Геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар



бет1/25
Дата23.12.2022
өлшемі6,86 Mb.
#59258
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


Түсініктеме
2-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Логикалық математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
«Логикалық математика» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
«Логикалық математика» арнайы курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар;
-сөзжұмбақтар;

Білім беру мақсаты:
Баланың тұлғалық қасиеттерін: ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

Міндеті:


  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет