Ііі бөлім. ТҰтас педагогикалық Үдерістің теориясы мен практикасы - тақырып. ТҰтас педагогикалық Үдерістің (ТПҮ) МӘні және қҰрылымы «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі»


Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қатынас



бет3/10
Дата07.01.2022
өлшемі28,91 Kb.
#17526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.3 Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қатынас

Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы әлемдік білім кеңістігіне енудегі өркениетті дамудың маңызды жақтарының бірі болып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні білім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды талап етеді. Сондықтан білім беру парадигмасының нақты мәнін зерделеу қажет. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар береді.

Білім беру және педагогика сөздігінде «парадигма (бейне, үлгі, мысал деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғылым дамуының, ғылыми зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема». Парадигманы ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында «парадигма танымал болған ғылыми жетістіктер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырымдамалық сызбасы, моделі.

Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философтар парадигманы ғылымның нақты саласының белгілі бір даму кезеңіндегі теориясының қолдану тәсілдері ретінде қарастырады. Логикада парадигма ғылымның дамуындағы белгілі бір кезеңдегі ғылыми зерттеуге қажет үлгі, модель, стандарт, ғылыми таным үдерісінде туындаған мәселелерді болжау және шешуге арналған түсіндіру, бағалау және ғылыми мәліметтерді жүйелеу ретінде пайдаланылатын ғылыми қоғамдастықта қабылданған теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы ретінде айтылады. Психологияда парадигма белгілі бір тарихи кезеңдегі берілген білім аймағындағы (пәндік) ғалымдардың зерттеушілік тәжірибесінің үлгісінде ұйымдастырылған негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі ретінде зерделенеді.

Әлемдік педагогика ғылымы үшін білімнің өркениет дамуындағы жалпы жағдайымен және жүріп жатқан үдерістермен байланыстылығы мен сәйкестігі кең өріс алуда.

Ғалым педагогтар педагогикалық үдерістегі үш парадигмалық кеңістікті атап өтеді. Ең байырғы генетикалық парадигманы олар «дәстүрлер парадигмасы» деп атайды. Бұл парадигма әртүрлі тарихи және мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтауды қолдайды.

Бұдан кейін келген ғылыми–техникалық парадигма материалдық құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сәйкес нақты ғылымдардың үстемдігі негізінде құрылған. Технократтық логика ұстанымдарына сәйкес бұл оқыту парадигмүөшірілді.асы ғылыми–техникалық прогресте жетістікке жеткізгенімен онда физиология, психология мен адамгершіліктің астарларына, оқушының жан дүниесіндегі құбылыстарға бойлауға орын берілмегені белгілі болды.

Уақыт өте келе парадигма категориясының талаптары ғылымнан білім беру үдерісіне көшірілді. Демек білім беру үдерісінің негізіне ғылыми жетістіктерді енгізу ғалымдарды парадигманы тек ғылымда емес, білім беру тәжірибеснде пайдалануды негіздеді. Сол себепті адамның әлеуметтік мәдениетте дамуы барысында білім берудің гуманитарлық парадигмасы қалыптасты. Бұл парадигма аясында кәсіби педагогиканың құндылық негізі – нақты адам, оның ішкі әлемі, танымының ерекшелігі болып табылады. Мұндағы басты басымдылық – оқушыны адам, жеке тұлға деп қабылдау, оның көзқарасымен, пікірімен санасу, адами қарым–қатынас жасау. Гуманитарлық парадигманың ерекшеліктерінің бірі – мұғалім мен оқушы арасындағы мәнді құндылықтардың теңдігі.

Педагогикалық үдерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қарай бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

– белсенділік пен қатынастың бірлігі, үрдіске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әрекеттері;

– әр түрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;

– субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет