И. Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Әбсаттар Нұрбибі Мұратқызының 2021-2022 оқу жылында жүргізген жас маман жұмыстарының есебі



Дата16.10.2023
өлшемі3,94 Mb.
#116181

И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Бастауыш сынып мұғалімі Әбсаттар Нұрбибі Мұратқызының 2021-2022 оқу жылында жүргізген жас маман жұмыстарының есебі


Жас маман
Аты-жөні: Әбсаттар Нұрбибі Мұратқызы
Туған жылы, айы, күні: 19.01.2000ж
Білімі: Жоғары
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жалпы педагогикалық өтілі: 1 жыл
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 1 жыл
Санаты: пелагог







Жас маман Әбсаттар Нұрбибі Мұратқызы жылдық есебі.

2021-2022 оқу жылында мектеп-интернаттың және бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің өзекті мәселесіне сәйкес өз алдыма мақсат қоя отырып жұмысымды бастадым. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатты басшылыққа ала отырып күнтізбелік тақырыптық жоспар жасап,мектеп әкімшілігіне бекіттірдім.








06.12-10.12.2021ж күндері аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті, сол апталықта 1-сыныпта Әліппе пәнінен «Я қосарлы дыбысы мен әріпі» ашық сабағын өткіздім. Сабақтың мақсаты: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді оқу, түсініп оқу) қолдану. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,дауыссыз, жуан, жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.

«Кері байланыс» тақырыбында жас мамандарға арналған коучингке қатыстым. Коучинг барысында сабақ қантай тиімді кері байланыс орнатуды үйрендім.

«Білікті маман – ел тірегі» жас маман байқауына қатысып «Талапты педагог» номинациясымен марапат алдым.

05.05.2022ж күні дүниетану пәнінен «Біздің қажеттіліктеріміз бен мүмкіндіктеріміз» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Күнделікті өмірде қолданатын заттарын өз қажеттіліктерімен байланыстыра білу. Өмірдегі өз қажеттіліктерін түсініп, және оның қайдан келетінін анықтап, дәлелдеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет