Қылмыстық-атқару құқығы бойынша дәрістер Дәріс



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата06.02.2023
өлшемі245,6 Kb.
#65556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қылмыстық-атқару құқығы бойынша дәрістер 
1. Дәріс 
 
Қылмыстық-атқару саясаты мемлекеттің қызметіндегі қылмыстық жазаны атқару 
саласындағы арнайы уәкілетті органдардың бағыты. 
Қылмыстық-атқару саясаты анықтайды: 
1. мақсаттарды 
2. қағидаларды 
3. стратегияларды 
4. жазаны атқару,соталушыларды түзеу,сотталушыларды,сондай-ақ басқа да адамдардың 
қылмыстарды жасауды ескертуін мемлекеттің қамтамасыз етудің негізгі бағыттары, 
нысандары және тәсілдерін. 
ҚР Қылмыстық атқару саясатын анықтайтын факторлар:
Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайы. Қоғамда басымдыққа ие 
адамгершілік құндылықтары және құқықтық түсініктер.Елдегі қылмыстылықтың 
құрылымы және динамикасы адам құқығы және сотталушылар жөніндегі халықаралық 
актілерге қойылатын талаптар.Халықаралық ұйымдардың қызметі, әлеуметтік 
ғылымдардың дамуы. 
Қылмыстық атқару саясаты жүзеге асырылады: Қазақстан 
Республикасының өмірдің әр түрлі саласына қатысты мәртебесін анықтайтын директивті- 
анықтайтын құжаттарда жүзеге асырылады. 
Заңнамаларда (соның ішінде қылмыстық және қылмыстық-атқару), басқа да 
нормативті-құқықтық құжаттарда. 
Осы құқықтық қатынастарға байланысты туындайтын құқық қорғау органдарының 
нақты қызметінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық атқару саясаты жүзеге асыра отыра, құқық оның негізгі ережелері өзінің 
нақты нормаларында және құқықтық институттарында бекітеді, жазаның барлық түрін 
атқаруға, сондай-ақ жекелеген жазаларды атқаруда қоғам жалпы ережелерге қатысты өз 
мазмұнына қарай дамытады. 
Қылмыстық атқару құқығын дербес құқық саласы ретінде қарастыра отыра, ол басқа 
да құқық сатыларынан (қылмыстық, еңбек, азаматтық және т.б.) алынған бірқатар 
нормаларды қосатындығын айтуымыз қажет. Рецепция тәсілі құқықтың басқа да 
салаларында кеңінен қолданылады.Рецептілі нормалар өзінің құқықтық табиғатына 
қатысты қатынастарды реттейтіндігін еске салу қажет, тиісінше ол өзінің мазмұнын 
өзгертеді. Сондықтан оларды құқықтың басқа салаларының нормасы деп санауға 
болмайды. Қылмыстық атқару құқығы қылмыспен күресуге байланысты құқық 
салаларының жалпы жүйесіне кіреді.Ол ең алдымен қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу 
құқығымен байланысты.
Қылмыстық құқық қылмыстылықпен күресуді зерттейтін салаларға қатысты базалық 
пән болып табылады, ол ұғымдық аппараттардың мақсатының, қағидаларының бірлігін 
және осы құқық салаларының институттарын (жаза мазмұны және оның орындалуын, 
түзеу мекемелерінің жүйесін, жазалардан босату негіздерін) қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді.
Қылмыстық атқару құқығы соттың үкімін атқаруды реттеуге қатысты қылмыстық-іс 
жүргізу құқығымен тығыз байланысты, сотталушылардың құқықтық мәртебесін реттеуге 
байланысты конституциялық құқықпен,мекемелерді басқару саласында әкімшілік 
құқықпен,сондай-ақ азаматтық, еңбек, отбасы, қаржы және басқа да құқық салалармен 
тығыз байланысты. 
Қазіргі қылмыстық-атқару құқығы бұрынғы жұмыс істеп тұрған жазаларды атқаруға 
байланысты заңнамалардан елеулі айырмашылығы бар.Басты айырмашылығы алғаш рет 


Қазақстан Республикасының тарихында біріңғай заң актісі- Қылмыстық атқару 
Кодексімен,Қылмыстық Кодекспен көзделген барлық жазаларды атқару реттеледі.Бұрын 
Республикада Еңбекпен түзеу кодексінің күші жүрді.Сотталушыларға еңбекпен түзеу әсер 
етпейтін шаралармен байланысты емес жазаларды атқару Ережесі КСРО Қарулы күштері 
тәртіптік батальоны жөніндегі Ереже.Сонымен бірге жазаның қатаң түрі өлім жазасы осы 
саладағы заңнамамен мүлдем реттелінбеді.Өлім жазасы ведомстволық нұсқау негізінде 
атқарылды. 
Екінші елеулі айырмашылық маңызы шамалы,орташа ауырлықтағы қылмыс 
жасағандарға қатысты сотталушыларға жазалаудың әсер етуін жеңілдетумен, сонымен бір 
мезетте қауіпті қылмыскерлерге және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін орындаудан 
бас 
тартқан 
сотталушыларға 
қатысты 
жазаны 
өтеу 
жағдайларын 
қатайтты.Сотталушылардың құқығы кеңейтіліп оларды әлеуметтік және құқықтық қорғау 
неғұрлым тиімді бола бастады. 
Сотталушыға тиімді әсер етпейтін маңызын жоғалтқан шаралар қылмыстық жаза 
жүйесіне алынып тасталды және жазаның жаңа шаралары енгізілді. 
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтеудің бір колония шегінде жазаны 
өтеу жағдайынан әр түрлі түрін анықтауға қатысты жаңа схемасы енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет