І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет1/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Мазмұны

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І ТАРАУ. ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Педагогтың кәсіби өсуі, өзін-өзі тәрбиелеу және оқыту мәдениеті
1.2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымы


II ТАРАУ. КӘСІБИ ДАМЫТУДА ПЕДАГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1. Педагогикалық құзыреттілік- педагогикалық шеберліктің басты шарты
2.2. Қазіргі заман талабына сай жаңа форматтағы маман


Тәжірибелік бөлім............................................................................................
Қорытынды ......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................


Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 жолдауында: оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру - білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама - қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы - қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, мтірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге
жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.
Қазір санның заманы өтіп, сапаның дәуірі туып отыр. Жас ұрпаққа жан-жақты білім беруде сапа категориясын бірінші орында қойып отырған мектеп ұжымында Озат тәжірибе мектебі, Жас маман мектебі, Шығармашылық топ және пән бірлестіктері аталған мәселелерді талқылап, зерттеп, шешу жолдарын анықтауда ұйымшылдықпен табысты еңбек етуде. Бәрінің алдына қойған өзекті мәселесі-оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру арқылы қоғам талабына сай шығармашылық қабілеті дамыған жеке педагогты қалыптастыру.Сондықтан мен осы тақырыпты өзекті деп алдым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет