облыстық байқауы «Үздік панорамалық сабақ»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата08.01.2017
өлшемі8,83 Mb.
#1403
түріСабақ
  1   2   3   4   5

ұ   с   т   а   з   ы

А қ п а р а т т ы қ ,   т а н ы м д ы қ   ж ә н е   ә д і с т ем ел і к   б а с ы л ы м

Ж А Й Ы Қ

«Үздік 

панорамалық 

сабақ» облыстық 

байқауы

«Үздік 

панорамалық 

сабақ» облыстық 

байқауы

«Өрлеу» тынысы - Новости «Өрлеу»

№18 (299)

13 қараша,

 2014 жыл

 

Б а с т а у ы ш   с ы н ы п   м ұ ғ а л і м д е р і   о л и м п и а д а с ы

Б а с т а у ы ш   с ы н ы п   м ұ ғ а л і м д е р і   о л и м п и а д а с ы

“Дінтану негіздері”

“Облыс мектептерінде - В школах области”

Әдістемелік  қызмет  –  бұл  білім  беру 

оркестріндегі ең маңызды құрал. Онда тек кәсіби 

маман ойнайды. Кәсібилік – әр әдіскердің ерекше 

қыры. 

 

 



 

   М.М.Поташник

2014 жылдың 20-23 қазан күндері Алматы 

қаласында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық 

ортағығы» АҚ ұйымдастыруымен Республикалық 

«Үздік жыл әдіскері» байқауы өтті. Байқаудың 

тақырыбы  «12  жылдық  мектептің  әдіскері». 

Бұл  байқау  барлық  деңгейдегі  әдіскерлердің 

инновациялық кәсіби-мәнді тәжірибесін айқындау, 

тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру, білім 

беру жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік 

және кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебесін 

көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

П

едагог  мамандардың  құзыреттілігін 



қалыптастыратын  әдістемелік  қызмет 

болса, сол әдістемелік қызметті сапалы да, тиімді 

ұйымдастыру әдіскер ұстаздардың құзыреттілігінің 

жұмысы. Ұстаздар қауымының кәсіби біліктерін 

үнемі көтеріп, олардың теориялық білімі мен 

әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың 

озық әдістемелік тәсілдерімен қаруландыра оты-

рып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету 

әдіскердің негізгі міндеті.

Қ

азақстан Республикасы білім және ғылым 



министрлігі  «Өрлеу»  біліктілікті  арт-

тыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының 

ұйымдастыруымен оздырылған бұл үлкен шараға 

еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген алдыңғы 

қатарлы, озық ойлы педагог-әдіскерлер қатысты.  

Еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы 

қалаларынан үздіктердің үздігі атанған 89 әдіскер 

республикалық кезеңде өз шеберліктерін сынады. 

Байқаудың І сырттай кезеңіне қатысушы әдіскерлер 

ережеге сай, байқауға қатысуға өтініш, «Әдіскер... 

Мамандық?... Қызмет?... Бейімділік?» тақырыбында 

эссе, бейнебаян және әдістемелік электрондық порт-

фолио тапсырды. 

21 қазан күні республикалық «Үздік жыл 

әдіскері» байқауының ашылу салтанаты Алматы 

қаласы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық 

медицина университетінің салтанат залын-

да өтті. Ең алдымен «ХХІ ғасыр әдіскері – 

білім беру жүйесін жаңғыртудың қозғаушы 

күші» атты көрме ұйымдастырылды. Одан 

әрі «Өрлеу» БАҰО АҚ директорлар кеңесінің 

төрағасы М.А.Әбенов, «Қазақстан Еңбек ері» 

атағының тұңғыш иегері А.Т.Миразова, және 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы пе-

дагогика ғылымдарының докторы, профес-

сор Г.К.Ахметова құттықтау сөз айтып, атал-

мыш шарада әдіскерлердің шығармашылығы 

мен  біліктілігін  арттырудағы  ерекше 

рөлін атап өтті. Кеш әр облыстан келген 

әдіскерлердің шеруімен жалғасып, үлкен 

концертпен аяқталды. Байқаудың әр сек-

циясына төрелік жасайтын әділқазылар 

алқасының төрағаларымен таныстырды. 

Шараның ІІ кезеңінің 1-ші тапсырмасы бой-

ынша секциялық жұмыстар басталып кетті, 

содан соң «Алматы – ару қала» саяхатына 

ұласты.

Б

айқаудың  екінші  күні  секциялық 



жұмыстардың ІІ кезеңнің 2-ші және 3-ші 

тапсырмалары жалғасын тапты. 

Б

айқаудың  барысында  6  секция  жұмыс 



жасады:  мектепке  дейінгі  білім  беру 

ұйымдарының әдіскерлері; жалпы орта білімге 

жетекшілік жасайтын аудандық әдістемелік каби-

нет әдіскерлері; техникалық және кәсіптік білім бе-

ру әдіскерлері; мектептен тыс қосымша білім беру 

ұйымдары әдіскерлері, Жоғарғы оқу орындарының 

әдістемелік бюросы мүшелері және «Өрлеу» 

БАҰО» АҚ филиалдарының инновациялық дамуды 

әдістемелік қамтамасыз ету бөлімдерінің маманда-

ры. Әр бағыт бойынша байқау бірнеше тапсырма-

дан тұрды. Байқаудың бағдарламасына сай өзін-өзі 

таныстыру, шеберлік сынып көрсету, әдістемелік 

жұмысының презентациясын жасау, жоба қорғау, 

ғылыми педагогикалық мақаланы рецензиялау, оқу 

бағдарламасына сараптама беру және т.б. тапсыр-

маларда әдіскерлер өз шеберліктерін, кәсібилігін 

көрсетті. 

А

талмыш байқауға Батыс Қазақстан об-



лысы  атынан  облыстық  кезеңнің 

жеңімпаздары - білім беру ұйымдарының ең үздік 

әдіскерлері қатысты. Облыстың намысын қорғау 

үшін үкілеп жіберген әдіскерлер туралы айта кет-

сек, Ш.Сабирова – Ақжайық ауданы “Айгөлек” 

мектепке дейінгі ұйымның әдіскері. Аудандық 

білім беру жанынан құрылған шығармашылық 

топтың және аттестациялық комиссияның мүшесі. 

Адал енбегі үшін грамота мен алғыс хаттардың 

иегері. Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйым 

тәрбиешілеріне әдістемелік көмек көрсетуде аян-

бай еңбек етіп жүрген жан. Әдіскердің 10-ға жуық 

мақалаcы облыстық, республикалық басылым-

дарда жарияланған. Г.Таменова – Бөрлі аудандық 

білім беру бөлімінің математика, физика және ин-

форматика пәндері бойынша әдіскер. Облыстық 

деңгейдегі көптеген марапаттардың иегері. Оның 

ұстанымы Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Өзіңе сен, 

өзіңді алып шығар, Білімің мен ақылың екі жақтан». 

Көптеген мақалалары облыстық, республикалық 

басылымдарда жарық көрген. А.Аймаганбетова – 

Орал қаласы, Жоғары техникалық мектептің оқу-

әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың 

орынбасары, облыстық байқаулардың бірнеше 

дүркін жүлдегері. Облыстық, республикалық 

деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға 

қатысып, озық инновациялық тәжірибесі тара-

тылды. Б.Габсатарова – Ақжайық ауданы, Ба-

лалар  шығармашылық  орталығы  әдістемелік 

бөлімнің меңгерушісі. Оқушылардың өнерге де-

ген құштарлығын оятып, әсемдікке баулып, ой-

өрістерін кеңейту, іздемпаздық пен шығармашылық 

қасиеттерін дамыту жолында аянбай еңбек етіп 

жүрген жан. Оның шәкірттері республикалық, 

халықаралық байқаулардың жеңімпаздары ата-

нып  үлгерді.  “Үздік  мектептен  тыс  мекеме”, 

“Үздік  жазғы  тынығу  лагерін  ұйымдастыру” 

байқауларының Гран-при иегері. А.Ермекова – 

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аға оқытушысы, 

инновациялық-әдістемелік жұмыстары бойынша 

жетекші маман. Кәсіби білім беру сапасын артты-

руда аянбай еңбек етіп, өзінің сүбелі үлесін қосып 

жүрген жан. Халықаралық және республикалық 

көлемде 30-ға жуық ғылыми еңбектері жариаланған. 

С.Шагиров – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық 

орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ба-

тыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету 

бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. «Smart 

learning» жобасының жұмыс тобы мүшесі. smart.

orleuzko.kz сайтының құрастырушысы. Жас әрі, 

болашағынан үміт күттіретін қызметкер.

А

талмыш байқаудың марапаттау сәтінің ал-



дында әр секцияның әділқазылар алқасы 

төрағаларының қорытынды сөзінде Батыс Қазақстан 

облысынан келген әдіскерлердің жұмыстарына 

жоғары баға берді. 

Б

айқаудың соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ 



басқарма  төрайымы  п.ғ.д.,  профессор 

Г.К.Ахметова байқаудың жеңімпаздарын бағалы 

сыйлықтармен және ақшалай сыйақылармен ма-

рапаттады. Бірінші секция бойынша ІІ дәрежелі 

дипломмен Шолпан Сабирова, келесі секцияда 

««Креативті әдіскер» номинациясымен Гүлжихан 

Таменова, келесі секция бойынша «Ең жас әдіскер» 

номинациясымен Анар Аймаганбетова, 4-ші сек-

ция бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Ботагөз Габ-

сатарова, ЖОО секциясы бойынша Асемгүл Ерме-

кова «Креативті әдіскер» номинациясымен және 

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету 

бөлімдері секциясында «Ең жас әдіскер»  номина-

циясымен Самат Шагиров марапатталды. Осын-

дай байқаулар әдіскерлерге кәсіби шеберліктерін 

шыңдауға,  озық  инновациялық  тәжірибесін 

таратуға, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік береді. 

Қорыта келе байқауға облысымыздан барған барлық 

әдіскерлер жүлделі орындар мен номинацияларға ие 

болып, мерейлері үстем болды. 



Айша МАХМЕТОВА,

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО 

ПҚ БАИ» Инновациялық  дамуды 

әдістемелік қамту бөлімінің бас маманы

Әдіскерлердің мерейі үстем болды

Әдіскерлердің мерейі үстем болды

Батыс  Қазақстан облыстық білім 

басқармасының  мектепке дейінгі, жалпы 

орта, техникалық және кәсіптік білім бе-

ру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің  ұйымдастыруымен  2014 

жылдың 24 қазанында «Дінтану негіздері» 

факультатив  курсы  бойынша  «Үздік 

панорамалық сабақ» облыстық панорамалық 

сабақтар байқауы өткізілді.

Байқаудың  мақсаты  –  білім  бе-

ру  ұйымдарында  шығармашылықпен 

жұмыстанатын педагогтардың мәртебесін 

көтеру,тәжірибелерін насихаттау және 

қолдау.

Байқауға аудандық, қалалық кезеңде 

жеңімпаз атанған 16  қатысушы сынға 

түсті. Байқау 2 кезеңнен құралды.

1 кезең – аудандық кезең - іріктеу, 2 кезең 

– облыстық – бұл кезеңде қатысушылардың 

байқау материалдары қарастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша: Бірінші 

орынды  Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 

4 жалпы білім беретін орта мектебінің 

тарих пәнінің мұғалімі Есетова Анаргүл 

Есқарақызы қанжығасына байлады. Екінші 

орынды Ақжайық ауданы  №1 Чапаев жалпы 

білім беретін орта мектебінің тарих пәнінің 

мұғалімі Набиденова Айнұр Нұртазайқызы 

жеңіп алды. Үшінші орынды Теректі ауда-

ны Подстепный қазақ жалпы білім беретін 

орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі 

Нығметов Берік Задагерейұлы иеленді.

Байқаудың  қазылар  алқасының 

құрамында БҚО Дін істері басқармасының  

дінтану сараптамасы, мониторинг және 

ақпараттық  талдау  бөлімінің  басшы-

сы,  тарих  ғылымдарының  кандидаты  

С.М.Гиззатов, мектепке дейінгі, жалпы 

орта, техникалық және кәсіптік білім бе-

ру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің  директоры  А.О.Хамзина, 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық 

орталығы» акционерлік қоғамының фили-

алы «Батыс Қазақстан облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін 

арттыру институты» Инновациялық 

технологиялар және жаратылыстану-

ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту 

әдістемесі  кафедрасының аға оқытушысы 

Г.Е.Тасқалиева, мектепке дейінгі және 

жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы 

К.М.Мусина жұмыстанды.

Байқауға қатысушылар облыстық білім 

басқармасының дипломдарымен,   бағалы 

сыйлықтармен марапатталды.

  

Динара ШАКАЕВА,



МДЖОТжКББҰООӘК тарих 

және қоғамдық пәндер негіздері 

бойынша әдіскері

Мектепке дейінгі, жалпы орта, 

техникалық және кәсіптік білім бе-

ру 


ұйымдарының 

облыстық 

оқу-әдістемелік 

кабинетінің 

ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып 

мұғалімдерінің олимпиадасы» 2014 

жылдың 22 қазанында қалалық №1 

ЖББОМ  мектеп ба-

засында өткізілді. 

Олимпиаданың 

негізгі мақсаты- ба-

стауыш буында білім 

мен тәрбие берудің 

бағыттарын  жан-

жақты меңгерген, 

психология, педа-

гогика ғылымдары 

жетістіктерін 

тәжірибеге 

енгізе 


отырып, 

шығармашылықпен жұмыс жасап 

жүрген мұғалімдерді анықтау.

Олимпиаданың І кезеңі екі 

бөлімнен:  мұғалім  портфолио-

сы және  құқықтық, педагогика-

психологиялық 

білімдерін, 

санитарлық-гигиеналық талаптар 

және пәндік білімдерін  анықтау 

бағытында тест тапсырмаларын 

орындау.  

Олимпиаданың  ІІ кезеңі екі 

бөлімнен  -  І  бөлімде  «Ізденіс. 

Шығармашылық. 

Нәтиже» 


тақырыбындағы  жоба  қорғау; 

ІІ  бөлімде    «Шебер  сынып»  

сабақ  үлгісін  шығармашылық 

шеберлікпен көрсету.

Олимпиада әділқазылар мүшелері  облыстық 

оқу-әдістемелік кабинеті МДжЖОББ бөлімінің 

басшысы К.М.Мусина, "Өрлеу"БАҰО"АҚ фи-

лиалы "БҚО ПҚБАИ" "Мұғалімнің кәсіби да-

муын  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

кафедрасының" аға оқытушысы Р.Өмірзақованың  

ұстаздар  қауымын  құттықтау  сөзімен  ба-

стау алып, қалалық №1 ЖББОМ бастауыш сы-

нып оқушыларының музыкалық сәлемдемесімен 

жалғасын тапты.

Дүниетанымы кең, жан-жақты, ой-өрісі биік да-

рынды ұрпақтың талабын одан әрі ұштауды мақсат 

еткен 13 қатысушы  ұстаз олимпиада ережесіне сай 

бақ сынаса отырып,  жүлделі орындарды иеленді. 

Қатысушыларға арнайы Диплом мен бағалы 

сыйлықтар табысталды. 

Олимпиада  нәтижесінде  –  Бас 

жүлдені Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №1 

мектеп- балабақшасының мұғалімі Оме-

льяшко Виленина Петровна иеленді.

1 орын - Тасқала ауданы, Тасқала 

ауылы 


Қ.И.Сәтбаев 

атындағы 

ЖББОМ мұғалімі Тілегенова Шолпан 

Мақсұтқызы.

2  орын  -  Орал  қаласы,  №34 

ЖББОМ мұғалімі Бекенова Ботагөз 

Бақтығалиқызы.

3  орын  -  Ақжайық  ауданы, 

М.Абдолов атындағы НББОМ мұғалімі 

Бустекова Венера Гарифқызы.

«Шығармашыл ұстаз» - Жаңақала 

ауданы, №3 ЖББОМ мұғалімі Сатыбалдиева Да-

ния Ахметқалиқызы.

«Шебер ұстаз» - Орал қаласы, №8 ЖББОМ 

мұғалімі Айтанова Мирамгүл Ирсайынқызы.

«Ізденімпаз ұстаз» - Бөкей орда ауданы, 

Жәңгірхан атындағы ЖББОМ  мұғалімі Аксенова 

Альфия Ринатовна.

«Жаңашыл  ұстаз»  -  Жәнібек  ауданы, 

А.Оразбаева  атындағы ЖББНМ мұғалімі Акишева 

Айымжан Казбекқызы.

        Гүлсара ДӘУЛЕТОВА,

Тасқала аудандық әдістемелік 

кабинетінің бастауыш сыныптар 

бойынша әдіскері


Өр тұлғасы маңғаз, кербез, сымбатты,

Ұларлы жер баба сырын тыңдатты.

Бар қазаққа орда болған ақжолтай,

Жер табылмас Ұлытаудан қымбатты. 

Ақын Кәкімбек Салықовтың жыр жолдарын 

арнаған бар қазақтың ұлағатты Ұлытауына келіп, 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ғасырлық маңызы бар 

сұхбатын сүйсіне тындадық.

Елбасының  Ұлытау  төріндегі  ұлағатты 

сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. 

Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, мәдениеті, 

экономикасы мен болашағы жайында айтқан 

келелі пікірлеріне еліміздің әр тарапындағы 

зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін 

білдіруде.  Ұлытаудағы  сұхбатта  айтылған 

тұжырымдарды оқып үйренуге арналған «Ұлытау 

төріндегі ұлағат» тақырыбында Тайпақ мектеп-

гимназиясында ғылыми-машықтық конференция 

сабағы өткізілді. 

Ұлытаудағы  сұхбатында  Елбасы  Қазақ 

мемлекеттілігі болған, болмаған деген неше 

түрлі сыңаржақ пікірлер айтылып жатқан кез-

де, өзінің келелі пікірін білдірді. «Қазақтың 

ен даласының қай шетіне барсаң да осындай 

қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Бе-

рел қорғаны, Орталыққа келсең – қалмақтармен 

соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. 

Батысқа барсаң -  Алтын Орданың хандары 

тұрған Сарайшық, Оңтүстікке барсаң – Түркістан 

тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. 

Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жа-

старымыз оны біле бермейді. Біз тарихымызды 

жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың та-

рихы өте бай. Оны білуіміз керек» деген болатын.

Ұлытау – Сарыарқаның оңтүстік-батысында 

орналасқан,  Қазақстанның  географиялық 

орталығы,  ата-бабаларымыздың  атамекені. 

Қазақ халқының тарихында үш жүздің басы 

қосылып біріккенінің куәсі ретінде қазақтың бар 

руы таңбаларын тасқа ойып салған тарихи жер. 

Шыңғыс ханға ұлы Жошының қазасын жеткізген 

атақты «Ақсақ құлан» күйі (ХІІІғ.) осы жерде 

дүниеге келген. Тәуке ханды ақ киізге көтеріп хан 

сайлаған. Ел қамын жеген Едіге батыр осы жерде 

жерленген. Алаша хан мен Жошы хан мазарлары 

да осы жерде.

Ұлытауға кіре берістегі төбенің басына 

Ұлытаудың белгісін қоймақ ниетпен 1993 жы-

лы Елбасымыз Н.Назарбаев келіп: «Бұл белгіні 

төртеу қылып орнату керек, біздің 4 құбыламыз 

берік, бүтін болсын, бір қазақтың баласын 

бөлмейік»-деп көреген идея айтқан болатын. 

Қазір сол 4 құбыланы түгендеп тұрған биік 

мұнара елдің іргесінің бүтіндігі мен ұлттың 

бірлігінің символы десек болар.

Ұлытау  –  тарихы  ғасырлардың  терең 

қойнауына кетеді, ел басына күн туған шақтарда 

халқымызға пана болған, хандарымыз өз орда-

ларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз ба-

старын қосып, елдік мәселелерді шешкен, киелі 

де құнарлы, әрі қазыналы өлке. Құдіретті Ақсақ 

Темір әскерлері осы маңда  темір қорытқаны ту-

ралы «Алтын шоқы» тауында тасқа қашап белгі 

қалдырған.

Меніңше, «орыстарға Кремль қаншалықты 

қасиетті көрінсе, қазақ елі үшін Ұлытау да 

соншалықты қадірменді» деген ғұлама ғалым 

Қаныш  Сәтбаев  бұл  жерді  жаяу  аралап, 

көптеген пайдалы қазбаларды ашқан. Ұлытау 

өңірінде қазба байлықтар мыс: қорғасын, ал-

тын, күміс, темір, көмір, вольфрам, мұнай, газ, 

марганец қорлары бар. «Жоғарғы Қайрақты» 

кен орнында дүниежүзілік вольфрам қорының 

30%-ы шоғырланған.

Мемлекет  басшысы  өзінің  ұлағатты 

сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының 

арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан 

кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін 

Алтын Орда орнығады. Сөйтіп хандық дәуірге 

ұласып, кейін біртіндеп тәуелсіздікке келіп 

тіреледі» деп, бар қазаққа ой салатын, керек 

десеңіз парыз саналатын үлкен мәселені алға 

тартты.


 «Менің арманым, ойым Қазақстанның 

мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген 

идеяны ұсындым. Мәңгілік Ел болу үшін бәрін 

жасап жатырмыз» – деді сұхбатында Елбасы. 

Елбасының Ұлытауда айтқан ойлары ел 

мен жерге деген құрметті арттырудың өнегесі 

әрі сол жерде туып-өскен, Отанға жан аямай 

қызмет еткен ата-бабаларымыздың салып кет-

кен өнегелі жолын ардақтай білудің де ғажайып 

үлгісі болды деп есептейміз.

Оқушылардың қатысуымен Елбасымыздың 

Ұлытау төрінде болған ұлағатты сұхбатынан 

туындайтын жаңа тұжырымдарды талқылауға 

арналып, «Ұлытаудың табиғаты, географиялық 

орны,  пайдалы  қазбалары»  туралы 

(Д.Мақсотова), «Ұлытау тарихы. Ұлытау деп 

неге аталған?» (Қ.Гинуллин), «Қазақ елінің ата 

тарихы»   (Б.Бақтығали), «Ислам дінінің казіргі 

қоғамдағы орны» (Е.Садықов), «Қазақ тілінің 

мәртебесі. Тіл – татулық тірегі» (А.Болатова) 

тақырыбында баяндама жасалды.

Конференцияның жүру барысында «Ақсақ 

құлан» күйі және продюсер Қ.Болмановтың 

«Ұлытау» 

тобының 

орындауындағы 

«Сарыарқа», «Жұмыр қылыш» күйлеріне қоса, 

ақын Қ.Салықовтың «Ұлытау», Н.Айтұлының 

«Мәңгілік ел белгісі» поэмалары оқушылардың 

орындауында  тыңдалды.  Слайд  арқылы 

Ұлытаудың табиғаты, тарихи-археологиялық 

ескерткіштері көрсетілді.

Ғылыми-машықтық конференцияны ұйым-

дастырушы Тайпақ мектеп-гимназиясының 

жоғарғы санатты ұстазы, география пәнінің 

мұғалімі І.Мүрсәлімова: Біз Ұлытау басындағы 

ұлағатты толғанысты дұрыс ұғынуымыз ке-

рек. Елбасымыз: «Заман өтеді, уақыт алға жыл-

жиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. 

Бірақ ата-бабаларымыздың жері осылай кере-

мет болып қала береді. Осындай әулиелі жер-

ден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолы-

мен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол. 

Мәңгілік Елдің жолы» - деген болатын. Алдағы 

уақытта да осы ұлағатты сөздерді терең зерде-

леп, ел өмірінде, халық тағдырында елеулі орын 

алатын оқиғаларға байланысты тақырыптық 

басқосуларды өткізіп тұруды дәстүрге айнал-

дыруымыз қажет деп, өз ойын ортаға салды. 

Бас қосуға қатынасушы оқушылар мен ұстаздар 

мазмұнды өткізілген маслихатқа ризашылығын 

білдірді. 

Ұлтты тәрбиелеп, білім беретін мектептің 

мәртебесін көтеру – ұлтымыздың бүгіні мен 

болашағы үшін аса маңызды мәселе екенін 

бағамдау әр азаматтың ұлт алдындағы парызы 

деп түсінгеніміз жөн.

Динара ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Тайпақ мектеп-гимназиясы 

жаратылыстану пәндері бірлестігінің

 жетекшісі, биология пәні мұғалімі,

Ақжайық ауданы

 

2

Жайық ұстазы

13 қараша, 2014 ж.

Д і н і ң д і   с а т п а , 

с а л т ы ң д ы   с а қ т а

Ақиқат пен адасушылық

Қазақстанда соңғы он жыл ішінде көптеген 

жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауы 

байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан 

діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа 

діндер шетелдік миссионерлер арқылы елімізде 

көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше 

көрсеткен кезі ХХ ғ. 90-жылдары, алайда жаңа 

діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде 

басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің 

арқасында ориенталистік бағыттағы (кришна-

иттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная ме-

дитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың 

харизматтық тармақтары және басқаларының 

әсерлері байқала бастады.

Бұл кеңестік коммунистік идеология толты-

ра алмаған рухани вакуум мен Қазақстандағы 

дәстүрлі діндер қызметінің әлсіздігінен еді. Жаңа 

діни ағымдардың өкілдері әр адамға өз ілімдерін 

жалықпай насихаттау мен жаппай дінге тарту 

науқанын бастап кетті.

Ғылыми 


әдебеттерде, 

мемлекеттік 

органдардың қызметтерінде, көпшілік санада 

діндерді дәстүрлі және дәстүрден тыс деп бөлу 

қалыптасты.

Дәстүрлі діндерге Қазақстанда суниттік 

исламның ханафи мазхабы мен православиелік 

христиан діндері жатты. Өзге этникалық топ-

тар үшін католицизм, протестантизмнің кейбір 

бағыттары (мысалы, лютерандық) және иудаизм 

дәстүрлі дін болып саналады. Осылайша негіздеу 

олардың ұзақ тарихи уақыттарда таралуы, нақты 

дінді белгілі бір этноспен бірге қарастыру, 

сәйкесінше ұлттық тарих пен мәдениетпен (ислам 

– казақтар, өзбектер, татарлар және т.б.; правосла-

вие – орыстар, украиндықтар, белорустар; католи-

цизм – поляктар, немістер, латыштар; лютерандық 

– немістер; иудаизм – еврейлер және т.б.) бірлікте 

қарастыру. Дәстүрлі дінді ұстанушылық отбасын-

да ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дін ұлттық болмыс 

пен мәдениетті сақтаушы ретінде қаралады.

Дәстүрлі  емес  діндерге  салыстырмалы 

түрде жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХ 

ғ.ғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ ағымдар 

жатқызылады. Олардың діни ілімі нақты мем-

лекет немесе халық тарихымен терең байла-

ныспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін сана-

лы түрде мемлекет пен қоғамда басым діндерге 

қарсы қояды. Көп тараған пікірлер бойынша, 

дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық 

догматтарға қайшы болып келеді. Олардың 

көптеп таралу құралы белсенді миссионерлік 

қызмет болып табылады.

Қазіргі таңда жалған діни ағымдардың ар-

бауына ұшырайтындар негізінен жастар болып 

келеді. Әлемдік ғалымдардың зерттеуінше, бүгінгі 

діни экстремист пен террористердің орташа жасы 

27-29 жасты құрайды. Ең қызығы олардың басым 

бөлігі жоғары білімді, әлеуметтік тұрғыдан ерек-

ше қорғалған болып келеді. Күнделікті жұмыс ба-

рысында түсінгеніміз, жастардың теріс ағымдарға 

кетуінің басты себебі – бұл діни сауатсыздық. 

Бас бостандығынан айыру орындарында жаза-

сын өтеп жүрген қаракөз бауырларымыздың 

бірауыздан мойындайтындығы да осы мәселе.

Жастардың теріс діни ағымдардың ықпалына 

түсу жолдары да әр түрлі. Ең бірінші орында 

ғаламтор тұр. Өйткені үйден шықпай-ақ қажетті 

мәліметтерге қол жеткізуге үйренген жастар діни 

сайттарды аралап, деструктивті діни ағымдарға 

тап болады.

Екіншіден,  жалған  діни  ағымдардың 

өкілдерінің уағыздары арқылы рухани торға 

килігеді.  Бауырластыққа,  жанашырлыққа 

негізделген қатынастарға иланған жастар сол 

ағымның идеологиясын сіңіріп алады.

Үшіншіден, туыстарының, ағайындарының 

әсері аса маңызды рөл ойнайды. Әсіресе, әйел 

адамдар, бойжеткендер өз жарының әмірімен жат 

дінді қабылдауға мәжбүр. Осы орайда олардың 

шиеттей балаларында еш таңдау болмайтындығы 

айдан-анық.

Жалпы осы жалған діни ағымдармен қалай 

күресуге болады? Біріншіден, халықтың діни 

сауаттылығын арттыру қажет. Қазіргі таңда 

атеистік білім алған аға буын бір жақта, «таза 

дінді» ұстанушы жастарымыз екінші жақта жүр. 

Олардың арасындағы айырмашылықты мейлінше 

қысқарту күн тәртібінде тұрған мәселе.

Екіншіден, ата-аналар тарапынан өз бала-

ларына ерекше назар аударылуы тиіс. Өйткені 

өз өмір тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, 

ұл-қыздары намазға жығылса, дұрыс жолда 

жүр деп санаған ата-аналар өз балаларының 

шын мәнісінде жалған діни ағым ықпалында 

жүргендігін білмейді. Жалпы діннен хабары 

бар адамның ислам бағытындағы радикалдық 

ұйымдардың да намаз оқитындығын, өзге де әдет-

жоралғыларды орындайтындығын білетіндігіне 

шүбә келтірмейміз. Сонымен қатар балаларының 

қандай  сайттарды  аралап  отырғандығы  да 

қадағаланбайды.

Үшіншіден, азаматтық белсенділікті арттыру 

қажет. Мысалы, ғасырлар бойы қазақ даласында 

үстемдік еткен ақсақалдар институты қазіргі за-

манда ауадай қажет болып тұр. Өйткені ауылдың 

тентегін сабасына түсіретін де, діни адасқандарды 

дұрыс  жолға  салатын  да  көнекөз  қариялар 

болмақ. Сонымен қатар, азаматтық белсенділікке 

заңсыз діни әдебиеттерді таратушы миссионер-

лер, жалған дінді уағыздаушы келімсектер тура-

лы құқық қорғау және дін саласындағы өкілетті 

органдарға хабарлауды жатқыза аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет