I кіріспе II негізгі бөлім



бет1/6
Дата05.01.2023
өлшемі81,58 Kb.
#60487
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқушылардың психологиялық негіздері және есте сақтау қабілетінің ерекшеліктері
Орындаған: Адилова Жасмин Оркенқызы
Тобы: 4аКШК
Тексерген: Куанышева А.Е.

Орал 2023
Мазмұны


I.КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Оқушылардың психологиялық негіздері
1.2Есте сақтау жөнінде жалпы түсінік
1.3. Бастауыш сынып жасында есте сақтау қабілетінің өзгерістерге ұшырауы
1.4. Жадыңызды жақсарту жолдары
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Мектепке қабылданған балалардың өмірі олардың балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай.


Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелік психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологі баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ой дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстау жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығынаттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды рөл атқарады. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды.Осы әрекеті мінез құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалды қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың көпшілігі бұған отбасыда немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені мектепті бала болашақ үлкен өмірге дщаяарлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бір ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныпта жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауы негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды.
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.
Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережелерге сай орындап отыруы қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.
Бірінші сынып оқушыларының басым көбі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдер мен және сыныптас жолдастарымен қарым – қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психологтың келесі міндеті болып анықталады.
Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан бірінші сынып оқушыларының ата – аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындау тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ұйымдастыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осыжас кезеңіндегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.
Қазіргі кезде көптеген мектептер гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интелектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет