Глоссарий абсолют



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата27.05.2022
өлшемі492,82 Kb.
#35749
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


ГЛОССАРИЙ
АБСОЛЮТ (лат. absolutus - шартсыз) 

мәңгілік, шексіз, өзгеріссіз, тұрақты 
деген ұғымдар жиынтығын білдіретін түсінік. Абсолют — жалқы, мәңгі және 
ол барлық салыстырмалы шарттылықтарға қарама-қарсы.   
АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ - диалектикалық 
материализмнің категориясы, танымның 
даму
процесін бейнелейді: 1) 
танылған және алда танылатын нәрселердің; 2) сондай-ақ таным-түсінігімізде 
өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың 
арақатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара 
сәйкестілігін көрсетеді.
АБСТРАКТІЛІК ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫҚ- А. (лат. Abstractio - дересіздену) - 
сторона, бүтіннің бөлігі, бір жақтылық, қарапайымдық, дамымағандық; К. 
(лат. concretus - қоюланған, біте қайнасқан) - көпжақтылық, күрделілік, 
дамығандық, тұтастық. Гегельге дейін философия тарихында дара заттар мен 
құбылыстардың сезімдік тұрғыдан белгілі бір көпжақтылығы ретінде, А. – 
ойлаудың ереше жемісінің сипаттамасы ретінде түсіндірілді.
АБСТРАКЦИЯ(лат. аbгtrаtсіо— ойша бағамдау) — шынайылықтың 
бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру.Жеке мақсатқа 
қатысты ақпаратка жұмылдырылған және басқа ақпаратты ескермейтін 
көзқарас. АВЕРРОИЗМ - 13-16 ғ.ғ. орта ғасыр философиясындағы бағыт, 
негізін қалаған - араб ойшылы Ибн Рушд (Аверроэс). Дүниені мәңгі екенін 
(демек, құдай жаратпағанын), жанның өлетінін дәлелдейтін, ақиқаттың екі 
жақтылығы жайындағы теорияны, білімді діни сенімнен, философияны 
теологиядан бөліп, тіпті оларды қарама-қарсы қоятын идея ойлап шығарды.
АГНОСТИКТЕР - объективті әлемді, 
ақиқаттың
объективті белгісін 
мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы 
ғылымның рөлін шектейтін философтар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет