Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Сот  сараптамасы  –  іс  шешімінде  маңызы  бар  деректік  (факт) 

мəліметтерді  анықтау  мақсатында  арнаулы  ғылыми  білім  негізінде 

қылмыстық, азаматтық істерге не əкімшіліктік құқық бұзушылық ту-

ралы істерге жүргізілетін зерттеу. 



Сот  сараптамасының  пəні  –  қылмыстық,  азаматтық  істер 

шешімінде  маңызы  бар  деректік  (фактілік)  мəліметтер  немесе  сот 

сараптамасын  жүргізу  арқылы  анықталатын  əкімшіліктік  құқық 

бұзушылық туралы істер.  



Алауыздықты  қоздыру  туралы  істер  бойынша  сот-филоло-

гиялық  сараптамасының  пəні  ойлау  мазмұнын  жеткізетін  тілдік 

құралдар болып табылады, олардың көмегімен сөйлеуші тарапынан 

əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни қатыстылық 

белілеріне  қарай  адамға  жек  көрушілік  қарым-қатынасты  нас ихат-

тауға  бағытталған,  көрсетілген  топтық  қатысты лығына  байланысты 

адамға  (азаматтарға)  қарсы  зорлық  əрекеттеріне  үгіттеуге  бағыт-

т алған міндеттер мен мақсаттық ұстанымдар жүзеге асырылады. 

Со т сарапшысы – іске (іс барысына) мүдделі емес тұлға, сот са-



38

раптамасын жүргізу тапсырмасы жүктелген, арнаулы ғылыми білімі 

бар жəне заңмен бекітілген бас қа да талаптарға сай тұлға. 

  Сот  сараптамасын  жүргізу  тапсырмасы  жүктелуі  мүмкін: 1) сот 

сараптамасы  органдарының  қызметкерлеріне; 2) лицензия  негізде-

месінде  сот-сарапшылық  қызметімен  айналысушы  жеке  тұлғаларға; 

3) келесі жағдайларда бір реттік тəртіппен басқа тұлғаларға: 

- Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі тарапынан бекітіл-

ген сот сараптамалары түрлерінің тізімі нде қарастырылмаған сот са-

раптамасын тағайындау; 

- сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын 

сəйкес мамандықтың сот  сарапшыларына, сондай-ақ лицензия негіз-

демесінде сот-сарапшылық қызметімен айналысушы  жеке тұлғаларға 

білдірілген  уəж ді  қарсылықты  қанағаттандыру  не  сот  с араптамасы 

органын  тұтастай  сот  сараптамасын  жүргізуден  уəжді  шеттетілуін  

қанағаттандыру; 

- шет мемлекеттерден сот сарапшысын іске тарту. 

Сот сарапшысы ке лесі біліктілік талаптарына сəйкес келуі керек:  

жоғары білімі болуы керек; анықталған сот сараптамасы түрін жүргі-

зу құқығына біліктілігін растайтын куəлігі бар сот сарапшысы білік-

тілігіне ие болуы керек; аттестатаудан өткен болуы тиіс. 

Сот  сарапшысы  бола  алмайтын  тұлғалар:  сот  тарапынан  іске 

қабілетсіз  немесе  шектеулі  қабілетті  деп  танылғандар;  бекітілген 

заң  тəртібімен  соттылығы  өтелмеген  немесе  кешірілмеген  сотты 

болғандар;  сотталушылар  немесе  айыптылығы  анықталмау  негіз-

демесінде  қылмыс  жасағаны  үшін  қылмыстық  жауапкершіліктен 

босатылғандар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет