Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

Керимбаева Ботагөз Талғатқызы 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
педагогикалық ғылымдар кафедрасының доцент м.а., PhD докторы
Түркістан,  тел.: 8-777-919-05-86, Kerimbaeva-bota@mail.ru 
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Түйің. Мақалада білім беру бағдарламасын жасақтаудың негізгі мәселелері, мониторинг және тиімді бағала-
удың негізгі көрсеткіштері баяндалған. Білім беру бағдарламасының негізгі компоненті бітіруші моделін, білім беру 
жүйесі  қызметінің  нәтижесін  сипаттайтын  мақсаттар  жүйесі  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  бұл  бітірушінің 
құзіреттілік моделі. Сонымен қатар маман қажеттілігінің негізгі сипаттары анықталып, 5В010300-Педагогика и 
психология мамандығына арналған кәсіби білім беру бағдарламасын жасақтаудың түрлі аспектілері қарастырылған.
Кілттік сөздер: ЖОО, білім берудің мақсаты мен міндеттері, болашақ мұғалім, құзірет, құзіреттілік тәсңл, 
білім беру бағдарламасы.
Резюме.  Описывается  процесс  этапы  разработки,  внедрение,  мониторинг  и  оценка  эффективности  образо-
вательной программы. Центральным компонентом образовательной программы является система целей, которая 
характеризует модель выпускника - результат деятельности образовательной системы. В современном контексте 
– это компетентностная модель выпускника. Приведены ключевые моменты анализа потребности специальности
Рaccмaтривaютcя рaзличныe acпeкты рaзрaбoтки ocнoвнoй прoфeccиoнaльнoй oбрaзoвaтeльнoй прoгрaммы пo cпe-
циaльнocти 5В010300-Педагогика и психология. 
Ключевые слова: вуз, цель и задачи образования, будущий учитель, компетенция, компетентностный подход, 
образовательная программа.
Summary.  The  article  deals  with  the  process  stages  of  the  development,  implementation,  monitoring  and  evaluation 
of the effectiveness of the educational program. Central component of the educational program is a system of aims, which 
characterizes the model of a graduate, is the result of activities of the educational system. In the modern context – competence 
model of the graduate. Key points of analysis of the needs of the specialty were provided. The various aspects of the development 
of the basic professional educational program on specialty 5B010300-Pedagogy and psychology were discussed. 
Keywords:  higher  education,  aim  and  objectives  of  education,  future  teacher,  competence,  competence  approach, 
educational program.
Қaзaқcтaн  Pecпубликacының  Пpeзидeнтi 
Н.Ә.Нaзapбaeвтың 2012 [1] жылғы 14 жeлтoқcaн-
дaғы «Қaзaқcтaн-2050» cтpaтeгияcы: қaлыптacқaн 
мeмлeкeттiң  жaңa  caяcи  бaғыты»  aтты  Қaзaқcтaн 
xaлқынa 
Жoлдaуындa 
aйтылғaн 
нeгiзгi 
мәceлeлepдiң  бipi  –  тиicтi  бiлiм  мeн  бiлiк    aлғaн 
eлiмiздiң кeз кeлгeн aзaмaтын әлeмнiң кeз кeлгeн 
eлiндe қaжeткe жapaйтын мaмaн бoлaтындaй дeң-
гeйгe көтepу бoлып тaбылaды.
Бiлiм  әлeумeттiк-мәдeни  фeнoмeн  peтiн-
дe  aдaм  үшiн  жaңa  aқпapaт  пeн  нәтижeлi  қapым-
қaтынacты  қaлыптacтыpу    қoзғaушы  күшi  бoлып 
caнaлaды. Бүгiнгi тaңдa жaлпы жәнe кәciби бiлiмдi 
жeкe тұлғaғa бaғдapлaнғaн бiлiм бepу жaңa бaғы-
ты aуыcтыpылa бacтaды, oның дaмуынa төмeндeгi 
бaғыттap нeгiз бoлaды:
1. Бiлiм бepудiң әp дeңгeйi үздiкciз бiлiм бepу 
жүйeciнiң  құpaмдac  бөлiгi  бoлып  тaбылaды.  Бұл 
бaғыт мeктeп, apнaулы oқу opны жәнe жoғapы oқу 
opны  тiзбeciндe  кipiктipiлгeн  бiлiмнiң  дaмуынa 
ықпaлын тигiздi.
2. Бiлiм бepу жүйeciндe aқпapaттық тexнoлo-
гиялapдың,  мультимeдиaлық  жәнe  виpтуaльдық 
тexнoлoгиялapдың  eнгiзiлуi  дәcтүpлi  кoгнитивтi  
бaғдapлaнғaн oқыту жүйeciнiң cипaтын өзгepтeдi, 
oқушылapдың  интeллeктуaлдық  қызмeт  aяcын 
кeңeйтeдi.
3.  Бiлiм  бepудi  ұйымдacтыpудың  дәcтүpлi 
түpiнeн  тaңдaуғa  нeгiздeлгeн  бeлceндi    oқытуғa 
көшу  oқушылapдың  өз  бeтiншe  бiлiм  aлуы  мeн 
өзiн-өзi  жүзeгe  acыpу  қaбiлeтiнiң  дaмуынa  әcepiн 
тигiзeдi.
4.  Бiлiм  бepу  дeңгeйлepiнiң  caбaқтacтығы 
бiлiм  бepу  үpдici  мeн  нәтижeciнe  дeгeн  жaуaп-
кepшiлiккe нeгiздeлгeн бipтұтac кipiктipiлгeн бiлiм 
өзгepмeлi  әлeумeттiк,  мәдeни,  бiлiм  бepу  жәнe 
кәciптiк жaғдaйлapдa мәceлeнiң шeшiмiн тaбу құ-
зыреттілігін  дaмытуғa,  өзiн-өзi  aнықтaуғa  жaғдaй 
туғызaды.
Coңғы  oнжылдықтa  мaмaндapдың  aйтуын-
шa,  бiлiм  бepу  нәтижeлepiн  бaғaлaу  «дaяpлық», 
«бiлiмдiлiк»,  «жaлпы  мәдeниeт»,  «тәpбиeлiлiк» 
ұғымдapын  «құзыpет»,  «құзыpеттілік»  түciнiк-
тepiнe шұғыл бaғдapлaуды қaжeт eтiп, бiлiм бepу 
үдepiciн құзыpлық тәciл нeгiзiндe ұйымдacтыpуды 
ұcынaды [2]. 
Бaзaлық кәciби құзыpлықтapды қaлыптacтыpу 
Қaзaқcтaндaғы    жoғapы  бiлiм  бepу  caпacының 
бacым миccияcы peтiндe тaнылaды. 
Құзыреттілік дeгeнiмiз тиiмдi ic-әpeкeт жacaу-
дa қaмтaмacыз eтiлeтiн aдaмның caнaлы түpдe мeң-
гepгeн бiлiм, icкepлiк, тәжipибeлiк қaтынac әpeкeт-
тepi.  Тaнымдық  oқу  әpeкeтiндe  oқушылapдың 
«жacaй  aлaмын»  дeгeн  aмaлдapы  өз-өзiн  caнaлы 
түpдe  ceзiнуiмeн,  peфлeкcиялық  әpeкeт  жacaйты-
нымeн  бaйлaныcтыpылып  жүpгiзiлce  aнық  жapи-
ялaнaды.  құзыреттілікті  жeкe  тұлғaның  өзapa 
бaйлaныcтa  бoлaтын  қacиeттepi  (бiлiм,  icкepлiк, 

110
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
дaғды,  қaтынac)  жиынтығын  игepу  дeп  oйлacaқ, 
бiлiм  aлудың  нәтижeciндe  қaлыптacқaн,  кeз  кeл-
гeн өмipлiк жaғдaйдa пaйдaлaнaтын әpeкeттepi дeп 
қopытуғa бoлaды.
Бiлiм бepудeгi құзыреттілік тәciл мәceлeлepiнe 
Cheepanach  V.,  Weiter  G.,  Lefsted  J.I.  eңбeктepi 
apнaлғaн [3]. 
Жaлпылaмa  aлғaндa,  бiлiм  бepудiң  мұндaй 
мaзмұнын  өмipлiк  мәceлeлepдi  шeшудiң,  нeгiз-
гiлepдi opындaу, яғни, әлeумeттiк  қызмeттiң түpлi 
caлaлapындa, әлeумeттiк pөлдep, құзыреттер дeугe 
бoлaды. 
Құзыреттілік  тәciл  aлдыңғы  opынғa  cтудeнт-
тiң aқпapaттaнуын тaнудa eмec, нaқты құбылыcты 
түciндipудe; 
-  қaзipгi  зaмaнғы  тexникa  мeн  тexнoлoгияны 
мeңгepудe,aдaмдapмeн өзapa қapым-қaтынacтa, 
- этикaлық нopмaлapдa, өз әpeкeтiн бaғaлaудa; 
-  пpaктикaлық  өмipдe  әлeумeттiк  pөлдepдi 
opындaудa; 
- құқықтық нopмaлap мeн әкiмшiлiк құpылым-
дapдa; 
-  тұтынушылық  жәнe  эcтeтикaлық  құн-
дылықтapдa; 
- жoғapы бiлiм бepу мeкeмeciндe кәciп игepудe; 
- eңбeк нapығынa бaғдapлaнудa
- өзiнiң өмipлiк мәceлeлepiнe peфлeкцияcындa; 
-  өзiн-өзi  ұйымдacтыpудa,  cтиль  жәнe  өмip 
cүpу бeйнeciн тaңдaудa,  кeлicпeушiлiктepдi жoюдa 
пaйдa бoлaтын мәceлeлepдi шeшудi қoяды.
Ocылaйшa,  қaзipгi  жaғдaйдa  cepпiмдi  «құ-
зыpлықтap» тepминi, ұлттық бiлiм бepу жүйeciндe 
кeң қoлдaныcқa иe бoлудa.  
У.Клeмeнт    пeн  P.Apнoльд:  «құзыреттер» 
мaқcaтты  түciнiгi  opacaн  aшықтығымeн  epeк-
шeлeнeдi,  coндықтaн,  түpлi  oқу-пcиxoлoгиялық, 
oқу-ұйымдacтыpушылық  жәнe  бiлiм  бepу-caяcи 
тұжыpымдaмaлapды  туындaтaды.  Пiкipтaлacтap 
үдepiciндe  «құзыpлықтap»  кeшeндi  түciнiгiнiң 
ұлғaюымeн  oның  шeкapacы  бapыншa  кeңeюдe» 
дeп жaзaды  [4]. 
Бүгiнгi тaңдa бұл ұғым үш бaғыттa тaлқылaну-
дa: 
1)  «құзыреттілік»  ұғымының  бiлiм  бepу 
мaзмұны, бiлiм бepу cубъeктici жәнe бiлiм бepудi 
ұйымдacтыpу  фopмaлapынa  қaтыcты  нapықтық 
бaғдapлaнғaн жәнe бiлiм бepу тұжыpымдaмaлapын 
бaғaлaуды құзыреттер opтacымeн жoбaлaу қaжeт-
тiлiгiнiң өcуi apacындaғы қaйшылықтap; 
2)  «құзыреттер»  түciнiгiнiң  қaзipгi  зaмaнғы 
қoғaмдық,  тexникaлық  жәнe  экoнoмикaлық  дaму 
жaғдaйындaғы нaқты жәнe қoғaмдық мәндi мaзмұ-
ны туpaлы мәceлeлep; 
3)құзыреттердің кәciптeндipудiң дәcтүpлi ұлт-
тық тұжыpымдaмaлapымeн бaйлaныcы.
Болашақ мамандардың кәсіби қызметте бәсе-
кеге  қабілеттілігін  қалыптастыруда  білім  беру 
бағдарламалары  арқылы  оқытудың  мақсатына 
жетудің  жолдары,  оның  академиялық  құндылығы 
және өзгешелігі айқындалады:
-  жұмыс берушілердің сұраныстары  мен ең-
бек  қажеттіліктерін  есепке  ала  отырып  құрылған  
гуманитарлық білім беру қызметінің аясында кәсі-
би дағдылар мен құзыреттерді алуға бағдарланған 
элективтік  пәндер  каталогы,    студентке  өз  білім 
траекториясын таңдауға мүмкіндік беруімен;
- бітіруші түлектерге жалпымәдени және кәсі-
би құзіреттерін жоғары деңгейі  мен олардың еңбек 
нарығындағы  бәсекеге  қабілеттіліктерін  қамтама-
сыз ететін және академиялық ұтқырлық бағдарла-
масы  бойынша  1-2  семестр  барысында    жетекші 
шетел жоғары оқу орындарында  оқуға мүмкіндік 
беретін  бір шет тілін студенттердің терең оқып үй-
ренуімен;
-  кәсіби-бағдарланған  шет  тілін  оқып  үйре-
нуімен. 
Білім  беру  бағдарламасының  мақсаттарының 
тиімділігі  жұмыс  берушілердің  пікірлеріне  бай-
ланысты  жүйелі  бағалаудан  өтіп  тұрады    –  дүни-
ежүзілік  ғылымның  соңғы  жетістіктеріне  және  
аймақтың жетекші кәсіпорындарына,  сонымен қа-
тар  Оңтүстік Қазақстан аймағындағы және тұтас 
Қазақстан  Республикасындағы  білімнің  дамуына 
сәйкес қайта қаралады.
5В010300 – Педагогика және психология ма-
мандығы  бойынша  білім  бакалаврын  даярлауда 
білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты: 
- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы ха-
лықтарының  достығы,  әр  түрлі  мәдениеттерге, 
салт-дәстүрлерге  құрмет  көрсету  рухында  тәрби-
елеу; 
- білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік 
жағынан  дамытуға,  тұлғаның  жалпы  мәдениетін 
қалыптастыруға,  білім  беру  үрдісін  психологи-
ялық-педагогикалық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуге, 
сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салала-
рын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жү-
зеге  асыруға  қабілетті,  халықаралық  талаптарға 
сай кәсіби біліктілігі жоғары педагог-психологтар-
ды даярлау.
-  болашақ  педагог-психологтың  жалпымәде-
ни,  кәсіби,  пәндік  құзыреттіліктерін  қалыптасты-
руға  бағытталған  білім  беру  үрдісін  басқарудың 
мазмұнын, формаларын, әдістері мен құралдарын 
анықтау болып табылады.
 - зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерт-
теушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орын-
дауға  қабілетті  жоғары  білікті  мамандарды  даяр-
лау.  -  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  даму 
заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпа-
раттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлта-
ралық  қарым-қатынас  құралы  ретінде  орыс  және 
шетел  тілдерін  білу  негізінде  әлеуметтік-гумани-
тарлық білімді қамтамасыз ету; 
- кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологи-
ялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы база-

111
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
лық білімді қамтамасыз ету. 
5В010300  –  «Педагогика  және  психология» 
білім беру бағдарламасының мақсаттарын қалып-
тастырудың басымдықтары олар: 
-  нормативтік құжаттар, Қазақстан Республи-
касының  «Білім  туралы»  Заңы,  «Ғылым  туралы» 
Заңы, ЖОО қызметін ұйымдастырудың типтік ере-
желері, 5В010300 – «Педагогика және психология» 
мамандығының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім стандарты
  -  стратегиялық  құжаттар,  соның  қатарында  
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту-
дың  2011  -  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы, «Балалардың құқығы туралы» Заң, 
«Жастар саясаты туралы», «Салауатты өмір салты» 
бағдарламасы; 
- білім беру бағдаралмасын жасау, іске асыру 
мен бағалауда оқытудың нәтижесі ретінде құзырет-
тілік тәсілді іске асыруға бағдарлануы;
-  құзыреттіліктерді  бағалауда,  олардың 
жетістіктері  ретінде,    кредиттік  жүйені  ЕСТS 
(сынақ бірліктерін) қолдану;
- білім беру бағдарламасын әзірлеу, іске асыру 
және  бағалауда  оқыту  нәтижелері  ретінде  түлек-
тердің құзыреттеріне бағдарлану;
-    халықаралық    стандарттардың  ISO  9000, 
9001 талаптарын есепке алу.
Бағдарламаның басты назары түлектердің не-
гізгі гуманитарлық-ғылыми, педагогикалық-психо-
логиялық  дайындығына,олардың  әмбебап  жалпы 
мәдени  және  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыпта-
стыруға бағытталған [5]. 
Жалпымәдени құзыреттер
ЖҚ-1 -өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қа-
лыптастыруға  және  шынайы  бағалауға  қабілетті, 
сондай-ақ, оқушылардың зияткерлік даму деңгейін 
арттыру дағдыларын игерген;
ЖҚ-2 - әлеуметтік, гуманитарлық және эконо-
микалық ғылымдардың негізгі әдістері мен ереже-
лерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде 
қолдануға дайын;
ЖҚ-3 - ана тілінде өз ойын жүйелі түрде және 
сауатты  жеткізетін, қазақ (орыс) және шет тілінде 
көпшілік  алдында  сөйлеуде  және  ғылыми  мәтін-
мен жұмыс істеуде қажетті ауызша және жазбаша 
сөйлеу дағдыларын игерген;
ЖҚ-4 - ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңде-
удің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын  
қолданады,  ауқымды  компьютерлік  желідегі  ком-
пьютермен жұмыс істеу дағдылары бар;
ЖҚ-5  - әлеуметтік өзара әрекеттестік құруда 
білім беру үдерісіне қатысушылардың этно-мәде-
ни және конфессионалдық ерекшеліктерін ескеру-
ге қабілетті;
ЖҚ-6 - адамгершілік нормасы мен өнегелі мі-
нез-құлық негіздерін меңгерген;
ЖҚ-7 - ғылыми зерттеуді ұйымдастыру ұста-
нымдарын, ғылыми білімге қол жеткізу мен құру 
тәсілдерін жете түсінеді;
ЖҚ-8  -  тазалық  сақтау  және  еңбекті  қорғау 
талаптарына,  сыртқы  ортаның  жағымсыз  ықпал-
дарынан қорғану ережелеріне сай салауатты өмір 
салты дағдыларын қалыптастыруға қабілетті.
Кәсіби құзыреттер 
КҚ-1 - тұлғаны қалыптастыру барысында пе-
дагогика  және  психология  бойынша  алған  теори-
ялық білімдерін пайдалануға қабілетті;
КҚ-2 - білім алушылардың оқу үрдісіне бей-
імделуін  жеңілдететіндей  жағдайлар  жасауға  қа-
білетті;
КҚ-3 - тұлға  дамуына әсер ететін табиғи және 
әлеуметтік  факторлар  туралы,    тәрбиеленушілер-
мен тұлғаға бағытталған өзара әрекет етудің негізгі 
ұстанымдары, әдістері мен формалары, құралдары 
туралы білімдерді меңгерген;
КҚ-4 - педагогикалық білімін кәсіби әрекетін-
де қолдана алуға қабілетті;
КҚ-5  -  -  пәннен    алған  теориялық  біліміне 
сүйене  отырып,    өз  бетінше  мәселелерді  кәсіби 
тұрғыдан  шешуге  машықтанады,  зерттеу    жұмы-
старымен айналыса алуға қабілетті;
КҚ-6  -  нақты  жағдаятты  бағалай  біледі,  түр-
лі  мәселелер  шешіміне  іздестіру  жүргізе  алады, 
қалыпты  жағдайларда  қалыптан  тыс  шешім  таба 
білуге қабілетті;
КҚ-7  -  басқарудың  және  ұйымдастырудың 
ақпараттық  және  байланыс  технологиялары  ая-
сында  қазіргі  жетістіктерді,  мамандыққа  қатысты 
орналастырудағы басқару нысандарының ақпарат-
тық жүйелерін техникалық қамтамассыз етуді білу;
КҚ-8  -  экономикалық  және  басқарушылық 
шешімдердің  қағидаларын,  мәліметтерді  өңдеу-
дің ақпарттық құралдары мен үдерістерін, әртүрлі 
іс-әрекеттердегі  ақпараттық  қызмет  көрсету  бой-
ынша  компьютерлік  технологиялардың  құралдық 
амалдарын меңгеруге қабілетті;  
КҚ-9  -  жас  өспірімдердің  даму  ерекшелік-
терін меңгеру, болашақта  олармен жұмыс жасауда 
женілдік тудырады;
КҚ-10 - психологиялық-педагогикалық ғылы-
ми  зерттеу  жұмыстарының  орындалу  жолдарын, 
заңдылықтарын,  зерттеу    әдістерін  теориялық 
тұрғыда және тәжірибеде қолдана білуге қабілетті;
КҚ-11-  студенттердің  қазіргі  заманғы  психо-
логия құрылымындағы этнопсихологияның орнын 
түсіну және өмірдің барлық салаларында тұрақты 
этносаралық өзара іс-әрекет жағадайында кәсіптік 
қызметке  дайындық  процесінде  этнопсихологи-
ялық білімін рөлін қалыптастыру;
КҚ-12-  психологиялық  және  педагогикалық 
зерттеулерде сапалық және сандық әдістерді қол-
дануға  дайын  және  әртүрлі  жастағы  балалардың 
әрекеті  мен  қарым-қатынасы  дамуының  диагно-
стикалық әдістерін пайдалануға дайын;
КҚ-13  -  Этикалық  нормаларға  сәйкес  іс-әре-
кетке қабілеттілігі;

112
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
КҚ-14  -  Өзінің  саласы  бойынша  маман  еме-
стермен кәсіптік тақырыптарға қарым-қатынас жа-
сау қабілеттілігі;
КҚ-15 - Өзінің уақытын жоспарлау және пай-
далану қабілеттілігі;
КҚ-16 - Шет тілінде қарым-қатынас жасау қа-
білеттілігі;
КҚ-17 - Өзіндік білім алу және өз бетінше жұ-
мыс істеу қабілеттілігі.
Игерілген құзыреттерге сәйкес әр пәнді мең-
герген сәтте оқытудың нәтижелері көрсетілген үш 
салаға сәйкес қалыптасады. Олар: 
Білімдік  құраушылар:  есіне  сақтау,  түсіну, 
қолдану,  талдау  (саралау),  жинақтау,  бағалау  қа-
білеттері 
Іс-әрекеттік құраушылар: еліктеу (имитация), 
қолмен істеу қимылдары, дәлме-дәлдік, сөйлеу мү-
шелерінің әрекеті, қабілеттері. 
Құндылық  қатынас  құраушылары:  қабылдау 
(ұғыну),  жауап  беру,  құндылықтарды  үйлестіру, 
ұйымдастыру, құндылықты сипаттау қабілеттері. 
5В010300 – Педагогика және психология ма-
мандығы  бойынша  білім  бакалаврының  оқыту 
нәтижелерін  меңгеру  деңгейі  (бакалавриат  6-дең-
гей):
Білімдік  сала:  оқыту  немесе  еңбек  іс-әрекеті 
саласындағы озық білімдер, теориялар мен қағида-
ларды сыни ойлау/ұғыну. 
Іс-әрекеттік сала: оқыту немесе еңбек іс-әре-
кетінің мамандандырылған күрделі немесе болжап 
болмайтын мәселелерді шешу үшін қажетті шебер-
лік пен инновацияны демонстрациялайтын/көрсе-
тетін озыңқы іскерліктер. 
Құндылық қатынас саласы: оқыту немесе ең-
бек  іс-әрекетінің  болжап  білмейтін  жағдайларын-
да шешім қабылдау кезінде күрделі немесе кәсіби 
іс-әрекеттерді немесе жобаларды басқару. Жекеле-
ген  тұлғалардың  және  топтардың  кәсіби  дамуын 
басқаруға жауапкершілікті мойындау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Қaзaқcтaн  Pecпубликacының  Пpeзидeнтi  Н.Ә.Нaзapбaeвтың  2012  жылғы  14  жeлтoқcaндaғы 
«Қaзaқcтaн-2050» cтpaтeгияcы //  http:akorda.kz.
2.  Зимняя И.A. Ключeвыe кoмпeтeнции — нoвaя пapaдигмa peзультaтa oбpaзoвaния // Выcшee oбpaзoвaниe 
ceгoдня. - 2003. - № 5
3.  Cheepanach V., Weiter G., Lefsted J.I. Integrity and Competence. - New York, 1987. – P. 154.
4.  Clement  Dornyei  Z.,  Noel   K.A. Motivation, self-confidence, and group cohesion in the foreign language classroom 
// Language learning. – 1994. – Vol. 44, № 3. – P.  417
5.  Мелдебеков Ү.И., Искакова П.К. 5В010300, 6М010300, 6D010300 -  Педагогика және психология мамандығы 
бойынша білім беру бағдарламасының педагогикалық стратегиясы. Түркістан, 2014-55б.

113
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Алдабергенова Молдир Кенесбековна 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, докторант (PhD)
Түркістан, 87023703047, mol-nur_an@mail.ru 
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР – ЖАСТАРДЫҢ ТАРИХИ
САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Резюме. В статье рассматриваются вопросы прояснения роли и место археологических памятников в контек-
сте обучения и воспитания подрастающего поколения. Разыскиваются пути использования материальной культуры, 
в лице средневековых городов во благо народа. А также характеризируются пути формирования национального исто-
рического сознания.
Summary. The article examines the role and existence of the archaeological sites in the context of the training and 
education of the younger generation. Wanted ways to use the material culture of medieval towns in the face of the good people. 
Also characterized by the path of formation of national historical consciousness. 
Түйін.  Мақалада  тарих  пен  педагогиканың  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып,  археологиялық  ескерткіштер 
мен ортағасырлық қалалардың білім мен тәрбие мазмұнындағы рөлі мен орнын айқындау мәселелері қарастырылған. 
Қазақ халқының материалдық мәдениетін халық игілігіне жарату жолдары іздестірілген. Сонымен қатар ортаға-
сырлық археологиялық ескерткіштерді мұражай педагогикасында қолдану арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық 
тарихи сана қалыптастыру жолдары сипатталған. 
Қазақ  жеріндегі  ортағасырлық  қалалар  та-
рихы  өз  заманына  сай  мәдени,  саяси-әкімшілік 
орталықтар  ретінде  жазба  деректерде  сақталға-
нымен,  қазіргі  күнге  археологиялық  қазба  жұмы-
стары әлі де жалғасып жатқан құландылар күйінде 
жетті.  Алайда,  бұл  ескерткіштер  тарихымыздың 
тағылымдары, сондықтан оларды ғылыми тұрғыда 
танумен бірге жас ұрпақтың танымдық-тәрбиелік 
мақсаттарына пайдаланылуы керек. Елбасы Н.На-
зарбаев  айтқандай  «Қазақ  тарихында  қазақ  ұяла-
тындай ештеңе жоқ. Қазақтың бүкіл тарихы бірігу 
тарихы, тұтастану тарихы» [1] екендігін айғақтай-
тын  мұраның  археологиялық  қазба  жұмыстары 
арқылы зерттелуі мен оның мазмұны консерваци-
яланып,  қайта  қалпына  келтірілуі  аса  маңызды. 
Сондықтан,  халық  тағдырын  баяндайтын  тарих 
пен  мәдениет  ескерткіштерін  тануға  талпыну  әр 
адамды  өз  елінің  азаматы  болуға,  отансүйгіштік-
ке  баулиды.  Тарихи-мәдени  құндылықтардыpды 
зерттеп,  оқу-тәрбие  үдерісіне  енгізу  арқылы  ха-
лықтың  тұнып  тұрған  асыл  мұрасына  айналған 
археологиялық жәдігерлерді жас ұрпақтың тәрби-
есіне қолдану, оларды ұлтжандылық пен отаншыл-
дыққа баулып, өз ұлты мен мемлекетін қорғайтын 
тұлғаларды  тәрбиелеп  шығаруға,  ұлттық  тарихи 
сананың жоғарғы деңгейінің қалыптасуына септі-
гін тигізеді.
Тарихи-мәдени  ескерткіштерді тану  мен  зер-
делеуді ЖОО оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың 
бірнеше  жолы  бар.  Біріншіден,  археологиялық 
зерттеу  объектісіне  айналған  ортағасырлық  қала-
ларды  ашық  аспан  астындағы  мұражайға  айнал-
дыру;  екіншіден,  ашық  аспан  астындағы  мұра-
жайларға  туристік  маршруттар  ұйымдастыру; 
үшіншіден,  ашық  аспан  астындағы  мұражайлар-
дың тақырыптық экспозициялық жоспарын ұрпақ 
тәрбиесінде  тиімді  пайдалану  мүмкіндігі  тиімді 
болатындай педагогикалық технологияны қолдану.    
Археологиялық жәдігерлер мен ортағасырлық 
қалаларды  оқып-тану  отан  тарихының  бір  бөлігі 
ретінде  қарастырылғандықтан  барлық  әлеумет-
тік  топтарға  [2]  қызықты  болып  келеді  .  Алайда, 
адамдардың  физиологиялық  ерекшеліктері  алған 
мәліметтерді қабылдау, ойлау, бағалауды тең дәре-
жеде  жүргізуге  мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан, 
археологиялық  жәдігерлер  және  ортағасырлық 
қалалармен таныстырмас бұрын, мына мәселелер 
ескерілуі керек:
біріншіден, адам отан тарихының өзекті мәсе-
лелерін  тануға  деген  қызығушылықтың  болуы 
-  өзін  қоршаған  заттардың  тарихи-мәдени  мәнін 
ашуға үйретіп, тарих пен мәдениет ескерткіштерін 
бағалауға талпынады;
екіншіден,  археологиялық  ескерткіштермен 
байланысқа түсе отырып, ұрпақтар сабақтастығын, 
дәуірлер  арасындағы  байланысты  өз  санасында 
қайта қалпына келтіруге тырысады; 
үшіншіден,  жас  ерекшеліктерге  байланысты 
мәліметті  қабылдаудағы  өзгешеліктер  археоло-
гиялық  жәдігерлермен  байланыста  көне  дәуірдің 
бейнелік кескін-келбетін қалыптастыру жолдарын 
қарастыруға басымдық беріледі;
төртіншіден, тарих пен өнер мазмұнын игеру 
дәрежесі  нақты  ескерткіш  мысалында  тарихи-са-
лыстырмалы, көркемдік-эстетикалық талдау жасау 
(туристік  маршруттар  ұйымдастыру  арқылы  ұлт-
тық тарихи сана қалыптастыру) тәсілдеріне негіз-
деліп қарастырылады; 
бесіншіден  тарихи  ескерткіштердің  зерттелу, 
сақталу  дәрежесі  мен  әлеуеті,  яғни  ұлттық  құн-
дылықтарды  оқып-тану  арқылы  жалпы  адамзат-
тық  мәдени  құндылықтарды  танып-білуге  деген 
алғашқы дағдыларын меңгереді [3]. 
Ашық аспан астындағы мұражайлардың басқа 
типтегі  мұражайлардан  өзгешелігі  де  жоғарыда 
аталған  мағлұматтар  аясында  түзіледі  және  бұл  

114
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ерекшеліктерді  қалыптасқан  ортасында  көзбен 
көріп,  қолмен  ұстауға  болады.  Кез-келген  мұра-
жайды  балалар  орнықты  білім  алатын,  жастар 
мәліметтер  жинай  алатын,  суретші  үшін  шабыт 
көзі  болатын  орталық,  адам  жанын  сауықтыру 
үшін  демалыс  орны  және  ересек  адам  білімінің 
тереңдей  түсуіне  мүмкіндіктер  жасайтын  ғылы-
ми-зерттеу  және  мәдени  орта  деп  қарастырсақ, 
онда тарихи маңыздылығы жоғары археологиялық 
объектілер  мен  ортағасырлық  қалалар  аталмыш 
критерийлердің  барлығына  сәйкес  келіп  тұрған-
дығын байқаймыз.
Ұлттық тарихи сана ұғымы жеке тұлға, әлеу-
меттік топ пен халықта, ұлтта өзінің шыққан тегі, 
ұлттық  тарихтағы  маңызды  оқиғалар  мен  қоғам 
қайраткерлері, ұлттық тарихының жалпы адамзат 
тарихында алар орны мен олардың арасындағы қа-
тынас жайлы түсінік қалыптастыруға бағытталған 
ұғымдар,  пікірлер,  көзқарастар,  салт-дәстүрлер 
жиынтығы  мен  білім  жүйесі.  Осылайша,  жеке 
тұлға,  халық  немесе  ұлт  өз  тарихын  сүзгіден  өт-
кізіп,  уақыт  пен  кеңістікте  қайта  жаңғыртуға 
мүмкіндік  алады  және  жеке  тұлға  өзінің  белгілі 
ұлт өкілі екенін саналы түрде мойындауына, оны 
мақтан  тұтуына  [4]  жол  ашады  .  Ұлттық  тари-
хи  сана  қалыптасуы  жеке  тұлғаның  өзіндік  ерек-
шеліктері  мен  қасиеттеріне  байланысты  жүзеге 
асырылады.  Ұлттық  тарихи  сана  қалыптасуының 
үш түрлі деңгейі бар:
бірінші  деңгей  –  адам  белгілі  оқиғаларды 
бақылай  отырып  немесе  оның  қатысушысы  ата-
нып,  одан  өзіне  ғибрат  алады.  Адамның  тарихи 
санасы  толық  әрі  нақты  емес,  субъективті  бұл 
деңгейде,  ол  тарихи  үдерісті  толықтай  бағалауға 
мүмкіндігі  жетпейді.  Алайда,  адамның  оқиғадан 
алған  әсерлері  мен  деректері  естеліктер  түрінде 
жинақталады.   
Ұлттық  тарихи  сананың  келесі  деңгейі  кез 
келген  халықтың  ұлттық  белгілерін  қалтқысыз 
сақтайтын  рухани  құндылықтары  қатарына  жата-
тын  халық  ауыз  әдебиеті  негізінде  қалыптасады. 
Ұлттың  рухани  құндылықтарын,  әдетте,  «ұлттың 
жаны» деп те атайды. Аталмыш деңгейде ұлттық 
тарихи  сана  жүйелі  әрі  толық  қалыптаспайды. 
Алайда,  көрсетілген  белгілер  ұлттық  тарихи  са-
наның  өзегіне  айналған  ұлттық  мінез-құлық  пен 
оның  ерекшеліктері,  адамның  дүниетанымы  мен 
ой  жүйесі,  өзін-өзі  ұстау  әдеті  мен  дағдылары, 
эмоцияны көрсету үлгілерінің қалыптасуына негіз 
болады. 
Ұлттық тарихи сананың үшінші деңгейі ұлт-
тық  тарихи  құндылықтарға  жататын  археологи-
ялық  ескерткіштермен  танысу,  өнер,  кескіндеме, 
театр,  кино  туындыларын  тамашалау  негізінде 
қалыптасады.  Өнер,  кескіндеме,  театр  және  кино 
туындылары  балаға  эмоциялық  деңгейде  ықпал 
етіп,  одан  алған  әсері  көпке  дейін  адам  жадында 
сақталады [5]. Ал, осы деңгейдегі археологиялық 
ескерткіштермен  танысу  жеке  тұлғаның  дамуына 
педагогикалық  тұрғыдан  әсерінің  ерекшеліктері 
мол.
Айталық, мектепке дейінгі балалардың таным-
дық-психологиялық ерекшеліктеріне қоршаған ор-
таны тануға деген қызығушылық тереңдей түседі, 
бейіндік-қисынды  сипатта  есте  сақтау  мен  ойлау 
қабілеті  дамиды.  Көзге  көрінетін  барлық  объек-
тілерді  танып-білуге  құмарлығы  жоғары,  оның 
түрі, түсі, көлемі, жасалған материалы, жекелеген 
заттардың қолдану ерекшеліктері жайлы көптеген 
сұрақтар  қояды.  Бұл  жастағы  балалардың  қор-
шаған ортаны танудағы басты әрекеті ойын екен-
дігін  ескеріп,  экскурсия  жоспарын,  тақырыбын 
балалардың материалды қабылдау мүмкіндігі мен 
деңгейі сәйкестендіре құрастыру қажет. Сонымен 
қатар  балаларды  ашық  аспан  асты  экспозиция-
сымен  таныстыру  барысында  мұражай  экспонат-
тарын  өздері  күнделікті  қолданатын  ұғымдармен 
салыстыра отырып түсіндіру қажеттілігі туындай-
ды. Мәселен, тұрғын үй интерьерінде сыпа жайлы 
баяндағанда, тарихи салыстырмалы тәсілді қолда-
нып,  оның  қазіргі  кереует  немесе  диван  есебінде 
пайдаланылғандығын  айту,  таснауа-суағар  қазіргі 
кездегі канализация қызметін атқарғандығы баян-
дау қажет. Сонда ғана балаларда тұрғын үй инте-
рьеріндегі  ерекшеліктер  жайлы  ұғым  қалыптаса-
тындығы байқалады.      
Археологиялық  ескерткіштермен  танысуға 
6-9 жастағы оқушыларды жүйелі де тұрақты түрде 
тартуға болады. Бұл жастағы балаларға дамытушы, 
қалыптастырушы  нақты  педагогикалық  мақсат-
тары  мен  міндеттері  бар  туристік  маршруттарды 
ұсынуға болады. Әрине, ол шаралардың мазмұны 
мен тәсілдері оқушылардың жасына сай танымдық 
ерекшеліктерді ескеруді талап ететіндігі анық. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалық 
дамуы  мен  білімінің  қалыптасуы  мынадай  өзара 
байланысты үдерістер негізінде іске асатындығы-
на көз жеткіземіз. Олар: тікелей кабылдау; заттар 
мен құбылыстар ауызша сипаттауды меңгеру.
Аталмыш жастағы балаларда көбінесе мектеп-
ке  дейінгі  балаларда  болатын  танымдық  белгілер 
сақталып  қалады,  оларда  қиялға  берілушілік  пен 
әсемдікке  әуестік  және  қабылдаудың  оқыс  жэне 
тың  болуы  басым.  Олар  қоршаған  ортаға  ерекше 
сезімталдықпен  әрі  қызығушылықпен  қарайды. 
Сонымен  бірге,  оларда  көрнекі-бейнелік  ойлау 
жүйесі  сақталып,  уақыт  өте  ойлаудың  сөздік-қи-
сындық сипаты дамиды. Бастауыш сынып оқушы-
ларының  осы  ерекшелігі  ортағасырлық  қалалар-
дан табылған археологиялық жәдігерлерді көрсету 
арқылы дамытиды. Мәселен, зергерлік бұйымдар, 
етікші  құралдары,  сүйектен  жасалған  бұйымдар 
немесе  тұрғын  үй  интерьерімен  таныстыру  6-8 
жастағы балалардың осында өмір сүрген тұрғын-
дармен қиялда болса да «бірге болуы» оқушылар 
қиялының  шарықтауына  мүмкіндік  береді  және  

115
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
оларға  деген  өз  бағасын  ауызша  жеткізуге  деген 
қызығушылығы оянады. Алайда бастауыш сынып 
оқушыларының  ырықсыз  зейіні  біршама  тұрақ-
сыздығымен  ерекшеленеді.  Сондықтан  туристік 
маршрут барысында ырыкты зейінді тұрақтанды-
ратын  дағдыларды  меңгерту  маңызды.  Әйтсе  де 
туристік  маршруттар  қызықты  әрі  мағлұматтарға 
бай болуы керек, өйткені ол тарих пен өнерге деген 
қызығушылықтың артуына себепші болады.
Ал  8-9  жастағы  оқушылар  ашық  аспан  асты 
мұражайы  экпозициясын  қарай  жүріп,  тарихи 
фактілер туралы алғашқы түсініктер мен ұғымдар 
калыптастырып, солар аркылы жалпы экспозици-
яның  мазмұнына  салыстыру  мен  талдау  жасауға 
мүмкіндік  алады.  Сонымен  қатар,  олардың  мек-
тептегі  сабақ  мазмұнын  жүйелей  алуы  ашық  ас-
пан  асты  мұражайындағы  экскурсия  тақырыбын 
кеңейтуге  жағдай  жасайды,  бұл  жастағы  оқушы-
ларға экпозициядан немесе жеке экспонаттан алған 
әсерін ауызша түрде баяндау түрлеріне басымдық 
беру керек болады. Бастауыш сынып оқушылары-
ның өзін қоршаған ортаға деген қатынасы саналы 
бола бастағандықтан да экскурсия барысында ар-
хеологиялық ескерткіштер арқылы оқушының мә-
дени құндылықтарды саналы түрде игеру дағдыла-
рын қалыптастыруға мән берілуі қажет. Аталмыш 
сипаттағы  экскурсияның  жалпы  мақсаты  ашық 
аспан асты мұражайын аралауға деген ішкі қажет-
тілікті, тарихи және мәдени құндылықтардың бірі 
ретінде  мұражай  жәдігерлеріне  ұқыпты  көзқарас 
қалыптастыру, олардың бойында мұражай мәдени-
етін қалыптастыру болмақ. 
Бастауыш сынып оқушыларымен ашық аспан 
асты  мұражайларында  жүргізілетін  экскурсиялық 
жұмыстарды  олардың  көзбен  көріп  қабылдаған 
мағлұматтарын  бағалау,  талдау  сияқты  ойлау 
үдерістеріне  ұластыру  өте  маңызды.  Бұл  жағдай 
оқушылардың  кескіндік  қабылдауының  сезімдік 
әсерін  талдап,  жинақтап,  шығармашылықпен  қо-
рытуын дамытады. Содан да осы жастағы оқушы-
лармен экскурсия жасағанда оларға археологиялық 
ескерткіштеріне байыппен қарауына жағдай жасап, 
алған әсерлерін баяндауға ұмтылысын қолдау қа-
жет, сол сияқты ескерткіштің, экспозицияның түрі, 
түсі, мазмұны, қолданылу мақсаты, аңызы туралы 
диалог әңгіме өрбіту де маңызды.
Орта  жастағы  (10-15  жас)  мектеп  оқушылар 
балалықтан ересек кезеңге өтетін аралық жағдай-
да  болғандықтан  олардың  алдында  қалыптасқан 
адамдармен қарым-қатынас жасау түрлері өзгеріп, 
психикасы  қайта  қалыптасады.  Мектеп  бағдарла-
масында берілген ғылым негіздерін жүйелі түрде 
оқып  үйрену  оқушыдан  жоғарғы  саналылықты 
талап  етеді.  Оқу  үдерісінде  олардың  ойлау  жүй-
есі  талдамалық  сипат  алып  дербес  ойлау,  талқы-
лау, салыстыру, жинақтау жэне қорытынды жасау 
сияқты  акыл  ой  дағдылары  қалыптаса  бастайды. 
Жеткіншек  шақта  есте  сақтау  қабілеті  мен  зейіні 
елеулі өзгеріске түсіп, барынша ерікті ұйымдасқан 
сипат алып, басқарылатын үдеріске айналады. 10-
12  жаста  оқушылардың  мінез-кұлығы  мен  пси-
хикасында  «дағдарыс  кезеңі»  деп  аталатын  кезең 
басталады.  Жеткіншектің  бұл  кезеңде  мұражай 
экспонатындағы  ескерткіштерді  танып  білуі  са-
пасы жаңа деңгейге ауысады [5, 56 б.]. Яғни, жет-
кіншек үшін археологиялық ескерткіштің түр мен 
түсі, сипаты қосалқы мәнге ие болып, ендігі жер-
де оның мазмұны, атқарған қызметі басты назарға 
алына бастайды. Аталмыш себептер 10-12 жастағы 
оқушылармен жүргізілетін экскурсия бағдарлама-
сына  олардың  нақты  саласындағы  білімін  кеңей-
тетін тақырыптық тарихи циклдегі шараларды ен-
гізген тиімді екендігін байқатады.
Жеткіншек  шақтағы  тұлға  қалыптасуының 
бір  ерекшелігі  ретінде  адамгершілік  сана-сезім, 
өзіндік  санасының,  өз  әрекетінде  дербестікке 
ұмтылу  сияқты,  сонымен  қатар  жеткіншекке  бұл 
кезде ұқсауға, еліктеуге лайық «өз кейіпкерін» із-
деу  секілді  ерекшеліктер  тән  болады.  Әрине  ор-
тағасырлық  қалалар  жайлы  деректердің  көпшілі-
гі  батырлар,  хандар  өмірі  мен  қызметіне  тікелей 
байланысты болғандықтан, олар жайлы тартымды 
әңгіме  оқушының  елжандылық  сезімдерін  оятуға 
негіз болмақ. Бұл тұста оқушының ұлттық тарихи 
санасы қалыптасуының екінші деңгейіне тән бел-
гілердің  пайда  болғандығын  байқаймыз.  Алайда, 
мұғалімнің осы тәрбиелік үдерістегі басты міндеті 
аталған  сезімдерді  өшіріп  алмай,  күнделікті  са-
бақ  барысында  және  қосымша  тапсырмалар  беру 
арқылы одан әрі ұштай түсуі қажет.
14-15  жастағы  жеткіншек  кезеңінің  басты 
ерекшеліктері  оқушыларға  өмірдің  мақсаты  мен 
мәнін іздеу, кәсіптік бағыт-бағдарын айқындау си-
яқты ұмтылыстары тарихи оқиғалар мен құбылы-
стардың  мазмұнынан  өз  талғамы  мен  бағдарына 
тірек  болатын  идеалды  іздестіруге  итермелейді. 
Тұлғаның  қалыптасуында  маңызды  түрткі  болып 
есептелетін  бұл  педагогикалық  және  психоло-
гиялық  тетікті  оқу  тәрбие  үдерісінде  пайдалану 
мүғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Мысалы, 
тарихи мұражайлардағы экскурсиялық жұмыстар-
дың  әдістемесінде  жасөспірімдердің  психологи-
ялық  жас  ерекшеліктеріне  жауап  беретіндей  диа-
лог, әңгіме, пікірталас түрлері жиі колданылады. 
Студент  жастардың  ашық  аспан  асты  мұра-
жай экспозициясымен жұмыс жүргізуінде де өзін-
дік  ерекшеліктер  мол,  өйткені  студенттік  кезең 
оқушылық өмірден кәсіптік әрекетке байланысты 
ересек  өмір  салтына  ауысатын  өтпелі  сипаттағы 
бірге  оқу  мақсаты  біріктірген  әрі  құндылықтар 
жүйесі ортақ құрамы күрделі әлеуметтік топ. Соған 
сәйкес  студенттік    аудиторияға  арналған  экскур-
сияларда  мұражай  экспонатының  үш  түрлі  қыры 
ескерілуі  керек:  танымдық  (ақыл  ойды  дамыту), 
сезімдік  (мазмұндық  және  түрлік  тұтастықтағы 
мұражай  экспонатын  қабылдаудың  көрнекілік 

116
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ерекшелігі мен сезімдік ықыластылығы) және аф-
фектілік  (ескерткішке  қамқорлықпен  қарау).  Бұл 
психологиялық  сапалардың  арақатынасы  аудито-
рияның,  топтың  интелектуалдық  деңгейіне  және 
жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. 
Ашық  аспан  астындағы  мұражайларда  ар-
найы  оқу  бағдарламасымен  ұштастырыла  жүр-
шізілетін  жұмыстар  тізбегін  ЖОО  студенттері 
жалғайды.  Студент  жастармен  ашық  аспан  асты 
мұражайларда  жұмыс  жүргізуді  педагогикалык 
үдеріс  ретінде  қарастырудың  да  өзіне  тән  ерек-
шеліктері болады. Атап айтқанда, «жеке тұлғалық 
тұрғыдан  қарастырғанда  бұл  жаста  адамгершілік 
және  эстетикалық  сезімдердің  барынша  белсенді 
дамып, мінез-құлықтың қалыптасуы мен тұрақта-
ну  кезеңі  және  аса  маңыздысы,  ересек  адамның 
азаматтық,  қоғамдық-саяси,  кәсіптік-еңбектік, 
әлеуметтік  іс-әрекеттер  кешенін  меңгеру  кезеңі» 
[6, 89 б.] болғандықтан студенттердің оқу–тәрбие 
үдерісінде  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  пайда-
лану  мазмұны  барынша  өткір  мәселе  ретінде  қа-
растырылуда. Ашық аспан асты мұражайларының 
білім беру қызметі студенттердің танымын кеңей-
тіп, оларды рухани тұрғыдан баюына және отан та-
рихы саласындағы білім деңгейін көтеруге септігін 
тигізеді. Отан тарихындағы айтулы оқиғаларға ар-
налған тақырыптық экскурсиялар - тарихи оқиға-
лар  мазмұнына  талдау  жасап,  ой  қорытуларына 
ықпал  жасайды.  Осы  аталған  факторлар  ұлттық 
тарихи сананың үшінші деңгейіне өтуге мүмкіндік 
береді. 
Нәтижесінде ашық аспан асты мұражайлар ба-
засында өткізілген экскурсиялық сабақ барысында 
студент  тарихи  жәдігердің  түпнұсқамен  тікелей 
танысуы,  нақты  ескерткіштің  мысалында  тари-
хи-салыстырмалы,  көркемдік-эстетикалық  талдау 
жасауы,  тарих  мазмұнының  көркемдік-бейнелік 
жүйесін  түсінуі,  ұлттық  мәдени  қүндылықтарды 
игеруі  арқылы  білім  мазмұнынан  алған  тарихи 
мәліметтерді  тарихи  сана  даңгейінде  меңгеруіне 
мүмкіндік жасалады. 
Қорыта  айтқанда,  ашық  аспан  астындағы 
мұражайларда  жүргізілетіп  педагогикалық  жұ-
мыстарда  тарихшы  маман  басты  рөл  атқарады. 
Сондықтан  да  болашақ  тарихшы  маманның  кәсі-
би  бағдарлылығын  қалыптастыруда  тарихи  сана, 
ұлттық  құндылықтар  жүйесін  білімдік  тұрғыда 
ғана  емес,  оны  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдалану-
дың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  сияқты  қолданбалық 
сипатқа да баса мән берілгені бүгінгі бәсекеге қа-
білетті маман дайындаудың талабынан туындайды.
Әдебиеттер
1.  Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. – Алматы.: «Жібек жолы», 2010. – 232 б.
2.  Столяров Б.А. Музейная педагогика. История, теория, практика: Учебное пособие. – М.: Высшая школа, 
2004. – 216 с. 
3.  Троянская С.Л. Музейная педагогика и ее образовательные возможности в развитии общекультурной компе-
тентности: учебное пособие. -Ижевск: Ассоциация «Научная книга», 2007. - 131 с.
4.  Е.С.Ысқақов. Тарих сабағында өлкетану арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу // Қазақстан тарихы әдісте-
мелік журнал, ақпан 2 (31) 2006, 74-82 бб.
5.  Бойко А.Г. Музейно-педагогическая интерпретация психологической концепции визуального мышления // Ху-
дожественный музей в образовательном процессе. -  СПб., 1998. – 210 с.
6.  Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М., 1977. – 334 с.
 

117
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет