Газет 1930 жылғы 1 қарашадан шығады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата09.03.2017
өлшемі22.1 Mb.
#8658
  1   2   3   4

Газет  1930  жылғы

1  қарашадан шығады

Арал  аудандық  қоғамдық-саяси газет

№90   (10239)

Сейсенбі, 15 қараша,  2016 жыл

...Елордада “Астана” клубының екінші отырысы өтіп жатыр. 

Шараға әлемнің  50 үздік сарапшысы мен саяси және қоғам қай­

рат керлері мен 21 елдің ғалымы, қазақстандық сарапшылар қа­

ты сып жатыр.

“Қазақстанның  Елордасы­Астанада    сіздерді  қарсы  ал ға­

ныма  қуаныштымын.  Шарада  жетекші  ғалымдар,    20  елдің  са­

рап шылары  бас  қосты.  Бүгінгі    жаһандық  турбуленттік  жағ­

дай ында    әлемдік  экономика  мен  саясат  саласында  маңызды 

мә се лелер  бар.  Сондықтан,  Астана  клубының  мүшелері  бей­

біт шілік пен тұрақтылықты, жаһандық қауіпсіздікті  нығайту 

үшін  маңызды ұсыныстарды әзірлеп жатқанына көзім жет ті. 

Біз  Азия  мен  Еуразиядағы    өңірлік  мәселелерді  осында  тал қы­

лай тындарыңызға сенеміз”, ­ деді Елбасы.

       (Ресми ақпарат көздерінен). 

ГАЗЕТКЕ  ЖАЗЫЛУҒА  

АСЫҒАЙЫҚ, ОҚЫРМАН!

Газеттің 

индексі

Газеттің аты



Жазылу 

мерзімі


Жазылу 

бағасы, теңге

15460

«Сыр бойы» (мекемеге)



6 ай

3750,00


65460

«Сыр бойы» (жекеге)

6  ай

2750,00


15461

«Кызылординские 

вести» (мекемеге)

6 ай


3750,00

65461


«Кызылординские 

вести» (жекеге)

6 ай

2750,00


65425

«Ақмешіт жастары» 

(мекемеге де, жекеге де)

6 ай


1500,00

Аймақ  жаңалықтарынан  дер  кезінде  құлағдар 

болғыңыз кел се, аталған газеттерге жазылыңыздар!

Жазылым тек «Толқын» газетінің редакциясында 

жүр гізіледі.

Баспасөз - 2017

·

·



Құрметті  оқырман!  Өздеріңіздің  сүйікті  төл 

басы лым дарыңыз  «Толқын»  газетіне  2017  жылдың 

І жарты жыл дығына жа зылу жүріп жатыр. Жазылу 

бағасы  жеке  азаматтар  үшін  1  жыл ға-4000  теңге, 

6  айға-2000  тең ге.  Мекеме,  кәсіпорындар  үшін  бір 

жылға-6000 теңге, 6 айға-3000 теңге. Газетке жазылу 

редак цияда жүргізілуде. Ин дек сі-68028. 

Мекен-жа йымыз: Қарасақал Ерімбет көшесі №66 

үй. 

Аудан айнасына, жаңалық жаршысына баланған 



басылымға жазылуға асығыңыздар!

Құрметті оқырман!

2017  жылдың  баспасөзге  жазылу  науқанында 

аудандық  «Тол қын»  газеті  редакциясы  арқылы 

төмендегі газеттерге жа зы луға болады. 

·

·

·



·

Жиын

Соңғы  жылдары  елімізде  кәсіпкерлік  саласына 

ерек ше  көңіл  бөлініп,  нәтижесінде,  аталған  сала  ел 

экономикасының  негізгі  күшіне  айналып  келеді.  Бұл 

ретте,  әлем  елдерінің  тәжірибесі  біздер  үшін  үлкен 

мүмкіндік  болып  отыр.  Бүгінде  кәсіппен  айналысам 

деуші  әрбір  жанға  мемлекеттен  қандай  да  бір  көмек 

бар.  Бастысы,  кәсіппен  айналысам  деген  ниет  бол-

са  болғаны.  Тіпті,  бұл  бағытта  кәсіп  бастаймын  деу-

шілерге  толыққанды  кеңестер  беріліп,  жан-жақты 

қолдаулар  да  көрсетіліп  келеді.  Осы  ретте,  аудан 

бюджетінің  толығуына  қомақты  үлес  қосып  келе 

жатқан кәсіпкерлік саласы бойынша облыстық кәсіп-

керлер  палатасының  Арал  ауданындағы  филиалы 

дирек торының кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуі 

өт кенін айтпақпыз. 

Аудандық  мәдениет  үйінің  ғимаратында  өткен 

жиын да  аудан  әкімі  М.  Оразбаев  кәсіпкерлік  сала-

сы ның  аудандағы  даму  деңгейіне  кеңінен  тоқтал-

ды.  Осы  саладағы  атқарылған  толымды  істерді  тілге 

тиек  еткен  облыстық  кәсіпкерлер  палатасының  Арал 

ауданындағы  филиалы  директоры  Қ.  Еңсепов  атал-

мыш  саладағы  еселенген  көрсеткіштерге  жеке-жеке 

тоқталды. Мәселен, 2016 жылдың 10 айында шағын кә-

сіп керлік  субъектілерінің  саны  3844-ке  жетіп,  өткен 

жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 268 бірлікке 

ұлғайған. Ал, нәтижесінде 5605 адам жұмыспен  қам ты-

лып, көрсеткіш 263 адамға артып отыр. Сондай-ақ, 2015 

жыл мен 2016 жылдың 10 айында аудандық кәсіпкерлер 

палатасының  кеңесшілері  кәсіпкер  немесе  кәсіпкер 

болуға  ниетті  1378  аудан  тұрғындарына  мемлекеттік 

бағдарламалар  аясында  2440  кеңес  берсе,  сервистік 

қыз мет  түрлері  бойынша  508  аудан  кәсіпкерлеріне 

көмек  көрсетілді.  Сонымен  қатар,  «Бизнестің  жол 

кар тасы-2020»  бағдарламасының  төртінші  бағыты 

аясында  кәсібін  енді  бастағалы  отырған  және  кәсібін 

бастағанына  1  жыл  толмаған  азаматтарға  «Бизнес 

Ке ңес ші»,  «Бизнес  өсу»  және  «Жобалық  оқу»  жо-

балары  аясында  12  рет  екі  күндік  оқу  семинар  ұйым-

дастырылып,  248  адам  сертификат  иеленді.  Және  де, 

бүгінгі күнге дейін аудандық палата кеңесшілері кәсіп-

керлердің өтінішіне сәйкес 153 бизнес-жоспар жасап 

беріп,  нәтижесінде,  кәсіпкерлер  қайтарымсыз  грант 

және несиелерге қол жеткізуде.

Мұнан соң, кәсіпкерлердің аудан көлемінде құқық-

тарын  қорғау  мәселелері  жөнінде  Арал  ауданының 

бас  прокуроры  Б.  Тоқмырза  сөз  сөйлеп,  осы  бағыт-

та  кәсіпкерлік  палатасымен  бірлесе  жұмыстар  атқа-

ра  беретінін  сеніммен  жеткізді.  Сөз  кезегін  одан  әрі 

жалғаған  аудандағы  кәсіпкерлер  кеңесінің  тө ра ға-

сы Т. Бисембаев осы салаға қатысты ортақ мә се лелер 

төңірегінде  айтып,  іскерлік  бағытта  жүрген  кәсіп кер-

лерге сәттілік тіледі. 

Көпке  ортақ  күрделі  әрі  табысты  сала  төңірегінде 

жан-жақты баяндаған Қызылорда облыстық кәсіп кер-

лер  палатасының  директоры  Ғ.  Жақсылықов,  аудан 

кәсіпкерлерінің құқығы қашан да қорғалатынын, қан-

дай да бір туындаған кедергілерді шешуде бірге жұмыс 

жасайтынын  ортаға  салды.  Сондай-ақ,  бұл  саладағы 

өзінің ұзақ жылдық тәжірибесімен бөлісті. Жиын со-

ңында  жиналғандар  тарапынан  ұсыныс-пікірлер  ай-

тыл ды.  Барлығына  да  заңдылығына  сай  жауап  қай-

тар ған мамандар, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқа-

ратынын  айтты.  Қорытынды  сөз  алған  аудан  әкімі 

М.  Оразбаев  бұл  салада  туындайтын  мәселелерді 

назарынан  тыс  қалдырмайтынын  айтып,  қолдан  кел-

ген ше кәсіпкерлерге қолдау жасайтындығын жеткізді. 

«Толқын» ақпарат.

Корея  Республикасының  аса  ірі  ту рис-

тік  компаниялары  ЭКСПО-2017  көрмесіне 

туристер тартуда жан-жақты көмек көр се-

те тін болады.

Мұндай  келісімге  Сеулде  «Астана 

ЭКСПО»  Ұлттық  компаниясы»  АҚ  мен 

Оңтүстік  Кореяның  «Kim’s  Travel  Service 

Co.,  Ltd»  және    «KORAIL  Tourism  Deve lop-

ment Co. Ltd.» туроператорлары арасындағы 

ын ты мақтастық  туралы  меморандумға  қол 

қою барысында белгілі болды.  

Іс-шараға «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ Бас-

қар масының  Төрағасы  Ахметжан  Есімов, 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар 

жә не даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қа-

зақ стан-Корея  ынтымақтастыққа  ықпал 

ету орталығының директоры Ву Джонг Хи, 

«Kim’s  Travel  Service  Co.,  Ltd»  президенті 

Ким  Чун  Чу  және  «KORAIL  Tourism  Deve-

lop ment Co. Ltd.» президенті  Бэнг Чан Хун 

қатысты.


Келісім  шеңберінде  кореялық  әріп тес-

тер  Ұлттық  компанияға  туризм  мәселелері 

бойынша  консультациялық,  ақпараттық-

са рап тамалық  және  әдістемелік  қолдауды 

қам та масыз  етуде,  сонымен  қатар,  өз 

елдерінің  аумағында  қазақстандық  турпа-

кет терді таратуды қамтамасыз етуде көмек 

көрсетуге ниетті. 

«Бүгінгі  таңда  біздер  отандас тары мыз-

дың  тарапынан  Қазақстанға  деген  және 

ЭКСПО-2017  көрмесіне  үлкен  қызы ғу-

шы лықтың  барын  байқап  отырмыз.  Сіз-

дердегі  туристік  пакет,  сондай-ақ,  Көр ме-

нің  қызықты  мәдени-ойын-сауық  бағдар-

ла масы Кореядан мыңдаған туристерді тар-

татындығына  сенімдімін»,  -  деді  ВУ  Джонг 

Хи ханым.

Өз кезегінде, Ұлттық компания басшысы 

Ахметжан 

Есімов 


кореялық 

тарапқа 


ЭКСПО-2017 

көрмесінің 

тақырыбына 

қызы ғу шылық  танытқаны  үшін  және  Көр-

меге Кореяның бизнес қауымдастығы тара-

пы нан білдірілген қолдау үшін алғыс айтты.

«Бүгінде  Самсунг  пен  Сигантек  сияқ-

ты 


жетекші 

кореялық 

компаниялар 

ЭКСПО-2017 көрмесінің әріптестері болып 

та бы лады. Көрменің «Болашақ энергиясы» 

тақырыбы  Кореяда,  әсіресе  бизнес  үшін, 

өте өзекті деп ойлаймын. Туризмге келетін 

болсақ,  біз  көрмеге  келушілер  ағынында 

Сіздердің  республикаларыңыздан  күтері-

міз  көп.  Сеулден  Астанаға  және  Алматыға 

тікелей  әуе  қатынасы  арқылы  ғана  Көрме 

басталардан 93 күн бұрын 25 мыңдай адам 

келуі  мүмкін.  Оның  үстіне,  біздің  мем-

лекеттеріміз арасында визасыз кіру режимі 

орнатылған», - деді Ахметжан Есімов.

Іс-шара  аяқталғаннан  кейін,  кореялық 

та раптың 

бастамасы 

бойынша 

және 


Қазақстан  елшілігінің  қолдауымен  Қазақ-

стан-Корея  ынтымақтастыққа  ықпал  ету 

ор та лығының  салтанатты  ашылуы  өтті, 

бұл  орталық  сонымен  қатар,  Астанадағы 

ЭКСПО-2017  көрмесін  ілгерілету  орта лы-

ғы на да айналатын болады.

1991  жылдың  аяғында  ыдырап 

жат қан Кеңес Одағынан бөлініп шық-

қа ны мызбен,  Қазақстан  сол  Кеңес 

өкі метінің «рубльдік аймағында» қал-

ған  еді.  Қолма-қол  ақша  берілмей 

қал ған  кездері  шахтерлер  көтеріліп, 

қиын шы лықтар  да  орын  алды.  1992-

1993  жылдары  еліміз  аса  қиын  жағ-

дай ларды  басынан  кешірді.  Мем ле-

кеттік  жоспарлау  комитетінің  жо-

ба сы мен  бөлініп  отырған  тауарлар 

тоқ та тылып,  әр  жерде  әртүрлі  керек 

тау ар лар  жетіспей,  мемлекетте  қар-

жы болмағандықтан, зауыт, фаб ри ка-

лар  бір-біріне  дебиторлық  және  кре-

диторлық  қарыздарға  батып,  жалақы 

төлей  алмай,  дүкен  сөрелері  де  босап 

қалды.  Әр  отбасына  бала-ша ға ны 

асырау  уайымға  айналды.  Бұл  қиын-

шылықтан  елімізді  қалай  аман  алып 

қалуды ойлаған үкімет халыққа еркін-

дік беріп, көпшілік базарға шықты. 

Нарықтық 

қатынастар 

дендеп 

еніп,  елімізде  жаппай  коммерция,  



биз нес пен  айналысу  қанат  жайды. 

Со сын  Қазақстан  экономикасының 

ең күрделі кезеңі-егемендік алу кезе-

ңін де ұлттық валютамызды енгізу жө-

нін дегі  шұғыл  экономикалық  және 

ұйымдастыру  шараларының  бағ дар-

ла масы  әзірленді.  Өз  валютамызды 

шығармасақ,  осы  кезге  дейін  жиған-

тергендеріміздің ұстағанның қолында, 

тістегеннің  аузында  кететіндей  қауіп 

төнді. Себебі, бұрынғы Одақтың құн-

сыз данған сомы елімізге ағылып келіп, 

барлық  құнды  заттарымызды  тасып 

әкететіндей заман жетті. Сол себепті, 

Президентіміз  төл  ақшамызды  шыға-

ру ға тез кірісуді міндеттеді. 

Халықаралық  тәжірибеде  валюта 

шығарудың  өткінші  және  түпкілікті 

деп  аталатын  екі  тәсілі  бар  болса,  ку-

пон  сияқты  қосалқы  кезеңге  ғана 

қыз мет  ететін  ақшалар  бізге  дейін 

Бе лоруссия  мен  Украинада  болды. 

Нә ти жесінде,  тұрақты  валютаға  тоқ-

тал ғанмен,  ақшаны  өмірге  әкелетін 

зауыт  елімізде  болмады.  Ал,  шетелде 

шығару  зор  қаржыға  түседі.  Оның 

үстіне, шығынның үштен бір бөлігінен 

астамын оның дизайны алатын.

Алғашқы  эскизді  Президентіміз 

кө ріп,  үкіметтік  комиссия    құрылды. 

Валю тамызды басып беруге шетелден 

көп теген  банкнот  фабрикаларының 

өкілдері  құлшыныс  танытқанымен, 

таңдау  Англияның  «Харрисон  және 

оның ұлдары» фабрикасына түсті. 

..Ақша жобасы 1993 жылы қаңтарда 

өндіріске  жіберілді.  Ал,  сәуір  айында 

барлық  банкноттар  толық  басылып 

бол ған.  Бірақ,  Ресеймен  арадағы  қа-

рым-қатынасты  бұзып  алмау  үшін 

бі раз  сақтық  шаралары  жасалып,  ай-

на лымға  қараша  айында  ғана  енді. 

Бұған  рубль  аймағына  кетпеу  ту ра-

лы  шартқа  қол  қойғанымыз  да  әсер 

етті.  Ақырында,  Ресейдің  топан  ақ-

ша сының  астында  қалып  қою  қаупі 

шындап қоюлана түскен кезде дайын 

ақшаны  айналымға  енгізе  қоюдың 

орайы  келді.  Қарашаның  13-і  күні 

Пре зидентіміз Н.Ә.Назарбаев тікелей 

эфир арқылы жаңа ұлттық ақша-тең-

генің  дайын  болғанын  жариялап,  екі 

күннен соң оны айналымға қосу ту ра-

лы Жарлық шығарды.

Сондай-ақ, теңгені тиындар соғыл-

ғаннан кейін енгізу қажет немесе ұлт-

тық  валютаны  тиынсыз  енгізу  қажет 

деген пікірлер де болған. 200 теңге ең 

жоғарғы номинал болғандықтан, ұсақ 

ақшасыз болмайтын еді.  

Сол  кездері  жаңадан  құрылып 

жат қан Ұлттық банк қиын кезеңдерді 

басынан  кешірді.  Банктер  көбейіп, 

кез келген жерде банк ашыла бастады. 

Кредиттер кепілсіз, арыз жазу арқылы 

беріліп  жатты.  1993  жылдан  бастап, 

Ұлттық банк жүйесі де тәртіпке келіп,  

банктер іріктелініп, 37 банк қана қал-

ды. Ұлттық банктің алтын, валюта ре-

зерві қоры жасақтала бастады. Алғаш 

болып зейнетақы жүйесі құрылды. 

...Теңгенің айналымға шыққанына 

20 жыл толуы қарсаңында Тараз қала-

сын да  ұлттық  теңгеміздің  құрметі-

не  қойылған  ескерткіш  те  ашылды. 

Себебі, 


Ұлыбританияда 

басылған 

тең генің  алғашқы  партиясы  Ұлттық 

банктің  Жамбыл  облыстық  филиалы 

ғимаратының  жер  асты  қоймасына 

алғаш  рет  әкелініп,  одан  кейін  ғана 

еліміздің  түкпір-түкпіріне  жө нел-

тіл ген.  Теңгенің  алғашқы  аялдамасы 

үшін Жамбыл қаласының таңдалу се-

бебі,  Ұлттық  банктің  сол  тұстағы  жа-

ңа  жобамен  салынған  Жамбыл  ғи ма-

ра тының  жер  асты  қоймасы  өте  кең 

және  тосын  қауіп-қатерден  жақсы 

қор ға лыпты. Кейін миллиондаған тең-

ге бар болғаны 5 күн ішінде бүкіл Қа-

зақ станға тараған. 

Алғашқы  1993  жылы  айналымға 

ен ген  теңгеміздің  сапасы  өте  жо ға-

ры  болды  және  соңғы  жаңа  тех но-

логиямен  басылуының  арқасында 

ішкі  құпиялары  санымен  әлемдегі 

жаңа  банкноттар  арасында  алғашқы 

он дық қатарында болатын. Ал, қазіргі 

теңгеміз-жаңа үлгідегі теңге. 

Тәуелсіздігіміздің  бір  тұғырындай 

болып  өмірге  келген  төл  ақшамыз-

теңгенің  еліміздің  өркендеу  жо-

лы ның  нағыз  куәсі  іспетті  болды. 

Теңгеміз  айналымға  шыққан  күннен 

бастап,  қаржы  саласында  тә уелсіз 

Қазақстанды  бүкіл  әлем  ге  теңгеміз-

бен  таныттық.  Эко но  ми камыз  бір-

тіндеп  көтеріліп,  іш кі-сырт қы  сая сат 

орнықты  жүр гі зіле  бастады.  Тең геге 

көшкен кез ден бастап еліміз күрт алға 

жыл жи  бастады.  Қысқа  мер зімнің 

ішінде  90  жылдардағы  өн ді рістің 

құл ды рауы,  жалақы  мен  бас қа  да  тө-

лем дер дің  кешігуі  сияқты  мә се лелер 

еңсерілді.  Сондай-ақ,  Қа зақ стан  эко-

но микасының  өсуі  үшін  ма ңыз ды 

алғышарттарды жасады, ол дағдарыс-

тар ға қарамастан әлі де жал ға суда. 

(Өз тілшімізден).

Иә, Кеңес Одағы тараған жылы бұрығы Одақтас елдер 

жаппай өз валютасын шығара бастады. Ресейдің өзі жа ңа 

рубліне  көшіп  кетті.  Бума-бума  құнсыз  қызыл  ақша  қа-

зақ тың  қолында  қалып  қойды.  Бұл  ақша  жас  мемлекеттің 

экономикасына кері әсерін тигізді.

Араға бірер жыл салып, төл валютамыз да шықты. Яғни, 

1993  жылы  15  қарашада  теңге  дүниеге  келді.  Теңгенің  та-

ри хы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол 

қой ған  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  валютасын 

ен гізу туралы Заңынан бастау алды. Ел ау ма ғындағы жаңа 

сауда-саттық  жасау  құралы  ретінде  төл  ақ шамыз  қол да-

ныс қа  енді.  Ескі  үлгідегі  ақшаларды  Қа зақ стан  ның  жаңа 

теңгесіне айырбастау 20 қараша күні аяқталды. 

Ұлттық  валюта  ұлттық  экономикамыздың  іргетасын 

қалауға  осылай  ықпал  етті.  Ұлт  мақтанышына  айналған 

тұң ғыш  теңгеміздің  бетінде  әл-Фараби,  Сүйінбай,  Құр-

ман ғазы,  Шоқан,  Абай  және  Әбілқайыр  мен  Абылай  хан-

дар дың  суреттері  болды.  Осылайша,  алғаш  рет  Ұлттық 

валютамыз  қазақстандықтардың  қолына  тиді.  Бүгінгі  күні 

теңге  тұтастай  тәуелсіз  еліміздің  барша  азаматтарының 

тіршілігінің  көзіне,  мемлекет  тәуелсіздігінің  айғағына 

айналды. Демек, теңге-мақтанышымыз.

Раш СЕРАЛИЕВА,

аудандық қазынашылық басқармасы

басшысының орынбасары.

Бүгін   Теңге күні 

МЕМЛЕКЕТТІҢ  НЕГІЗГІ  ШАРТЫ  

ӨЗ  АҚШАСЫНЫҢ  БОЛУЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК АЙҒАҒЫ

КӘСІПКЕРЛІК  САЛАСЫНДА  ҚАРҚЫН  БАР

Сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Арал  қаласы,  Бақтыбай  батыр  көшесі  №27,  Өнер 

мектебі.


Тел: 2-22-09, факс: 2-16-70.

Дабылов Бөрі – аудандық сайлау комиссиясының 

төрағасы.

Балманов  Махамбетжан  –  аудандық  сайлау  ко-

мис сиясы төрағасының орынбасары.

Бисеналиева Шамшырақ Кушкенбаевна – комис-

сия хатшысы.

Сарымбетов Еркебұлан – комиссия мүшесі.

Рсалиев Нұрлыбек Срашұлы – комиссия мүшесі.

Зағатов Нурбек Нуртаевич – комиссия мүшесі.

Мектепбаев  Өмірзақ  Мақамбетұлы  –  комиссия 

мүшесі. 


Арал  аудандық (аумақтық) сайлау  комиссиясының  құрамы

ОҢТҮСТІК  КОРЕЯНЫҢ  ЖЕТЕКШІ  ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ 

АСТАНАДАҒЫ  ЭКСПО - 2017  КӨРМЕСІНЕ  ҚОЛДАУ  КӨРСЕТЕДІ

Бүгінгі  таңда  еліміздің  түкпір-

түкпірінде  темір  жол  салу  кең  құлаш 

жайып  келеді.  Соның  бір  айғағы, 

өңірімізде  «Бейнеу-Жезқазған»  темір 

жол  құрылысының  салы нып,  іске 

қо сылуы. 

Мемлекет 

басшысының 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының 

65-қадамында  да    Қазақстанды  ха лық-

аралық  көлік-коммуникациялық  ағым-

дарға ықпалдастыру туралы кеңінен айтылған.

Батыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке жүк та-

сымалын,  жолаушылар  көлігін  кедергісіз  жүргізетін, 

әри не,  машинистер.  Ел  экономикасының  өркендеуіне 

сүбелі үлестерін қосып, ел байлығын еселеуде айрықша 

еңбектеніп  жүрген  теміржолшылардың  алдыңғы 

сапында осылар тұрады.

Биыл  республикамыз  бойынша  «Қазақстан  те мір 

жолы»  Ұлттық  компаниясы»  АҚ  президентінің 

бұйры ғы мен  2016  жыл-«Машинистер  жылы» 

болып  жарияланған  еді.  Осыған  байланысты,  

10  қа раша  күні  «Қазақстан  темір  жолы-жүк 

тасымалы»  АҚ-ның  филиалы  Қызылорда  бө-

лімшесі  Сексеуіл  локомотив  пайдалану  де-

по сында  алқалы  жиын  өткізіліп,  оған  125 

локомотив  бригадалары  қатысты.  «Қазақ стан 

темір жолы-жүк тасымалы» АҚ-ы пре зи дентінің 

Батыс аймағындағы өкілі А.Натиев «Жыл машинисінің» 

қорытындысымен  Сексеуіл  локо мо тив  пайдалану  де-

по сы  ұжымынан  тұңғыш  рет  «Құрметті  локомотив  ма-

ши нисі» төсбелгісіне екі тепловоз маши нисінің ие бол-

ғанын жеткізді. Сосын,  37 жыл еңбек өтіл дері бар, 2-ші 

класты  жолаушылар  тасымалының  теп ловоз  маши нис-

те рі  Құлымбет  Карибаев  пен  Жидебай    Абдул лаевтың 

омырауына төсбелгіні тақты. 

Жиында  Сексеуіл локомотив пайдалану депосының 

бас тығы  Сейілхан  Ержанов  машинистерді  құттықтап, 

жү рекжарды  лебізін  білдірді.  Өз  кезегінде,  Құлымбет 

Карибаев  пен  Жидебай  Абдуллаев:  «Бүгінгі  таңда  ең-

бе гімізді  елеп,  жоғары  деңгейде  бағалап,  марапаттап 

жатқандарына  ризашылығымызды  білдіреміз.  Бұл  ма-

рапат-тек  екі  адамның  еңбегі  емес,  ұжымның  еңбегі. 

Те мір жол саласында жұмыс жасайтын әріптестерімізге 

алғы сы мызды  білдіреміз»-деп,  ақжарма  тілектерін 

жеткізді.

Мұнан соң, аға депо кезекшісі Серік Арыстанов, ма-

шинист-нұсқаушы  Марал  Ахмет  Сексеуіл  локомотив 

пайдалану  депосы  ұжымында  25  жыл  көлемінде  еш-

қан дай күр делі ақау жіберілмегенін, қозғалыс қауіп сіз-

дігінің сақ талып, ұжымдағы береке-бірліктің арқасында 

за ман талабына сай оң өзгерістер жасалып жатқанына 

тоқталды. Әріптестерін марапаттарымен құттықтап, ал-

да ғы уақытта жұмыстарының жемісті бола беруіне ізгі 

тілектерін арнады.



Еркебұлан АЯҒАНОВ,

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының аға мастері.



ҮЗДІК МАШИНИСТЕР

Адам  ісімен  көрікті!

·

·



2

15  қàðàøà,  2016 æûë



ТӘУЕЛСІЗДІК  ТҮЛЕТКЕН  АҚБАЙ  АУЫЛЫ

«Мектеп-кеме,  білім-теңіз».  Бабала-

ры мыз дан  қалған  осы  өсиеттің  астарында 

қан ша ма  мағына  жатыр.  Мектеп  ұжы-

мы  жауапкершілікті  іштей  сезініп  қа-

на  қоймай,  іс  жүзінде  танытып  келе 

жат қан,  әрбір  оқушының  тұлға  ретін де 

қалыптасуына  аянбай  еңбек  етіп  жүрген 

ұжымның  бірі-Ақбай  ауылындағы  №63 

орта мектебі. 

2011  жылы  қолданысқа  берілген  жаңа 

мектеп бүгінгі таңда білім саласындағы жа-

ңалықтардан  тысқары  қалмай,  жаңа  тех-

нологиялармен  жұмыс  жасап  келеді.  Әр 

шәкіртін баласындай санаған, қас-қаба ғы-

на қараған мұғалімдердің еңбегі зор.

Ұжымдағы  36  педагогтың  31-і  жоғарғы 

білімді.  15  маман  І  санатты  мұғалім 

болса,  14-і  ІІ  санатты  педагогтар.  «Ұстазы 

талапты  болса,  шәкірті  талантты  болады» 

демей  ме  қазақ?!  Сол  секілді,  білімді  ұс-

таздар  алдынан  қанаттанып,  түлеп  ұшқан 

шәкірттерінің  де  мақтан  етерліктей  же-

тістіктері  жеткілікті.  Соңғы  5  жылдың 

өзінде  бес  бірдей  шәкірті  білім  биігінен 

көрінген  ұжымның  мерейі  үстем.  2011 

жылы  Жазира  Ақбиманова  «Ал тын  бел-

гі»  иеленсе,  Сәнира  Бөкенова  да  2015 

жы лы  осы  жетістікті  қайталап,  «Ал тын 

белгі» иегері атанып, мектебіміздің абыро-

йын  асқақтатты.  Сондай-ақ,  Ақ марал  То-

ғысова  2014  жылы,  2016  жылы  қос  бірдей 

түлегіміз Мөлдір Жұбанышова мен Лаура 

Сәңкібаева  «Үздік  аттестат»  қорғап  шық-

ты.  Жыл  сайынғы  өткізілетін  пәндік 

олим пиадалар,  оқушылар  мен  мұғалімдер 

арасындағы  ғылыми  жобаларда  жүлде 

алып жүргендері бар.

Тек  білімімен  ғана  емес,  спортта  да, 

өнер де де мектеп оқушыларының жұлдызы 

биік  болып  отыр.  Талантты  шәкірттердің 

арқа сында  ұстаздарының  еңсесі  тік.  Оған 

дәлел,  2016  жылы  шәкірттерінің  ҰБТ-ден 

жо ғар ғы  нәтиже  көрсеткені  үшін  алған 

мате ма тика  пәні  мұғалімі  Гүлмаржан 

Иман  бае ваның  Білім  министрінің  Алғыс 

хаты.

Жаңашылдықты  жатсынбаған  №63 



орта мектеп ұжымының бүгінгі күні  мақ-

та нып көрсетуге тұрарлық істері жетерлік.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет