І нұсқа Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары



бет1/6
Дата18.10.2023
өлшемі26,43 Kb.
#117978
  1   2   3   4   5   6

І нұсқа
Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары

Әйтеке шешендігімен, "қара кылды қақ жарған" әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр болған. Әйтеке 1685 жылы Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына Нұрата, Қыз Бибі, Ақтау, Тамды, Кенимех төңірегіндегі алшындар мен қарақалпақтардан және кұрамалардан жиналған бес мьщ қол әскерімен қарсы аттанады. Ізінше жан алып-жан берген соғыс басталады да, бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге көмекке Самарқаннан, Бүқарадан қалың әскер келе жатыр деген қауесетті ecτiπ, Қалдан-Бошақтың негізгі жасағы қалған Сайрам төңірегіне шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген "Хан кеңесі" болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім.


Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Әйтеке би Түркістанда өткен үлкен eκi жиында мынадай үсыныс жасайды:
«Ресеймен, Қытаймен не басқа бір елдермен одақ жасаудың ешбір кисыны жоқ. Олардың көксегені терезесі тең одақ емес, қазақтарды қайткенде де бодан елге айналдыру. Қазақ жүрты әлі де іргесі мықты ел бола алады. Өйткені қарамағындағы қарақалпақтар мен күрамаларды есептемегенде, әлі өз жүртынан сексен мындық қол жинай алады. Шекара аймақтарында әскери соғыс әдістеріне үйретілген жасақгар үстайық. Шекараға таяу ауылдарды ішкі бетке көшірейік. Мал-мүлікті аямайық. Ресейден, Қытайдан, Хиуадан және Бүқара мен Түріктерден қару-жарақты eптеп сатып алайық. Әскери әдістерге әбден жетілген түрақты жасақ ұстауүшін κepeктi қаражатты төрелерден, сұлтандардан, ауқатты адамдардан жинайық... Бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын. Қолбасшы Ресей, Қытай, Tγpiκне Еуропаның әскери өнері жетік бір елінде оқытылсын. Ол өзі шешен, батыр, көпті көрген көсем, елшілік жұмыстарды жақсы білетін адам болсын. Ол тек"Хан кеңесіне" ғана бағынатын және айрықша адам болуы тиіс», – деген екен.
1. Әйтеке бидің Түркістан жиынындағы ұсыныстары
A) Қытаймен одақтас болу, қаржы жинау
B) Қолбасшы сайлау, басқа жерге көшу
C) Қару-жарақты көбейту, тұрақты жасақ γcτay
D) Басшы сайлау, Ресейден көмек алу
E) Мал өсіру, сауданы нығайту
2. Мәтіннің мазмұнын қорытындылайтын мақал-мәтел
A) Ханда үл болмайды, биде қүл болмайды.
B) Бастығың болса білімсіз, Тындырар ісің тиімсіз.
C) Қосшы болуға жараған – басшы болуға да жарайды.
D) Көреген басшы елді өсіреді, Күшті майдан ерді өсіреді.
E) Ел ағасы іріткішіл болса, Елін жауы шабар.
3. Басқа елдермен одақтас болудың еш мәні жоқ екендігін түсіндірген Әйтеке бидің сөзі
A) «Хан кеңесіне» бағынатын адам болу κepeκ.
B) Көршілес елдердің көздегені қазақ халқын отарлау.
C) Басқа елдердің әскери жасақтары мықты.
D) Қазак халқының басы бірікпейді.
E) Қазақ жұртына жалғыз басшы сайлау κepeκ.
4. Дәстүрлі «Хан кеңесінің» болмай қалу себебі
A) Жиын Қарақұмға көшірілгендіктен
B) Жиын Түркістанға көшірілгендіктен
C) Әйтеке соғыста болғандықтан
D) Қалдан-Бошақтың соғыс ашуынан
E) Сайрамда соғыс болғандықтан
5. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
A) Әйтеке би кімдерден қауіптенді?
B) Әйтеке би елдің шекарасын қай жерден бекітуді ұсынды?
C) «Хан кеңесі» неге болмай қалды?
D) Әйтеке би Қалдан-Бошақтының жасағына қанша қолмен аттанды?
E) Қазақ жиыны қай жерлерде өтті?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет