I. «Бейнелеушілер» байқауы



бет1/8
Дата18.04.2023
өлшемі19,74 Kb.
#83630
  1   2   3   4   5   6   7   8

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНА ЖӘНЕ ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНА АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ


I. «Бейнелеушілер» байқауы
1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың шығармашылық және сурет салу жарысы.
2. Мақсаты – қазақ әдебиетіндегі шығармаларды (ертегі, батырлар жырын) жаңа форматта жандандыру.
3. Шарты: қатысушылар комикс жанрында сурет салу қабілеті және қазақ әдебиетіндегі шығармаларды жақсы білуі керек.
4. Қатысушыға 10 дана А4 форматтағы қағаз беріледі.
5. Қатысушы бүкіл қаламдарын өздері әкеледі. (түрлі түсті немесе тек түсті қаламдарды қолдана отырып салады.Акварель, сулы бояу, майлы бояу рұқсат етілмейді.)
6. Суретті салуға берілетін уақыт мөлшері – 4 сағат.
7. Нақты қай шығарманы комикске айналдыратыны туралы, жарыс алдында ұйымдастырушылар тарапынан беріледі.
Оқушыларға алдын ала оқып келу үшін (шамамен 1 апта бұрын) 10 шығарма беріледі*. Олимпиада күні 10 шығарманың үшеуі ғана келеді. Оқушы тек біреуін таңдап, комикс үлгісінде сурет салады.


* Қазақ тобы мен өзге ұлт тобының тапсырмалары әр түрлі болады.

Мазмұн

Бейнелілік

Жалпы

Жалпы салынған дүниенің түпнұсқа мазмұнына сай болуы

Комикстегі кадрлардың қайталанбауы (Мизансцена)

Кейіпкердің қазақы болмысқа сай болуы

Суреттің композициясы (симметриясы, динамикасы, кадрлардағы сурет пен кейіпкер сөздерінің орналасу бойынша ұйқастығы/үйлесімі)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет