Қысқамерзімді жоспар



бет64/64
Дата14.01.2022
өлшемі6,69 Mb.
#24032
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.







Қысқамерзімді жоспар

19-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі..

Бөлім:

8.3D Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің ролі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.7.9 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Жэылу реттелуді біледі.



Көпшілік оқушылар үшін:

Жылу реттеудің механизмі – жылудың түзілуін түсіндіріп бере алады.


Кейбір оқушылар үшін.:

Температураға сезімталдық және жылуға бейімделушілікті сипаттай алады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.



Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Омыртқалылардың қандай кластары жылықандыларға жатады?

2.Жылықанды

жануарлар дене температурасының тұрақтылығын қалай сақтайды?

3.Жылу­реттеу дегеніміз не?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы -3 балл

Жылу реттеудің механизмі – жылудың түзілуін сипаттайды.



Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру




Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады

1. Бұлшық еттердің бақылаусыз жиырылуы, тері саңылауларының жабылуы мұның бәрі ненің нәтижесі екендігін анықтайды.

2. Күнделікті ең кем дегенде 700 м жүгіріп жүрген адам реті келгенде автобустың артынан жүгірген адамға қарағанда 3 км-ді жеңіл және жылдам бағындыра алуының себебін түсіндіреді.

3. Тері арқылы қанша жылу бөлінеді?

4. Тері жылу реттеудің қандай және қанша түрін жүзеге асырады?




Дескриптор: Жалпы -3 балл

1.Тапсырмаларды орындайды.

2. Сурақтарға жауаптарын негіздейді.


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.





Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады

1. Біздің денемізде жылу түзілудің себебі неде? Оған қандай мүшелер қатысады?

2. Температураның ең қолайлы көрсеткішін атайды.

3. Жылу реттеуде қан қандай қызмет атқарады? Жалпы сипаттама береді.

4. Ыстық ауа райында теріде қанша пайыз қан болуы мүмкін?



Дескриптор: Жалпы -3 балл

1.Тапсырмаларды талдап, себебін анықтайды.




ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.



Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!


Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет