз бетімен 

іздену  дағдыларын  дамытуға 

бағыттау,  қала  мен  ауыл 

мектептері  арасындағы  білім 

беру  сапасының  алшақтығын 

азайту қажеттігі нақты айтылған.     

Бүгінгі дәстүрлі оқыту үрдісінен 

жаңа  сындарлы  оқытуға  аяқ 

басу  арқылы  біздің  еліміз 

дамудың жаңа жолына түсетіні 

анық.  Болашағын  айқындап, 

сын  -  қатерлерді  күтіп  отыр-

мастан,  оған  табанды  түрде 

қарсы тұра алатын халық қана 

жеңіске жетеді .       

              Жаһандық  бәсекеге 

қабілеттілік –бүгінде заман та-

лабы болып отыр. Болашақта 

еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер 

бүгінгі  оқушыларға,    олар-

ды  бәсекеге  қабілетті  тұлға 

ретінде  тәрбиелеу  қажеттігі  

бүгінде  нақты  анықталып 

отыр. 

 

     



Д.ИБРАЙМОВА ,

Қожбанбет би атындағы 

орта мектептің                                                                                                   

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

 

Алтын жүректі ана дегенде, ең бірінші көз алдыңа Сара 



Алпысқызының бейнесі келетіні анық. Расында да , сол бір қиын 

шақтарда еліміздегі қаншама жетім балаларға қамқор болуды өзінің 

абыройлы міндеті санап, іске асырған, қаншама балаға өз жүрегінің жы-

луын сыйлап, үміт отын жаққан Сара Алпысқызы қандай атаққа болса 

да лайық.        

       Өткен жылы  ел бөбектеріне деген аналық жүрегімен ол тағы да та-

маша тарту жасады. 2016 жылдан бастап еліміздегі 145 балалар үйінің  

90 пайыз тәрбиеленушілерінің , яғни, 7 мыңға жуық түлектер  қалаған 

мамандықтары бойынша оқуға түсуге мүмкіндік алып отыр.Сонымен 

бірге,  Сара Алпысқызы  адам жанының тәрбиешісі  ретінде рухани –

адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы. Бүгінде өзін-өзі тану 

пәні  адам жанына нұр себуші , тазалыққа, жақсылыққа бағыттаушы     

оқулық.                                                                          

       Біздің мектебімізде де 2-10 ақпан аралығында өзін –өзі танудан 

«Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты апталық болып 

өтті.  Сол апталық барысында «Алтын жүректі ана!»  тақырыбында 

ана туралы өлеңдер оқудан 1-4 сынып  оқушылары арасында 

мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Сайысқа қатысушылар алдымен 

Сара Алпысқызының өмірімен танысып, содан кейін ана туралы өлең 

жаттауға тиіс болды. Сайыс барысында 1-4 сынып оқушылары анаға 

арналған өлең - жырларды оқыды. Қазылар алқасы қатысушыларға 

өз бағасын беріп , жүлделі орындарды белгіледі.   Нәтижесінде 1 «Ә» 

сынып оқушысы Атай Жанель бас жүлдені иемденсе, 1 «А» сынып 

оқушысы Зекетай  Қарақат пен 1 «Б» сынып оқушысы Ермұхамет Іңкәр 

бірінші орын алды. 3 «А» сынып оқушысы Баймұқа Жанерке екінші орын, 

ал 3 «А» сынып оқушысы Каужан Нұрай үшінші орынға ие болды.

     Оқушыларды оқытумен қатар тәрбие беруде  алтын жүректі ана  

Сара Алпысқызының игі істері бүгінгі жастарға өнеге, үлгі болатыны 

айдан анық. Бүгінгі жас ұрпақты жақсылық пен адамгершілік тұрғысынан 

тәрбиелеу басты мақсаттарымыздың бірі болуы тиіс деп есептеймін.

 

        


     

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет