Гистология 1 рк 1- жасуша емес құрылымдар – симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий



бет1/14
Дата20.11.2022
өлшемі66,83 Kb.
#51350
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Гистология 1 рк
1- Жасуша емес құрылымдар – симпласт және жасуша аралық зат жасуша туындылары ретінде. Синцитий.
Жасушалар және олардың тіршілік әрекеттері нәтижесінде пайда болатын жасушалық емес құрылымдар, организмнің құрылысы мен қызметтерінің негізі болып табылады. Тіндерді құрайтындықтан, олар гистологиялық элементтер (бірліктер) деп аталады. Жасуша-бірінші және ең маңызды гистологиялық элемент, себебі ол-тіндердің басты структуралық құрамдасы және де олардың негізгі қасиеттері мен қызметтерін анықтайды.
Организм тек қана жасушалардан құралған болса, ол солар сияқты сілікпе тәрізді жұмсақ болар еді. Бірақ, тін құрамында жасуша ғана емес, тіректік материал-жасушааралық заты да бар. Олар жеке жасушалардың немесе олардың топтары арасында орналасып, әрбір тіннің ерекше қасиеттерін (мысалы, сүйектің қатты болуын, шеміршектің серпінділігін, қанның сұйықтығын) анықтайды.
Гистологиялық элементтер (тіндерді құрайтын бірліктер) екі негізгі топтарға бөлінеді: жасушалық-жасуша, симпласт, синцитий және жасушалық емес-жасушааралық зат.
Жасуша-тінді құрайтын басты бірлік, ал, басқа гистологиялық элементтер: симпласт, синцитий, жасушааралық зат-оның туындылары. Мысалы, симпласт және синцитий тіндердің дамуы (гистогенез) кезінде жеке жасушалардың бірігуі арқылы пайда болады.
Симласт-көптеген бір типті жасушалардың қосылуынан пайда болған көп ядролы құрылым. Мысалы, көлденең жолақ қаңқалық бұлшық ет талшығы эмбриогенезде 100-ден астам жас бұлшық ет жасушалары-миобласттардың қосылуынан, сүйек тінін ерітетін ірі, көп ядролы сүйек жасушалары остеокласттар – моноциттердің бірігуінен пайда болады.
Синцитий-митоздан кейін толық бөлінбеген, цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан жасушалардан тұратын құрылым. Мысалы, сперматозоидтардың пісіп жетілуші бастамалары-сперматогендік жасушалар-бір бірімен цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан. Бұл олардың өзара ақпарат аламасуына жағдай тудырып, синхронды (бір кезде) дамуын қамтамасыз етеді.
Жасушааралық зат немесе тін матриксі-негізгі заттан және онда орналасқан коллаген, эластикалық, ретикулинді талшықтардан тұратын жасушалық емес құрылым. Оның бұл құрамдастары-жасуша ішінде синтезделіп, жасушааралық кеңістікке бөлініп тұратын (секреция) молекулалар, яғни олар да жасушалардың туындылары. Кейбір жасушааралық заттар өте нәзік болады, ал, басқалары, мысалы сүйек тінінің-жоғарғы дәрежелі беріктік көрсетіп, үлкен салмақтарға шыдайды. Бұл оның құрамдастарына, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, тіндегі қатысты мөлшеріне тәуелді. Жасушааралық заттың қызметі жасушаларды-тіндерге, тіндерді-мүшелерге біріктіру ғана емес, ол-жасушалардың тіршілігіне басқа да әртүрлі үлесін қосатын құрылым. Мысалы, олардың пролиферациясына-көбеюіне, дифференциялануына-жетілуіне, миграциясына-көшіп қонуына, т.б. құбылыстарға қатысады. Бірақ, бәрібір, тіндердің басты элементтері-жасушалар, себебі, жасушалар, себебі жасушааралық заттың пайда болуын, қалыпты жағдайын сүйемелдейтін-солар. Жасушалар өлген жағдайда, жасушааралық зат та бүлінуге ұшырайды.
2- Жасуша – жасуша мембранамен қоршалған, ядро мен цитоплазмадан тұратын, заттек алмасуы мен энергия түзу процестеріне бірігіп қатысып, біртұтас жүйені құрастыратын тіршіліктің негізгібірлігі болып табылады.
Жасуша теориясы негізгі қағидалары
1. Жасуша – тіршіліктің ең ұсақ бірлігі (сезімталдығы, адаптация, заттек және энергия алмасу, кӛбеюге қабілеттілігі, ӛзгергіштік т.б. қасиетке ие, ал вирустар жасушадан да кіші болғанымен бұл қасиеттері болмайды, мыс: олар көбею үшін жасушаларды пайдаланады, сондықтан вирус қанша кіші болғанымен бірлік болып саналмайды.
2.Барлық эукариотты жасушалардың жалпы құрылымы ұқсас, яғни гомологиялық қасиеті;
3.Жасушаның көбеюі – бастапқы жасушаның бөлінуіне байланысты, жасуша жасушадан пайда болады;
4. Біртұтас организмнің бөлшегі – элементарлы жасуша.
Жасушаның жалпы құрылысы - жасуша қабықшасы (цитолемма және гликокаликс), цитоплазма, ядродан тұрады.
Жасуша пішінінің түрлері: шар тәрізді (дөнгеленген), сопақша, көпқырлы (полигональные), ұршық тәрізді, өсінділі, пирамида тәрізді, жұлдызша тәріздіжәне т.б.
Жасуша қабықшасының құрылысын айта кететін болсам, жасушалық кез-келген мембрана табиғаты липопротеидті (яғни, липидтер мен ақуыздар жиынтығы) болып келген, жұқа (6—10 нм) пласт түрінде кездеседі.
Негізгі химиялық құрамына: липидтер (~40%), ақуыздар (~60%) және көмірсулар (5—10%) кіреді.
Биологиялық мембрана негізінде - амфифильді липидтердің қос қабаты жатыр.
а) Бұндай липидтер молекуласынының 2 бөлімі болады: гидрофобты (май қыш-ң екі кӛмірсутекті «құйрықтары») және гидрофильді (кӛмірсудың спирт қалдығы, азотты негізі).
Липидті компонент
б) Сулы ортада бұл молекулалар
өздігінен қос қабатты құрайды, онда бөлімі бір-біріне, ал бөлігі – сулы ортаға гидрофобты гидрофильді бағытталған.
Мембраналардың құрамында кездесетін липидтердің ӛкілдеріне:
фосфолипидтер (глицерофосфатидтер), сфингомиелин және
стероидты липидтер ішінде — холестерин жатады.
Мембрана құрамына ақуыздар да кіреді.
Интегральді ақуыздар мембрананың липидті қос қабатына
толық терең еніп тұрады. Ал перифериялық ақуыздар мембрана
беткейінің бірімен байланысады. Мембранаға жартылай еніп тұратын
ақуыздар – жартылай интегральді деп аталады.Қызметі бойынша
түрлері: фермент-ақуыздар,тасмалдаушы ақуыздар, рецепторлық,
құрылымдық ақуыздар Көмірсулар мембрана құрамыда бос күйінде емес,
липид пен ақуыз молекуларымен байланыста болады
(гликолипидтер және гликопротеиндер).
Мембрана тіректік, рецепторлық, басқа жасушалармен байланыс, барьерлі және тасымалдау қызметін атқарады.
Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Тірі ағзалардың құрамына кіретін жасушаларды екі топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар жасушалары жатады.
Эукариотты жасушалар үш бөлімнен тұрады: сыртын қоршап жатқан плазматикалық мембранадан, цитоплазмадан және ядродан.
Гиалоплазма — Цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады.
Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты.
Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайды. Гиалоплазманың құрамына негізінен глобулалы протеиндер кіреді. Олар жалпы жасуша протеиндерінің 20-25% құрайды. Гиалоплазмада қант, азоттық негіздер, амин қышқылдары, липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын протеиндер түзіледі.
Органеллалар (organellae, гр. organon — құрал, мүше, ағза; гр. еllа — майда, кішірейту) — жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Адам мен жануарлар жасушаларында органеллалардың екі түрі болады. Олар: жалпы органеллалар және арнайы органеллалар. Жалпы органеллалар ағза жасушаларының барлығына түгелдей ортақ, яғни барлық жасушаларда кездеседі. Өз кезеңінде жалпы органеллалар: жарғақты (мембраналы) және жарғақсыз органеллалар болып екі топқа бөлінді. Жарғақты органеллаларға: митохондриялар, гранулалы эндоплазмалық тор, агранулалы (тегіс) эндоплазмалық тор, пластинкалық кешен (Гольджи кешені), лизосомалар, ал жарғақсыз органеллаларға: бос рибосомалар, полисомалар, центросома (центриольдер), микротүтікшелер, кірпікшелер, талшықтар және микрофиламенттер жатады. Арнайы органеллалар тек кейбір жасушаларда ғана болады. Оларға миофибриллалар (ет жасушаларында, ет талшықтарында — миосимпласттарда), тонофибриллалар (эпителиоциттерде), нейрофибриллалар (нейроциттерде), кірпікшелер, талшықтар жатады. Өсімдіктер жасушаларында аталған жалпы органеллалардан басқа пластидтер (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт) болады.
Ядро дегеніміз - дөңгелек және өте үлкен органоид, оның сыртқы бөлігі қорғаныс қабаты немесе мембранамен қоршалған
Ядролық қабық - бұл бүкіл сыртқы бөлікті қоршап тұрған жасуша ядросының ең сыртқы бөлігі. Конверттің бұл бөлігі екі қабаттан тұрады, яғни сыртқы және ішкі қабаттан тұрады.Ядролық конвертте молекулалардың кіруі мен шығуы болып табылатын 100 нанометрге жуық тесіктері бар.
Ядролық ламина - бұл ядро конвертінің астындағы тор тәрізді қабат. Бұл қабат ламин деп аталатын ақуыздан түзілген.Ламина ядросы ядролық қабықшаның құрылымын қолдауға және жасуша ядросының құрылымының берік болуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.Осы жасушаның ядросында ламиннен басқа басқа белоктар да болады, олар көмектеседі ол ядролық қабықтың ішкі қабатымен жұмыс істейді.және жасуша ядросындағы талшықты материалды тиімді жұмыс істеуі үшін оны реттеу үшін ядро матрицасы деп аталатын талшықты ақуызбен жұмыс істейді.
Ядродағы ДНҚ хромосома деп аталатын бірлік болады. Әрбір ядрода 46 хромосома бар, ДНҚ жиынтығынан басқа хромосомаларда ақуыздар да бар. Осы хромосомадағы ДНҚ мен ақуыздардың тіркесімін хромосома деп атайды.Дәл осы хромосомадағы ДНҚ әр адамның ерекшеліктері туралы ақпаратты сақтайды, мысалы шаштың түрі, бойы, көзінің түсі және т.б. Хромосомалар сонымен қатар жасушалардың бөлінуі туралы ақпарат пен нұсқаулық сақтайды. тірі жандардың дамуы және көбеюі.
Нуклеол - бұл жасуша ядросының тығыз пішінді және сыртқы жағынан қорғаныс қабаты немесе қабығымен жабдықталмаған бөлігі. Ядроның бұл бөлігінде РНҚ мен ақуыздар бар.Бұл бөлік рибосома синтезін реттеуге қызмет етеді. Жасушалардың бөліну процесі пайда болған кезде ядро жойылады. Бірақ процесс аяқталғаннан кейін осы жасушаның ядросы қайта қалыптасады.
Нуклеоплазма жасуша ядросының гель тәрізді бөлігі болып табылады және ядролық қабықтың қабаттары арасында орналасқан.Бұл бөлік көбінесе кариоплазма деп аталады және жасуша ядросының басқа бөліктері үшін қорғаныш немесе қосымша жастықшаның қызметін атқарады. олар оңай зақымдалмайды. Нуклеоплазманың тағы бір қызметі - ядро пішінін сақтау.Ядро мен оның бөліктерінің әрқайсысының қызметі адамдардың және басқа организмдердің тіршілігі үшін өте маңызды рөлге ие, зақымданған. Бұл денеде аурудың пайда болуына әкеледі.
Көп жасушалы жануар организмдерінің плазмолеммасы арнайы құрылымдардың - жасушааралық байланыстардың немесе жасушааралық контакттер ӛзара әрекеттесуді қамтамасыз етуіне белсенді қатысады. Мұндай құрылымдардың бірнеше түрін ажыратады.
Жасушааралық байланыстар екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі.
Қарапайым жасушааралық байланыстар.
• 15-25 нм қашықтықтағы кӛрші жасушалар плазмолеммаларының
жақындасуы. Бұл жағдайда кӛрші жасушалардың гликокаликс қабаттары
ӛзара әрекеттеседі. Кӛрші жасушалардың гликопротеидтері қарапайым
байланыс пайда болған кезде бір типті жасушаларды «таниды».
Бұл рецепторлық– белоктардың болуы (кадгериндер, интегриндер
және т.б.) белгілі бір тіндерге тән. Олар тек сәйкес жасушалармен ғана
әрекеттеседі.
Күрделі жасуша аралық байланыстар.
Олар екі кӛршілес жасушалардың плазмалық мембраналарының жұптасқан
мамандандырылған бӛлімдері болып табылады. Олар жіктеледі:
• 1. Бекіту (оқшаулау)
• 2. Ілінісу (бекіту)
• 3. Коммуникацилық (біріктіруші) байланыстар
Адам организмінде тіндер құрамына жасушадан басқа, жасушалардың туындылары болып табылатын жасушаемес құрылымдар да кіреді. Оларға: симпласт, синцитий және жасушааралық зат жатады.
Симпласт– сыртынан плазмалеммамен жабылған, ядролары бар құрылым. Олар біртипті жасушалардың қосылуынан пайда болады. Симпластқа мысал ретінде қаңқа бұлшықет талшықтары, трофобласттың сыртқы қабаты (цитотрофобласт жасушаларынан түзілген көпядролы құрылым), сүйек жасушалары остеокластты (преп.қара) келтіруге болады.
Синцитий – бұл цитоплазмалық көпіршелері арқылы байланысқан жасушалар тобы. Синцитий толық бөлінбеу нәтижесінде түзіледі. Яғни жасушада ядро мен цитоплазмада бӛлінеді, бірақ түзілген екі жас жасуша бір-бірінен толық цитоплазмалық көпіршелері ажырамайиарқылы байланыста болады. Мысалы, аталық жыныс безде жүретін үздіксіз сперматогенезде, (сперматозоидтың иректелген ұрық түтігінде процесс түзілуі өтеді) сперматогендік жасушалар бөлінгенмен бірбірімен осы көпіршелер арқылыбайланыста болады, бұл олардың өзара ақпарат алмасуына жағдай жасайды.
Жасушааралық затты компоненттері: негізгі зат құрылымдықпен осында орналасқан талшықтардан (бір немесе бірнеше түрі) қалыптасқан.
2)Шығу тегі: жасушааралық зат құрылым компоненттері жасуша ішінде синтезделіп, соңынан жасушааралық кеңістікке бөледі. Осы бөлінген өнімдер қосылып бірігіп жасуша туындысын түзеді.
Мөлшері: барлық тіндерде бірдей емес. Дәнекер тіндерінде өте көп (жасушадан да көп), ал эпителий және нерв тіндерінде тіпті жоқ десе де болады.
3-

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет