Қысқамерзімді жоспар 18-сабақ. Сабақтың тақырыбы



Дата26.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#63033
түріСабақ

Қысқамерзімді жоспар
18-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Пернетақта симуляторы

Мектеп:

«Қазақстан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Бөлімі:

IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:

Томанова Индира Айтакыновна




Күні:23.01.2023ж





Сыныбы: 2

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

Дыбысты жазу және ойнату




Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.4.2 дыбыстық файлдарды өңдеу;




Сабақтың мақсаты:

Дыбыстар туралы əңгімелейді.
Дыбыс пен оның түрлерін ажыратады.
Компьютерде дыбыс тыңдау мен жазу құрылғыларымен танысады.




Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Жұмбақ зат» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау жəне сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат əкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай, сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмесе, мұғалім өзі бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектеседі.

–Дыбыстың адамға жағымды жəне жағымсыз əсері жайлы не білдің?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Бас бармақ» əдісі бойынша бағалайды.

Жаңа сабаққа дайындық



Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы
(30 мин)



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
(Ұ) Оқулықпен жұмыс. «Түртіп алу» əдісі
Оқулықта берілген термин сөздер мен негізгі ұғымдармен танысады. Мысалы, дыбыс, дыбыс көзі, дыбыс картасы, құлаққап, дыбыстық колонкалар мен динамиктер.





  1. тапсырма.


Дескриптор:

  • Тақырыпқа қатысты сөздің қазақшасын табады

  • Тақырыпқа қатысты сөздің орысшасын табады

  • Тақырыпқа қатысты сөздің ағылшыншасын табады




Дескриптор:

  • Дыбыс жазу программасын аша алады

  • Дыбыс жазу програмасымен жұмыс жасай алады

  • Дыбыс жазу програмасына өз даусымен, мақал- мәтелдерді жаза алады




Топ мүшелері бірін- бірі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Жұлдызша» əдісі бойынша бағалайды.





Сабақтың соңы
5 мин.
Сабақты бекіту.
Рефлексия.

(Ө) «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жəшігі» əдісі.
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды «шабаданның» тұсына жазса, ал
«əлі де оқуым керек», «толықтыруым керек» дегендері болса, «еттартқыштың» тұсына жазады. Сонымен қатар керек болмаған, артық дүниені «қоқыс жəшігінің» тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі
Мақсаты: оқушы алған білімін саралауға дағдыланады.
Тиімділігі: ақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.



Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасы: қайталау
қайталау














Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет